Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім ғылым министрлігі


-дәріс. Классикалық ғылымның қалыптасуы



бет32/42
Дата18.10.2023
өлшемі1.67 Mb.
#480965
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
gtf umkd 2024

9-дәріс. Классикалық ғылымның қалыптасуы
9.1.ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. ғылымның даму алғышарттары.
9.2.Классикалық ғылымның ерекшелігі.
9.3.Жаңадәуір ғылымының жетістіктері.
Философияның онтологиялық проблемасы әр заман мен әрбір кезең бойынша өзіндік ұстанымын өзгертіп отырды. Мәселен, антика дәуіріндегі қалыптасқан космологиялық сипаттағы тұғырнамалар, орта ғасырда теологиялық мәнге ие болып, қайта өрлеу дәуірінде универсумдық-континуумдық мағына арқылы дамыған болса, жаңа замандағы дискреттік онтологияның қайтадан өрлеуімен жалғасын тапқан болатын. Сондықтан қайта өрлеу дәуірінен кейінгі жаңа заман пантеизмді өрбіте отырып, рационализмдік ұстанымды нығайтып, логоцентризмдік парадигманы жандандыра түскен еді.
Жаңа замандағы көрнекті ойшылдардың бірі – Бэкон (Bacon) Фрэнсис (1561-1626 жж.) – британ философы, тәжірибелі ғылым әдіснамасының негізін қалаушы, жаңа заманғы философиялық ойдың бастаушысы ретінде белгілі және эмпиризм бағытын ұстанушы. Негізгі шығармалары: «Ғылымның беделі мен өсімі», «Жаңа Органон...», «Жаңа Атлантида» т.б.
Ол орта ғасыр схоластикасын сынай отырып, бұл әлемге айтыс пен тартыстан басқа ешнәрсе алып келмегендігін көрсетеді. Оның жеміссіздігінің басты себептері: жаратылыстану саласына айтарлықтай көңіл бөлмегендігі, философияны діннің қызметшісі деңгейіне дейін төмендеткендігі екендігін атап өтіп, ғылыми білімді насихаттауға айтарлықтай үлес қосты.
Гносеологияда – танымның индуктивті әдісін қолдай отыра, ол дүниені тәжірибе арқылы ақиқатты тануды қолдауға қарай бағытталады. Заттар мен құбылыстар бір-біріне қатыссыз жеке дара өмір сүреді дей келе, тек силлогизмдерді қолдану арқылы дұрыс білімге жетуге, табиғат заңдарын тануға болмайды. Ақыл ұғымдары заттардан бөлінген, күмәнді, анықталмаған болып келеді. Силлогизм пікірден, пікір сөзден тұрады. Сөз заттардың символы мен белгісі.
Басты философиялық шығармасы –«Жаңа Органон немесе табиғатты түсіндірудегі ақиқат нұсқаулар» атты туындысында ол табиғатты зерттеудің дұрыс әдісін қалыптастыру мақсатын қояды. Бэкон табиғатты игеруде оның имманентті заңдарына бағына отырып, образының өңін айналдырмау қажеттігін ұсынады. Осы жолда адам көптеген кедергілерге, атап айтқанда, адасу түріндегі «елестерге» тап болып, олар ақиқатқа жақындай түсуге бөгет болады деп байыптаған болатын.
Табиғатты тану айтыспен емес, тәжірибемен шешіледі. Оны тануда адам санасына тән болып келетін түрлі елестер қателікке ұрындырады. Олар:
1) тектік елестері. Бүкіл адамдарға тән, адам ақылы мен сезімдерінің шектілігінен, өзінің табиғаты туралы түсініктерін заттарға араластырып жібереді. Олардан құтылу үшін сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен қоршаған орта заттарын салыстыру керек, сөйтіп, олардың дұрыстығын тексеру қажет;
2) үңгір елестері. Жеке адамдарға байланысты. Әрбір адамның өзінің ішкі үңгірі, субъективті ішкі әлемі бар. Олар туа біткен қасиеттерінен, тәрбиелеуден, білімнен, біреуге көзсіз сенген беделден пайда болады;
3) Базар елестері. Сөздерді дұрыс қолданбаудан, базардағыдай әр түрлі мағына беретін сөздердің бір жерде қолдануынан болатын қателіктер. Бұл жеміссіз таласқа әкеледі, әрі табиғаттан алыстатады;
4) Театр елестері. Әлем туралы жалған елестер мен сынсыз философия жүйелерінен пайда болады. Бұл театрдағы жасанды әлем сияқты көрініс қалыптастырады деп тұжырымдаған.
Таным адамның табиғатқа үстемдігін күшейтеді. Оларға бағыну (табиғатқа) арқылы оны бағындырады, яғни, оның заңдылықтарын меңгеру арқылы бағындыру дәрежесі – меңгеру, заңдарды білу, білім деңгейіне байланысты. Философия мен ғылымның қаншалықты дәрежеде практикалық маңызы бар, соншалықты дәрежеде қоршаған ортадағы нәтижелерге жетуді қамтамасыз етеді. Білімнің ақиқат болу өлшемі – тәжірибе деген пайыды ойларын ұсынды.
Таным адам санасы мен қоршаған ортаны бейнелеуден басқа түк те емес. Бұл үдерісте сезім алғашқы, содан кейін заттар арқылы тәжірибе іске асады. Мәселен, эмпирик – құмырсқа сияқты, жинаған мәліметтері бойынша, рационалист – қоңыз, өрмекші тәрізді, өзінен өрнек тоқып шығарады, ал бал арасы – ортаңғы, бақшадан шикізат жинап, оны өздігінен өңдейді деген мысалар арқылы өз ойын дәйектеген Бэкон, онтологиялық пікірлерінде, ештеңеден (жоқтан) ешнәрсе де пайда болмайды, ешнәрсе жоғалмайды. Материя саны тұрақты азаймайды, көбеймейді, кеңістікте үнемі материяның бөлшектері орналасады. Бос кеңістік деген жоқ дей келе, қозғалыстың 19 түрін көрсетті: қарсылық, инерция т.б. және абиғат алғашқы, сана екінші деп түсіндіріп, идеалистерді сынады.
«Жаңа Антлантида» атты еңбегінде мінсіз мемлекет құрылымының қағидаларын ұсынады және ол үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, бұл бағдар өндіріске қолданатын ғылыми зерттеу орталықтары болу қажеттілігін жобалады.
Декарт Рене (1569-1650 жж.) – француз физигі, физиологы, математигі және философы, рационализм бағытының көрнекті өкілі. Негізгі шығармалары: «Әдістер жөніндегі пікір», «Философия бастамасы», «Метафизикалық толғаныстар» т.б. Ол механика, космогония салаларында біршама жетістіктерге жетті. Философияны екі саладан тұрады деп түсіндірді: материалистік физика (табиғат туралы), идеалистік метафизика (философиялық жеке өз жүйесі).
Таным теориясы мәселелеріне баса назар аударып, білімнің көзі мен оның ақиқаттылығының өлшемі ол сыртқы дүниеде емес, адамның ақылмен іздеуінде деп байыптап, танымның көзі – интеллектуальды интуиция екендігін дәйектейді. Бұл сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен логикалық дәлелдерге сүйенбейді, әрі ақиқатқа тез жете алады деп интуицияның артықшылықтарына сүйенді. Интеллектуальді интуиция – материалды шындықтан таза ақылмен бөлінген нәрсе, ол жалпыға бірдей: ойлайды, өмір сүреді, таниды, мәселен, үшбұрыш үш сызықтан тұратындығын аңғарады т.б шындықтарды біледі. Бэконның таным теориясындағы индукцияға қарсы бірден-бір таным дедукция деп білді. Ол жалпыдан жекеге қарай жүретін логикалық тұжырым бола отырып, жеке ақиқатқа сәйкес келетін жалпы ұғымдардың интеллектуальді интуициясынан туындайды дей келе, нтуицияда ой қозғалысы жоқ, оған алғашқы, тікілей нақты жалпы қағидалар беріледі; дедукцияда ой қозғалысының процесі жүзеге асады. Интуициядан берілгендердің мазмұнын ашу дедукцияға жүктеледі деп пайымдайды.
Декарт білімдердің ақиқаттығына күдіктеніп, танымның басты екі мақсатын көрсетті:
1) қағидалардың, метафизиканың шығу көзін табу;
2) фантастикалық елестерден қашу, жалған ұғымдардан құтылу, схоластикадан арылу. Ғылым жолын осылай тазалау керек деп ой түйді.
Идеялар адамдарға туа бітеді, ол идеяларға сезімдік тәжірибенің еш қатысы жоқ. Таным әдісінде материалдық нәрселерді қажетсінбейді, тек ақыл шешуші болып келеді, ал ойлау материядан тәуелсіз, ұғым интеллектуалды интуицияның жемісі деген тұжырымдарын ережелер түрінде былайша ұсынады: «І. Ереже: Ғылыммен айналасатындарының мақсатында мынандай ақыл бағыттары болу керек; кез келген кездескен заттар жөнінде шын ақиқат, мықты пікірлер алып шығу керек; ІІ Ереже. Мынандай заттармен ғана айналысуы керек: біздің ақылымыз сенімді, күдіксіз танымдарды бере алатын қабілетке ие болатындармен ғана; IV Ереже. Әдіс – ақиқатты іздеу үшін қажетті; VI Ереже. Барлық заттарды да, оларды басқалардан бөлінген зат ретінде, бірақ салыстыру керек, біреуі арқылы біреуін тану үшін, абсолютті немесе салыстырмалы деуге болады; VII Ереже. Білім үшін бәрі керек: біздің мәселемізге қатысты, жүйелі, үздіксіз ой қозғалысы және жеткілікті, әдісті дедукция; IX Ереже. Өткір ақылымызды мәнсіз, қарапайым заттарға, ондағы ақиқатқа есепті, тиянақты, анық көз жеткізбейінше, ұзақ уақыт бағыттауымыз керек... Ақыл интуициясын қалай пайдалану қажет, көру бойынша: бір уақытта көп объектілерді көргенде, интуиция оларды жеке анық тани алмайды, ол ойдың бір актісімен көңіл аударғанда көп объектіге, бұлыңғыр ақыл болар еді. Ал шебер жеке заттардың өте ұсақ бөлшектерін, олардың айырмашылықтарын бірден тани алады... Х Ереже. Ақыл зерделі болу үшін, оны заттарды зерттеуге, шынықтыруға бағыттау қажет, бәрін де әдістер арқылы игеру керек, тіпті ең елеусіздерін де» т.б.
Қозғалыстың бәріне тек механикалық сипат беруші ретінде тірі организмдердің өмірлік әрекеттерін механикалық машина қозғалысына теңеді. Басқа организмдерде туа біткен идеялар болмайды. Қозғалысты, әлемді құдай жаратқан, бірақ заттарды, құбылыстарды өзіндік даму үстінде қарастыру керек дей отыра, әлемнің жаратылуы теориясында алғашқы үш элементті ажыратты: от тәрізді (Күн, жұлдыз); су сияқты (аспан); жер тәрізді (жер, басқа планеталар т.б.)
Жаңа замандағы көрнекті ойшылдардың бірі – ЛейбницГотфрид Вильгельм (1646-1716 жж.) неміс философы, математик, физик, тарихшы, заңгер, тілші. Негізгі философиялық шығармалары: «Метафизика туралы ойтолғамдар» (1685), «Табиғаттың жаңа жүйесі» (1695), «Теодицея» (1710), «Монадология» т.б. Лейбниц рационалдылыққа бағдарланған 17 ғасырдағы философияны аяқтаушы ретінде бағаланып, айрықша, синтетикалық философияны ұсынады. Математика саласында – дифференциалды есептеуді; физика саласында – энергияның сақталу заңын ашып, геологиялық, биологиялық, тарихи зерттеулер жүргізді. Метафизиканың теология мен математикаға қарағанда дербестігін тұжырымдап, философтардың тұжырымдарынан «негізделгендік» пен «ғылымилықты» талап етеді. Оның негізгі бағыттары: механикалық материализм, рационалистік әдіс, құдай мен субстанция туралы ілімге келіп тоғысады. Лейбницте материя субстанция емес, ол қарпайым және ұзаққа созылып жатыр, субстания – бөлінбейтін, руханилық және бүкіл әлемді құрайтын, шексіз, ұмтылушылыққа ие болатын, бірақ бір-бірімен әрекеттеспейтін, алдын-ала жарасымдылыққа негізделген «монадолар» болып табылады. Ал білімнің айқындығы, қайшылықсыздығы ақиқаттың шынайы өлшемі, бұны тексеру үшін логиканың заңдары жеткілікті және айғақтың ақиқатын тексеру үшін «жеткілікті негіздеме» заңы болуы керектігін ұсынды да, логиканы дамыта отырып, матемематикалық логиканың қалыптауына ықпал етті. Сөйтіп, ойлауды формальдандыратын әмбебап тіл жасауды қолдады.
Жаратылыстанудың философиялық мәселелері өзекті бола бастағаннан кейін мынадай екі сәтте бастан өткерді: 16-17 ғасырлардағы жаратылстану ғылымдарыың пайда бола бастауы мен 19 ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми төңкеріс кезінде. Себебеі, ол өзінің өркендеу сәтінде философия мен діни канондардан ажырау керек болатын және өзінің ерекшелігін негіздеуге тиіс еді. Әлемді тану көне философтардың немесе діни мәтіндердің үлгілері бойынша емес, байқау, тәжірибе, эксперимент пен математикаға сүйенуі қажет болды. Табиғатты мәтіндермен емес, басқа да тәсілдермен игеру қажеттігі түйсінілді. Алғашқылардың бірі болып, табиғаттыф математикасыз түсіну мүмкін емес екендігін Галиллей ұсынған болатын.
Жаратылыстанудың теология мен философиядан айырмашылығы:

  • Эмпирикалық негізделу, теориялар мен ұғымдарды тәжірибелік түрде тексеру, олардыв айғақтармен терістеу немесе бекіту;

  • Практикалық пайдалылыққа бағдарланып, оқиғалардың жүру бағытын болжау, адамның қажеттіліктерін қанағаттадыру мақсатында табиғи құбылыстарды меңгеру ;

  • Обьективтілікке сүйену, таным субьектісінен обьектіні ажырату, адам санасынан тыс заттардың шынайы қатынасын ашу;

  • Телеологиялық қатынастардан гөрі каузальдік байланыстарды ашу;

  • Ғылыми білімнің сынауға ашық болуы т.б.

17-19 ғасырларда ғылымилықтың өлшемі физика болған болатын, 19 ғасырлардан бастап, әлеуметік-гуманитарлық танымға (рух жөніндегі ғылым) аяқ басты.
Неміс философы В. Дильтей табиғат жөніндегі ғылым мен рух жөніндегі ғылымның айырмашылығы оның зерттейтін пәніне байланысты дейді: Рух жөніндегі ғылым механикадағы сияқты оның элементтерін талдау жолымен білуге болмайтын өмір түсінігі жатыр. Сондықтан рух жөніндегі ғылымда оның тұтастығын танитын интуиция басты тәсіл болып табылады. Ал табиғат жөніндегі ғылымда жалпыдағы жекені көрсету болып табылатын түсіндіру жатыр.
Баден мектебінің өкілдері Вильгельм Виндельбанд пен Генрих Риккерт жаратылыстану ғылмдары мен гуманиатарлық ғылымдар арасындағы айырмашылық зерттеу пәндерінде емес, олардың тәсілдерінде деп түсіндірді. Жаратылыстану жеке құбылыстарды түсіндіру үшін жалпы ұғымдар мен заңдарды бекітуге ұмтылады. Бұндай әдістерді номотетикалық деп атады, яғни, заңдарды орнататын. Немесе генерализациялайтын (жалпылайтын). Қоғамдық ғылымдар идиографиялық (өзіндік ерекшелігі бар )деуге болатын тәсілге ұмтылады.
Әлеуметтік-гуманитарлық таным зерттеушіден сезімдесуді, толқынысты, парапарлауды, оның тағайындалуы мен мақсатын түсінуді қалайды. Олар өзін мәтін, ескерткіш, шығарма, құрал, жест, әлеуметтік институт пен құрылымдар түрінде көрсетуі мүмкін.
Жаратылыстануда зерттеу пәндері субьектіге қарсы қойылып, обьект ретінде ұсынылады. Оның ішкі дүниесіне енуді зерттеуші қалаймайды, оның ішкі жағынан емес, сырттан талдайды, рухсыз элементтерге бөлшектейді, экспериментальдік құралдар арқылы әсер етуге кезігеді, оған азап шегу алып келетіндігіне алаңдамайды.
2. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми төңкерістердегі басты жаңалықтар: салыстырмалылылық теориясы, кванттық механика, оған сәйкес келетін космология. 1905 жылы А. Эйнштейннің ашқан салыстырмалық теориясы кеңістік пен уақыттың салыстырмалы екендігін негіздеуге арналған. Бұл релятивичтік сипат алады, вакуумдағы жарық жылдамдығына жақын қозғалатын денелер туралы. 1915-1918 жылдары салыстармалықтың жалпы теориясын негіздеді. Ол екі постулаттан құралады: 1. Салыстырмалық қағидасы, тыныштықта тұрған оқшау материалдық жүйеде және түзу сызық бойынша бірқалыпты қозғалыстағы кез-келген процесс бірдей өтеді. 2. Вакуумдағы жарық жылдамдығының тұрақтылығы, оның жарық көзінің жылдамдығына тәуелді емес екендігі.
Ендеше, вакуумдағы жарық жылдамдығынан, кез-келген жылдамдық бойынша қозғалатын әрекет аса алмайды; жарық жылдамдығына жақындыған дене қозғалысында уақыт ағымы баяулайды, массасы да осы жылдамдықтың күшеюі бойынша артып отырады. Қозғалыстағы массивті дене өзінің айналасындағы кеңістік-уақытты қисайтады. Бұл ұлғайып бара жатырған әлем моделін жасаудың алғышартын анықтап берді. Обьектінің кеңістік-уақыттық қасиеті бақылаушының жағдайына (орнына) байланысты болып шығатындығын ашып берді, оқиғалардың әлемдегі бір уақыттылығы абсолютті емес, бақылаушының жағдайына байланысты салыстырмалы болып келеді.
Кванттық механика ұсақ бөлшектердің қозғалыс заңдары мен суреттелуінің тәсілінің бекітілуі туралы теория. Бұнда бөлшектер толқындық пен корпускулярлық қасиеттерді алып жүруші және олар бірін бірі жоққа шығармайды, керісінше толықтырып отырады. Корпускулярлы-толқындық дуализм теориясы шықты.
Космология әлемді біртұтас ретінде зерттейтін, астрономиялық бақылаулармен қол жетімді болатын ғарыш туралы ілім. ХХ ғасырдың 20 жылдарында галлактикадан тыс астрономия туып, ол мынадай кезеңдерді бастан өткерді: уақыт пен кеңістіктің қисаятындығы мен кеңістіктің тұйықталуы мүмкін екендігі туралы түсініктердің ұсынылуы; А. А. Фридман (1922–1924) ұсынған қисайған кеңістік тұрақты емес, ол ол кеңеюі немесе сығылуы тиіс, осыған сәйкес ғаламның жасы (кеңею үұзақтығы шамаланды) ; кеңейіп бара жатырған ғалам бойынша денелер әр түрлі сатыда болады. Бұдан бастапқы сатыдағы ұлғаюда өте жоғары температурада жылу тарағандығы кейіннен суығандығы ұсынылды. Суыну кезінде атом, протогаллактика, жұлдыздар пайда болған деген болжам негізделді.
Бұдан әлемнің бастапқы тығыз қалпы (сингулярлық) мен оған қайта оралу мүмкіндігі туралы мәселелер қойылды. Бұл ғарыш пен адамзаттың пайда болуы мен өмір сүруі, аяқталуы мен жалғасуы, болашағы туралы философиялық мәселелерге ойысты.
3.Әлемнің шексіз көптүрлілігі мен біртұтастығына байланысты философия өзінің ұғымдар мен категориялар жүйесі арқылы әлем құрылымы мен жаратылу мәселелеріне бойлай енудің жалпы бағдарларының концептуалдық мәніне қарай ұмтылады. Соның бірі космогенез, яғни, философия тарихы бойынша қарастырылатын космология (ғарыш туралы ілім) оның даму эволюциясының өн бойында тұтас ұсынылатын мәнді обьектіге де айналғандығы бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.
Бұл жерде біз зерделеп отырған Бейболмыс мәселесінің Ештеңе ретінде алмастырылған нұсқасы бойынша космогенездің түп бастамалық алғы проблемалары туындайды. Сондықтан басты алғышарт ретінде – ғылыми космогенездік хаос пен діни жаратылу актісіндегі Ештеңе мәселелерін салыстыра бағамдау – Бейболмыс проблемасының ғылыми-жаратылыстық және діни-сенімдік синкретизмдік бірлігін қайтадан реконструкциялайды.
Ғылыми тұрғыдан сарапталатын Хаостың алғы бастамалық қызметіне байланысты осы тұстан космогенезге ортақ мәселе – теологиядағы жаратылу актісін негізге алатын креацонизмдегі Ештеңенің алғы бастау болып табылатын жақ екендігі туралы аналогиялық конструкция алынады. Космогенездегі алғы бастауды біз орталық түсінік ретінде қарастырып, оның ғылыми және діни тұрғыдан жарыспалы түрде негізделетін тұғырнамаларын философиялық тұрғыдан сараптау әлемнің пайда болуы туралы екі парадигманы зерделеуді қажет етеді.
Қазіргі заманғы ғылыми-теориялық зерттеулерде хаосты – Бейберекетсіздік және таза бостық түрінде қарастыратын екі түрлі парадигма бар. Біз бірінші нұсқаны негізге ала отырып, зерттеу обьектімізге қатысты екінші модельді таңдап аламыз. Осыған байланысты оны материалдық және идеялдық түрде қарастыратын көзқарастар бойынша аналогиялық түрде әлдене мен Бейболмыс ретінде таразылауымызға болады.
Сондықтан Хаос туралы түсініктің даму эволюциясын біз шарты түрде мынадай кезеңдерге бөліп көрсетуімізге болады:
1) мифологиялық хаос;
2) мифохаостың философиялық және алғы ғылыми деңгейі (б.э.б 5 - б.э.1ғғ);
3) хаостың креационизмдегі бостық сипаты (б.э.1ғ-б.э.10ғ);
4) Хаостың ғылыми жаратылыстық негізделуі (ХІХ-ХХ ғғ);
5) Хаостың қазіргі заманғы жаратылыстану концепцияларындағы философиялық аспектісінің ұсынылуы (ХХ-ХХІ ғғ.).
Мифологиялық хаостың генезисі көне дәуірлердегі Египеттік, Вавилондық, Үнділік, Қытайлық және Гректік дүниетанымдардан туындайды. Хаостың мифтік дәуірдегі қызметі – енжар алғы бастау мен белсенді креативтік қуаттылық бойынша нақты екі парадигмаға тоғысады. Көне Вавилондықтар мен ассириялықтардың «Энума элиш» (б.э.б. ІІ-І мыңжылдықтар) туындысында, құдай Мардук алғашқы Хаосты пайдалана отырып, әлемді қалыптастырып шығарғандығын және көне шумерлердің хаосты жаратушылық рольге қатысты қолданғандығын атап көрсетуімзге болады. Көне Египеттегі алғашқы хаостың теңіз түріндегі формасынан туындаған әлемнің генезисі ұсынылады. Ал көне Үнділік веда мәтіндерінде хаостың алғашқылығы мен одан кейін әлемнің құрылуы үшін барлық элементтердің қатынасуы, олардың бейберекетсіздікте болып, кейіннен болмыстың алуандығы бойынша дифференциацияланғандығы көрсетіледі. Жаратылу мен пайда болудың осы персонажы, сәйкесінше, көне Қытайлық мифосюжеттерден де көрініс береді. Ол Қытайлық даосизм ілімімен жалғасын табады. Дао хаостан кейінгі, әрі хаостың өзі, әрі Бейболмыс түрінде интеграцияланады.
Көне Грециядағы мифотуындылардың бірі Гесиодтың «Теогониясында» да Хаос бастапқы мәнді түсіндіру мен космогенездің субстраты ретінде бағаланады.
Космогенездегі мифохаостық субстрат – таза трансцендециялды айқынсыздықты, кейде әлденеге дейінгі бір нәрсе екендікті, түп бастаудың ең алғашқысы болып табылатындықты, бейберекетсіздік пен абсолютті болмауды, белсенділік пен бейтараптылықты, әлемнің материалы мен қатысушы жақты т.б. білдіретін көпмәнді Бейболмыстық-болмыстық сипатты маңызды жақ ретінде тұжырымдалады. Оның ең айқын процесс ретіндегі көрінісі – космогенездегі «хаостан болмысқа ұмтылу тенденциясының» моделіндегі алғашқылық. Дегенмен, мифохаостың бұл қызметі де хронологиялық әрбір дәуір мен әрбір халықтық дүниетанымның архаикалық ойлау стильдерінің спецификасына байланысты құрылады.
Яғни, мифохаостың бұндай прологикалық-мистикалық сюжеттерінен теориялық тұжырымдама туындамағанмен, әдіснамалық жобалар туатындығы сөзсіз. Сондықтан мифтегі хаостың жалпы концептуалдық деңгейіндегі Бейболмыстық сипаттың көрінісіне тоқталар болсақ:

    • Ең түпкі бастаудың бастауы түрінде болмыссыздыққа алып келетін Хаосты түрлендірудің фантасмагориясын байыптауымызға болады;

    • Хаос – таза Бейболмыстық емес, Бейболмыстың әлденелік, яғни, қазіргі ғылыми жаратылыстану түсініктері бойынша жүйесіздік қызметін атқарады;

    • Хаос таза абсолютті бостық түрін иелену үшін – айқынсыздық, белгісіздік, анықталмайтындық, жаратушылық, бастапқылық т.б. қасиеттерді жамай отыра, материалдық та, рухани да болмыс болып табылматын сакральдылық пен ұлылықты құрайды;

    • Космогенездің асқақтығы мен трансцендентальдылығын ұлғайту үшін қажетті субьект, әрі тылсымдық парадигмасын орнату үшін қажетті жақ, түпкі болмыстың туындауының субстраты болмыс пен әлдене болмас үшін қажетті мән, құдайлар мен құдай типтес жаратушылар үшін қажетті «материал»;

    • Бейболмыстың космогезенездегі ең алғашқы туындаған моделі, бастапқының бастапқысы, ең түпкі бастапқыны бідіретін субстрат.

    • Әрбір мифтегі хаостың түпмәні символдық-образдық түрде құрылғандықтан экспликациялау мен мифсіздендіруді қажет ететін тылсым көпқызметті феномен;

Хаостық, бостық ұғымдарының эволюциясы теологияда Бейболмыс түсінігінің шеңберіне жинақталады. Бұнда да Ештеңе мен Бейболмыс бірін-бірі еркін алмастыратын синонимдер типтес таза адекватты ұғымдар болып құрылады. Яғни, аталған теологиялық концециялар мен діндердің рухани көздерінің барлығы да бастапқылық ретінде Бейболмысты орталық түсінікке шығарады.
Креционизмдегі бұл мәселенің күрделілігі екі жазықтықта қатар қарастырылатын Бейболмыстың мәніне қатысты. Мәселен, Құдайдың әлемді Ештеңеден, яғни, Бейболмыстан жаратуы мен құдайдың Бейболмыстық сипатқа өтуі. Демек, жарату актісіндегі болмысқа матариал ретіндегі бастапқы жоқтық және трансценденциялдығы арқылы көрінетін құдайдың Бейболмысы. Бұл проблема космогенездегі Хаос түсінігін де қатыстырып, Бейболмысты үш түрлі парадигмада қатар зерделеуді қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет