Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


4. Қарым-қатынас тəсілдері мен құралдарының қолда-



Pdf көрінісі
бет75/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   129
207
4. Қарым-қатынас тəсілдері мен құралдарының қолда-
нылуын зерттеу. Қарым-қатынас тəсілдерінің бастысы – комму-
никативті біліктілік. Сонымен қатар, коммуникативтік біліктілік 
құрамына қарым-қатынас құралдарын тиімді қолдану да кіреді. 
Сондықтан осы екі мəселені біріктіру арқылы баланың ком-
муникативтік біліктілігін зерттейміз. Осы мақсатпен «Ертегі айта-
мын...» жəне «Тымпи-тымпи» ойындары ұйымдастырылды. Бұл 
диагностикалық мəні бар ойындар негізінде балалардың мынадай 
коммуникативтік біліктері бағаланды.
1) Балалардың қарым-қатынас кезінде басқаларды қызық-
тыратындай мəлімет беріп, оларды қолдай алуы.
2) Балалардың қызығушылықпен тыңдай алуы жəне танымдық 
сипатта сұрақ беруі.
3) Балалардың өз білгендерін қызықтыра, бар ниетпен басқалармен 
бөлісуге даярлығы жəне өз мəліметтеріне қызықтыра білуі.
4) Балалардың басқалардың əрекетін қолдап, қоштайтындай вер-
балды жəне вербалды емес біліктерінің болуы.
5) Балалардың елгезектік таныта алуы.
6) Балалардың эмоционалдық жай-күйін байқап, көріп, бөлісе 
білуі
7) Басқа балаларды қайраттандырып, жігерлендіріп, қолдай алуы 
жəне қарым-қатынасқа еліте алуы.
8) Балалардың мəліметтерді толық жеткізе білуі.
9) Балалардың мəліметтерді бөлшектеп жеткізе алуы.
Əрбір біліктілік 5 балдық жүйемен бағаланады. Мұнда 5-өте 
жоғары, 4-жоғары, 3-орташа, 2-орташадан төмен, 1-төмен, 0-мүлде 
қалыптаспаған балалардың коммуникативтілік біліктерін сипаттайды.
5.2 Мектеп жасындағы балалардың психодиагностикасы
1. Кіші жəне орта мектеп жасындағы балалардың психодиаг-
ностикалық ерекшеліктері. Оқушылардың танымдық процестерін 
дамытуда жүргізілетін жұмыстары арқылы зейіннің қасиеттерінде, 
ес пен қабылдауды, сөйлеу мен ойлауда жəне т.б. процестерде үлкен 
орын алуы тиіс. Оқытушыларға бастауыш класс оқушыларының 
білімнің тиімділігін, олардың даму деңгейі мен зейіннің жоғары 
дамығанына, əсіресе, ырықты зейіннің жоғары болуы маңызды 
орын алады. Балалардың санасын бақылау үшін, оқу əрекетіндегі 


208
зейінін анықтау объектісіне туралау, есте сақтау, ойлау мен сөйлеуде 
алдарына мақсат қойылады. Зейіннің – барлық психикалық таным 
процестерімен байланысты жəне соның көмегімен анықталады. 
Көбінесе өте тығыз байланыс – ырықты зейін мен ес процесінің 
арасында оқуға дайындығын қалыптастырудың алғашқы кезеңінде 
көрінеді. Оқытушы бала алдында - тек зейінін дамыту туралы ғана 
емес, сонымен қатар, оқыту материалдарын есте сақтау қажет деген 
мақсат қояды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында балаларда ырықты 
зейін басымырақ қалыптасады жəне сөздік қоры дами бастайды, бұл 
құбылыстар əдістердің жиынтығы мен нақты қимылдары арқылы 
іске асады. Ол мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ырықты 
зейіні мен ырықты ес процесінің əрі қарай дамуына көмектеседі, 
оған себеп əрекеттер – ойындар болады. Ойын кезінде балалар көп 
нəрсені есінде қалдырады жəне бір нəрсені көздеуі нақты болады.
Балаларды мектептегі оқуға дайындауда, сөйлеу процесінің да-
муы, балалардың мектептегі оқу жағдайын жақсартатын бірден-
бір əсер болып табылады, өйткені сөз - ол мұғаліммен сөйлесу, сол 
арқылы білімді игеру жəне психикалық процестердің дамы мен 
жетілуі болып табылады. Л. С. Выготский, ерікті мінез-құлықты 
əлеуметті дей отырып, ол бала еркінің дамуын, қоршаған орта-
мен байланысты деп есептеген. Негізінен, бұл жағдайды баланың 
үлкендермен əңгімелескенінен байқаған. Л. С. Выготский мен Л. 
С. Рубинштейіннің айтуынша, ерікті актінің пайда болуы, мектеп-
ке дейінгі балалардың ерікті мінез-құлқының дамуынан туындайды. 
Д. Б. Элькониннің айтуы бойынша, этикалық сатының пайда болуы, 
ересектер мен балалардың арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне 
байланысты. Оның айтуы бойынша, мектепке дейінгі жастағы ба-
лаларда, ерте жастағы балаларға қарағанда қарым-қатынастың жаңа 
типі пайда болады.
А. Н. Леонтьев өзінің көптеген зерттеулерінің нəтижесінде, 
əріптестерімен бірге жүргізілген жұмыстарында ерекше жағдайды 
көрсетті. Ол мектепке дейінгі жастағы балаларда алғаш өз 
еркіне бағындыратын мотивтер жүйесі туындайды жəне балаға 
тəн ерекшеліктер көрінеді, сондықтан да оны «алғаш рет жеке 
адем ерекшеліктері көрінетін кезең» деп атады. Өзін-өзі бақыла 
системасының мотивтері баланың мінез-құлқын реттеп отыра-
ды жəне барлық жағынан даму деңгейін анықтайды. Мұндай 
көрсеткіштер психологиялық зерттеулер нəтижесінде көрсетілген. 
Сонымен қатар, А. В. Брушлинский оның ойлау қабілетінің 


209
мүмкіндігі нақты шешілгеніне дейінгі мəселелерді шешу тəсілін 
көрсетеді. Бұл мəселенің зерттеу кездерінде В. Вундт, О. Зельц, Э. 
Клапаред тұрды жəне негізін қалауға Дж. Брунер, У. Найссер, Б. Ф. 
Ломов, Н. Н. Подьякова, Е. Н. Брушлинский, Д. Б. Богоявленская, С. 
Я. Чернявский, Л. Л. Гурова жəне т.б. жұмыстарында да көрсетілген. 
Сонымен қатар, психологиялық зерттеулерде жеткіліксіз танылым, 
таң қалуға дейінгі бейнелердің диалектикалығы жəне диалектикалық 
ойлаудың құрылымы мен қатынасы туралы сұрақ тудырады.
Əр түрлі еркін назарды қажет ететін мысалдар мен операция-
лар жиынтығының күрделілігіне жəне оларды шешуге байланы-
сты деп ойлауға болады. Біз еркін назарды қажет ететін кəдімгі 
мысалдардың бірін шешу кезінде, осындай операциялық сарап-
тама жасап жəне оның нəтижесін тексергенде, көрсетіліп берілген 
материал мен белгілі бір үлгіні салыстыру нұсқасы зерттелді. Бұл 
зерттеу мектепте табысты оқудағы психологиялық алғышарттардың 
бірі. Өйткені оның жоқ болуы, сөз, əріп, жəне сандарда жіберуі 
мен оларды дұрыс айта алмауынан көрінеді. Зерттеу мынандай 
үлгіде құрылады: 1. Еркін назар жетіспейтін балалар іріктелінеді; 
2. Оның операцияны іске асыруына қажетті нəрселер жинала-
ды; 3. Тестте дайындалады. Баланың назарын тексеріп, зерттеген-
де, іріктеу мен нəтижелерді қайта тестілеу үшін классикалық Бур-
дон тестісінің балаларға арналған түрі қолданылады. Бұл үлгі еркін 
түрде балаларға жақсы таныс жəне қарапайым пішіндер, мысалы, 
жұлдызша, квадрат, шеңбер, үшбұрыш, жарты шеңбер, жалауша 
орналасқан парақтан тұрады. Зерттеуші белгілі бір фигураның астын 
сызу ұсынады. Тапсырманы орындау уақыты шектелуі мүмкін. 
Балалардың назар аудару деңгейін, жіберілген қателерге қарап 
бағалайды. Мұндай тапсырманы орындау, балалардан төмендегідей 
нəрселерді талап етеді:
Сызылуға тиісті бір жəне бірнеше фигураларды есте сақтау. 
Парақтағы əрбір фигураны берілген заттармен салыстыру. Осы жол-
мен беттегі барлық жол қаралып шығуы тиіс. Берілген фигураның 
іштей сақталуы тиіс екендігін, ал салыстырудың ойша елестетілген 
фигура бейнесі арқылы жүзеге асатынын атап айтсақ, сызылуы 
тиіс фигуралар тексерілмеген жағдайда туындауы мүмкін, себебі 
жалпылама қарау немесе əрбір фигураны сараптаудың орнына, 
жəй ғана көз жүгіртіп шығу. Бұл анықтама көбіне мектепке дейінгі 
балалардың қателіктеріне лайықты. Олардың қабылдауында көпке 
дейін бөлшектерді анықтап қарамай, ойша белгілерді қамтуы ба-


210
сым болады. Мұндай жалпы қамту, заттарды тануын қамтамасыз 
етеді, яғни қабылдаудың негігі міндеттерін атқарады. Алайда 
ол назарға арналған міндетті атқаруға мүмкіндік бермейді. Осы 
тұжырымдарды тексеру үшін біз балалардың бойында екі көріністі 
бөлшектеп салыстыру істерін қалыптастырамыз. Мұның Бурдон 
мəтінінен айырмашылығы, онда балалар ештеңені сақтауды ке-
рек етпейді. Олар тек қана екі қатар қарапайым көрініс пен зат-
тарды бөлшегімен салыстыру істерін қалыптастыруды керек етеді. 
Тəжірибе жүргізгенде іріктеу тестісінің құрамында үш тапсырма 
болады. Олар бір-бірінен күрделігінің əртүрлілігімен ерекшеленеді. 
Бірінші топтарда балаларға барлық дөңгелектерді бояп шығу, яғни 
бір фигураға назар аудару ұсынылады. Мұны орындау үшін: 1) бір 
фигураны есте сақтау; 2) бір істі (баяу) есте сақтау; 3) парақтағы 
барлық дөңгелектерді көріп алуы керек. Екінші топтарда балалар 
барлық жалаушалар мен үшбұрыштарды (үйшіктерді) бояуы қажет, 
яғни назар кеңістігінде екі фигураны есте сақтауы керек. Бұл тапсыр-
маны орындау үшін мыналар қажет: 1) бір фигураны есте сақтау; 2) 
екінші фигураны есте сақтау; 3) бір істі (баяу) есте сақтау. Өз істерін 
осы екі тəсілдің бірі арқылы ұйымдастыру, алдымен, бүкіл парақты 
сосын, бірдей фигураның барлығын тексеріп шағу керек. Содан кейін 
екінші фигураға жəне əр тексергенде екі рет тексеру қажет. Бірінші 
жағдайда шын мəнінде бірінші тапсырманы бояу қажеттілігін, 
бірінші жұмыстың соңына дейін есте сақтау қажет болады. Екінші 
тəсілде жолдағы əрбір фигураны тексеру процесі күрделенеді. 
Енді оны бір талап үлгімен емес, екіншісімен де салыстыру қажет. 
Байқап отырғанымыздай тапсырма кəдімгідей күрделенуде. Үшінші 
тапсырмада балалар баяғыша екі фигурамен жұмыс істеуі керек. 
Бірақ біріншісі бояу, ал екіншісі қоршау. Тапсырма тағы бір істі 
есте сақтау қажеттілігімен күрделенеді. Мысалы, балалар, 1) фи-
гураны; 2) оны ерекшелендіру ісін (бояу); 3) екінші фигураны; 4) 
оны ерекшелендірудің жаңа жолын (қоршау) есте сақтау керек. Бұл 
тапсырманы орындауда жоғарыда сипатталған екі тəсілдің бірімен 
іске асырылады. Екінші жəне үшінші тапсырмалардың бірінші 
тапсырмалардан айырмашылығы, олардың құрамын есте сақтауға 
арналған қосымша элементтері болады, яғни істің ұйымдастырылуы 
күрделірек болып келеді. Балаларға тапсырманың əрқайсысы он 
фигурадан төрт жолға салынған парақтар ұсынылады, барлық 
фигураның саны қырық болуы қажет. Тəжірибелер əр баламен ойын 
түрінде өткізіледі. Ойын жүргізуші балаларға карточка əкелеіп 


211
беріп, тапсырмаларды орындауларын өтінеді. Өйткені фигуралар, 
оның айтуынша, əдемі емес, əр түрлі емес, ол қанық түсті жəне 
əдемі болғанын қалайды. Баладан фломастермен бояғанды жақсы 
көресің бе немесе кейіпкерге көмектесуге дайынсың ба? – деп сұрап, 
əрқашан да жауап алынуы керек. Бұдан кейін нақты бағдар беріліп, 
баладан оны жəне өзі ерекшелейтін фигураларды көрсетуін сұрайды. 
Жұмыс уақыты шектелмейді. Экспериментті қалыптастыруда, 
балаларға бірдей бейнелер түсірілген екі зат ұсынылады (мысалы, 
кəстрөл мен оның қақпағы). Осы берілген бейнелер бірнеше жеке-
леген қарапайым заттар суретінен тұрады (мысалы, күн мен балық; 
жапырақ пен қол шатыр жəне т.б). Бұл бейнелердің барлығы тесте 
қолданылған заттардан ерекшелеу болуы керек. Таңдалған жұптар, 
бейнедегі суреттердің санына байланысты ерекшеленеді. Олар екі 
немесе бес аралығында ауытқып тұрады. 1) кəстрөл мен қақпағы; 2) 
аяқ киім жұбы; 3) кесе мен тəрелке; 4) көйлек пен шалбар; 5) кілті 
мен сандықша. Бұл заттардың барлығы қатты қағаздан қиылады. 
Бейнелерлің саны, заттардың түріне аса қатты байланысты болмай-
ды. Осылайша кесе мен тəрелкеде немесе кастрөл мен қақпағының 
əрқайсысында екі-екіден сурет болуы керек. 
Келесі əдістемелер бастауыш класс оқушыларының танымдық 
процестерін психодиагностикалауға арналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет