Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны


Стратегиялық бағыттар мен мақсаттардың мемлекеттiң стратегиялық мақсаттарына сәйкестiгi



бет3/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.03 Mb.
#11225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3.2. Стратегиялық бағыттар мен мақсаттардың мемлекеттiң стратегиялық мақсаттарына сәйкестiгi

Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары және мақсаттары

Стратегиялық құжаттар және (немесе) бағдарламалық құжаттар атаулары

1. Азаматтардың денсаулығын нығайту
2. Денсаулық сақтау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру
3. Кадр ресурстары және медицина ғылымының жүйесiн дамыту

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»  мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 желтоқсандағы  № 1113 Жарлығы

«Қазақстанның өркендеуi мен қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшiн: елiмiздiң әр азаматының өмiрiн қалай жақсартамыз» «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының халықтық тұғырнамасы

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығы

«Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi,  қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы

«Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттiк саясаттың басты мақсаты» 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы.

«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы

Денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiн Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Негiзгi бағыт: Болашаққа инвестициялар

Мақсат: Елдiң тұрақты әлеуметтiк-демографиялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан азматтарының денсаулығын жақсарту және бәсекеге қабiлеттi денсаулық сақтау жүйесiн құру

1. Медициналық көмек көрсетудi жақсарту мен саламатты өмiр салтын жүргiзуге уәждеме құру, күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығының ұлғаюы

1. Азаматтардың денсаулығын нығайту

2. Денсаулық сақтау саласында қаржыландыру мен басқару жүйесiн жетiлдiру

2. Денсаулық сақтау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру

3. Медициналық қызмет көрсетудi жетiлдiру

3. Медицина ғылымы және кадр ресурстарын дамыту

4. Дәрiлiк заттардың қолжетiмдiлiгiн және сапасын арттыру

2. Денсаулық сақтау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру

5. Саламатты өмiр салтын жүргiзу

1. Азаматтардың денсаулығын нығайту

4-бөлiм. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту

      Ескерту. 4-бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.31 № 1744 Қаулысымен.



Стратегиялық бағыттардың және мақсаттардың атаулары

 

Функционалдық мүмкiншiлiктердi дамыту бойынша ДСМ iске асыратын iс-шаралары



 

Iске асыру мерзiмi



1. Азаматтардың денсаулығын нығайту
2. Денсаулық сақтау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру
3. Кадр ресурстары жүйесi мен медицина ғылымын дамыту

1. Денсаулық сақтау саласында қызметтi регламенттейтiн нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру

Тұрақты негiзде

1-1. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын және регламенттерiн әзiрлеу

2012 жыл

2. Орталық аппарат және жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлерiн денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлау және талдау қағидаттарына оқыту

Тұрақты негiзде

3. Дүниежүзiлiк Банкпен бiрлескен жобаны iске асыру

2013 жылға дейiн

4. Ақпаратты жинау мен пайдалану және жүйесiнiң еңбектi көп қажетсiнуiн қысқарту мақсатында денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру

Тұрақты негiзде

5. Саладағы қазiргi ақпараттық ресурстарды ықпалдастыру және Денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi шеңберiнде ұлттық деректер базасымен жаңа құралдарды әзiрлеу

Тұрақты негiзде

6. Медициналық көмектiң сапасын және  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету үшiн қазiргi заманғы технолияларды  ұйымдастыру және диагностикалық, емдеу, оңалту және профилактикалық қызмет көрсетудi енгiзу

Тұрақты негiзде

7. Үкiметтiк емес және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау

Тұрақты негiзде

8. Мемлекеттiк тiлдiң функцияларын одан әрi кеңейту және нығайту

Тұрақты негiзде

9. Денсаулық сақтау саласында гендерлiк теңдiктi қамтамасыз ету

Тұрақты негiзде

10. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

Тұрақты негiзде

11. Мемлекеттiк қызметтердi электронды форматқа ауыстыру:
Қызметкерлер контингентiнiң алдын ала және мерзiмдiк медициналық тескерiп-қаралудан өтуiне келiсiм; медициналық қызметтi лицензиялау; дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндiруге және көтерме саудамен байланысты фармацевтикалық қызметтi лицензиялау; денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi лицензиялау.

2013 жыл

12. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi электронды форматқа ауыстыру:
- қайтыс болу туралы дәрiгерлiк куәлiк беру
- перинаталдық қайтыс болу туралы дәрiгерлiк куәлiк беру

2013 жыл

13. Кадр қызметi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру

Тұрақты негiзде

5-бөлiм Ведомствоаралық өзара iс-қимыл

Қол жеткiзу үшiн ведомствоаралық өзара iс-қимылды қажет ететiн мiндеттердiң көрсеткiштерi

Ведомствоаралық өзара iс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттiк орган

Ведомствоаралық өзара iс-қимылды орнату үшiн мемлекеттiк орган жүзеге асыратын шаралар

1

2

3

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыру

1.1-мақсат. Саламатты өмiр салты және мiнез-құлық факторларымен себептес әлеуметтiк мәнi бар аурулардың деңгейiн төмендету мәселелерi бойынша сектораралық өзара iс-қимыл

1.1.1-мiндет

Темекiсiз өмiр салтын насихаттауда көшбасшылар мен елiмiздiң көрнектi тұлғаларын тарта отырып темекi шегудiң қоғамдағы әлеуметтiк қолайсыздығын жасау, беделiн түсiру;

ТСМ, БАМ, БҒМ

Бiрыңғай бюджеттiк бөлiнетiн бағдарламаны қалыптастыру

Белсендi және пассивтi түрде шылым шегу мен iшiмдiкке салынудың денсаулық үшiн керi салдары жөнiнде халықты хабардар етудi жетiлдiру;

ТСМ, БАМ, БҒМ

Темекi бұйымдарын тұтыну мен iшiмдiкке салынушылықты төмендету, көпшiлiктi бұқаралық-спорттық iс-шаралармен қамтуды көбейту;

ТСМ, БАМ, БҒМ

Жалпы орта бiлiм беру оқу орындарында қауiп топтарын ерте бастан анықтаудың жүйесiн құру. Алкогольге  және есiрткiге қарсы алдын алу бағдарламаларын әзiрлеу және енгiзу.

ДСМ, БҒМ, IIМ

IIМ жүйесiндегi кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi инспекторлармен ақпараттық-әдiстемелiк жұмыстар жүргiзу
IIМ қызметкерлерiн (полициялар, участкелiк инспекторлар) алкогольдiк (есiрткi, уытқұмарлық) мас күйдегi тұлғаларға қабылданатын шараларға қатысты сараланған тәсiлдерге оқытып-үйрету

ДСМ, IIМ

IIМ жүйесiнiң тергеу изоляторлардағы психиатр дәрiгерлердi нашақорлық және уәждемелiк консультациялар беру қағидаттарына оқыту

ДСМ, IIМ




1.2-мақсат Дұрыс тамақтану мәселелерi бойынша сектораралық өзара iс-қимыл

1.2.1-мiндет

Мектептегi балалардың тамақтану рационына витаминдiк-минералдық кешенмен байытылған азық-түлiк түрлерiн қосу

БҒМ

Бiрыңғай бюджеттiк бөлiнетiн бағдарламаны қалыптастыру

Мектеп жастағы балалардың тiрек-қозғалыс аппараты ауруларының профилактикасы

БҒМ

1.3-мақсат
Жол-көлiк қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша сектораралық өзара iс-қимыл

1.3.1-мiндет

Халықпен жол қозғалысына қатысушылардың заңға бағынушылық мiнез-құлқын және жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылыққа терiс қатынасы стеротиптерiн қалыптастыруға бағытталған профилактика және ақпараттық жұмыстың кешендi жүйесiн құру

IIМ

Бiрыңғай бюджеттiк бөлiнетiн бағдарламаны қалыптастыру

Профилактика жұмыстарына азаматтық қоғам институттарының қатысуын қамтамасыз ету

IIМ

1.4-мақсат
Төтенше жағдайлар кезiнде медициналық-құтқарудың шұғыл көмегiн көрсету мәселелерi бойынша сектораралық өзара iс-қимыл

1.4.1-мiндет

Автомагистральдарда, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде, шұғыл медициналық-құтқарудың жедел жәрдем көрсетудi арттыру

ТЖМ

Бiрыңғай бюджеттiк бөлiнетiн бағдарламаны қалыптастыру

Денсаулық сақтау министрлiгi және медицина апаттары қызметiнiң бiрлескен қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету

ТЖМ

1.5-мақсат
Туберкулез, АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелерi бойынша сектораралық өзара iс-қимыл

1.5.1-мiндет

ҚАЖ комитетi мекемелерiн материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту

Әдiлетминi

Бiрыңғай бюджеттiк бөлiнетiн бағдарламаны қалыптастыру

Туберкулез, АИТВ/ЖИТС мәселелерi бойынша пенитенциарлық жүйе контингентiнiң арасында ақпараттық-түсiндiрме жұмыстарын жетiлдiру

Әдiлетминi

1.6-мақсат
Аса қауiптi аурулардың профилактикасы мәселелерi бойынша сектораралық өзара iс-қимыл

1.6.1-мiндет

КҚГҚ ауруын тасымалдаушыларын жою бойынша жұмыстарды күшейту

Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдiктерi

Бiрыңғай бюджеттiк бөлiнетiн бағдарламаны қалыптастыру

КҚГҚ сырқаттанушылықтың профилактикасы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобын құру

ДСМ, АШМ, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдiктерi

1.7-мақсат
Балалар мен жасөспiрiмдер денсаулығы мәселелерi бойынша сектораралық өзара iс-қимыл

1.7.1-мiндет

Балалар, жасөспiрiмдер мен жастардың психологиялық және физикалық денсаулығы мәселелерiне кешендi түрде қарауды қамтамасыз ету

БҒМ

Бiрыңғай бюджеттiк бөлiнетiн бағдарламаны қалыптастыру

Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
ДЭФ – Дүниежүзiлiк экономикалық форум
БҚЖИ – Бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаһандық индексi
СӨС – Саламатты өмiр салты
КҚГҚ – Конго-қырым геморрагиялық қызбасы
IIМ – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
ЖАО – жергiлiктi атқарушы органдар
БҒМ – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
ӘМ – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
ҮЕҰ – үкiметтiк емес ұйымдар
ҚАЖ – қылмыстық-атқару жүйесi
ЭКҰ – экстракорпоральдi ұрықтандыру

6-бөлiм Тәуекелдердi басқару

      Министрлiк өз қызметiнiң барысында бiрқатар тәуекелдердiң (мақсатқа қол жеткiзуге жолына кедергi келтiруi мүмкiн жағдайлар) пайда болуымен немесе Министрлiктiң тарапынан бақылауға жатпайтын, Стратегиялық жоспарға жету мақсатына кедергi келтiретiн сыртқы факторлармен кездесуi мүмкiн.



Мүмкiн тәуекелдердiң атаулары

Қарсы iс-қимыл тетiктерi және шаралары

1

2

Iшкi тәуекелдер

Стратегиялық жоспардың индикаторларына қол жеткiзу бойынша жергiлiктi органдардың жеткiлiксiз жұмыс атқаруы

Министрлiктiң стратегиялық жоспарларының негiзгi индикаторларын мiндеттi көрсете отырып, денсаулық сақтау басқармаларының стратегиялық жоспарларының жобаларын келiсу

Стратегиялық жоспардың индикаторларына қол жеткiзу бойынша мемлекеттiк органдардың жеткiлiксiз жұмыс атқаруы

Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге әр мемлекеттiк орган үшiн нақты индикаторларды көрсете отырып, қоғамдық саулықты сақтау бойынша бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаны енгiзу
Азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесiнiң рөлiн күшейту

Жергiлiктi атқарушы органдарының статистикалық көрсеткiштерiнiң бұрмалануы

Денсаулық сақтауды ақпараттандыру, статистикалық есеп берудiң қайталану нысандарын жою

Сыртқы тәуекелдер

Халықты қауiпсiз ауыз сумен қамтамасыз етудiң нашарлануына байланысты инфекциялық аурулардың өршу қауiп-қатерi

Халықты қауiпсiз ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту

Техногендiк және экологиялық аппаттар (жұтаулар) салдарынан әр түрлi жарақаттардың және аурулардың (оның iшiнде инфекциялық) жаппай дамуы

Төтенше жағдайлар кезiнде уақтылы медициналық көмек көрсету

Медицина қызметкерлерiнiң жалақы деңгейiнiң төмен болуына байланысты медицина кадрларының кетуi

Еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру
Басқару әдiстерiн жетiлдiру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет