Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет85/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   129
Нəтижелерін қорытындылау: Жалпы балл саны мыналар 
сияқты есептеледі: «иə» жауабы төмендегі сұрақтар бойынша №2,5, 
6,7,8,10,11,13,14,16,20,21,22,23,24,25,,26,27,28,30,31,33,34,35,36,37,
39,40,41,42,43,44,45,46, 47,48,50
«жоқ» жауабы мына сұрақтарға орай №1,3,9,15,17,18,19,29,32,38,49


229
Джаннет Тейлор анықтамасына орай 34-тен астам балл адамның 
мазасыздану деңгейінің биік екенін, ал 24-тен 34-ке дейінгі балл 
орта нормаға тəн, одан аз 14-тен төменгі балл адамның адекватты 
емес паталогиялық бейтараптылығын көрсетеді.
Алынған нəтижелер негізінде мазасыздану деңгейіне қоры-
тынды жасалып, сынаққа түскен адамның қасиеті ретінде 
қаралады. Жеке адамның мазасыздануымен белгілі бір си-
туацияға тəн əбігерліктін арақатынасындағы теория мəселелері 
талқыланады. Сондай-ақ, жоғарғы деңгейдегі мазасызданудың 
жұмыс кезінде оқуға тигізе алатын ықпалын азайту жолдары 
қарастырылады. 
Əдістеме №2
Мақсаты: Адамның иланымпаздық деңгейін анықтау.
Əдісі: Тест - сұрақтар жиынтығы.
Зерттеушінің аты-жөні: 
Жасы:
Зерттеу мерзімі:
Тапсырма реті: /1,2,3/
Əр сұраққа жазбаша жауап.
Нұсқау: Берілген сұрақтарға мұқият ойланып, тез жəне жазба 
түрде жауап қайыруға тырысыңыздар.
1 - тапсырма: Ал бастадық деген сөзден кейін сіздер əрқайсыңыз 
кез келген бір сан жазыңыздар: айталық 5..... немесе ...... . Ал 
бастадық...... .
2 - тапсырма: Енді кез келген бір фразаға сөз тіркестерін жазыңыз. 
Не туралы жазғың келсе, сол туралы; мысалы: күз туралы, өзіңіз ту-
ралы өзіңіз біліңіз..... Ал бастадық..... . 
3 - тапсырма: Кез келген жазушының фамилиясын жазыңыз; мы-
салы: С.Мұқанов..... немесе басқаны..... . Ал кеттік..... .
Нəтижелерді қорытындылау:
1. Алынған нəтижелердің сандық өлшемі төменде берілген 
схемаға байланысты жасалады.
А) Экспериментте көрсетілген санды жазған иланымпаз 
зерттеушілер (3 балл) алады. 
Айтылған санға жақын сан жазғандар 14 немесе 61, 12 балл, 
көрсетілген санмен қосарланып 2 сан /2цифра/ жазғандар мысалы: 
15; 52; т.т. (1балл,) алады, ал басқалары (0 балл) алады.
Ə) Күз туралы фраза жазғандар (3 балл), жыл мезгілінің басқа 


230
түрлері туралы немесе күзбен байланысты сөйлем жазғандар (2 
балл), жалпы жыл мезгіліне аздаған байланысы сай.
Б) С. Мұқанов фамилиясын жазғандар (3 балл) басқа қазақ 
классиктерінің атын жазғандар (2 балл), басқа халықтың 
классиктерінің атын жазғандар (1 балл), ал жалпы атымен еңбегін, 
жазушы атын жазғандар (0 балл) алады.
2. Үй тапсырмасы бойынша алынған балдар саны қосылып, əр 
зерттелушінің иланымпаздық деңгейін анықтайды.
А) Ең көп балл алған зерттелуші (7-45) тең иланушылар тобына 
жатқызылады (гиперсугистивті)
Ə) (4-6 балл) алған зерттелуші иланымпаз (суггестивті) топ бо-
лып есептелінеді.
Б) (1-3 балл) алғандар қиын иланушылар (гипосуггестивті) 
топқа жаттпау.
В) (0балл) алғандар иланбайтын (асуггестивті) топқа жатады.
3. Мынадай мəселелер талқыланады: Иланымпаздық деңгейінің 
адам қызметінде алатын орны. Иланымпаздық жеке адамның 
психологиялық сипаттамасы, иланушылық жəне конформизм 
атауларының арақатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет