Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет78/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   129
«Ұғымдарды салыстыру» əдістемесі
Бұл талдау жəне қорытындылау барысын зерттеуде қолдануға 
арналған классикалық əдіс түріне жатады. Зерттеуді жүргізу үшін 
жұп сөздер қажет. Төмендегі 30 жұп сөзді қолдануға болады.
1. Таңертең – кеш 2. Сиыр – жылқы 
3. Ұшқыш – танкист 4. Шаңғы – коньки 
5. Трамвай – автобус 6. Көл – өзен 
7. Өзен – құс 8. Жауын – қар 
9. Поезд – ұшақ 10. Ось – осі 
11. Алдау – қателік 12. Стақан – əтеш 
13. Кішкентайқыз – қуыршақ 14. Бəтеңке – қарындаш 
15. Алма – шие 16. Қарға – торғай 
17. Қасқыр – ай 18. Сүт – су 
19. Жел – түз 20. Алтын – күміс
21. Шана – арба 
22. Көзілдірік – ақша 23. Торғай – тауық 
24. Мысық – алма 25. Кеш – таңертең 
26. Емен – қайың 27. Аштық – шел 
28. Ертегі – əн 29. Себет – қарағай 
30. Сурет – портрет
Бала осы сөздердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын айтып 
беруі керек. Кейін балаларға ұғымдардың ең бірінші ұқсастықтарын, 
содан кейін айырмашылықтарын табуды жүктеу керек.
Барлық жауаптар толығымен жазылуы қажет. Егер нұсқау 
балаларға түсініксіз болса, бірінші жұп сөзді үлгі ретінде көрсету 
керек. Оқушы екі ұғымның ұқсастығын анықтай отырып, ортақ 
белгісін шығарады. Мысалы, «кеш» жəне «таңертең» ұғымдарының 


217
ұқсастығы – екеуі де күннің бөлігі. Айырмасы – «таңертең» 
– күннің басталуы, «кеш» – күннің соңы. Бүл ұқсастықтар мен 
айырмашылықты ажырата білуі баланың анализ, синтез, жалпы-
лау деңгейінің жоғарылығын, абстрактылы ойлауға бейімділігін 
көрсетеді.
«Сандық қатынас» əдістемесі
Бұл əдістеме логикалық ойлауды бағалауға арналған. Зерттелушіге 
18 логикалық тапсырма беріледі. Əрқайсысында 2 логикалық сілтеме 
бар, яғни əріптер арқылы бір-бірімен сандық қатынас берілген. 
Берілген логикалық сілтемені басшылыққа ала отырып, сызық 
астында тұрған əріптер арасындағы қатынасты анықтауы қажет. 
Шешуін табуға 5 минут уақыт беріледі.
Əдістемені жүргізу алдында келесі нұсқау беріледі: «Сізге 18 
логикалық тапсырма ұсынылады. Əр тапсырмада екі логикалық 
сілтеме бар. Сол сілтемеге сай сызық астында берілген екі əріптің 
арасындағы қатынасты анықтауыңыз қажет. Тапсырманы шешуге 5 
минут уақыт беріледі».
Логикалық тапсырмалар мазмұны 
1. А Б-дан 9-ы артық, ал Б В-дан 4-ке кем
В А
2. А Б-дан 10-ы кем, ал Б В-дан 6-ға артық 
В А
3. А Б-дан 3-ке артық, ал Б В-дан 6-ға кем
В А 
4. А Б-дан 4-ке артық, ал Б В-дан 3-ке кем
В А
5. А Б-дан 3-ке кем, ал Б В-дан 7-ге артық
А В
6. А Б-дан 9-ға артық, ал Б В-дан 12-ге кем
А В
7. А Б-дан 6-ға артық, ал Б В-дан 7-ге артық
А В 
8. А Б-дан 3-ке кем, ал Б В-дан 5-ке артық
В А
9. А Б-дан 10-ға кем, ал Б 3-ке кем
В А


218
10. А Б-дан 2-ге кем, ал Б В-дан 8-ге артық
В А
11. А Б-дан 3-ке кем, ал Б В-дан 4-ке артық
В А
12. А Б-дан 2-ге артық, ал Б В-дан 5-ке кем
В А
13. А Б-дан 5-ке кем, ал Б-В-дан 6-ға артық
В А
14. А Б-дан 5-ке кем, ал Б В-дан 2-ге артық
А В
15. А Б-дан 4-ке артық, ал Б В-дан 3-ке кем
В А
16. А Б-дан 3-ке кем, ал Б В-дан 3-ке артық
А В
17. А Б-дан 4-ке артық, ал Б В-дан 5-ке кем
В А
18. А Б-дан 3-ке артық, ал Б В-дан 5-ке кем
А В
Əрбір дұрыс берілген жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Бастауыш сы-
нып оқушысы үшін жоғары ұпай – 7-8, ересектер үшін -10 ұпай.
Кілті
1. В7. A13. B2. A< B
8. B
14. A3. B>A
9. B>A
15. B
4. B10. A>B 
16. A5. A>B
11. B
17. B>A
6. B>A
12. A18. A>D


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет