Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитеті Көкшетау техникалық институты


Болім 2. Мақта өндіретін кәсіп орындарына қойылатын өрттің алдын алу талаптары



бет7/13
Дата19.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#148268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Болім 2. Мақта өндіретін кәсіп орындарына қойылатын өрттің алдын алу талаптары

2.1 Өрттің алдын алу талаптары

Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі заматтардың өмірі мен денсаулығын, жеке, заңды тұлғалардың мүлкін, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан, жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың оларды қолдануы және орындауы үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтайды. 

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары атқаратын лауазымы бойынша немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық және басқа да актілер күшінде орындалатын жұмыстың сипатына қарай тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін орындайтын және белгілі жұмыс учаскелерінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды. 

Ұйымның барлық жұмысшылары тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдайда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. 
      Ұйым жұмысшыларын объектілердегі өрттердің алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысқа жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссиясы мен ерікті өртке қарсы құрамалары құрылады.

Мүлік иелері, мүлікке иелік етуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті тұлғалар, оның ішінде ұйымның басшылары мен лауазымды тұлғалары, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған жауапты лауазымды тұлғалар: 

1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызметі органдарының ұйғарымдамалары мен басқа да заң талаптарын орындауы; 

2) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруы;

3) өртке қарсы үгіт-насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі шараларын оқып-үйретуі;

4) белгіленген нормаға сәйкес өртке қарсы қызметі бөлімшелерін құруы және ұстауы;

5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауы, оларды мақсатсыз пайдалануға жол бермеуі;

6) өрт сөндіру, олардың пайда болу себептері мен шарттарын және дамуын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына және өрттердің пайда болуына кінәлі тұлғаны анықтауда өртке қарсы қызметіне көмек көрсетуі;

7) өрттерді анықтаудың және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруы;

8) өртке қарсы қызметінің өкілдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдардың аумағында өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беруі;

     9) өртке қарсы қызметі органдарына өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, оның ішінде өндірілетін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ аумақтарда болған өрттер мен олардың салдарлары туралы мәліметтер мен құжаттарды тапсыруы;

10) болған өрттер, өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының жарамсыздығы туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгерістері туралы өртке қарсы қызметіне дереу хабарлауы тиіс.

Заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушілер) тиісті техникалық құжаттарда осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өрт қауіпсіздігінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын көрсетеді. 

Барлық өндірістік, әкімшілік, қойма мен қосалқы үй-жайларда телефондардың жанында өртке қарсы қызметті шақыратын телефон номері көрсетілген кесте ілінеді. 

Әрбір ұйымда бұйрықпен (нұсқаумен) олардың өрт қауіптілігінің тиісті өртке қарсы тәртібі орнатылады, оның ішінде:

1) ашық отты пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік шаралары анықталады; 
      2) темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады; 
      3) өрт сөндіру автокөліктерінің объектіге өту тәртібі анықталады;

4) үй-жайларда бір мезгілде сақталатын шикізат пен толық және жартылай дайын өнімдердің орны мен саны анықталады; 

 5) жанармай қалдықтары мен тозаңдарды тазалау, майлы арнайы киімдердің сақталу тәртібі белгіленеді; 

  6) өрт болған жағдайда және жұмыс күнінің соңында электр жабдықтарын ток көзінен ажырату тәртібі анықталады; 

   7) уақытша отты және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізудің тәртібі белгіленеді; 

   8) жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмелерді тексеру және жабу тәртібі белгіленеді; 
      9) өрт кездегі жұмысшылардың іс-қимылдары белгіленеді; 

  10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимумы бойынша сабақтар өткізудің мерзімі мен тәртібі анықталады, сондай-ақ оны өткізуге жауаптылар тағайындалады.

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқауларға қойылатын талаптарға сәйкес әр объектіде әрбір өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бар учаскелерге (шеберханаларға, цехтарға) арналған өрт қауіпсіздігі талаптарына сай нұсқаулар әзірленеді. 

   Бір мезгілде оннан астам адам болатын ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) өрт болған жағдайда адамдарды көшіру жоспарлары (кестелері) әзірленіп, көрнекті жерге ілінеді, сондай-ақ адамдарды өрт туралы құлақтандыру жүйесі (қондырғысы) қарастырылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет