Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет4/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Психодиагностика 
əдістерінің 
топтамасы 
қолданылу 
бағытына қарай төмендегідей топтастырылады:
1. Объективті əдістер.
2. Субъективті əдістер.
3. Жобалау əдістері.
Іс-əрекеттерді орындау тəсілдері мен нəтижелеріне қарай:
1. Жеке тұлғаны зерттеу тестері.
2. Іс-əрекетті зерттеу тестер
3. Ситуациялық тестер
4. Ақыл-ойды зерттеу тестері 
5. Қабілетті зерттеу тестері
6. Жетістікке жетуді зерттеу тестері.
7. Бағыт-бағдарды зерттеу тестері
Зерттелушінің өзі туралы берген мəліметіне негізделген 
өлшемдер:
1. Тұлғалық жəне арнайы сауалнамалар.
2. Сауалнамаларлар.
3. Өзекті жəне өткен мəселелер жөнінде сұхбат алу.
4. Биографиялық əдіс.
5. Белгілі бір жағдайларға байланысты жеке тəртібін баяндау.
Психологтың алдына қойған мақсатына сəйкес орындала-
тын психодиагностикалық міндеттерді шешуде қолданылатын 
əдістемелер объективті, субъективті жəне проективті əдістер 
жүйесінде жинақталса, оңтайлы шешімін береді. 
Бекіту сұрақтары:
1. Психологиялық диагностика ғылымының зерттеу объектісі?
2. Психодиагностика ғылымын дамытуға үлесін қосқан ғалымдар 
кімдер?
3. Психодиагностика қандай ғылым салаларында қолданылады?
4. Психодиагностиканың практикалық мазмұны қандай?
5. Психодиагностика ғылымының мақсаты, міндеттері, əдіс на ма-
лық бағытын өлшеу мазмұнының топтамасы қандай?
6. Объективті, субъективті, проективті əдістер деген не?


11
2-БӨЛІМ. ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
2.1. Психодиагностиканың қалыптасу тарихы.
2.2. Психодиагностиканың революцияға дейінгі даму тарихы.
2.3. Психологиялық зерттеулердің Ресейде жəне Қазақстанда 
дамуы.
2.1 Психодиагностиканың қалыптасу тарихы
Психодиагностиканың ғылым ретінде қалыптасуын көрнекті 
ғалым С. М. Жақыповтың зерттеулерінде қарастырылған əлемдік 
психологияның даму тарихының екі кезеңімен бөліп талдауға бо-
лады.
Бірінші кезең, басқа ғылымдар аясында психология ілімінің біздің 
дəуірімізге дейінгі IV-V ғ.ғ. - XIX ғ-дың 60-шы жылдары қалыптасуы. 
Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылды. Философиялық ілім 
тарихындағы Аристотель зерттеулері психология бағытын да (348-
322) кеңінен қамтыды. Осынау сан ғасырлық ауқымды кезеңге əр 
кезде өмір сүрген ғалымдар, атап айтқанда, Герофил, Эразистарт, 
Гиппократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, 
Лейбниц, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалардың адам жан 
дүниесінің қыры мен сыры туралы небір сындарлы пікірлерін та-
рихи дерек көздеріндегі алғашқы еңбектерге жатқызуға болады. 
Мəселен, Аристотель өзінің «Жан туралы трактатында» жан тəннің 
өмір сүруінің формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, 
секілді процестерге бөлінетіндігінін айтса, келесі грек ғұламасы Де-
мокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыра-
тын үлкен қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.
Сонымен қатар, ежелгі Грек философтары психиканы түсіндіру 
амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, 
Гераклиттің түсіндіруі бойынша барлық əлем оттан пайда болады, 
«жан» ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның 
даналылығын қамтамасыз етеді. Ал ылғалдылық жанды ауырлатып, 
оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді.
Ал француз ғалымы Рене Декарт, (1596-1650) жануар сыртқы 
ортаның əсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы енеді 
десе, ал Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы 


12
(аффект, құмарлық жəне т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста 
болатындығы жайлы терең түйін айтқан.
Шығыс əлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар 
Əбу Нəсір əл-Фараби (870-950) мен Əбу Əли ибн Сина (980-1037). 
Ж. Баласағұн, əл-Ғазали, Ибн Рашид, Ита Баджа, т.б. қостаған. 
Екінші кезең, психология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX 
ғасырдың 60-шы жылдарынан қазіргі кезеңге дейін қалыптасады. 
1870 жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейп-
циг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық 
құбылыстарды арнаулы құрал-жабдықтар мен аспаптардың 
көмегімен зерттеуге болатындығын дəлелдеп, мұның дербес 
эксперименттік (тəжірибелік) ғылым болуына жол ашты.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында атақты пси-
холог Г. Эббингауз психология тарихына қысқаша жəне нақты 
анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пəні бойынша 
психикалық құбылыстардың тарихи даму кезеңдерін қарастырды. 
Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт 
кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде – психология жан туралы 
ғылым, екінші кезеңде сана туралы ғылым, үшінші кезеңде – мінез-
құлық туралы ғылым, төртінші кезеңде – психика туралы ғылым 
болып қалыптасады. 
Осы заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың 
I ширегінен басталады, яғни алғашқы кезеңде психологиялық 
білімдер клиникалық негізде қалыптасты. Бұл кезең дəрігерлердің 
адамдар туралы эмпирикалық психологияның білім негізінде ай-
нала бастауына негізделеді. Дəрігер психиаторлар Европа клини-
каларында жеке адамға жүйелі бақылау жүргізе бастады жəне өз 
бақылауларын қорытындылап, оның жан-жақты талдауларын жа-
сады. Психодиагностиканың бақылау жүргізу құжаттары туралы 
əдісі осы кезеңдерде пайда болды. Психодиагностиканың сандық 
əдісінің құрылу бастамасын XIX ғасырдың II ширегінен санауға 
болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы Вильгельм Вундтың 
басшылығымен əлемде бірінші эксперименталдық лаборато-
рия құрылды. Онда психологиялық зерттеуді нақты ұйымдастыру 
мақсатында техникалық жабдықтар мен құралдар қолданыла ба-
стады. Бұл кезеңде физикалық жəне психикалық құбылыстар 
арасындағы сандық байланыс көрсетіліп, амалдарды құруды 
көздеген психофизиологиялық заңның ашылуына негізделді. 
Негізгі психофизиологиялық заң психологиялық құбылыстарды 


13
өлшеуге мүмкіндік туғызады жəне бұл түйсікті өлшеу үшін субъекті 
шкаланың құрылуына əкелді. Бұл заңмен сəйкес өлшеу объектісінің 
негізі адамның түйсігі болды жəне XIX ғасырдың аяғына дейін 
практикалық психодиагностика түйсікті өлшеумен шектелді. Негізгі 
психологиялық процестерге, қасиеттерге жəне адамның күйіне жа-
насатын психодиагностиканың қазіргі əдістерінің қалыптаса бастау 
кезеңін XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы деп қарастырамыз. 
Психологиялық қызмет орталықтары əртүрлі мемлекеттерде 
құрылған арнайы лабораториялар болып табылды. Оның ішінде, 
бірінші басымдылық неміс университетіне берілді. Бірақ Ресей, 
АҚШ, Англия жəне Италия мемлекеттерінде де диагностикалық 
зерттеулер кеңінен ұйымдастырыла бастады.
Осы кезеңде психологиялық құбылыстардың сандық психодиаг-
ностикасы үшін арнайы амалдар құрыла бастады. Мысалы, талдау 
факторы – алғаш рет жеке тұлғаның кескін психодиагностикасы үшін 
жəне интеллектуалды даму деңгейі үшін қолданылады. Алғаш рет 
арнайы психометриялық мекеме Англияда Гальтонның көмегімен 
құрылды. Осы психометриялық эксперимент он мыңға жуық адамға 
жасалды. Психология тарихында Гальтон жүргізген психологиялық 
əдістемелердің өңделуінде статистикалық əдісті қолдану ұсынылса, 
Пирсонның дисперсиялық талдауы, Спирменнің интеллектіні 
шынайы түрде өлшеуге бағытталған əдістемелері өміршеңдігін 
дəлелдей бастады. Ал Айзенк жəне Кэттел жеке тұлға интеллектісін 
зерттеу тестерін өңдеуде факторлы талдауды қолдана бастады. 
Француз ғалымы 1905-1907 жылдары Альфред Бине кейінірек фран-
цуз ғалымы Симон бұл тесттерді жетілдіріп, психология тарихына 
Бине-Симон тесті атауымен енгізді. XX ғасырдың 20 жылдарында 
жаңа бағыт интеллектілік жəне жеке тұлғаны тестілеу пайда болды.
Ф. Гальтон лабароториясында қолданылған тесттерді 
ауқымды түрде құрастыра бастады. Мысалы, ұзындықты көзбен 
айыруға арналған Гальтон сызғышы, дауыс биіктігін қабылдау 
шегін анықтауға арналған Гальтон ысқырығы жəне сенсорлық 
айырмашылықтар тестін адам интеллектісін бағалау құралы 
ретінде қарайтын құралдар. Мұнда ол Локк ілімдері негізінде 
идиопатия кезінде адамның жылы, суық, ауруды айыру қабілеті 
бұзылатынын дəлелдеуге ұмтылды. Сонымен қатар, бақылауда 
«интеллектуалды дарындыларда сенсорлық айыру қабілеті өте 
жоғары болуы керектігіне» көз жеткізді. Гальтон бағалау шка-
ласын, сауалнама жүргізу, тəуелсіз ассоциациялар техникасы 


14
жəне математикалық статистика əдісінде осы кезеңдерде алғаш 
рет қолданған болатын. Ол математикалық дайындығы нашар 
зерттелушілерге ақыл-ойды дамытушы тапсырмалар беру арқылы 
қызығушылығын тудыра отырып, еркін орындау мүмкіндіктерін 
берді. Сол кездері Гальтонның ассоциативті эксперименті 
белгілі бола бастады. Тəжірибиенің мазмұны мен өткізілу ба-
рысына тоқталар болсақ, ол 75 сөзден тұратын тізімді құрады. 
Зерттелуші секундомерге қарай отырып сөздерді бір қайтара 
оқып шығып, оны жасыру арқылы сол сөздің мағынасына 
келетін ассоциациялық сөздерді тізеді. Бұл зерттелушілердің 
сөйлеу ассоциациясын шынайы түрде құруға мүмкіндік береді. 
Кейіннен бұл əдісті неміс психиатры Эббингауз эксперимен-
талды психологияда есті тəжірибелік түрде зерттеу еңбегінде 
қолданған болатын. Психодиагнгостика тарихындағы мұндай 
эксперименталды жəне математикалық əдістер дифференциал-
ды психологияның пайда болуына өзіндік себебін тигізді. Осы 
əдістер топ құрамындағы адамдардың жеке айырмашылықтарын 
айқын көруге мүмкіндік берді. Эббингауз өзінің есте сақтау ту-
ралы еңбектерінде оқылған материалдың толық сақталуын, 
есіне түсуін қамтитын, математикалық заңдылықтарды анықтау 
тəжірибелерін жинақтады. Ол адамдардың ассоциациясын 
туғызбайтын тітіркендіру қасиетін ескерді. Эббингауз психоло-
гия ғылымының тарихында алғаш рет тəжірибе жүргізуде сандық 
талдау қорытындыларының өзіндік психикалық объективтік 
заңдылықтарын ашты.
Психдиагностика тарихындағы тесттің дамуына ерекше үлес 
қосқан американ психологы Джеймс Маккин Кэттелдің «ақыл-ой 
тесті» атты еңбегі болды. «Ақыл-ой тесті» термині 1890 ж. Дж. Кэт-
тел мақаласында алғаш рет қолданысқа ие болды. Онда жыл сай-
ын колледж студенттерінің интеллектуалды деңгейін анықтауға 
арналған тест түрлері берілді. Тесттер жеке түрде қолданылды жəне 
онда бұлшықет күші, қозғалыс жылдамдылығы, ауруды сезіну, көру 
жəне есту тереңдігі, салмақ айырмашылығы, əсер ету уақыты, ес 
жəне т.б. өлшемдерді анықтауға бағытталды.
ХІХ ғасырдың соңғы 10 жылдығында жасалған тесттер арасын-
да Кэттел тестін кез келген адам қолдануға мүмкіндік алды, оның 
ішінде колледж студенттері, мектеп оқушылары, ересек адамдар, 
басқа да зерттелушілер. 1893 жылы Чикагода ұйымдастырылған 
Колумбия тесттік көрмесіне қатысушылар өзінің сенсорлық, 


15
моторлық жəне жəй перцептивті процестерін өлшеу жəне салысты-
ру мүмкіндіктеріне ие болды. 
Психодиагностика тарихында Торндайктың ассоциация ұғымына 
жан-жақты сипаттама беруде жануарларға жүргізген тəжірибесі 
ерекше орын алды. Көру, қате жəне кездейсоқ жетістік формула-
сын зерттеп, ол жануарлар мен адамдар мінезінің бітістері үшін 
ерекшеліктері бірдей болады деген тұжырым жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет