254
ə) психолог қызмет бабында зерттелінушілердің көзінше
қызметтес əріптестерінің əдіс-тəсілдері туралы ой-пікірлерін
білдіруден сақ болу шарт. Егер қызметтестерінің іс-əрекеттерінде
кемшіліктер байқалса, ол туралы тек əріптес
мамандар арасында
сөз болу дұрыс. Егер екінші бір психологтың жұмысында этикалық
нормаларды бұзушылық байқалса, оған əріптестік ескерту жасап,
құпиялылық сақталып қалуы тиіс;
б) егер этикалық норманы бұзушылық əріптестік, жолдастық,
үйлесімділік таппаса, психолог бұл мəселені əдістемелік бірлестікте,
облыстық ғылыми-əдістемелік кеңестің
этикалық комиссиясының
талқысына салуына мүмкіндігі бар;
в) грант үшін жариялауға не басқа мақсатпен дайындалған
материалдарға рецензия-пікір айтып, жазғанда, психолог автордың
құқығын жəне құпиялылықты сақтау шараларының алдын алуы тиіс;
г) тексеріс-зерттеулердің қорытындысы жарияланғаннан кейін
психолог ол қорытындылардың негіздерін басқа қызығушылық
білдірген
мамандардан жасырмауы керек, өйткені ол мамандар
жарияланған қорытындыларды қайта тексеріп зерттеуге мүдделі бо-
луы мүмкін. Психологиялық деректерді жинаған адамның авторлық
құқы сақталады.
VIII. Клиентті ізденіс зерттеул ердің мақсаты жəне
қорытындыларымен хабардар ету
а) зерттелінушінің өз ықыласымен тексерілуіне жұмыстың
мақсаты, түрлерін, əдіс-тəсілдерін түсіндіру керек. Егер тексерілетін
адам кəмелеттік жасқа жетпеген болса,
оның ата-анасы немесе
олардың орнындағы адамдардың келісімі болуы шарт;
ə) диагностика жəне ақыл-кеңес кезінде психолог пікірін жəне осы
процесте кездесетін түрлі жағдайлар туралы тексеріске қатысушы
адамға айтып, оның құқығын шектейтін немесе тексеріс-зерттеу
жұмыстарына қатысу еркіне шек келмейтіндей жағдай туғызған
жөн;
б) психолог бұл зерттеуге қатысушыларды
жұмыстың маңызды
тұстарына тəуелділік, келеңсіздік, көңіл күй құбылыстары,
кейбір жағымсыз жағдайлардың тууын, олардың кері əсері
болуы
мүмкіндіктері туралы қатаң ескертіп, адамдардың ықыласын алу аб-
зал;
в) клиенттің психологиялық тексеріс-зерттеуге келісімін алу үшін
психолог онымен қарапайым түсінікті тілде сөйлесуі керек, оған
255
түсінікті терминдер қолдану керек. Жұмыстың қорытындыларын да
клиентке түсінікті түрде жеткізу керек;
г) қорытындыларды жариялағанда клиентке алда-жалда осын-
дай деп кейіп айтпаған жөн. Ақыл-кеңес қайткенде дұрыс бо-
лады дегендей түрде орындалуы қиындықтар туғызбайтындай
қарапайым болуы тиіс;
д) тексеріс кезінде психолог
клиенттің ерекшеліктерін, қабілет
мүмкіншіліктерін анықтайды. Оның кемшіліктері «көзге бадырай-
тып» көрсетілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: