20
Мəселен, Бөкей Ордасында шыққан «Мұғалім» журналында,
Н. Құл жанованың «Мектепке дейінгі тəрбие», «Ана мен бала» де-
ген кітаптарында да адамның жан-дүниесі жөнінде біршама пікірлер
қозғалған еді. 20-жылдары өлкедегі тəлім-тəрбие
ғылымының ірге
тасының қалануында орыс ғалымдары өз үлестерін қосты. Мəселен,
сол кездері Орынбордағы Қазақ ағарту институтында ұстаздық
етіп, сол оқу орнын біраз жыл басқарған,
сөйтіп жаңа типті қазақ
мұғалімдерінің қалыптасуына жəрдем еткен профессор В. Я. Стру -
минский болатын. 1923 жылы диалектикалық материализм тұр-
ғысынан баяндалған ғылыми психологияның негізгі мəселелерін
қарастырған «Психология» еңбегі болды. Сонымен қатар ол
мұғалімдерге арнап «Еңбек мектебінің қызметкерлері үшін кітап»,
«Орынбор 1-басқыш мектебі шəкірттерінің сөйлеу ерекшеліктері»
дейтін еңбегі жарық көрген болатын. Қазақстанда отызыншы жыл-
дары қызмет еткен, аты бүкіл əлемге əйгілі, Ресейдегі педагогикалық
психологияның негізін салушылардың бірі – А. П. Нечаев елу жылдан
астам психология саласында белсенді қызмет еткен əлемге
белгілі
ғалым болатын. Ғалым көп жылдар бойына адамның еске сақтау
ерекшеліктерін эксперимент жүзінде тексеріп, оны мектеп практи-
касына енгізуді көздеді, яғни психологияның қолданбалы салаларын
(жас, педагогикалық, медициналық, т.б.) дамытуға зор еңбек сіңірді.
Ол елуден астам ғылыми еңбектің, жүздеген ғылыми мақалалардың
авторы. Олардың кейбірі: «Қазіргі эксперименттік психология
жəне оның мектеп ісіне қатысы», «Кітапхана ісінің психологиялық
мəселелері», «Дене тəрбиесінің психологиясы», «Шахматшы
ойынының психологиясы», «Техникалық
өнертапқыштардың пси-
хологиясы», «Ес жəне оны тəрбиелеу» жəне т.б. Сонымен бірге
қырық жылдық еңбегінің нəтижесі ретінде «Психофизиологиялық
синдромдар жүйесі» атты ғылыми еңбегін атап көрсетуге болады.
Бұл еңбекті көрнекті психологтар Д. Н. Узнадзе мен К. Н. Корни-
лов өте жоғары бағалады. Осы еңбектің нəтижесінде
педагоги-
ка ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесі берілген болатын.
Қазақстанда психология ғылымдарының өркен жаюына ғалымның
қосқан үлесі зор болды.
Ресей психологиясы саласында қарастырылған өзекті проб-
леманың бірі даралылық болды. Орыс психологы А. Ф. Лазурскийдің
зерттеулері даралық айырмашылықтардың
теориялық негізіне
мінез жəне темпераментті адамның жалпы даралық сипаты ретінде
зерттеуді ұсынды. А. Ф. Лазурский адам өмірі мен тəжірибесіне жо-
21
спарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады.
Оның тəжірибесінде жекелеген психикалық процестер ғана емес,
психикалық функциялар жəне тұлға толығымен зерттелді.
А. Ф. Лазурский тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфоло гиялық
орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы жəне экспериментал-
ды психология» атты дəріс курсында
психикалық шындықтың екі
аймағы жайлы идеясын ұсынды, яғни, эндопсихика жəне экзопсихика.
А. Ф. Лазурскийдің пікірінше, темперамент жəне мінез эндопсихика-
ны, яғни тұлғаның тума қасиетін құрайды. Экзопсихикалық тұлғаның
қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесін білдіреді. Осы негізде оның
тұлғаны топтастыру жүйесі құрылды. С. Л. Рубинштейн даралылықты
комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер мен процестердің
өзара əрекеттесу барысында қарастыруды ұсынды. Л. С. Рубинштейн
көзқарасы Б. Г. Ананьев еңбегінде қарастырылды. Ол даралықты ашық
жəне жабық түрде қарастыруды ұсынды. «Егер тұлға – адам қасиеттері
құрылымының «шыңы» болса, ал даралық – тұлға мен іс-əрекет
субъектісінің «тұңғиығы» деп көрсетті». Б. Г. Ананьев 1968 жылы
комплексті зерттеу жолын ұсынды. Оның пікірінше, даралылық күрделі
(ол көп баспалдақты, көп деңгейлі) құрылымға ие:
Достарыңызбен бөлісу: