225
«Керісіншелер елі»
Мақсаты: Ойша əрекет ету қабілетін жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады.
Жетекші үш əріптен
тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. До-
пты ұстаған ойыншы əріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-
нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның
күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.
«Ормандағы ағаштар» ойыны
Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музы-
ка ойналады.
Мəтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?
Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күншығып, барлық
ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге əрбір
жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды.
Саусақ-
жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел
тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың
тамырлары
тереңге кеткен, олар жəй ғана тербеледі. Желдің
артынан
жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын
сезінді.
Алдыңғы тұрған баланың арқасын
саусақтарыңмен жауын там-
шыларындай тырсылдат. Кəдімгі майда жаңбыр жауып жауып
тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.
Жауын одан əрі күшейіп, қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне
жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғап, сипа-
лай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп,
талдар қуанды,
олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін
сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: