Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет77/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   129
Тапсырманы орындау жолы: Экспериментатор жүргізуші 
осы сөздерді оқиды. Сөздерді оқыған кезде тыңдаушы сол сөздің 
суреттерін салу керек. Сонан соң салған суреттердің астына аттарын 
жазу керек.
«Төртінші артық» əдістемесі
Бұл əдістеме оқушылардың заттың маңызды белгілерін бөліп 
көрсете білуін, соның негізінде ортақ қорытынды жасай білуін 
диагностикалауға арналған. Оқушы өзінің жасаған қорытындысына 
негіздеме жасай білу дұрыстығын анықтайды. Осы əдістемеге 
сүйене отырып, оқушы ақыл-ойының артта қалуын анықтауға бола-
ды. Əдістемені бастауыш сыныпта жəне баланы мектепке қабылдау 
кезінде тиімді қолданады. 
Тəжірибе жұмысы жеке жүргізіледі. Бұл əдістеме зерттелушінің 
жалпылау жəне мəнді белгілерді бөліп алу қабілетін бағалауға 
мүмкіндігін береді. Əдістеме 15 сериядан тұрады, əр серия 4 сөзден 
құралған. Эксперимент жүргізушіге секундомер жəне жауаптар 
тіркелетін хаттама қажет.
«Артық сөзді тап» əдістемесінің материалы.
1. Кітап, портфель, чемодан, əмиян.
2. Пеш, керогаз, майшам, электр плитасы
3. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр
4. Қайық, арба, мотоцикл, велосипед
5. Ұшақ, шеге, бал арасы, желдеткіш
6. Көбелек, циркуль, таразы, қайшы
7. Ағаш, кітап сөресі, сыпырғыш, шанышқы
8. Ата, мұғалім, əке, шеше
9. Қырау, шаң, жаңбыр, шық \роса\
10. Сау, жел, көмір, шөп
11. Алма, кітап, тон, раушан
12. Сүт, қаймақ, ірімшік, нан
13. Қайың, шырша, жеміс, емен


214
14. Минут, секунд, сағат, кеш
15. Болат, Серік, Талғат, Асанов
«Төртінші артық» Зерттеу жұмысының хаттамасының үлгісі
Оқушы____________________________ Күні_____________ 
Жасы_____________________________ Жынысы_________
Сөздік –логикалық ойлауын бағалау
Серия номері
Тапсырманы орындауға кеткен уақыт \сек\
Нəтиже 
1
... ... ...
15
Зерттеу жеке зерттелушінің тапсырманы орындауға ынта-
сы бар болса ғана жүргізіледі. Зерттелушіге берілетін түсініктеме: 
«Əрбір сериядағы 4 сөздің үшеуі белгілі бір қасиеттері бойынша 
топтастыруға келетін, бірыңғай түсініктер, ал бір сөз бұл талаптарға 
бағынбайды, сол сөзді тауып, сызып тастау керек. Тапсырманы 
шапшаң да қатесіз орындауға талпын.»
Егер зерттелуші нұсқауға толық түсінбесе эксперимент 
жүргізуші осыған ұқсас \бірақ серияда берілмеген \ тапсырмаларды 
зерттелушімен бірге орындайды. Баланың жұмыс жасау қағидасына 
түсінгеніне көзі жеткен соң, тапсырманы өз бетімен орындауға нұсқау 
беріледі. Эксперимент жүргізуші хаттамаға тапсырманы орындауға 
жіберілген уақытты жəне нəтиженің дұрыстығын белгілеп отырады.
Тапсырманы орындауға жіберген уақытқа байланысты өзгерістер
Уақыт секунд есебімен
Уақытқа байланысты өзгерістер
250-ден төмен
0
250-330
-3
330-дан жоғары -6
Нəтижені талдау
1. Орындалған тапсырманың нəтижесіне дұрыс жауаппен салы-
стыру арқылы ұпай қойылады: əрбір дұрыс жауап 2 ұпаймен, дұрыс 
емес жауап 0 ұпаймен бағаланады.
Дұрыс жауаптар
1. кітап 
2. майшам


215
3. көзілдірік
4. қайық
5. бал арасы
6. көбелек
7. ағаш
8. мұғалім
9. шаң
10. жел
11. алма
12. нан
13. жеміс
14. кеш
15. Асанов
2. Тапсырманы орындауға жіберген уақыт жоғарыда берілген 
өзгерістер бойынша ұпаймен есептеледі.
3. Осы негізде сөздік-логикалық ойлаудың кіріктірілген көр-
сеткіші есептеледі, ол тапсырманы орындау нəтижелілігі (В) мен 
оны орындауға кеткен уақыттың (Т) қосындысынан тұрады А=В+Т.
Сөздік–логикалық ойлау көрсеткіштері туралы жеке мəліметтер 
алынғаннан кейін топтың арифметикалық жалпы ортасын табуға 
болады. Топ аралық айырмашылықтарды табу үшін табылған 
эксперименттік көрсеткіштер өзара салыстырылады.
Сөздік-логикалық ойлау көрсеткіші туралы алынған мəліметті 
ойлаудың басқа сипаттарымен, сол сияқты жеке тұлғалық талдау-
лармен салыстыру үшін абсолюттік мəндерді шкалалық бағаға ай-
налдыру керек.
Ойлау көрсеткіштерінің шкалалық бағалалары
Шкалалық бағалар 
Бейнелік ойлау
Сөздік-логикалық ойлау
19
50
30
18
-
-
17
50-48
29-28
16
48-47
-
15
45-47
28-27
14
41-44
27-26
13
38-40
-
12
36-37
23-25
11
33-35
21-22


216
10
30-32
19-20
9
26-29
17-18
8
23-25
15-16
7
20-22
-
6
17-19
12-14
5
14-16
7-11
4
12-13
5-6
3
8-11
-
2
2-4
3-4
1
2-4
-
0
0-2
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет