Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет38/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Есте сақтаңыздар! 1. Синапстық саңылауларда қоздырушы 
нейротрансмиттерлік аминқышқылдардың (глутамат пен аспартат) көбеюі 
ионотроптық глутаматты рецепторларды (NMDA және AMPA) шамадан 
артық қоздырады.
2. Жасуша сыртында глутамат мөлшерінің көбеюі 
жасушаларды екі жолмен өлімге ұшыратады: 1) дереу дамитын 
нейроуыттылық – NMDA-рецепторларының глутаматпен белсендірілуі 
жасушаға натрий, хлор, судың жиналуына, жасушалық ісінуге, 
мембрананың ыдырауына және жасушаның өлуіне әкеледі; 2) 
кешеуілдетілген нейроуыттылық (24-тен 72 сағатқа дейін) – кальций 


45 
иондарының жасушаға жиналуынан белсендірілген NMDA-рецепторлары 
ишемиялық циклді құрайды. Осының нәтижесінде фосфолипазалар, 
протеазалар, бос май қышқылдары белсендіріледі, арахидон қышқылы 
мен бос радикалдар босатылады, липидтер тотығып, жасушаның өлуі 
байқалады.
 

Тотығулық стресстің дамуы. Мидағы қанағым азайған жағдайда 
гипоксия мен энергия тапшылығынан оттегіні утилизациялау бұзылады. 
Осының нәтижесінде оттегінің толық төрт электрондық тотықсыздануы 
болмайды. Сондықтан, митохондрияларда оттектің белсенді түрлерінің 
(ОБТ) түзілуі артады. МҚ 20 мл/100 г/мин
–1
азаюы мен қабынуға қарсы 
цитокиндардің әсеріне жауап ретінде митохондриялардың тыныстық 
тізбегіндегі оттектің белсенді түрлерін (НАДН–тәуелді дегидрогеназа, 
НАД–тәуелді убихинонредуктаза) туындататын ферменттік кешендер 
белсендіріледі. Бұдан басқа ми ишемиясы кезіндегі ОБТ түзілуінің негізгі 
көзі ретінде гипоксантиннің тотығу реакциясы мен ксантиннің зәр 
қышқылына айналуы саналады. Ксантин ксантиндегидрогеназа ферменті 
катаболизмдік жолмен ксантиноксидазаға айналады және ол супероксид-
радикалын түзеді. ЛАТ процесстерінің белсенуі тотығуға қарсы 
жүйелердің қызметін жылдам нашарлатады. Бұл қалыпты жағдайда 
тотықтар мен бос радикалдардың түзілуін тежейтін ферменттер оларды 
зардаптайды. Сонымен бірге, ишемияланған ошақта ЛАТ-ның соңғы 
өнімдерімен байланыстыратын тотықсызданған глутамат, аскорбин 
қышқылы, альфа–токоферолдың мөлшері азаяды.
Антиоксиданттық жеткіліксіздік жағдайында ОБТ өнімдері түзілуінің 
күшеюі тотығулық стрессті туындатады. Нейрондардың жасушалық 
мембранасындағы макромолекулаларына оттегінің белсенді түрлері әсер 
етіп, олардың тотығулық модификациялануы мен деструкциясын 
туындатады. Бос радикалдар мен тотығулық қосылыстардың әсерінен 
рецепторлардың, иондық каналдардың, жасуша цитоқаңқасының, 
ферменттердің құрылымы бұзылады. Сонымен бірге, жасушада ішіндегі
мессенджерлердің түзілуі тежеліп, ДНҚ мен РНҚ-ның құрылымдарының 
бұзылыстары (деструкциясы) дамиды. Бұдан басқа улы зиянды өнімдердің 
(альдегидтер мен гидрокарбонаттық газдар) босатылуы жасушаның 
ісінуіне әкеледі, ГЭТ-дың өткізгіштігін бұзады, қабынуды күшейтеді.
Сонымен қатар, ЛАТ-ның соңғы өнімдерінің бірі – арахидон 
қышқылының метаболизмінен туындаған – тромбаксан А2 мен 
лейкотриендер тотығулық стресстің дамуында маңызды рөлді атқарады. 
Тромбоксан А2 церебралды қантамырларды тарылтып, тромбоциттердің 
агрегациясы мен гемостаздың коагуляциялық ығысуын күшейтеді. 
Сонымен бірге, лейкотриендердің айқын вазоконстрикторлық қасиеті бар. 
Бұл мидағы ишемиялық үдерісті одан сайын күшейтеді.
Инсульт 
кезінде 
ЛАТ-ның 
жағымсыз 
салдарының 
бірі 
аутоагрессиялық механизмдердің іске қосылуы. Бұл бір жағынан, бос 
радикалдар мен тотығу қосылыстарының әсерінен фосфолипидтердің 


46 
бұзылуы оларға антиденелердің бөлінуін туындатады. Ал, екінші жағынан 
ГЭТ бүтіндігінің бұзылуы, ишемияланған ми тіндерінен қабынуға қарсы 
және вазоактивті заттектердің шығындылары нейроспецификалық 
нәруыздарды қанға өткізіп, аутоиммундық реакцияны дамытады және 
нерв тіндеріне антиденелердің бөлінуін күшейтеді. 
Бос радикалдардың түзілуін күшейтетін NMDA–рецепторлары 
белсенділігінің артуы кезінде ЛАТ механизмдерінің белсенуі тотығулық 
стресстің дамуында маңызды орын алады. Глутаматты-кальцийлік 
каскадтың барлық кезеңінде оттектің белсенді түрлерінің түзілуі 
байқалады. Тотығулық стресстің дамуы глутаматтық эксайтуыттылық 
әсерлерді күшейтеді. Сондықтан, тотығулық стресстің ишемиялық 
каскадтың басқа да реакцияларымен өзара әрекеттесуі олардың 
бүліндіргіш әсерін одан сайын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет