7. Осыған сәйкес көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау сынақтары жүргізіледі:
А) Дайындаушы әзірлеген және белгіленген тәртіппен ҚР ІІМ ӘПК-мен келісілген көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынаудың бағдарлама-әдістемесіне сәйкес;
B) Жұмыс жоспарына сәйкес;
D) ҚР кәсіпкерлік қызмет туралы Заңына сәйкес;
C) ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес;
E) ҚР Құқық қорғау қызметі туралы Заңына сәйкес .
8. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынау нәтижелері бойынша қабылдау комиссиясы қандай құжаттарды жасайды:
A) Хаттама және көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау актісі жасалады;
B) Қаулы;
C) Ақпараттық хат;
D) Аналитикалық шолу;
E) Анықтама.
9. Көлік құралдарының конструкциясына өзгерістер енгізуге арналған өтінішті қандай ІІО қызметі қарайды:
A) әкімшілік полиция жүзеге асырады;
B) ІІО-ның Жедел-криминалистикалық бөлімшелері жүзеге асырады;
D) ӘҚҚ жедел бөлімшелері жүзеге асырады;
C) ІІО тергеу бөлімшелері жүзеге асырады;
E) ӘҚҚ тылдық қамтамасыз ету бөлімшелері жүзеге асырады.
10. Көлік құралының конструкцияға енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті ресімдеу үшін өтініш беруші әкімшілік полицияға қандай құжаттарды ұсынады:
A) көлік құралын иелену немесе пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растайтын құжат;
B) көлік седствосының техникалық байқау талоны;
D) сарапшы-криминалист анықтамасы;
C) көлік құралын жасаушы зауыттан Анықтама;
E) сауда-өнеркәсіп палатасының қорытындысы.
13 тақырып. Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары.
Жол белгілерін, бағдаршамдарды, қоршау және орналастыру құрылғыларын орналастыру. Ескерту белгілері, басымдық белгілері, тыйым салу белгілері, ескерту белгілері, ақпараттық-көрсету белгілері, қосымша ақпарат белгілері. Жол белгілерін қолдану ережелері. Жол таңбаларының түрлері. Жол бағдаршамдарын қолдану ережелері. Жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғыларды қолдану ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |