30-40-шы жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ
24
ғалымдары Ш. Əлжанов, С. Балаубаев, С. Қожахметов, Ə. Сыдықов,
Т. Т. Тəжібаев, А. Темірбеков жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылып келді. Ұлы Отан соғысы жылдарынан отандық пси-
хология қолданбалы аспектіде де елеулі қарқынмен дами баста-
ды. Мəселен, 1946 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық
институтында тұңғыш рет психология кафедрасы, 1947 жылы
Қазақ Мемлекеттік Университетінде логика жəне психология
мұғалімін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. 1951-1953 жылда-
ры осы бөлімді жүзден астам түлектер бітіріп шығып, олардың
көпшілігі психология мамандығын иеленіп, еліміздің оқу орында-
рында ғылыми мекемелерде қызмет етіп келеді. Осы жылдары Рес-
публика үшін психологтар даярлауда профессор Т. Тəжібаев зор
үлесін қосты. Бұл кезеңде психология ғылымынан бірнеше дис-
стертациялар қорғалды.
Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар
мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарына М. Мұқа-
нов тың «Ақыл ой өрісі», Қ. Жарықбаевтың «Қазақстанның
психологиялық тарихы» Т. Жүкештің «Ұлттың психологияның си-
паты», Р. Ильясованың «Медициналық психология», Ə. Алдамұ-
ратовтың «Қызықты психология», Ғ. Досболовтың «Алдын ала тер-
геу психологиясы», В. Яковлевтің «Діндар адамның жан дүниесі»
ең бектері психодиагностика саласын дамытудың теориялық негізі
деп есептелді. 1988 жылдан бастап елімізде практикалық психо-
логия қызметін, оның ішінде, психодиагностика саласын дамытуда
психологтар даярлау ісі қолға алынуы маңызды шараға айналды.
Қазіргі кезде Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде,
Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Петропавл, Талдықорған,
Тараз, Семей, Шығыс Қазақстан университеттерінде психология-
дан бакалавр мен магистранттар даярлауда, орта мектептерде «пси-
холог» мамандығының штаты енгізу бағытында орасан жұмыстар
атқарылды.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары
қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің
маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл мектептерінің
əлеуметтік психологиялық мəселелері мал шаруашылығына қажетті
мамандардың сондай-ақ, жаңа типтегі лицей гимназия, колледж,
медресе шəкірттерін оқытып, тəрбиелеудің психологиялық про-
блемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психология-
сын, көптілділік пен көпөкілдіктің психологиялық астарын зерттеу,
25
нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан-алуан
психологиялық жайттар - өз шешімін күтіп тұрған өміршең про-
блемалар болып табылады. Елімізде психология пəнінің арнайы
ғылым саласы ретінде оқытыла бастауы жиырмасыншы ғасырдың
20-шы жылдарынан басталады. Қазақстанда бұл пəн осы кезеңде
педагогикалық жəне тəлім-тəрбие беретін жоғары жəне арнау-
лы орта оқу орындарында оқытылды. Ал жалпы білім беретін орта
мектептер жəне өзге типтегі оқу орындарында психология пəнінің
кең өріс алып, жан-жақты қамтылуы Ұлы Отан соғысы біткеннен
кейін 1946 жылы қараша айында қабылданған БКП(б) Орталық
комитетінің орта мектептер мен жоғары оқу орындарында логи-
ка жəне психология пəндерін міндетті түрде оқыту жайындағы
қаулысына сəйкес іске асты. Республикада 1958 жылдан бастап пси-
хологтар қоғамы, жастар мен мектеп оқушыларына кəсіби бағдар
беретін Алматы қалалалық зерттеу орталығы (1987) Талдықорғанда
«Əлеуметтік-психологиялық орталық» (1945), жұмыс істейді. 1992
жылы этностар психологиясын зерттейтін «Ұлттық тəлім-тəрбие
ассоциациясы» құрылды. Психологиялық зерттеу жұмыстары жи-
ырма педагогикалық институт пен бес университеттің кафедрасын-
да жүргізілді.
Ұлттық ғылым академиясы жанына педагогика жəне пси-
хология бөлімшесін ашу көзделді. Этнопсихология ғылыми
зерттеу орталығын ашу – ол маңызды істің бірі. Қазіргі кезде
Қазақстандағы орта дəрежелі арнаулы білім беретін колледждер
мен гимназияларда, лицейлер мен арнайы мектептерде психоло-
гия пəнін оқытуға айрықша назар аударылады. Мұндай оқу орын-
дарында психология пəнін оқып үйрену, біріншіден, өскелең
буынның дүниетанымдық көзқарастарын дамытып белгілі жүйеде
қалыптастыратын болса, екнішіден, табиғаттың иесі болып сана-
латын адамның жан дүниесінің сырын терең біліп, оған тəлім-
тəрбие берудің өзекті мəселелерін үйретеді. Олай болса, адам тек
өзін-өзі бақылап, тексеріп қана қоймай, тіршілік бейнесін ақыл-
ойы мен парасатына сүйене отырыпөз ырқына көндіре алады. Бұл
қорытынды психодиагностика саласының адамтану жайындағы
ғылымдар арасындағы жетекші ролін көрсетеді.
Психодиагностика саласында жүргізіліп жатқан əртарапты зерт-
теулер қазіргі қоғамдық дамудың, оның тыныс тіршілігінің жаңа
сипаты, демократиялық бағыт бағдары, қазақ елінің егемендігі мен
тəуелсіздігі жағдайында адам құқығы мен оның ізгілік мейірбандық,
26
имандылық секілді адамгершілік қасиеттерінің өріс алуынан туын-
дайтыны белгілі. Белгілі ғалым Қ. Жарықбаев өз еңбегінде қазақ
жерінде бұл ғылым саласының дамуы жөнінде төмендегідей баға
береді: «Міне, осындай мəселелерде дұрыс, толық шешілген қазақ
психологиясы түбінде əлемдік деңгейге көтеріліп, ұлтымыздың
мерейін өсірсе, ал екінші жағынан, əрбір адамға, қоғамға, мемле-
кетке алға қойылған ұлы мақстқа тез жетуіне зор ықпалын тигізеді»
дейді. Бұл мəселелерді шешу үшін ғылымның қай саласы болма-
с ын өзінің өткен тарихын саралап, салмақтап, таразыға салуы
керек. Өткен кезеңдерде жіберілген кемшіліктерді ескере оты-
рып, ғылым жаңалықтарын есепке ала туындаған сұрақтардың
шешімін тапса, оның қорытындысында үлкен маңыз болаты-
нын ғалым атап көрсетеді. Бұл жерде Ж. Аймауытовтың «Жан
жүйесі жəне өнер таңдау» атты еңбегінде ғылыми психологияда
кең тараған анкета, байқау əдістері арқылы сол кездегі қоғамдық
өмірдің ақиқатын ашуға мүмкіншілік беретін ұлт, əлеумет
ерекшеліктерін ескере отырып, олардың мамандық таңдау
жолындағы талпыныстарын анықтай түскендігін көрсеткен
зерттеулерін психодиагностика саласындағы жетістік ретінде атап
көрсетуге болады. Зерттеудің негізгі мақсаты – жаңа дүниенің
есігін айқара ашқан жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге
жəрдемдесу. Мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттері мен
кейбір туғаннан берілетін ерекшеліктерді (темперамент, нышан
жəне т.б.) ескеру қажеттігін, бұл жерде кісі өзін-өзі басқарып,
жеке басын жетілдіруге, кісілікке ұмтылуға ерекше мəн берудің
маңыздылығын жалықпай қайталап айтып отыр. Адам өз бойын-
да қандай талант, зеректік, қабілет, бір сөзбен айтқанда, қандай
қасиет бар екендігін білуі шарт, яғни, өзін-өзі тануы қажет. Өзін-өзі
танымаған өзгені тануға шорқақ болады дейді автор. Ж. Аймауытов
зерттеулерінің ғылымилығын арттыра түсіретін нəрсе еуропалық
психолог ғалымдар жүргізген зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл
бөліп, солармен салыстыра, сабақтастыра баяндауы. Сонымен бірге,
отандық ғылыми психологиялық терминдердің алғаш жүйеге келуі
Ж. Аймауытов есімімен тығыз байланысты. Қай кезеңде де термин
сөздерге салмақ жүктелген, өйткені жекелеген ғылымның өзіндік
ерекшелігі, сыр-сипаты болады. Ал Ж. Аймауытов еңбектерінің
негізгі мəні ұлттық үлгі термин жасау қағидасы болды.
Мəселен, оның туындыларында кездесетін ерік – воля, елігу
– влечение, еліктеу – подражание, ілілік – ассоциация, рух-дух
27
жəне т.б. көптеген психологиялық ұғымдар күні бүгінге дейін төл
оқулықтарымызда ешбір өзгеріссіз ұлттық терминология қорында
орын алып келеді.
Ж. Аймауытовтың «Психология» кітабында сурет, кесте, нұсқа
жəне т.б. иллюстрацияларға ерекше мəн берілген. Оқулықта
классикалық ғылыми психологиядан түпкілікті орын тепкен, күні
бүгінге дейін қолданыста мəнін жоймаған түрлі – прибор, аспап –
құралдардың (спимограф – тамырдың өте нəзік айырмасын табу
жəне қызметі түтікпен қозғалатын аспап; гемограф, кардиограф –
жүректің қозғалысын анықтайтын құрал; пинеймограф – қанның
көлемі мен қан сауыттарының өзгеруін білдіретін аспап жəне т.б.),
сондай-ақ көптеген нұсқа, кестелердің суреттері жүйке жүйесінің
бөліктері, ми жарты шарларының құрылысы, есту, сипай – сезу
мүшелері – көз, құлақ, тері, жүйке талшықтары жəне т.б. орын теп-
кен. Осы иилюстрациялардың қазіргі психология оқулықтарының
деңгейінде табылатындығын айрықша атап өтуге болады. Сондықтан
жан дүниенің небір терең сырлары мен қырларын зерттейтін қиын
да қызық ғылымда ана тілімізде алғаш сөз еткен авторды да, оның
тамаша төл туындыларын да қазіргі ұрпақ игілігіне айналдыру – ке-
зек күттірмейтін шұғыл істтердің бірі болғандықтан, қазіргі жоғары
оқу орындарында оқулықтары кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |