Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет86/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   129
Əдістеме №3
Мақсаты: Жүйке процесінің негізгі қасиеттері тұрғысынан 
адамның жоғарғы жүйке типін анықтау.
Əдісі: Я. Стреляу сұрақтарының жиынтығы.
1- бағана (Елігу күші)
1. Ұзақ мерзімді ауыр жұмысқа сіз өзіңізді қабілеттімін деп 
есептеймісіз?
2. Қатты шаршаудан бұрынғы қалпыңызға тез келе аласыз ба?
3. Ұзақ уақыт бойы бір ғана іспен айналыса аласыз ба?
4. Бір нəрсені ұзақ уақыт бойы үзіліссіз жаттай аласыз ба?
5. Сізден көп күш-қуат қажет ететін жұмыспен айналыса аласыз ба?
6. Көпке дейін ұйықтамай жүре аламысыз?
7. Күні бойы ауыр жұмыс жасап келгеніңізге қарамастан, кешкісін 
белсенді жəне нəтижелі қызмет істей аласызба?
8. Ми жұмысынан қатты шаршап келіп, тез ұйықтап кете аласыз ба?
9. Шудың ішінде іс істеп, бір нəрсені жаттап оқи аласызба?
10. Жауапты қызметке өзіңізді оңай қоса аласыз ба?
11. Жауапты қызметті оңай орындай аласыз ба?
12. Қиыншылықтар мен кедергілерден жасқанбайсыз ба?


231
13. Шудың ішінде сіз өз назарыңызды бір нəрсеге оңай аудара 
аласыз ба?
14. Шиленіскен жағдайларда, жауапты пікір алысу кезінде 
көпшілік алдында сөйлегенде тəуекелге баса аласыз ба?
15. Іс-əрекет кездерінде тəуекелге баса аласыз ба?
16. Жауапты жəне шиеленіскен жағдайларда сіз өз бетіңізбен 
шешім қабылдай аласыз ба?
17. Шиеленіскен жағдайларда көш бастап кете аласыз ба?
18. Жанға батқан ауруға шыдай аласыз ба?
19. Жеке басыңызда көп ауыр жағдай бар болса да, көпшілік 
көзінше еш нəрсені білдірмей жүре аласың ба?
20. Өте жаман жағдайды көре сала, қашып кетпей, көмек көрсете 
аламысыз?
21. Сын сағатында көмекке келуге даярсыз ба?
22. Таныс емес адамдар арасында өзіңізді еркін ұстай аласыз ба?
23. Үлкен аудитория алдында сөз сөйлеу сізге оңайға түсе ме?
24. Көпшілік алдында сөз сөйлегенді ұнатасыз ба?
25. Сіздің жүріс-қимылыңыз жеңіл жəне жиі ме?
2- бағана (Ұстамдылық күші)
1. Қажет болған жағдайда өзіңізді ұстай аламысыз?
2. Қажетті жағдайда сіз сөзге араласпай жүре аласыз ба?
3. Бастап қойған ісіңізді кез келген уақытта үзе аласыз ба?
4. Біреудің сеніп тапсырған құпиясын сақтай аласыз ба?
5. Ашу мен ызаны жеңу сізге оңай ма?
6. Орынсыз жерде шыққан күлкіңізді тыйу сізге оңай ма?
7. Ауыр жағдайда мəселені байыппен шеше аласыз ба?
8. Сіз шыдамдымысыз?
9. Іштей толқу сезімін шегеріп ұстап, өзіңізді жеңе аласыз ба?
10. Жақын адамыңыз азап шегіп жатса, сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?
11. Тыйым салынған істен өзіңізді аулақ ұстай аласыз ба?
12. Өзіңізден сылбырлау жұмыс істейтін адамның қарқынына 
түсіп жұмыс жасау оңай ма?
13. Қатар келе жатқан адамның жүрісімен жүру сізге оңайға түсе 
ме?
14. Оқытушы өтінішіне байланысты сабақ немесе дəріс кезінде 
сөйлеспей отыру сізге қиынға түсе ме?
15. Əріптестеріңіз бастаған ұрыстан бас тарта аласыз ба?
16. Рұқсат келгенше сіз белсенді іс-əрекеттен өзіңізді тежеп ұстай 
аласыз ба?


232
17. Баяндама жасау барысында немесе біреумен сөйлесіп тұрған 
мезгілде артық қол қимылдарынан бас тарта аласыз ба?
18. Қызу егес-талас кезінде сіз өз ойыңызды дəлелді, ұстамды 
айта аласыз ба?
19. Əріптестеріңіздің тосып тұрғанын біле тұра, жұмысыңызды 
əрі қарай жалғастыра бересіз бе?
20. Аса үлкен дəлелдікті қажет ететін іс-əрекетті ұнатамысыз?
21. Өмірге қауіп төніп тұрған жағдайда сіз өзіңізді тежеп ұстай 
аламысыз?
22. Сіз үшін аса қажетті мəселе шешіліп жатқанда, ұстамдылық 
білдіріп, тыныш тосып отыра аласыз ба?
23. Сіздің араласуыңыздан еш нəрсе шықпасын біле тұра, 
шиеленіске (айтысқа) кіріспей тұра аласыз ба?
24. Көпшілік қатысқан қызу жарыс кезінде өзіңізді айқайлаудан, 
қол сермеуден тежей аласыз ба?
25. Жұмыстың аяқталуын шыдамдылықпен тоса аламысыз?
3- бағана ( Қозғалымпаздық - қағілезділік)
1. Бір істен екінші іске оңай ауыса аласыз ба?
2. Іс-əрекет түрін ауыстырып тұрғанды ұнатамысыз?
3. Жаңа оқытушы, жаңа меңгеруші немесе жаңа бастық стиліне 
тез үйрене аламысыз?
4. Жаңа өмір жағдайына (лагерь, демалыс үйі, т.б.) тез көндігемісіз?
5. Жаңа күн тəртібіне тез үйренемісіз?
6. Қозғалысты қажет ететін жұмысты, ойынды ұнатамысыз?
7. Көркем əдебиет шығармасын тез оқимысыз?
8. Тез сөйлеймісіз?
9. Кешкісін тез ұйықтаймысыз?
10. Ертеңгісін тез оянамысыз?
11. Бірнеше істі бір мезгілде жасау қажет болғанда, сіз 
жұмысыңызды дұрыс ұйымдастыра аламысыз?
12. Көңіл-күйіңіз тез өзгере ме?
13. Ұзаққа созылған біркелкі жұмыс кезінде ұйқыңыз келе ме?
14. Тез жауапқа, іс-əрекетке қабілеттімісіз?
15. Жұмыс орнын ауыстырғанды, жиһаз бұйымдарының орнын 
өзгертіп тұрғанды ұнатамысыз?
16. Сырт жағдайлардың əсерімен көңіл-күйіңіз оңай өзгере ме?
17. Тез жазамысыз?
18. Қозғалыс дағдыларыңыз (шаңғы тебу, компьютерде мəтінді 
теру жəне т.б.) тез қалыптаса ма?


233
19. Жағдайлардың жиі жəне əр түрлі болып өзгеріп тұрғанын 
қалаймысыз?
20. Күтпеген сұраққа тапқыр жауап бере аламысыз?
21. Байыпты дəлелдер негізінде сіз бұрынғы қабылдаған 
шешімдеріңізден аса қиналмай бас тарта аламысыз?
22. Бөгде адамдармен (поезда, жатаханада т.б. жерлерде) оңай 
əңгімелесіп кете аламысыз?
23. Көп адамдармен тілдесуді қажет қылатын істі ұнатамысыз?
24. Жұмысқа бірден кірісіп кете аласыз ба?
25. Ұзақ үзілістен кейін басталған жұмысты əрі қарай оңай 
жалғастыра аласыз ба?
Нəтижелерді тұжырымдау:
1) Бағаналар бойынша (еліктеу, ұстамдылық, қозғалымпаздық 
күші) көрсетілген нəтижелер саны есептелінеді. Проценттік 
қатынас шығарады. 40%-дан жоғары көрсетілген нəтижене есеп-
ке алынады.
2) Жоғарғы нерв қызметінің типі И. П. Павлов жүйесі бойын-
ша (ЖНҚ)- жоғарғы нерв қызметі негізгі нерв жүйесінің еліктеу, 
ұстамдылық, қозғалымпаздық мінездемесіне сай анықталады.
Қорытындылай келгенде:
І тип – күшті, ұстамды, қозғалымпаз.
ІІ тип- күшті, ұстамды, инертті.
ІІІ тип – күшті, ұстамсыз.
ІҮ тип – барлық көрсеткішке сай əлсіз.
3) Жоғарғы нерв қызметінің типтері И. П. Павлов іліміне сай, 
классикалық темперамент типтеріне қатысты қаралады.
І тип – сангвиник
ІІ тип – флегматик
ІІІ тип – холерик
ІҮ тип- меланхолик
4) Темперамент типтері бойынша қорытынды шығарылып, темпе-
рамент типтері мен нерв жүйесінің қасиеттері арасындағы байланыс 
анықталып, темпераменттің физиологиялық қасиеттері де ескеріліп, 
қызметі басқа да іс-əрекет барысында темперамент типтерінің даму 
көрнісі айқындалады. 
Алынған тапсырмалардың нəтижелері салыстырылады жəне тап-
сырмалар ерекшеліктері анықталып, қорытындының дұрыстығына 
көз жеткізіледі. Оқу процесіндегі темперамент рөлінің маңызы ата-
лады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет