Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет120/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   129
 


284
Психологиялық қызметке байланысты 
негізгі ұғымдар:
Абстракция – шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау 
арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алуға мүмкіндік беретін 
ой–тəсілдерінің бірі.
Апперцепция – қабылдаудың адамның өткен тəжірибесінен, 
психикалық əрекетінің жалпы мазмұнынан жəне жеке–даралық 
ерекшеліктерінен тəуелділігі.
Апраксия – қозғалыс əрекетінің жоғары деңгейінің бұзылуына 
байланысты бағытталған қозғалыстар мен əрекеттердің бұзылуы.
Ассоциация – сыртқы жəне ішкі тітіркендіргіштердің əсерінен 
туындайтын жан қуаттарының арасындағы байланыс.
Ақыл-ой (интеллект) – индивидтің ақыл-ой қабілеттері 
құрылымының салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы. Ақыл-ойдың 
мазмұндық құрылымы жəне өлшем құралдарының қолданылуы 
индивидтің тиісті қоғамдық маңызды белсенділігінің (оқу, өндіріс, 
саясат ж.т.б.) сипатына тəуелді.
Аутизм – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен–өзі бо-
лып іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күй.
Афазия – сөйлеу қабілетінен толық немесе ішінара айырылу.
Аффилиация – адамның басқалармен қарым–қатынас жасауды 
қажетсіну.
Əлеуметтену- қарым-қатынаста жəне іс-əрекетте жүзеге асатын 
əлеуметтік тəжірибені индивидтің меңгеруі жəне белсенді қайта 
жаңғырту үрдісі мен нəтижесі.
Бақылау локусы – адамның өз əрекетінің нəтижесіне 
жауапкершілікті сыртқы күштерден немесе өз қабілеттері талпыны-
старынан көру бейімділігі.
Бихеовиоризм психиканы, мінез-құлықтың əр түрлі көрініс-
терін организмнің сыртқы əсерге қайтаратын жауап реакциясының 
жиынтығы деп түсіндіретін психологиялық бағыт.
Галюцинация – айналасында жоқ заттарды көріп, не естіп 
тұрғандай қабылдайтын жүйке ауруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет