Мазмұны
№
|
|
БЕТ
|
1
|
Кіріспе
|
5
|
2
|
1 бөлім. Технологиялық процестің сипаттамасы және өрт қауіптілігі
|
7
|
3
| 1.1 Зауыттың жалпы сипаттамасы |
7
|
4
| 1.2. Конструктивті шешімдердің сипаттамасы |
7
|
5
|
1.3 Жанудың улы өнімдерінің адам ағзасына әсері
|
8
|
6
| 1.4Өндірістің технологиялық процесі және технологиялық схемасының сипаттамасы |
11
|
7
|
1.4. Өндіріс айналымындағы өртке қауіпті материалдар мен заттардың қасиеті
|
13
|
8
| |
13
|
9
| 1.4.2 Өрт жарылыс қауіпсіздігінде шаңдардың және ауа шаң қосындыларының көрсеткіштері |
15
|
10
| 1.4.3 Шаң әуе қосындыларының тұтануы, жануы және жарылуы |
17
|
11
| 1.5 Мақта зауытының өрт қауіпсіздігі |
21
|
12
| Болім 2. Мақта өндіретін кәсіп орындарына қойылатын өрттің алдын алу талаптары |
24
|
13
| |
24
|
14
| 2.2 Жалпы талаптар |
27
|
15
| Бөлім 3 . Құрылыс конструкциясының сараптамасы |
34
|
16
| Бөлім 4. Ғимарат ішінде өрт жарылыс және өрт қауіпсіздігі бойынша категориялардың есебі |
39
|
17
|
4.1 Апаттың болу сәтінде шаңның максимальды жиналу мүмкін көлемі
|
39
|
18
| Бөлім 5. Жерге тұйықтау және найзағай қорғанысының тексеру есебі |
40
|
19
| 5.1. Қайтадан жерге тұйықтаудың тексеру есебі |
41
|
20
| |
44
|
21
| Болім 6. Статистикалық электрден қорғау |
46
|
22
|
6.1 Статистикалық электрдің жану қабілеттілігі
|
46
|
23
|
Бөлім 7. Инженерлі-техникалық ұсынылатын іс-шаралар
|
49
|
24
| 7.1 Жарылысқа қауіпті концентрацияның жасалу себептерін талдау |
49
|
25
| Бөлім 8. Ұсынылған инженерлі-техникалық іс-шаралардың экономикалық негізі |
56
|
26
|
Қорытынды
|
60
|
27
| |
61
|
Кіріспе
Материалды- техникалық база бағдарламасының іс-жүзіне енуі, өндіріс сферасына байланысты саланың жоспарлы және біркелкі дамуымен байланысты жүзеге асырылады.
Міне, осыдан өндіріс технологиясында бірқатар көптеген маңызды өзгерістер болады, ол болса жиі өрт жарылысының қауіптілігінің жоғарлауына алып келеді.
Экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттары, мемлекетте әлеуметтік-экономикалық жылдамдатылған концепциялары дамыған. Жылдамдатудың басты факторы өндірісте ғылыми-техникалық және халық шаруашылығының барлық салаларында техникалық қайта құру негізінде қарқындалуы қажет.
Өндірістік процестің барлық этаптарында, сонымен қатар сақтап және тасымалдау кезеңінде де, өрттің жарылыс қауіпі пайда болуы мүмкін.
Кәсіпорында іс-жүзіндегі заңдылық бойынша ұйымдастыру жүйесі, техникалық, санитарлы-гигиеналық және құқықтық іс-шаралары жүзеге асырылады.
Жұмысшыларды өндірістік жарақаттан және кәсіби ауралардын қорғау бойынша шаралары нормативтік құжаттарға сәйкес қатаң регламенттелген.
Өрт сөндіргіш жүйесінің шаралары және жарылысты ескерту бағыттары өрттің пайда болу немесе мақтаны қайта өңдеу объектілерінде жарылыстың болу мүмкінділігін толықтай жоюға бағытталаған. Мақтаны қайта өңдеу кәсіпорындарында өрттен қорғау ретінде өрт дабылының автоматты жүйесі орнатылады. Әдетте, бұл шаралардың барлығы жеткіліксіз, себебі кәсіпорынның салаларында әлі де өрт пен жарылыстар болып жатыр. Ол болса, адамдардың жарақатына және үлкен материалдық шығындарға алып келеді.
Өрт және жарылыс өздерінің негізінде бақыланбайтын процеске түрлі жанғыш заттардың тотығып, олардан жылу энергиясының бөлінуіне алып келеді. Тотығу процесінің жылдамдылығы бойынша бұл екі құбылыс әртүрлі топтарға бөлінеді.
Еңбек жағдайларын қауіпсіз және апатсыз жағдайлармен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызы үлкен болады. Олардың нәтижелері нормативті-техникалық құжаттарды, тиімді жобаларды және конструтивті шешімдерді өңдеу үшін негіз болады, сонымен қатар мақтаны өңдеуге байланысты объектілерде жаралысты ескерту және жарылыстан қорғау бойынша талаптары қазіргі заманға жауап береді.
Мақтаның өрт қауіпсіздігі және оның бастапқы өңделген өнімдері өртке қауіпті құрылымы келесідей сипатталады:
-
тұтануға және жануға төменгі температура жеткілікті;
-
тұтану көздері төмен заттардан жанудың икемділігі;
-
химиялық және жылулық байланыстан өзінен өзі жануына икемділігі;
-
үлкен жылдамдылықпен жоғарғы қабатта оттың таратылуы.
Мақта-шикізатының тұтану және жануы газ пішінді фазада іс жүзіне асырылады. Жылулық әрекеттерге ие болады, молекулалар ылғалдылығын жоғалтады, осыдан кейін газ пішінді өнімдерді бөлуден ыдырау процесі басталады. Бұл өнімдер, ауаның кислородымен араласып, қызу барысында қышқылданады.
Жалынның ашық әрекеттерінің барысында талшықты материалдардың жоғарғы қабатында ылғалдылық буланады, осыдан талшықтың сыртқы қабаты ыдырап, оттың жалынымен қатынасқа түседі. Ыдырау процесінен жанғыш газдар пайда болады, олар тұтану температурасына дейін қызып, жанып кетеді. Нәтижесінде жоғары температурада газдардың жануында талшықтың жоғарғы жағы қызады және оның келесі қабаты ыдырайды. Осы үлгіде, ашық оттың әрекетінде талшықты материалдардың оның құлап ыдырау өнімдері жанады, мұнда жану процесі жоғарғы сипаттй көрсетеді. Материал ішінде құралған газ пішінді өнімдердің ыдырауы сыртқа талшықтың тесіктері және тереңдетілген массамен шығады. Жану барысында, газдың жоғарғы қабатында пайда болған талшықтың сыртқы қабатын ауадан бөледі және жаңа кислородтың келуіне кедергі жасайды. Нәтижесінде өнімнің ыдырып жануынан пайда болған оттың алауы өше бастайды. Талшықтың түпкі қабатында шіру басталады, нәтижесінде қосымша жылу пайда болып, кейіннен талшық массасының ыдырауына алып келеді. Мақта-шикізатының жоғарғы қабат бойынша жануы алаулап (диффизионды) немесе алауламай (гетерогенді) түрінде жануы мүмкін, яғни бықсу түрінде болады.
Дипломдық жобаның мақсаты Шымкент қаласындағы мақта зауытына өртке қарсы жүйесін зерттеу нысаны болып табылады. Дипломдық жобаның мақсатын орындау үшін келесі тапсырмалар алға қойылады:
-
өндіріс техналогиялық процесінің өрт қауіппін анаықтау.
-
өрт қауіпті аймақтарды анықтау, жанғыш қатармен материалдарды сақтау, тасымалдау және өндіру орындарны анықтау.
-
өрттің таралуын шектеу және өртті сәтті сөндіру бойынша техналогиялық процестің өртке қарсы қорғау жобасын әзірлеу.
1 бөлім. Технологиялық процестің сипаттамасы және өрт қауіптілігі
Достарыңызбен бөлісу: |