285
Гештальтпсихология – психиканы бөлшектенбейтін, оны тұтас
бейне деп түсіндіретін батыс психологиясының бір бағыты.
Гиперболизация – заттың жеке
сипаттары мен белгілерін
үлкейтіп не кішірейтіп көрсетуде қолданылатын қиял бейнелерін
жасайтын əдістерінің бірі.
Гипноз – арнайы əсерлердің салдарынан адам санасының белгілі
уақыт көлемінде ұйқыға жуық күйі.
Гипнопедия – ұйқы кезінде адамды оқытудың ерекше бір əдісі.
Девианттық мінез-құлық (ауытқу) –
қоғамда қалыптасқан
құқықтық жəне адамгершілік нысандарға қарама-қайшы келетін
əрекеттер. Д.м.қ. негізгі түрлері – құқық бұзушылық жəне қылмыстық
жауапкершілікке тартылмайтын моральға қайшы мінез-құлық.
Делинквент (құқық бұзушы) –
кейбір шектен тыс жағдайда
іс-əрекеті қылмыстық жазалауға алып келетін,
мінез-құлқында
ауытқуы бар субьект.
Дисперсиялық анализ – түрлі факторлардың əсерін талдауға
мүмкіндік беретін статистикалық əдіс.
Еркін ассоциациялар əдісі – адамдардың берген жауаптары
арқылы оның бақылауынсыз айта салған сөздері мен ойларының
негізгі себептері мен көздерін табуға мүмкіндік беретін терапиялық
əдіс.
Жас ерекшелік дағдарылыстары – шұғыл психологиялық
өзгерістермен сипатталатын онтогенез ерекше кезеңі. Неротикалық
немесе травматикалық типтерге қарағанда, Ж.е.д. тұлғалық дамудың
қалыпты дамуына қажетті заңды үрдіс болып табылады.
Жеке даралық – тұлғаның əлеуметтік
маңызды сапаларының
ерекше жəне қайталанбас көріністері.
Достарыңызбен бөлісу: