Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министірлігі


Тіс бастамасының дифференцировкасы



бет13/51
Дата06.09.2022
өлшемі3.66 Mb.
#460291
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Есимова Р.АС ҚОРЫТУ ТҮТІГІНІҢ МОРФОФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Тіс бастамасының дифференцировкасы. Бұл кезеңде тіс бастамасының және оны қоршаған тіндердің көптеген маңызды өзгерістері өтеді. Эмальдық мүшенің біркелкі жасушаларының дифференцировкасының нәтижесінде пішіні және қызметі жағынан әр түрлі, қабаттарға бөлінген жасушалық элементтер пайда болады. Орталық аймақтың жасушаларының арасында белоктық сұйықтық жинала бастайды. Сұйықтық жасушаларды бір-бірінен ажыратып, олардың ара қашықтығын арттырады. Бірақ олар бір-бірімен байланыстарын үзбейді, олардың арасында цитоплазмалық ұзын өсінділер пайда болады. Осыған байланысты бұл жасушалардың пішіні жұлдызшаларға ұқсап, ретикулярлық тіннің жасушаларын еске салады. Жасушалардың цитоплазмасында табақшалы комплекс, түйіршікті эндоплазмалық тор анықталады. Бұл жасушалардан құрылған торлы құрылымды эмальдық мүшенің пульпасы деп те атайды.
Эмальдық мүшенің тіс бүртігіне бағытталған жасушаларын ішкі эмальдық эпителий деп атайды. Олар қалыңдығы 30 нм-дей, тіс бүртігінің мезенхимасынан оқшаулаушы базальдық мембрананың үстінде бір қатарға орналасады. Ішкі эмальдық эпителийдің жасушалары бірте-бірте биіктей келіп, ұзындығы 25-30 мкм, диаметрі 4-5 мкм цилиндр тәрізді жасушаларға айналады. Ішкі эмальдық эпителийдің ультрақұрылымы олардың дифференцировкасы кезінде көп өзгеріске ұшырайды. Преэнамелобластылар деп аталатын бұл жасушаларда дифференцировканың ерте сатысында аз дамыған эндоплазмалық торлары және көптеген бос рибосомолары болады. Жасушалардың табақшалы комплексі көптеген кіші, орташа көлемді көпіршіктерден құралады. Митохондриялары цитоплазмаға жайыла орналасқан. Дифференцировкадан өте түскен сайын ішкі эмальдық эпителийдің жасушалары белсенді түрде белок түзейтін жасушаларға ұќсай түседі. Олардың ядрошығында және цитоплазмасында РНК жинақталып, цитоплазмасында белоктық қосындыларға, гликогенге, сиаломуцинге, байланысқан липидтерге гистохимиялық реакция күшейе түседі. Бұл жасушалардан эмаль түзейтін энамелобластылар немесе амелобластылар пайда болады.
Эмальдық мүшенің шетіне қарай орналасқан ішкі эмальдық эпителий сыртқы эмальдық эпителийге айналады. Бұл жасушалар эмальдық мүшенің сыртына орналасып, оныњ сыртқы қабырғасын түзейді, тіс қалтасының мезенхимасымен шектесіп жатады. Сыртқы эмальдық жасушалар кейін кері дамиды. Олар жазықтанады, ядролары тығыздана түсіп, бүріседі, ядрошығы жойылады. Электронды-микроскопиялық зерттеу кезінде сыртқы эмальдық эпителийдің жасушаларында табақшалы комплекс және түйіршікті эндоплазмалық тордың нашар дамығандығы анықталады. Өзара және эмальдық мүшенің пульпасының жасушаларымен олар десмосомалар арқылы байланысқан. Сыртқы эмальдық эпителийдің қасында орналасқан эмальдық мүшенің пульпасының жасушалары жазықтанған, бір-бірінен кішкене кеңістіктер арқылы бөлінген. Олар құрылысы жағынан сыртқы эмальдық эпителий жасушаларын еске салады. Эмальдық мүшенің ортасына қарай жасушалар жұлдызша тәрізді болады.
Сыртқы эмальдық эпителий және оны қоршап жатқан тіс қалтасы мезенхимасының арасында қалыңдығы 10-12 нм, электронды-тығыз қабаттан тұратын базальдық мембрана орналасады.
Ішкі эмальдық эпителийге түйісе орналасқан пульпа жасушалары эмальдық мүшенің аралық қабатын құрайды. Бір-біріне жақын орналасқан, 2-3 қатар жазық немесе текшелі жасушалардан тұрады. Дамудың ерте кезеңдерінде эмальдық мүшенің эпителийінің, тіс және вестибулярлық табақшалардың жасушаларында гликогеннің мөлшері көбірек болады. Эмальдық мүшенің аралық жасушаларында болатын ферменттердің де белсенділігі (әсіресе фосфатазалардың) жоғары деңгейде болады; жасушаларда РНК-ның, аргининнің, гистидиннің, негізгі қосынды белоктардың да мөлшері мол. Бұл жасушалар белокты өнім өндіріп, энамелобластылардың қатарын толықтырады. Сонымен, эмальдық эпителий 4 қатарға бөлінеді: ішкі эмальдық эпителий, аралық қабат, эмальдық мүшенің пульпасы,.сыртқы эмальдық эпителий.
Тіс бүртігінің дифференцировкасы оның көлемінің ұлғаюымен, қан тамырларының пайда болуымен анықталады. Эмальдық мүшенің эпителийінің әсерінен тіс бүртігінің шеткері аймақтарының мезенхималық жасушалары дентинобластыларға немесе одонтобластыларға айналады. Олар кейін дентин түзеуге қатысады. Дентинобластылар ішкі эмальдық эпителийден тек жұқа базальдық мембранамен бөлектенеді.
Эмбриогенездің 3-ші айының аяғында эмальдық мүшелердің мойындарына мезенхима тарап, ол кері дамиды. Сондықтан сүт тістерінің бастамалары тіс табақшасымен байланысын үзеді. Тіс табақшасы бұл кезеңде жартылай бұзылады, мезенхима өсе бастайды. Тіс табақшасының артқы бөлігі және бос шеті сақталып, әрі қарай өсуін жалғастырады. Оларда эмбриональдық дамудың 4-ші айынан бастап тұрақты тістердің бастамасы пайда болады. Кейде эмальдық мүшелердің мойындарының орнында эпителиальды жасушалардың топтары сақталынуы мүмкін. Оларды эпителиальды маржандар (Серрес денешіктері) деп атайды.
Осымен қатар төменгі және жоғарғы жақтарда сүт тістерінің бастамаларының айналасында сүйек альвеоласын түзейтін сүйек табақшалары (тосқауылдары) қалыптасуын жалғастырады.
Эмбриогенездің 4-ші айының аяғында тіс тіндерінің даму кезеңі басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет