Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министірлігі


ТІС ТІНДЕРІНІҢ ГИСТОГЕНЕЗІ



бет14/51
Дата06.09.2022
өлшемі3.66 Mb.
#460291
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Есимова Р.АС ҚОРЫТУ ТҮТІГІНІҢ МОРФОФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

ТІС ТІНДЕРІНІҢ ГИСТОГЕНЕЗІ

Тіс тіндерінің гистогенезі кезеңінде, нәресте туғанға дейін, тіс сауытының дентині, эмалі, пульпасы дамиды (5 сурет). Постнатальдық кезеңнің 1-ші жылының аяғында, тістің шығуымен қатарласа, дамып келе жатқан түбірлердің дентині, цементі дамиды.


Дентиннің дамуы (дентиногенез). Тістің гистогенезі кезінде алғашқы құралатын тін дентин болып табылады. Дентиногенездің алдында дентинобластылардың құрылымдық қайта құралуы өтеді. Олардың ядросы жасушаның тіс бүртігіне қараған полюсіне ауысады. Түйіршікті эндоплазмалық тордың көптеген каналдары, Гольджи комплексі ядроның -үстіне, жасушаның орталық және апикальдық аймақтарында орналасады. Апикальдық полюсінен цитоплазмалық өсінді өсіп шығады да, ұзарып тармақталады.
Дентинобластылардың дентин бөле бастауына энамелобластылар әсер етеді. Дентинобластылардың бөліп шығарған тропоколлагендері мен протеогликандары экзоцитозбен жасушаның апикальды бөлігі арқылы дентинобластылардың және энамелобластылардың қабаттарының арасына бөлінеді. Дентиннің түзелуінің алдында оларды бөліп тұратын базальды мембрана бұзылады. Дентинобластылардың өндіретін заттарынан жасушалардан тыс жерде жіңішке коллаген талшықтары және дентиннің негізгі заты құралады.



5 сурет. Тістің дамуының гистогенез сатысы


А – эмальдық мүшенің пульпасының қалдығы


Б – дамып келе жатқан тіс пульпасы
В - энамелобластылар
Г - эмаль
Д – мезенхима
Тіс бүртігінің ұшында, дентинобластылар мен ішкі эмальдық эпителийдің жасушаларының арасында гематоксилин-эозинмен қызғылт түске боялатын жұқа, жұмсақ тіс материалы пайда болады. Бұл жас, әлі әктенбеген дентин немесе предентин. Ол радиальды бағытталған преколлаген талшықтарынан және негізгі заттан тұрады. Талшықтарды кейде радиальдық дентин талшықтары немесе КОРФ талшықтары деп атайды. Олар сәл кешірек коллаген талшықтарына айналады.
Радиальды Корф талшықтары бар предентиннің қалыњдығы 60-80 мкм-ге жеткенде оны жаңадан пайда болған, талшықтары тангенциальды бағытталған предентин қабаты шетке ығыстырады. Бұл талшықтар бірден коллагенді талшықтар түрінде пайда болып, пішінделмеген дентин талшықтары немесе Эбнер талшықтары деп аталады.
Кейін тангенциальды талшықтарға бай бұл қабаттар пульпа маңының дентинін құрайды, ал предентиннің сыртқы қабатының радиальды талшықтары болады да ол плащтық дентинді құрайды.
Дентиннің өсуі барысында дентинобластылар оның ішінде өзінің өсінділерін қалдырып отырады. Өсінділер радиальды бағытталған дентиннің түтікшелерінің қуысында орналасады. Дентинобластылардың денелері дентиннің негізгі затының құрамына кірмейді, яғни дентин жасушасыз тін түрінде дамиды.
Эмбриональдық дамудың 5-ші айының аяғында дентиннің әктенуі жүре бастайды. Әктену үрдісіне дентинобластылар белсенді түрде қатысады. Олар өсінділерінің бойымен қаннан минеральдық заттарды дентиннің негізгі затының ішіне тасымалдайды.
Дентиннің негізгі затының құралуы оныњ әктенуінен жылдамырақ жүретін болғандықтан, дентиннің ішінде үнемі жұқа предентин қабаты болады. Дентиннің әктенуінің алдында дентинобластылардың сілтілі фосфатазасы қаннан келген гексозофосфатты гексозаға және фосфатқа ыдыратады. Кейінгі кальций хлоридпен бірігіп ерімейтін фосфорлы қышқыл кальций (гидроксиапатит) кристалдарын түзейді. Түзелген кристалдар дентиннің негізгі затында, түтікшелердің қабырғасында, фибриллярлық құрылымдарда тұнады. Негізгі заттың ішінде апатит кристалдарының комплексі пайда болады. Оларды калькосфериттер деп атайды. Калькосфериттер созыла орналасқан, радиальды бағытталған кристалдардан тұрады. Калькосфериттер бір-бірімен біріге келіп, дентинге шар тәрізді пішін береді. Шарлардың (глобулалардың) арасында әктенбеген, кейде аз әктенген дентин аймақтары орналасады. Олар интерглобулярлың дентин деп аталады.
Осылай пайда болған әктенген дентин табақшасы тіс қаңқашағы делінеді. Біртүбірлі тістердің тіс бүртіктерінің ұшында тек 1 тіс қаңқашығы түзіледі, ал көп түбірлі тістердегі қаңқашықтардың саны болашақ шайнау төмпешіктерінің санына сәйкес болады. Бұл әктенген дентин аймақтары өсе келе бірігіп кетеді. Алдымен дентин тістің бүртігінің үстінде түзіліп, әктенеді. Ал тіс сауытының бүйірлік аймақтарында дентиннің құралуы сәл кешірек өтеді. Сондықтан бұл жерлердегі дентин қабаты жұқарақтау болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет