Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министірлігі


ТІСТІҢ ТҮБІРІ МЕН ЦЕМЕНТІНІҢ ДАМУЫ



бет16/51
Дата06.09.2022
өлшемі3.66 Mb.
#460291
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Есимова Р.АС ҚОРЫТУ ТҮТІГІНІҢ МОРФОФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

ТІСТІҢ ТҮБІРІ МЕН ЦЕМЕНТІНІҢ ДАМУЫ

Тістің түбірінің дамуы оның шығуының алдында басталып, 2-3 жыл жүреді. Тістің шығу кезеңінде оның сауыты толық қалыптасқан. Эмальдық мүшенің сауытты қоршап тұрған бөлігі көптеген регрессивті өзгерістерге ұшырайды. Эмальдық мүшенің жасушалары дифференцировкаларын жоғалтып жазық эпителий жасушаларының қабатына айналады. Осылай пайда болған редуцияланған эмальдық эпителий эмальдың екінші реттік кутикуласын құрайды. Ол эмальды сыртқы дәнекер тіннен бөлектей отырып, тістің шығуынан кейін тіс-қызыл йек байланысын түзеуге қатысады.


Эмальдық мүшенің регрессивті өзгерістері оның ішкі эпителийінің сыртқы эпителийге ұласатын шеткері аймақтарында болмайды. Тіс түбірінің дамуы басталысымен эмальдық мүшенің шеттері тез өсе бастайды. Мезенхимаға ене орналасып эпителиальдық түбірлік қынапты (Гертвиг қынабы) түзейді. Ол эмальдық мүшенің 2 қатар жасушаларынан құралады: ішкі және сыртқы. Эмальдық мүшенің пульпасы және оның аралық қабаты жоқ. Ішкі эмальдық эпителий жасушалары эпителиальдық түбірлік қынап аймағында аласа күйін сақтап, энамелобластыларға айналмайды.
Эпителиальдық түбірлік қынап тістің болашақ түбірінің пішінін қалыптастыруға жауапты. Дамудың келесі сатыларында тіс бүртігінің мезенхималық жасушалары ішкі эмальдық жасушалардың ықпалымен дентинобластыларға айналады да түбір дентинін бөле бастайды. Түбірдің алғашқы қабаттары пайда болғаннан кейін эпителиальды түбірлік қынапқа тіс қалтасының мезенхимасы кіріп оны бұзады.
Тіс қалтасының дентинге түйісе орналасқан мезенхималық жасушалары цементобластыларға айналады. Олар түбірдің үстіне цемент өндіреді. Цементтің өсуі периостальды остеогенез жолымен жүреді. Пайда болған цемент дөрекі талшықты сүйек тініне ұқсайды. Цементобластылар гликопротеидтер мен тропоколлагендерді бөледі, олардан цементтің жасуша аралық заты және коллагенді талшықтар түзеледі.
Бірінші болып бала 4 айға толғанда жасушасыз цемент құралады. Алдымен цементобластылардың арасында қысқа дентиннің жоғарғы бетіне перпендикулярлы бағытталған коллаген талшықтарының шоғырлары пайда болады. Біраздан кейін талшықтар ұзарады, жуандайды, цементобластыларды ығыстыра бастайды. Осыдан соң өтетін әктену үрдісі бұл жасушаларға тиіспейді.
Жасушалық цемент бала өмірінің 6 айының аяғында пайда болады. Оның түзелуі жылдамырақ өтеді. Цементобластылардың айналасында құрамындағы талшықтары тор түрінде ұйыса орналасқан негізгі заттың кең қабаты түзеледі. Әктену үрдісіне цементобластыларда қатысады. Олар цементоциттерге айналады.
Тістің түбірі толық қалыптасқаннан кейін де біраз уақыт бойы цементтің қалыңдауы, сәл кешірек оның адамның жасына байланысты қайта құралуы жүреді.
Түбір қалыптасқаннан кейін эпителиальды қынап өсуін тоқтатады, шеңберлене тарылып, тек нерв пен тамырларды ғана өткізетін жіңішке тесік құрайды.
Тіс қалтасының қалған мезенхимасынан периодонттың борпылдақ және тығыз дәнекер тіні дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет