Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет53/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   129
Бекіту сұрақтары:
1. Б. М. Теплова, С. Л. Рубенштейн зерттеулеріндегі қабілеттер 
теориясы. 
2. Қабілеттің факторлы теорияларына сипаматама бер (Ч. Спир-
мен, Л. Терстаун, Х. Айзенк, С. Барт, Д. Векслер, Ф. Вернон, Дж. 
Гилфорд).
3. Қабілеттер тесттеріне қысқаша сипамттама бер (Р. Амтхауер, 
ШТУР, Айзенк тестері).
4. Дж. Гилфорд, Л. Терстаун модельдеріне тақталыңыз.
5. М. Люшердің түстерді таңдау əдістемесіне сипаттама беріңіз.


169
5-БӨЛІМ. ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОДИАГНОСТИКАСЫ
5.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикасы 
5.2 Мектеп жасындағы балалардың диагностикасы
5.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың 
психодиагностикасы
Мектеп жасына дайінгі балалармен жүргізілетін диагностикалық 
жұмыстың коррекциялық, дамытушы əсері де оған пареллель бо-
луы керек деп санаймыз. Ал мектеп жасына дейінгі кезеңдегі «ба-
ла-бала» жүйесі В. С. Мухина еңбектерінде сипатталады. Зерттеуші 
балалардың өзара қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына 
жағдай жасайтындығын атап көрсетеді. 
Онда негізгі үш жағдай баса көрсетіледі:
- баланың өзара қарым-қатынасы ересектермен қарым-қаты насы 
нəтижесінде қалыптасады.
- «Бала-бала» жүйесінде ғана кейбір іс-əрекет түрлерін меңгеруге 
болады, яғни топпен ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта 
жаңғырта алады.
- Балалар тобында мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен 
адамгершілік қасиеттерін меңгеріп, жаттығуға мүмкіндік алады. 
Балалардың өз қатарластарымен қарым-қатынас құруы осы 
қарым-қатынасты қажетсінуімен анықталады (М. И. Лисина ). Бұл 
қажеттілік 3-жасқа келген балаларда қалыптаса бастайды (Л. Н. Га-
лигузова ).
5-6 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты 
қажетсінуін А. И. Фукин 3 топқа бөледі:
1 - топқа қарым-қатынаста белсенді балалар жатады. Олардың 
басқа балалармен байланыс барысында жағымды эмоциялық ре-
акция, жұптасуға қызығушылық танытып, сезімталдық көрсетуі
жұптасының қарым-қатынас құруына түрткі болу сияқты қасиеттері 
бала мінез-құлығы мен жүріс-тұрысынан көрінеді. 
2 - топқа қарым-қатынаста енжар балалар жатады. Олар өздерін топ 
ішінде ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады. 
3 - топ қарым-қатынаста тұрақсыз болатын балалармен сипатталады. 
Оларға 1-ші жəне 2-ші топ балаларының тенденциялары тəн болады. 
Ал Х. Т. Шерьязданова еңбектерінде мектеп жасына дейінгі 


170
балалардың ойын əрекетінде ересектер мен бала арасындағы 
қатынасқа құрымдылық-логикалық тұрғыдан сипаттама жасалады
ғалым оны сурет түрінде көрсетеді.
Сонымен, баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруында 
əрбір баланың ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық 
жас ерекшеліктері айқын көрінеді (М. И. Лисина ).
Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ 
отбасындағы əлеуметтік рөл мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ 
халқының адамгершілік құндылықтары қарым-қатынаста ескерілуі 
қажет деп пайымдаймыз. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасындағы жаңа 
құрылым 
мотивтердің 
бір-біріне 
бағыныштылығы, 
ерікті 
əрекеттерінің негізгі түрлерінің бірлесе жүзеге асуы болып та-
былады. Сондықтан, балалармен зертханалық жұмыстарда 
ұйымдастырылатын психодиагностикалық əдістемелердің бірнеше 
түрлерін ұсынуды жөн көрдік. Олар белгілі бір қағидаларды қатаң 
сақтауды қажет ететін психодиагностикалық жұмыстар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет