3-параграф. Технологиялық процестерді жетілдіруге кететін шығындардың орнын толтыру
30. Техникалық құжаттаманың әзірленуін ынталандыру және технологиялық үдерістерді жетілдіру мақсатында осы Қағидалар шеңберінде технологиялық үдерістерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды өтініш берушіге ұлттық институт ұсынады.
31. Технологиялық процестерді жетілдіру:
-
кәсіпорынның жалпы жұмысын оңтайландыру (технологиялық аудит, энергетикалық аудит, ақпараттық технологиялар саласындағы консалтинг, соның ішінде автоматтандырылған жүйенің функционалдық сипаттамаларына қойылатын талаптарды қалыптастыру (бағдарламалық қамтамасыздандыру) және оны кәсіпорында енгізу, компанияның құрылуымен, қайта құрылуымен және басқару жүйесінің жұмыс істеуімен байланысты проблемалар жиынтығын шешу);
-
өнеркәсіптік дизайнды әзірлеу;
-
инженерлік ниет пен шешімді дайындау, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықты іздеу және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындау;
-
өнімдерді өндіру процестерін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару (шеф-монтаждау, қосу–түзету жұмыстары, инженерлік, конструкторлық әзірлемелер, тәжірибелік үлгілерді даярлау, жабдықтарды техникалық күту, сондай-ақ қажет болғанда өнімдерді сертификаттауды қоса өнеркәсіптік сынақтар жүргізу) бойынша қызметтер/жұмыстарды тарту арқылы жүзеге асырылады.
32. Технологиялық процестерді жетілдіру шеңберінде өтінім берілген күнге дейін 6 (алты) айдан бұрын емес жүргізілген, бірақ 30 миллион теңгеден аспайтын кәсіпорын шеккен шығындардың 40 (қырық) пайызы мөлшерінде өтеу көзделеді.
Ұлттық институт өтеуіне қабылданатын өтініш беруші шығындарының сомасы өтінім берген күнге дейін 6 (алты) айдан бұрын емес қол қойылған қызметтер көрсету түпкілікті актінің негізінде анықталады.
33. Өтініш беруші осы Қағидаларға сәйкес технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалатын шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды алу үшін мынадай өлшемге сәйкес болуы тиіс: Тізбеде көрсетілген экономиканың басым секторларындағы қызметті жүзеге асыруы кемінде 1 (бір) жыл.
34. Технологиялық процестерді жетілдіруді жүргізу үшін өтініш беруші орындаушыны тартады:
1) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін сәйкес лицензиялар, рұқсаттары бар немесе қызметті кемінде 2 (екі) жылдан уақыт бойы жүзеге асырған (егер осы құжаттар 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті болған жағдайда);
2) қызмет көрсету саласында кемінде 2 (екі) жұмысы бар;
3) қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі бар және көрсетілген қызметтер саласында 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар штаттық және штаттан тыс мамандары бар.
Өтініш беруші энергиялық аудит жүргізу үшін тартқан орындаушыда Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы «Энергия сақтау және энергиялық тиімділікті арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес энергия сақтау және энергиялық тиімділік саласында аккредиттеу туралы куәлігі бар.
35. Технологиялық процестерді жетілдіруге кететін шығындардың орнын толтыру құралы шеңберіндегі шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) индустриялық–инновациялық қызметтің субъекті жарғысының көшірмесі;
2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
3) өтініш беруші мен технологиялық процестерді жетілдіру бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;
4) жалпы сомаға технологиялық процестерді жетілдіру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;
5) технологиялық процестерді жетілдіру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;
6) технологиялық процестерді жетілдіру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмелері;
7) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін сәйкес лицензиялар, рұқсаттардың болуы, егер осы құжаттар 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті болған жағдайда;
8) көрсетілетін қызмет саласында жұмыстарды орындаушыда қызметтерді көрсету кезінде тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың болуын растайтын, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, мәліметтер;
9) бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған еркін нысанда жазылған өтініш беруші бланкісінде рәсімделген қызметтерді орындаушының көрсетуі нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі (бірінші басшының орнын ауыстырушы тұлға қол қойған жағдайда сенімхатты қоса тіркеу керек);
10) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін лицензияның, рұқсаттың көшірмелері (2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бұл құжаттар міндетті болған жағдайда);
11) ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша және/немесе ұсыныстар мен пікірлер және/немесе 2 (екіден) кем емес актілер көшірмелері;
12) осы Қағидалардың 34-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері.
Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттарды ұсынады.
36. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
37. Құралдарды алуға өтінім материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) қолмен және мөр таңбасымен (бар болған жағдайда) куәландырылады.
4-параграф. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кететін шығындардың орнын толтыру
38. Осы Қағидалар шеңберінде өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды өтініш берушіге ұлттық институт ұсынады.
39. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған құжаттарды әзірлеу және/немесе прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу (ұйымның экономикалық тиімділігін арттыратын технологиялар, соның ішінде басқарудың автоматтандырылған жүйелері (бағдарламалық қамтамасыз ету), энергияға тиімді және жасыл технологиялар, жобаларды басқару стандарттары, Ұқыпты өндіріс элементтері (Кайдзен, TPM, Six Sigma, 5 S, Канбан және т.б.), тауарлар, қызметтер, жұмыстар және менеджент жүйелерін сертификациялау бойынша стандарттар) жолдарымен жүзеге асырылады.
40. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру шеңберінде 40 (қырық) пайыз, бірақ 20 (жиырма) миллион теңгеден аспайтын көлемде өтінім беру күніне дейінгі 12 (он екі) айдан бұрын емес кәсіпорын кетірген шығындарды өтеу қарастырылады.
Ұлттық институт тарапынан өтеуге қабылданатын өтініш берушінің шығындарының сомасы өтінім беру күніне дейінгі 12 (он екі) айдан бұрын емес қол қойылған қызметтер көрсетудің түпкілікті актісі негізінде анықталады.
41. Қарауға индустриялық–инновациялық қызметтің субъектілерінің өтінімдері рұқсат етіледі: Тізбеде көрсетілген экономиканың басым секторларындағы қызметті кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыруы.
42. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін өтініш беруші орындаушыны мынадай критерийлері бойынша тартады:
1) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар тарапынан берілетін сәйкес лицензиясы бар немесе қызметті көрсету тәжірибесі кемінде 2 (екі ) жыл (егер осы құжаттар 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті болса);
2) қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және штаттан тыс мамандары бар;
3) көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 2 (екі) жұмысы бар.
43. Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кететін шығындардың орнын толтыру құралы шеңберіндегі шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) индустриялық–инновациялық қызметтің субъекті жарғысының көшірмесі;
2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері;
3) өтініш беруші мен өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;
4) жалпы сомаға ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;
5) ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;
6) өндірістің ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмелері;
7) бірінші басшы немесе оның орнына отырған тұлғаның қолы қойылған еркін нысанда жазылған өтініш беруші бланкісінде рәсімделген қызметтерді орындаушының көрсетуі нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі (бірінші басшыны ауыстырып отырған тұлға қол қойған кезде сенімхатты қоса тіркеу керек);
8) ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша қызмет көрсетулер кезінде тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың барын растайтын, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, ақпарат;
9) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын орындаушының заңды тұлғасын (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшірмелері немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін лицензияның, рұқсаттың көшірмелері (2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл құжаттар міндетті болған жағдайда);
10) ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша және/немесе ұсыныстар мен пікірлер және/немесе 2 (екіден) кем емес актілер көшірмелері;
11) осы Қағидалардың 42-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және штаттан тыс мамандардың біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері.
Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттарды ұсынады.
44. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
45. Құралдарды алуға өтінім материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері өтініш берушінің бірінші басшымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) қолмен және мөр таңбасымен (бар болған жағдайда) куәландырылады.
3. Шығындарды өтеу үшін берілетін құжаттарды қарау
46. Осы Қағидалар шеңберінде «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау», «Кәсіпорын құзыретін арттыру», «Технологиялық үдерістерді жетілдіру» және «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құралдарын алу үшін өтініш беруші қаржылай қолдамайтын оператор немесе тікелей ұлттық институт арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, өтінім берілген құралдарға сәйкес талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, құралды алуға өтінім (әрі қарай – өтінім) береді.
47. Ұлттық институт өтініш берушінің өтінімін қаржылай қолдамайтын оператордан алған жағдайда өтінім мен қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінім мен оған қоса берілген құжаттарға осы Қағидаларда белгіленген талаптарына сәйкестігі тұрғысында тексеру жүргізеді және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
48. Қаржылай қолдамайтын оператор арқылы құралдарды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына сәйкес айқындалады.
49. Өтінім ұлттық институтқа тікелей берілген жағдайда, соңғысы, өтінім мен қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын қарастырады, өтінім мен оған қоса берілген құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
50. Өтініш беруші өтінімнің және/немесе қажетті қосымшалардың сәйкес келмейтіні туралы хабарламаны алғаннан кейін сәйкессіздіктерді жояды және ұлттық институттың хабарламасы бойынша оларға қатысты сәйкессіздіктер анықталған өтінім мен қоса берілген құжаттарды ұлттық институтқа қайта енгізеді.
51. Ұлттық институт, өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар толық болған жағдайда, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
52. Ұлттық институт 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
шешім қабылданған күннен бастап шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы өтініш берушіге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық институт тарапынан қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісімді (2 (екі) дана) қоса бере отырып, хабарлама жібереді. Қажет болған жағдайда, хабарламада шығындарды өтеуге қабылданатын соманы түсіндіру келтіріледі;
шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап өтініш берушіге сәйкес негіздемемен хабарлама жолдайды.
53. Өтініш беруші ұлттық институттан сәйкессіздік(тер) көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін оны (оларды) жояды және жетпейтін және/немесе түзетілген құжаттарды ұлттық институтқа қайта енгізеді.
54. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін 1 (бір) данасы ұлттық институтқа қайтарылады.
55. Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісім мыналарды:
1) құрал бойынша шығындарды өтеу сомасын;
2) ұлттық институттың құрал бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда құралдың іске асырылу барысы туралы ақпаратты өтініш берушіден сұрату құқығын;
3) Шығындарды өтеу туралы келісімді бұзуды және оның шарттары бұзылған жағдайда шығындарды өтеу түрінде құрал бойынша берілген ақша қаражатын қайтаруды;
4) өтініш берушінің ұлттық институтқа мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға ұлттық институттың құралды жүзеге асыруға мониторинг жасау мақсатында Шығындарды өтеу туралы келісімді жасаған күннен кейін 2 (екі) жыл және 2 (екі ) жыл ішіндегі деректерді қоса алғанда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған ұлттық институтқа және уәкілетті органға өтініш беруші туралы статистикалық деректерді әрі қарай бағыттау үшін беруін қамтиды.
56. Ұлттық институт Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен соң 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге құралды өтеу шарттары мен мөлшеріне сәйкес шығындарды өтеу арқылы құралды береді, бұл ретте өтініш берушіге ақша қаражатын аударғаны үшін ұлттық институтқа сыйақы көзделмеген. Өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісім ұлттық институтқа келіп түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісімнің жасалған күні болып есептеледі.
57. Осы Қағидаларды жүзеге асыру аясында:
1) уәкілетті орган ұлттық институттың ағымдағы шотына мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға көзделген, тиісті қаржы жылына төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшілігімен бекітілген төлемдер кестесіне сәйкес осы Қағидалар шеңберінде кейіннен өтініш берушінің шығындарының кейбір түрлерін өтеуге арналған қаражаттарды аударады;
2) ұлттық институт:
бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен үлттық институт арасында жасалған шарт негізінде еңбек өнімділігін арттыруда және аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банкте – Қазақстан Республикасының резидентінде ағымдағы есепшотты ашады;
кезеңдік негізде немесе сұрату бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы жөніндегі есепті ұсынады;
ағымдағы есепшотта мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға қажетті ақша қаражаты жетіспейтін жағдайда қаражат түскенге дейін шығындарды өтеуді тоқтата тұрады;
қажет болатын жағдайда ағымдағы есепшоттағы қаражатты пайдаланған кезде, бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлген жалпы сома шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түрлері арасында соманы қайта бөледі;
Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейлі банк ағымдағы есепшот бойынша есептейтін барлық сыйақыларды ағымдағы шоттағы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қосады;
Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда өтініш берушілерден түсетін ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етеді;
осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды, соның ішінде республикалық бюджетпен тиісті қаржылық жылға көзделген қаражат шеңберінде аумақтық кластерлердің даму бойынша шараларын ұсынуды жүзеге асырады;
шығындардың бөлігін өтеу шеңберінде өтініш беруші шығындарды шетел валютасында растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындардың бөлігін өтеуге қабылданатын соманы, өтініш берушінің көрсетілген қызмет үшін орындаушыға төлемінің аяқталған күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюта курсын ескере отырып, айқындайды.
4. Аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету тәртібі
-
Осы Қағидалар шеңберінде Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және Жол картасын әзірлеу шығындарын өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды өтініш берушіге ұлттық институт ұсынады.
-
Шығындарды өтеу шеңберінде Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және Жол картасын әзірлеу кезінде 1 (бір) аумақтық кластерге шаққанда 50 (елу) пайыз, бірақ 15 миллион теңгеден аспайтын мөлшердегі жұмсалған шығыстарды төлеу көзделеді.
-
Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және Жол картасын әзірлеу шығындары аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінің жеңімпазы болып табылатын өтініш берушіге өтеледі.
-
Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және Жол картасын әзірлеу шығындарының өтеуін алу үшін өтініш беруші ұлттық институтқа:
1) Аумақтық кластерді дамыту стратегиясының және Жол картасының көшірмелерін;
2) өтініш беруші мен қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесін;
3) орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесін;
4) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесін;
5) орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім береді.
Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттардың, шығыс деректердің, есеп берулердің, негіздемелердің толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.
Құралдарды алуға арналған өтінім материалдары бірыңғай папкаға қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжаттардың көшірмелеріне бірінші басшы немесе оның орнын ауыстыратын адам (өтініш берушінің бірінші басшысын ауыстыратын адам қол қойған жағдайда сенімхатты қоса тіркеу керек) қол қоюымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады.
-
Ұлттық институт қосымша құжаттармен бірге өтінім тіркелген күннен бастап ағымдағы 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтылығына сараптама жүргізеді.
-
Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда, ұлттық институт толықтығын тексеру күні аяқталған соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге пошта және/немесе өтініш берушінің өтінімінде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына (болған жағдайда), сәйкессіздігін көрсетіп хабарлама жолдайды.
-
Өтініш беруші сәйкессіздігі жайлы хабарламаны алғаннан кейін оларды жойып және ұлттық институтқа өтінімді және қосымша құжаттарды қайталап енгізеді.
-
Ұлттық институт өтінімге қосымша құжаттармен бірге олардың толықтығына тексеру жүргізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидаларға сәйкестігіне сараптама жүргізеді.
-
Ұлттық институт осы Қағидаларға сәйкестігіне сараптама жүргізгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі бойынша шешім қабылдайды.
-
Ұлттық институт шығындарды өтеу мүмкіндігі бойынша шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлама жолдайды.
-
Ұлттық институт өтінімнің және қосымша құжаттардың осы Қағидаларға талаптарына сәйкессіздігін анықтаумен байланысты шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, өтініш берушіге белгіленген талаптарға сәйкессіздігін көрсете отырып хабарлама жолдайды.
-
Уәкілетті органның конкурс жеңімпазы деп таныған шешімі негізінде ұлттық институт Аумақтық кластерді дамыту стратегиясын және Жол картасын әзірлеу бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге құрал бойынша шығындар бөлігін өтеу көлемінің шарттарына сәйкес төлем жүргізеді, бұл ретте ұлттық институтқа өтініш берушіге ақшалай қаражат аударғаны үшін сыйақы беру қарастырылмаған.
5. Соңғы ережелер
-
Осы Қағидалармен көзделген құралдардың тиімділігін анықтау мақсатында құрал операторлары және ұлттық институт оларды жүзеге асырудың мониторингін жүргізеді.
-
Құралдарды жүзеге асыру мониторингін өтініш берушілердің және құрал операторларының ұсынған ақпараттарына сәйкес ұлттық институт жүргізеді.
-
Мониторингке:
-
құралдарды жүзеге асырудағы мәселелерді уақытында анықтау;
-
құралдарды жүзеге асыру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау;
-
осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды алған өтініш берушілер жайлы ақпаратты жинақтау кіреді.
-
Мониторинг шеңберінде ұлттық институт тоқсан сайын келесі есептік кезеңдерден кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға ұлттық институттың осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құралдардың жүзеге асуы туралы есеп ұсынады.
-
Мониторинг жүргізу мақсатында ұлттық институт құралды жүзеге асыру туралы есептер қалыптастыру үшін өтініш берушілерден деректер сұратады.
-
«Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы шеңберінде «Индустриялық-инновациялық жобаның кешендік жоспарын өңдеу және/немесе сараптау», «Өнеркәсіптің құзыреттілігін арттыру», «Технологиялық процестерді жетілдіру» және «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құралдарын жүзеге асыру мониторингі «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасына сәйкес анықталады.
-
Құралды (дарды) жүзеге асыру мониторингі өтініш беруші жайлы уәкілетті органнан бірінші реттік статистикалық мәліметтерді алғаннан кейін мемлекеттік статистика аумағында өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде Шығындарды өтеу келісімі бекітілген күннен кейін 2 жыл ішінде жүргізіледі. Шығындарды өтеу келісімінің күні болып өтініш берушімен Шығындарды өтеу жайлы қол қойылған келісімнің ұлттық институтқа түскен күні саналады.
-
Мемлекеттік статистика аумағындағы уәкілетті органның бірінші реттік статистикалық деректері бойынша құралды (дарды) жүзеге асыру мониторингін жүргізу және/немесе алу мүмкін болмаған жағдайда, өтініш беруші ұлттық институтқа оның жазбаша сұранысымен мониторинг жүргізуге қажетті ақпараттарды ұсынады.
Еңбек өнімділігін арттыруға және
аумақтық кластерлерді дамытуға
бағытталған индустриялық-инновациялық
субъектілеріне мемлекеттік қолдау
шараларын ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |