Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет122/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   129
Жетістік тестілері – зерттелінушінің нақтылы білімдері 
мен икемділіктерді, дағдыларды игеру деңгейін анықтайтын 
психологиялық диагностика əдістерінің бірі.
Инсайт – сананың кенеттен оянуы, жаңа түсініктің кенет пайда 
болуы.
Интериоризация – сыртқы əрекет түрлерінің игерілуі арқасында 
адам психикасының ішкі құрылымдарының қалыптасуы.
Интерференция – операция мен əрекет байланысынан туындай-
тын нəтижені төмендететін не жоққа шығаратын заңдылық.
Интроверсия – өз ойымен өзі болуға ұмтылушылық, ішкі жан 
дүниеге үңілушілік.
Интроспекция – адамның өз санасының ішкі əлемін зерттеуі.


286
Интуиция – ойланбай, не пікір түймей-ақ тікелей тұжырымдайтын 
білім.
Инфантилизм – адам психикасы дамуының тежелуі, тоқырауға 
ұшырауы.
Инциация – жасөспірімді ересек адамдар қатарына қосуға 
арналған жол-жорамен рəсімдеу.
Ипохондрия – өз денсаулығына шамадан тыс көңіл бөлушілік
жазылмайтын ауруға шалдығып қалам ба деп қорқушылық.
Иррадиация – жүйке процестерін (қозу, тежелу) пайда болған 
мидың алабына, басқа бөліктеріне таралуы.
Кəсіптік бағдар – мамандық пен қызмет таңдаудағы қолайлысын 
табуды мақсат еткен, тұлғаның икемділіктері мен қабілеттерін 
анықтауға бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-шаралар 
кешені.
Когнитивтік психология – адамның танымдық процестерінің 
даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын, сондай-ақ, сана құрылымын 
зерттейтін психологияның бір бағыты.
Коммуникация x адамдардың əлеуметтік өзара əрекеттестіктің 
мағыналық аспектісі.
Консонанс – дыбыстардың үйлесімділігі, жағымдылығы.
Константность – қабылданатын заттың тұрақтылығы, оның 
сезім мүшелерінің тітіркену параметрлерінен тəуелсіздігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет