Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


Психодиагностиканы құпия сақтау принципі



Pdf көрінісі
бет106/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   129
Психодиагностиканы құпия сақтау принципі. Бұл принцип
негізінен, ержеткен шақтағы адамдарға керек. Егер жеткіншек 
жастағы бала туралы сөз болса, мысалы, мектептің жоғары сынып 
оқушылары туралы моральды жəне заңдық жауапкершілікті та-
ситын бала үшін жауап беретін олардың психодиагностикасының 
нəтижесін айту үшін оған ата-ана немесе туысқандарының міндетті 
түрде келісімі қажет. Құпияны ашу тек эксперименталды зерттеу 
бөлігі сияқты ғылыми мақсатта психодиагностикада өткізіледі, бірақ 
бұл жағдайда дұрысы, публикацияда зерттелінушінің нақты есімін 
жəне фамилиясын көрсету ұсынылмайды.
Психодиагностика əдістемелерінің ғылыми негізгі принципі та-
лап етіледі, яғни тестке, əдістемеге толығымен сенуге болатындай 
нəтиже беретін валидті жəне сенімді болғаны жөн.
Зиян келтірмеу принципінде психодиагностика нəтижесін 
басқа адамға залал ретінде қолдануға болмайды. Егер психодиаг-
ностика конкурстық сұрыптау немесе адамды жұмысқа қабылдау 
мақсатында өткізілсе, онда негізгі принцип зерттелінуші үшін 
психодиагностиканың ашылуы принципімен бірге қолданылады, 
яғни онда қалай тестілеу болады, оның зерттеу нəтижесі қандай, 
оның өмірін шешу үшін қандай бейнеде қолдануы мүмкін деген 
сияқты информациялар талап етіледі.
Психодиагностикамен айналысушы психологқа келесідей талап-
тар керек: жақсы теориялық дайындық, психодиагностикалық мето-


257
дика туралы түгел білім жəне олардың дұрыс қолданылуы, сəйкес 
əдістемені практикалық қолдануды толық нəтиженің бар болуы.
Əрбір психодиагностикалық əдістеме белгіленген объекттің диа-
гностикасы үшін кейбір психологиялық теория негізінде көрінеді 
жəне дамиды. Интеллект тесті, мысалы, оның табиғаты, құрылымы, 
мағынасы жəне өмірде көрінуі туралы ғылыми көрініспен жабыла-
ды. Жеке тұлға тесттері анықталған жеке тұлға теориясына кіреді, 
яғни өзіне ғылыми анықтама қосатын, құрылымды түсінуді, дамуды 
жəне белгілерін айта отырып, адамның негізгі жеке тұлғалылығы 
туралы объективті талқылауға болады. Əрбір психодиагностикалық 
əдістеме байытылған жəне өзіне байланысты теориямен шектел-
ген. Сəйкес теорияны білсек, зерттейтін объект туралы негізгі тео-
риямен қорытынды шығаруға болады. Мысалы, егер жеке тұлға 
теориясының кейбіреулеріне келіссек, оның сипатының бірі басқамен 
тығыз байланысты, онда осы сипаттың біріне психодиагностиканы 
жүзеге асырсақ, басқаның даму деңгейі туралы анық төрелеуге бо-
лады. Түбірінде психодиагностикалық əдістемелер жатқан теория 
(жоғарыдағы), оның нəтижесінің интерпретациясы сирек шектеледі. 
Мысалы, мынадай Тематикалық Апперцептивті Тест (ТАТ) сияқты 
жеке тұлғаны зерттеу əдісі. Фрейдтің психоанализіне сүйенген негізгі 
теорияда ғылыми негіз шығару жəне жеке тесттерінің нəтижесін ин-
терпретациялау.
Кез келген психодиагностикалық əдісті дұрыс қолдану үшін, 
ол сүйенетін теория білімі міндетті түрде болуы керек. Мұнсыз 
психодиагностика интерпретациялауда, анализде жəне адамды 
зерттеу нəтижесін шығарғанда өте күрделі қате жіберіп алуы 
мүмкін.
Əдістемені түгел меңгеру үшін (икемділік жəне дағдылар) 
зерттелінушіге қатысты процедурада əдістемені ұсынсақ, онда негізгі 
интерпретацияда жəне анализде іскерлік пен дағдыны қалайды. 
Зерттеуші тестті өте жақсы меңгермесе, өз-өзіне тест мəліметін, 
ең болмаса, бір рет тексертпесе психологиялық тесттің біреуін де 
қолдануға болмайды. Анық нəтиже алу үшін психодиагностикалық 
əдістемелерді дұрыс қолдану өте тиімді. Тест қандай күшті болса 
да, оны қолдану кезінде міндетті түрде ситуацияны, зерттелінушінің 
индивидуалды ерекшеліктерін, олардың көңіл күйінің бар болуын 
жəне көптеген басқа психодиагностикалық факторларды оқу қажет.
Психодиагностикамен кəсіби маман ретінде шұғылдану үшін 
міндетті түрде келесі моральды-этикалық нормалар сақталуы керек:


258
1. Ерекше жағдай соттық немесе медициналық практикада 
айтылған заңмен шығару, яғни психологиялық зерттеулерде адамды 
еріксіз зерттеуге итермелеуге болмайды.
2. Психологиялық тестті жүргізу алдында адамға зерттеу процесі 
кезінде өзі туралы информацияларды, яғни өз ойларын жəне 
сезімдерін еріксіз беруі мүмкін екенін ескерту керек.
3. Кез келген адам, егер бұл заңда айтылмаса, өз тесттеу нəтижесін 
білуге, сонымен қатар қайда, қалай жүргізілуі жөнінде толық білуге 
құқы бар.
4. Психологиялық тесттеудің нəтижесін кім зерттеуді дұрыс 
түсіну формасында жүргізсе, зерттелінушіге ұсынады.
5. Тестілеуде жеткіншектік жасқа дейінгі балалардың тестілеу 
нəтижесін ата-анасы немесе туысқандарының білуіне хұқы бар.
6. Егер тестілеу адамның психологиялық даму деңгейін анықтау 
мақсатымен, яғни конкурстық сұрыптау немесе жұмысқа қабылдау 
барысында өткізілсе, онда зерттелінушінің тек тестілеу мақсатын 
ғана емес, сонымен бірге, қандай негізде тестілеу қорытындысын 
шығаруға болатынын білуге құқы бар.
7. Психологиялық тестті практикада қолдануда негізгі 
жауапкершілік ұйымдарда оны қолданушылар мен психологтарға 
жүктеледі.
Біздің елімізде мемлекеттік таратуға заңдық көркемдеумен шек-
телген жəне психологиялық тестті қолдану. Олар келесідегідей 
міндетті түрдегі нормаларды өзіне қосады:
1. Кəсіби сұрыптау жəне экспертизалар үшін қолдануда, 
психологиялық тесттердің көп бөлігін көптеген мəлімет құралы 
ретінде ашық жариялауға тиым салынады, яғни практикада тестті 
қолдану барысында ешқандай бұрмалаушылық болмас үшін тиым 
салынады.
2. Психологиялық тесттермен айналысушылар жəне психоло-
гиялық тесттерді қолданушы психологтар жоғарғы психологиялық 
білімі немесе ғылыми дəрежесінің болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет