Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 -2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы



бет1/25
Дата25.02.2016
өлшемі2.79 Mb.
#24066
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

2014ж. 5 желтоқсандағы № 299



Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 -2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) бекітілсін.

  2. Стратегиялық даму департаменті

1) күнтізбелік 5 күннің ішінде Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында Стратегиялық жоспардың орналастырылуын;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жыл сайын есептік жылдан кейін жылдың 20 ақпанда Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептің Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.



  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қүшіне енеді.



Министр Т. Дүйсенова



КЕЛІСІЛГЕН

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрінің

Міндетін атқарушы
__________ М. Құсайынов


КЕЛІСІЛГЕН

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

__________ Б. Сұлтанов


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2014 жылғы «5» желтоқсандағы

№ 299 бұйрығымен бекітілді



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің

2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

 

Мазмұны

 

1. Миссиясы және пайымы



2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістерін талдау

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтижелер көрсеткіштері

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар



1-бөлім. Миссиясы және пайымы

 

Миссиясы

 

Мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және іске асыру, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуді салааралық үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру жолымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту. Еңбек құқықтарын қорғау, жұмыспен нәтижелі қамтуға және халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу.



 

Пайымы

 

Халықтың қажеттілігіне сай келетін тиімді және қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі. Өмiр сүру деңгейi мен сапасын нәтижелі жұмыспен қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру, халықты әлеуметтiк қолдау жүйесiн дамыту және оңтайландыру негiзiнде арттыру.



  

2-бөлім. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістерін талдау



1 - стратегиялық бағыт.Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету
Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері

 

Халық денсаулығын сипаттайтын медициналық-демографиялық жағдай мен көрсеткіштерде мынадай оң серпін: халықтың туу деңгейі


1000 адамға шаққанда 22,5-ден (2011 жыл) 22,73-ге (2013 жыл) дейін артқаны, өлім көрсеткішінің 1000 адамға шаққанда 7,98-ден (2013 жыл) 8,71-ге төмендегені, тиісінше, халықтың табиғи өсу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,75-ге (2013 жыл) дейін ұлғайғаны (2011 жыл - 13,79) байқалды.

Қазақстанда 2011 жылмен (69,01 жас) салыстырғанда 2013 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты және 70,45 жасты құрады, бұл республиканың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы (бұдан әрі - ТМД) позициясын жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары (2010 жылы – 79,8 жас) және Еуропа одағы елдерімен (World Factbook бағалауы бойынша 2013 – 79,9 жас) салыстырғанда Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай төмен.

Әйелдер мен балалардың денсаулығы жақсарып келеді. Соңғы жылдары
(2011 жылдан бастап) ана өлімі 1,4 есе төмедеді, нәрестенің шетінеуі 1,3 есе төмендеді.

Ана мен бала (нәресте) өлімін төмендету бойынша жағдайға әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын жақсартуға, оның ішінде, ауруларды профилактикалауға, ерте анықтауға және оларды сауықтыруға бағытталған іс-шаралардың белгілі бір әсері тиді. Халықаралық талаптарға сәйкес ана мен баланың денсаулығын сақтау бойынша диагностика мен емдеудің 40-астам хаттамасы, оның ішінде 8 клиникалық нұсқаулық әзірленді, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Соңғы үш жылдың ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар таралуының және одан халықтың өлімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендегені байқалады.

Ел ауқымында 2010 жылдан бастап негізгі әлеуметтік мәні бар ауруды (қанайналым жүйесі ауруы, онкологиялық аурулар) ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған Ұлттық скринингілік бағдарлама енгізілді. Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Скринингілік зерттеулер жүргізу қанайналым жүйесі ауруларының (бұдан әрі – ҚЖА) анықталушылығын жақсартуға мүмкіндігін берді, соған байланысты ҚЖА-мен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 2 277,1-ден 2013 жылы 2 463,1-ге дейін өсті. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі ҚЖА-дан өлімнің 2011 жылғы 309,61-ден 2013 жылы 207,4-ке дейін төмендеуі болып табылады.

2010-2013 жылдардағы кезеңде ҚЖА кезінде жоғары технологиялық көмектің өсуі байқалады, коронароангиографияның саны 2 есе, стенттеу –


4,5-есе артты және т.б. Кардиологияға үздік технологияларды енгізу асқынулардың және жүрек-тамыр ауруларынан болатын өлімнің деңгейін айтарлықтай төмендетті, бұл толық қалды еңбекке және белсенді тіршілік етуге қайтарылған пациенттер санының артуына әкелді.

Өлім мен мүгедектікке алып келетін ауыр асқынулардың бірінен ауыратын ми қан айналымының жіті бұзушылығы бар науқастарға көмек көрсету мақсатында республикада 40 инсульт орталығы, оның ішінде


2011 жылы ҚР 6 облысында 8 инсульт орталығы, 2012 жылы – ҚР
10 облысында тағы 12-сі, 2013 жылы 20-сы ашылды. 2014 жылы 8 инсульт орталығын ашу жоспарлануда.

2011 жылмен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткішінің артуы (100 мың адамға шаққанда 183-тен 193,9-ға дейін) байқалып отыр. Бұл көрсеткіштің ең жоғарғы деңгейі өнеркәсіп дамыған өңірлерде тіркелген, бұл Солтүстік Қазақстан (269,8), Павлодар (264,5), Шығыс Қазақстан (271,1) және Қостанай (258,9) облыстары.

Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, химиялық препараттармен қамтамасыз етуге, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған іс-шаралар қатерлі ісіктерден өлім көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 102,4-тен 2013 жылы 99,49-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Жарақаттануылық тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да көптеген елдерінде де маңызды медициналық-әлеуметтік проблемалардың бірі болып отыр. Қазақстанда халықтың сырқаттанушылық, еңбекке уақытша жарамсыздық және өлім құрылымында, сондай-ақ мүгедектікке алғаш шығу бойынша үшінші орынды алады. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде жол-көлік оқиғаларынан (бұдан әрі – ЖКО) болатын өлімді төмендету жөніндегі пәрменді шаралар қабылданды, оның ішінде ЖКО-да зардап шеккендерге шұғыл көмек жүйесі жетілдірілді – жарақаттанушылық қауіптілігінің жоғары деңгейі бар республикалық маңызы бар автомобиль трасссаларының бойындағы


40 ауданаралық травматологиялық бөлімше ұйымдастырылды. Нәтижесінде жазатайым оқиғалардан және жарақаттанушылықтан болатын өлім 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 102,6-дан 2013 жылы 96,85-ке дейін төмендеді.

Қант диабеті көптеген елдердегі сияқты республикада да маңызды проблема болып отыр. Талдау кезеңінде қант диабетімен сырқаттанушылық өсті және 100 000 адамға шаққанда 2011 жылғы 158,3-пен салыстырғанда


2013 жылы 170,4-ті құрады.

Халықтың өмір сүру сапасын және ұзақтығын арттыру мақсатында скринингілік зерттеулермен 2013 жылы қант диабетін ерте анықтау үшін


2,6 млн. адам қамтылып, оның ішінде ауру 9,6 мың адамда қант диабеті анықталды. Қант диабетімен ауыратын барлық науқас инсулинмен 100% қамтылған.

Республикада туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда, оның айғағы ретінде халықтың барлық жас топтарының арасындағы сырқаттанушылықтың, өлімнің және туберкулездің резистенттік түрлерінің таралуының төмендеуі болып табылады. Туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім деңгейі 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 86,6-дан 2013 жылы 73,4-ке дейін және 2011 жылы 8,4-тен тиісінше 2013 жылы 5,6-ға дейін төмендеді. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі рейтингінде (бұдан әрі - БЖИ) Қазақстан туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша


102-орынды алып отыр және туберкулездің бизнеске әсері бойынша 111-позицияда тұр.

Елімізде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға ел ауқымындағы қабылданатын жүйелік шаралар ықпал етеді. Төсек қорын оңтайландырумен инфекциялық бақылаудың халықаралық талаптарына сәйкес науқастарды бөлумен және ұстаумен туберкулезге қарсы ұйымдарды қайта құрылымдау іске асырылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) деректері бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырлану сатысында (әлемдік орташа көрсеткіштің 1,1 %-ына, халықтың 0,16 %-ы, Қазақстан Республикасы тиісті Шығыс өңірде – 0,8) (2010 және 2011 жылдары – 0,18) тұр. Өткен 2013 жылы 15-49 жас аралығындағы халықтың арасындағы ең жоғары көрсеткіш Қарағанды - 0,306, Павлодар - 0,335 облыстарында және Алматы қаласында - 0,316 тіркелген.

2007 және 2012 жылы V және ІV жүргізілген ұлттық әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстанда темекіні тұтынудың таралушылығын 27%-дан 26,5%-ға дейін, яғни 1,8%-ға дейін төмендету үрдісі байқалады. Бұл ретте, ДДҰ-ның Қазақстанда темекімен күресудің негіздемелік конвенциясының (бұдан әрі – ТКНК) қағидаттары соңғы 2-3 жылдың ішінде енгізіле бастағанын атап өткен жөн.

ДДҰ-ның Қазақстанда темекімен күресудің негіздемелік конвенциясының бүкіл қағидаты енгізілген темекімен күрестің көп жылғы тәжірибесі бар елдерде темекіні тұтынушылықтың таралуышылығын төмендету қарқыны жоғары емес және орта есеппен 3-5 жылда 0,3%-дан 4,1%-ға дейін құрайды (Таиландта темекі шегудің төмендеуі 2009 жылғы 27,2%-дан 2011 жылғы 26,9%-ға дейін құрады, яғни 3 жылда 0,3%-ға төмендеді, Австралияда 2010 жылғы 15,1%-дан 2013 жылы 12,8%-ға дейін құрады, яғни 4 жылда 2,3% төмендеді, Түркияда 2008 жылғы 31,2%-дан 2012 жылы 27,1%-ға дейін төмендеді, яғни 5 жылда 4,1%-ға төмендеді).

2012 жылғы зерттеулердің нәтижелері бойынша (V), алкогольді тұтынушылықтың таралушылық деңгейі 35,6%-дан 33,1%-ға дейін, яғни 7%-ға төмендеді.


Негізгі проблемаларды талдау

 

Медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң серпініне қарамастан туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы төменгі деңгейде қалып отыр және көрсеткіші 2013 жылдың қорытындысы бойынша 70,45 жасты құрады, бұл табыстың ұқсас деңгейі бар елдермен салыстырғанда 4 жылға төмен.



Әлемнің барлық елінде жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім1-орынды, 2-орынды онкологиялық аурулардан болатын өлім, 3-орынды жарақаттанушылықтан болатын өлім алады.

Жыл сайын Қазақстанда обырдан шамамен 17 мың адам, оның ішінде 42% еңбекке қабілетті жастағы адам қайтыс болады.

Республиканың трассаларындағы ЖКО-да шамамен 3 мың адам қайтыс болады және 29 мыңнан астам адам жарақат алады, бұл проблеманың ауқымдылығы мен маңыздылығын білдіреді.

Ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы айтарлықтай жақсаруға қарамастан республикада ана мен бала нәресте өлімінің көрсеткіштері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның (ДДҰ) Еуропалық өңірімен салыстырғанда әлде де жоғары болып қалуда.

Жоғарыда көрсетілген проблемалардың басым көпшілігін МСАК деңгейінде шешуге болады. Халықаралық тәжірибе МСАК қаржыландырудың көлемі денсаулық сақтаудың шығыстарынан кем дегенде 40 %-ды құраған жағдайда МСАК-пен барынша қамту мен тиімділігіне қол жеткізілетінін көрсетеді. Бірақ, 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) қаржысынан қаражатты МСАК-қа жеткіліксіз бөледі.

Отбасын жоспарлау, халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру жөніндегі жұмысты қоса алғанда МСАК-тың жеткіліксіз профилактикалық бағыттылығы проблемалары сақталуда.


Сыртқы және ішкі негізгі факторларды бағалау

 

Халық денсаулығының жай-күйін көрсететін көрсеткіштердің деңгейіне мынадай сыртқы және ішкі факторлар ықпал етеді.



Сыртқы факторлар:

1) Саламатты өмір салтын сақтамау, қоршаған ортаның жағымсыз жағдайы (ДДҰ деректері бойынша, адам денсаулығының 50 %-ы оның өмір сүру жағдайына байланысты (әлеуметтік-экономикалық факторлар, білім деңгейі, зиянды әдеттерге бейімділік, саламатты өмір салтын ұстану және басқалар); 20%-ға дейін денсаулық деңгейі қоршаған орта жағдайына байланысты), оның ішінде:

- ауыз суының нашар сапасы (халықтың 87,7 %-ы ғана қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл өз кезегінде инфекциялық сырқаттанушылықтың жоғары деңгейін көрсетеді);

- қауіп факторлары (жеті жетекші қауіп факторына созылмалы аурулардың жалпы ауыртпалығының 60 %-ы келеді: темекі шегу (12,3 %), қауіпті мөлшерде алкогольді тұтыну (10,1 %), жоғары артериялық қысым (12,8 %), гиперхолестеринемия (8,7 %), дене салмағының артық болуы (7,8 %), жеміс-жидек пен көкөністерді жеткіліксіз тұтыну (4,4 %), дене белсенділігінің төмен болуы (3,5 %);

2) Қазақстанмен тікелей көлік қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде аса қауіпті инфекциялардың таралуы бойынша шиеленіскен эпидемиологиялық ахуал, қайта туындаған инфекциялық ауруларға, оның ішінде құс тұмауына эпидемиологиялық қадағалауды күшейту қажеттілігі;

Ішкі факторлар:



  1. жүргізілетін профилактикалық тексеріп-қараулар мен ерте диагностикалау тиімділігінің жеткіліксіздігі;

  2. ауруларды диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың дәлелді медицинаға негізделген жаңа әдістері мен хаттамаларының жеткіліксіз енгізілуі;

  3. МСАК пен стационардың арасындағы сабақтастықтың болмауы.

  4. медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтінің қоғамдық денсаулық сақтаудағы, оның ішінде инфекциялық емес аурулармен сырқаттанушылықты профилактикалау және төмендету бойынша жеткіліксіз рөлі;

  5. медициналық иммунобиологиялық препараттарды, бірінші кезекте диагностикумдарды, тест жүйелерін және басқаларды шығару бойынша өндірістік базаны дамытудың төмен деңгейі.

МСАК-тың қолжетімділігін, тиімділігін, сапасы мен дамуын арттыру мақсатында медициналық-әлеуметтік бағыттылықты қоса алғанда МСАК-ты одан әрі жетілдіру жоспарлануда.

2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі өлшемдері

 

2013 жылы ауруханалық төсектермен қамтамасыз ету көрсеткішінің (Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесінде 10 мың адамға шаққанда


2011 жылғы 61,4-ке қарағанда 56,3-ке дейін) төмендегені байқалады. Төсекпен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (83,2) және Ақмола (82,3) облыстарында, ал ең төменгі деңгейі Оңтүстік Қазақстан (10 мың адамға шаққанда 47,6) және Алматы (47,2) облыстарында байқалады.

БҰДЖ-ның шеңберінде стационарды алмастыратын көмек белсенді дамуда, оның көмегімен 2013 жылы 965,8 мың адам емделіп шықты, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 47,5 мың адамға көп.

Медициналық көмектің сапасын арттыруға және шығындарды ұтымды басқаруға бағытталған ең үздік халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, 2012 жылдан бастап стационар деңгейінде – клиникалық-шығындық топтар бойынша, 2013 жылдан бастап – жаһандық бюджет бойынша, яғни 1 ауыл тұрғынын шаққанда кешенді жан басы тарифі бойынша ақы төлеудің жаңа әдістері енгізілді, мұнда амбулаториялық және стационарлық деңгейлерде қызмет көрсетуге арналған шығыстар енгізілген. Қатерлі ісіктерді ерте анықтау мен онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бір онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф бойынша ақы төлеу жүйесі енгізілді.

Медициналық көмек көрсетудің жоғары технологиялары дамуда, біреге» технологиялар белсенді енгізілуде.

Материалдық-техникалық базаны нығайту және негізгі қаражатты тиімді пайдалану мақсатында медициналық ұйымдарға лизинг арқылы жабдықтар сатып алу мүмкіндігі берілді.

БҰДЖ-ның екінші кезеңінің шеңберінде әлеуметтік қызметтерді дамытуға аса назар аудара отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК) ұйымдастыру мен қаржыландыру жүйесі жетілдірілуде. 2011 жылдан бастап, МСАК ұйымдарының штатына әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың лауазымдары енгізілді. Бекітілген халықпен профилактикалық жұмысты (скринингтер, нысаналы топтарды қалыптастыру, салматты өмір салтына және профилактикаға үйрету) 2 және 3 мейіргер лауазымы енгізілді.

2014 жылдан бастап, БҰДЖ-ның екінші кезеңінің шеңберінде өңірлердегі қаржыландыруды кезең –кезеңімен теңестіру мақсатында амбулаториялық-емханалық деңгейде көмек көрсетуге кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – КЖН) енгізілді. Егер 2014 жылы КЖН республика бойынша орта есеппен 808 теңгені құраса, 2015 жылы 896 теңгені құрайды.

2011 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) тізбесі халықтың әлеуметтік-осал топтарына қымбат тұратын қызметтер көрсету, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ортодонттық көмек бөлігінде кеңейтілді.

Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, түпкілікті мақсаты еліміздің бүкіл халқының 2020 жылға қарай электрондық денсаулық паспорттарын қамту болып табылады.

Көмек көрсетудің әртүрлі деңгейлерінде косультация жүргізңнді 2013 жылы Ұлттық телемедицина желісі құрылды, оның көмегімен медициналық салыстырғанда телемедицина консультацияларының саны 12%-ға ұлғайды (2012 жылы – 15751, 2013 жылы – 17752).

Халыққа, әсіресе шалғайда және жетуі қиын жерлерде тұратын ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін  49 жылжымалы медициналық кешен (бұдан әрі – ЖМК), 26 трассалық медициналық-құтқару пункті, 3 емдеу-диагностикалық пойызы жұмыс істейді. 2011 жылғы шілдеден бастап Республикалық санитариялық авиация үйлестіру орталығы жұмыс істейді, бейінді мамандардың консультация өткізуі мақсатында олардың ұшуы іске асырылуда.

Дербестікті қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарды кезең-кезеңімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – ШЖҚ МК) мәртебесіне ауыстыру жүзеге асырылуда, 2014 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша республикада 489 медициналық ұйым ШЖҚ МК мәртебесіне ауыстырылды.

Халықтың медициналық қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында «100 мектеп және 100 аурухана салу», «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» ауқымды жобалардың шеңберінде 174 денсаулық сақтау объектісі іске қосылды және таяу төрт жылда 275 денсаулық сақтау объектісін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып салу жоспарлануда.

Елбасының тапсырмасына сәйкес халықаралық аккредиттеу стандарттары кезең-кезеңімен енгізілуде.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, сертификатау жүйесін жетілдіру басталды.

ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу бүгінгі таңда тұтынудың жалпы көлемінің 70 %-ын құрайды.

Жыл сайын бірыңғай дистрибуция жүйесі (заттай мәнінде) арқылы ТМККК шеңберінде жалпы көлемде сатып алынатын отандық дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлесі ұлғаюда (2012 жылы - 35%, 2013 жылы - 40%).

Ұлттық ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы құрылды.

ТМККК шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу енгізілді.

Терапиялық тиімділікті, фармакоэкономиканы және жанама әсерлердін мониторингілеуді ескере отырып, дәрілік заттарды ұтымды қолдануға бағытталған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің формулярлық жүйесі енгізілді. Дәрілік заттардың бағаларын мониторингілеу орталығы құрылды.

ТМККК шеңберінде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету құқықтарын іске асыру мақсатында амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдірілді. Бұрын 50 % жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттар тегін негіздегі дәрім заттардың тізбісі оқтайландырылды, халықтың әлеуметтік осал топтарын тегін босатылады. Қымбат тұратын нозологиялар бойынша дәрілік заттарды сатып алуды республикалық бюджет қаражатының есебінен бірыңғай дистрибьютер жүзеге асырады.

Диспансерлік науқастардың тіркелімі және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі құралды, бұл әрбір пациенттің мемлекет кепілдік берген дәрілік препаратты алуын нақты қадағалауға мүмкіндік береді.

Ауыл тұрғындарына дәрілік көмектің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымдары жоқ 3000-нан астам ауылдық елді мекенге МСАК объектілері арқылы дәрілік заттарды өткізу ұйымдастырылды
(2011 жылы – 3030, 2012 жылы – 3100, 2013 жылы – 3200).

Медициналық көмектің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін медициналық қызметтер сапасын басқару тетіктері жетілдірілуде.

Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестер және денсаулық сақтау саласында азаматтардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар құрылды. Медициналық ұйымдарда шағымдардың алдын алуға және шағымдар пайда болған жерлерде «сол жерде және қазір» қағидаты бойынша жұмыс істеуге арналған Ішкі бақылау қызметтері жұмыс істейді.

Пациенттердің хабардарлығын арттыру, денсаулық сақтау саласында бәсекелестік ортаны дамыту, транспаренттілік және медицина ұйымын еркін таңдау қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында Министрлік 2012 жылы сыртқы, ішкі бақылау және пациенттер пікірлерінің негізінде Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын рейтингтік бағалау жүйесін енгізді.

Объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз сараптама дамуда, 2013 жылы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тексерулердің үлесі 32% құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда (27%) 5%-ға артық, (2012 жылы - 30%).

Мемлекеттік бағдарламаның шенберінде денсаулық сақтау кадрларын даярлаудың сапасына қолжеткізу бойынша шараларды көздейтіп, Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру iсiн дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді.

Инновациялық білім беру технологияларын оқу процесіне енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, медициналық ЖОО-ларда оқу-клиникалық орталықтары құрылды.

Халықаралық үздік тәжірибені енгізу мақсатында Министрліктің, Данди университетінің (Ұлыбритания) және Қазақстанның медициналық ЖОО-ларының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде бірлескен оқыту бағдарламалары, ғылыми-зерттеу жобалары, студенттерді, магистранттарды, оқытушыларды алмастыру бағдарламалары іске асырылатын болады.

Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының Халықаралық стандарттарына бейімделген республикадағы медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттары енгізілді. 2013 жылы тәуелсіз ұлттық аккредиттеу органдары (АРТА – Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі және БСҚТҚА – Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік) 3 медициналық ЖОО-да: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (АРТА), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика (АРТА), «Астана медицина университеті» АҚ-да (БСҚТҚА) институционалдық аккредиттеу жүргізді.

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ел ішінде де шетелде де үздіксіз кәсіби даму қамтамасыз етіледі, үздік шетелдік мамандарды тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастырылады.

БҰДЖ шеңберінде, медицина кадрларына қосымша білім беруді қаржыландыру тетіктері жетілдірілді. Жыл сайын республикалық бюджет қаражатының есебінен 30 мыңнан астам маман өз біліктіліктерін арттырып отырады.

Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2013-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарының шеңберінде нормативтік құқықтық база жетілдірілуде, денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын жоспарлау және болжамдаудың мемлекеттік жүйесі құрылды, мейіргерлік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері жетілдірілуде.

Әлеуметтік қолдау және мамандардың жұмыс өтеуін нормативтік бекіту бойынша қабылданған шаралар мамандарға деген қажеттілікті 2012 жылғы
5,8-ден 2013 жылы 4,5 мыңға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында ұжымдық пайдаланудағы 2 ғылыми молекулярлық-генетикалық зертхана жұмыс істейді, олар заманауи аспаптарға және студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, жас ғалымдарға және медициналық ғылыми ұйымдар мен ЖОО-лардың қызметкерлеріне арналған зерттеулерді орындауға рұқсатты қамтамасыз етеді.

Жыл сайын халықаралық жарияланымдардың үлес салмағы (2011 ж. – 16%, 2012 ж. – 18%, 2013 ж. – 19,1%), биологиялық белсенді заттарға, фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсатты бұйымдар мен медициналық техникаға жүргізілген клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің саны (2012 ж. – 14 және 2013 ж. – 50) ұлғаюда.

2013 жылы медициналық ғылымды 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Бәсекеге қабілеттілікке және әзірлемелердің сұранысқа ие болуына қол жеткізу, олардың негізінде озық медициналық технологиялар мен инновацияларды енгізу отандық медицина ғылымын дамытудың негізгі мақсаты болып айқындалды.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде 2016 жылға дейінгі бірінші кезеңде ғылыми-инновациялық процестің барлық деңгейіндегі менеджментті жетілдіру қамтамасыз етіліп, ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды дамыту, ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру, медициналық және фармацевтикалық ғылымды, білім мен практиканы интеграциялау үшін жағдай жасау бойынша шаралар қабылданды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет