Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет8/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   129
І-ші деңгейдегі индивидтің ерекшеліктері:
- жыныс, жас конституциясы, нейродинамикалық қасиеттер;
- психофизиологиялық қасиеттер жəне органикалық қажеттіліктер;
- нышан жəне темперамент
ІІ-ші деңгей іс-əрекет субъектісі: 
- когнитивті сипаттар, коммуникативтік қасиеттер, еңбекке 
қабілеттілік;
- қабілеттер.
ІІ-ші деңгейдегі тұлғалық көрсеткіштер:
- статус, əлеуметтік рөл, құндылықтар құрылымы;
- жүріс-тұрыс мотивациясы;
- мінез жəне бейімділік.
А. Н. Леонтьевтің ойынша, индивид (организм) – бұл генотиптік 
пайда болу, филогенетикалық жəне онтогенетикалық дамудың өнімі, 
адамның биологиялық ұйымдасуы. А. Н. Леонтьев тұжырымы 
бойынша, тұлғаның даралық ерекшеліктері қоғамдық негізінде ту-
ындайды. В. С. Мерлиннің пікірінше, даралық – бұл материяның 
барлық деңгейлерінің иерархиялы реттескен қасиеттер жүйесі, яғни 
физикалық, биохимиялық, физиологиялық, нейродинамикалық, 
психодинамикалық тұлғалық жəне т.б. қасиеттер.


22
Қазіргі кезде Ресейде жəне шетелдерде даралықты зерттеудің 
бірнеше орталықтары бар. Пятигорск психологиялық мектебінде 
В. В. Белоустың басшылығымен даралықтың полиморфты мəселесі 
зерттеледі. Онда қазіргі кезеңде даралықтың интегралдылығы жайлы 
теориялар қарқынды дамуда. Пермь қаласындағы ғылыми орталық 
даралықты зерттеудің негізгі орны болып табылады. Орталықтың 
негізін салушы профессор В. С. Мерлин. Қазіргі кезде орталықтағы 
даралық мəселесімен айналысушы зерттеушілер Л. Я. Дорфман, Б. 
А. Вяткин, А. И. Щебетко. 
Даралықты құрылымдық зерттеуде Л. Я. Дорфман интегралды 
даралықтың ерекшеліктеріне, иерархиялы тəсіліне, көп деңгейлі ин-
теграция мен дифференциация процестерінің бірлігіне, дара жүйелер 
арасындағы көп жəне бірмəнділік байланыс икемділігіне талдау жа-
сады. Ол метадаралық жəне интрадаралық иерархиялы деңгейлері 
мен олардың арасындағы байланысты да қарастырды. Даралықты 
зерттеу ғалым В. М. Русаловтың басшылығымен қарқынды 
жүргізілді. Зерттеудің өзіндік сипаты даралық-психологиялық 
айырмашылықтың негізгі детерминанты жоғары жүйке жүйесінің 
қасиеттерін жалпы психометриялық тəсілдермен өңдеуге баса 
назар аударды. В. М. Русалов адамдардың дифференциялдық-
психофизиологиялық даралығын екі деңгейге бөліп қарастырды:
- бірінші, төменгі деңгей – организмнің биологиялық қасиеттері;
- екінші, жоғары деңгей – тұлғалық, индивидтік жəне басқа 
əлеуметтік-мəдени құрылымдар.
Ресейде психофизиологиялық қабілеттер зертханасында ғалым 
Э. А. Голубеваның басшылығымен қабілеттердің табиғи алғы-
шарттарын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Э. А. Голубева даралық 
құрылымдағы физикалық жəне тұлғалық деңгейлерді атап көрсетті. 
Л. С. Выготский, Б. Т. Ананьев, В. Крутецкий, Н. С. Лейтес, В. 
М. Теплов жəне т.б. психологиялық тұжырымдарында қабілеттің 
құрылымдық компоненттері мəселелері қарастырылды. Ал, 
дарындылық мəселелері шетел ғалымдары Ф. Гальтон, Э. Мейман, 
Э. Торндайк, В. Штерн жəне т.б. зерттеулерінде қарастырылды. 
Қабілеттілік жəне дарындылық мəселесін кеңес психология-
сында 40-50 жылдары Б. М. Теплов ерекше зерттеді. Ол қандай 
да бір күрделі іс-əрекеттің орындалуы үшін, тек қана қабілеттілік 
емес, оның мүмкіндігі қажет екенін дəлелдеген. Іс-əрекеттің та-
бысты орындалу мүмкіндігіне тəуелді болатын қабілеттіліктің са-
палы байланысын, ғалым дарындылық деп атады. Б. М. Теплов 


23
«дарындылық» мəселесін зерттей отырып, табиғи нышан болмысы-
на ерекше көңіл аударды. 
Л. А. Рудик «дарындылық» қабілеттіліктің дамуына алғышарт бо-
лып табылатын туа біткен қабілеттілік, Н. Д. Левитов аналитикалық- 
физиологиялық нышанды бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи қоры, 
Г. И. Иванов даму барысындағы қабілеттілікте байқалатын туа біткен 
ерекшеліктер мəселелерін қарастырды.
В. А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын 
зерттеу еңбектерінде былай дейді: «Егер «қабілеттілік» деп белгілі 
психикалық қасиеттерді айтатын болсақ, дарындылық деп адам 
қабілетінің өзіндік байланысын, бірлігін айта аламыз». Ол сонымен 
қатар, бұл феноменді зерттеу кезінде іс-əрекеттегі қоғамдық – та-
рихи өзгерістерді жəне олардың табыстылығын бағалауды ескеру 
керек деген. 
А. Т. Асмолов еңбектерінде дарындылық мəселелеріне жан-жақ-
ты түсінік берілген. Ғалым бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге 
баса назар аударған. А. Т. Асмоловтың ғылыми зерттеулері бұл 
мəселе төңірегінде үш жақты көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни 
гендік, əлеуметтік, «тарихи – эволюциялық қатынас». 
Отызыншы жылдардағы психологиялық зерттеулер қазақ 
ғалымдары Ш. Əлжанов, М. Əуезов, С. Балаубаев, Ə. Сыдықов, Т. 
Тəжібаев, А. Темірбеков, Қ. Жарықбаев, С. Бабаев, А. Құдиярова, Х. 
Т. Шерьязданова еңбектерімен байланысты.
ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысында психодиагностикада бақылау
сауалнама, құжаттарға талдау жасау сияқты зерттеу əдістері 
кеңінен қолданыла бастады. Бұл кезеңдерде əдістемелерді 
қолданудың сапалық мазмұнына көңіл аударылды. Вундтың 
басшылығының дүние жүзінде бірінші эксперименталдық-
психологиялық құбылыстарды байқау мүмкіндіктері де ашылды. 
ХІХ ғасырдың аяғына дейін адамның түйсігін, сезім мүшелерін 
зерттеу практикалық психодиагностиканың зерттеу нысаны болып 
келді. Қазіргі психодиагностикалық əдістер жеке адам мəселелері 
жəне оның қасиеттері мəселелерін қарастырады. Жеке адамды 
зерттеудегі теориялық ізденістер мен қолданбалы зерттеулер, атап 
айтқанда, математикалық, статистикалық өңдеулер, басқа да ғылыми 
көрсеткіштерге сүйенеді. Психодиагностика теорияларына негізделе 
жасалған математикалық статистика нəтижелері биология, экономи-
ка, медицина жəне т.б. ғылымдарда да қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет