Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №767 Қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»


Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауын ұйымдастыру



бет5/13
Дата12.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#130619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауын ұйымдастыру

 шарттарын жасасу, орындау және бұзу

 

167. Хаттаманың негізінде жергілікті атқарушы органдар күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей Конкурстың жеңімпазымен жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасады. Шарт кемінде үш жыл мерзімге жасалады (қолданылып жүрген маршруттар бойынша қосымша қозғалыс кестелеріне қызмет көрсету құқығы жөніндегі шарттарды қоспағанда).

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шарты Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты негізінде жасалады.

168. Шарт жасасқан Конкурс жеңімпазына маршрутта жұмыс істеу құқығын растайтын Жолаушылар мен багажды республикаішілік автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік (бұдан әрі - Куәлік) беріледі (Шартты қолданудың барлық мерзіміне). Көрсетілген тасымалдауды Куәліксіз жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.

169. Жолаушылар мен багажды қалааралық облысаралық тасымалдауына Шартты жасасқан және Куәлікті бергеннен кейін жергілікті атқарушы органдар 5 жұмыс күннен кешіктірмей автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға Куәліктің және тасымалдаушы мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында жолаушылар мен багажды қалааралық облысаралық автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыруға жасасылған Шарттың көшірмелерін береді.

170. Куәлікті облыстың (қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органдары осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес типографиялық тәсілмен дайындайды, ол кемінде 3 қорғаныш дәрежесі бар және қатаң есептілік бланкі болып табылады.

171. Куәліктер тасымалдаушыға, маршрутта пайдаланылатын автокөлік құралдарының тиісті санына сәйкес келетін мөлшерде беріледі және тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың, шағын автобустардың жүргізушілерінде болады.

172. Республикаішілік маршруттарға маршрутта қолданатын автобустарды (шағын автобустарды), соның ішінде резервті жылжымалы құрамды көрсете отырып, Куәліктер тасымалдаушыға, маршрутта тікелей пайдаланылатын автокөлік құралдарының тиісті санына сәйкес мөлшерде беріледі және тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың, шағын автобустардың жүргізушілерінде болады.

Куәліктің қосымшасына өзгерістер енгізуге тасымалдаушы негізделген өтініш бергенде және маршруттағы тасымал сапасын төмендетпеу шартымен жол беріледі.

173. Маршрутта (маршруттарда) жұмыс істеу құқығын үшінші тарапқа беруге рұқсат етілмейді.

174. Осы маршрутта паритетті тасымалдаушы (тасымалдаушылар) бар кезінде жергілікті атқарушы орган анықтаған тасымалдаушылар барлық тасымалдаушылар арасында бірлескен қызмет туралы шарт жасайды.

Рұқсат құжаттары берілген күннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде тасымалдаушы жергілікті атқарушы органға осы Қағидаға сәйкес (қалалықтан (ауылдықтан) басқа) тасымалдаушы мен автовокзалдар, автостанциялар әкімшілігі жасаған шарттардың көшірмелерін ұсынады.

175. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шартының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, жергілікті атқарушы орган күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей осы шарт бойынша қызмет көрсетілетін маршруттарға жаңа Конкурс жариялайды. Тасымалдаушы жергілікті атқарушы органға осы шарт бойынша қолданысын тоқтатқан Куәліктерді береді.

176. Тасымалдаушының бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шарты бұзылған жағдайда, соңғысы жергілікті атқарушы органдарды күнтізбелік 45 күннен кешіктірмей ол туралы хабардар етеді.

177. Шартты мерзімнен бұрын бұзған жағдайда конкурстардың ұйымдастырушысы осы Қағидада белгіленген мерзімдерде және шарттар бойынша жаңа конкурс өткізгенге дейін маршруттарға үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін 80 % артық тасымалдауды орындау жиілігімен басқа маршруттарда тасымалдау тәжірибесі оң болған басқа тасымалдаушыны белгілеуге құқылы.

178. Тасымалдаушының шарттың елеулі талаптарын бұзғаны себебінен конкурстың ұйымдастырушысы шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, тасымалдаушы шартты бұзған күнінен бастап алты ай бойы конкурстарға қатысуға рұқсат етілмейді.

Конкурс ұйымдастырушы мерзімнен бұрын шартты бұзуын алып келетін шарттың елеулі талаптарын бұзғаны болып мыналар табылады:

төмен жиілілік (айына жетпіс пайыздан аз);

тасымалдаушының (тасымалдаушы жүргізушісінің) кінәсі бойынша адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғаларының болуы;

шарттың талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды маршрутта бірнеше рет пайдалану;

маршрутта (маршруттарда) жұмыс істеу құқығын үшінші тарапқа беру.

Конкурсқа қатысуға өтінімде ақпараттың дұрыс емес ұсыну фактісі анықталған жағдайда Шарт мерзімнен бұрын бұзылады.

179. Тасымалдаушының шарттың елеулі жағдайларын орындамауы себебінен конкурстың ұйымдастырушысы шартты мерзімінен бұрын бұзғанда немесе конкурс өткізгенде бір пакетке қосылған маршруттардың біреуіне қызмет көрсетуден тасымалдаушы бас тартқанда, тасымалдаушы осы пакеттегі барлық маршруттарға қызмет көрсету құқығын жоғалтады.



 

 

5-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау



 

 

1. Жалпы ережелер

 

180. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау жергілікті атқарушы органдар бекіткен маршрут желісі бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлігін дамытудың бекітілген кешендік схемасының және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар легін талдау негізінде құрылады.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жүргізушілерді және кондукторларды талаптарды жергілікті атқарушы органдар бекіткен бірыңғай арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етеді.

181. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жолаушылар мен багажды қала шегінде тасымалдауға рұқсат етілмейді.



Бұл ретте елді мекендер арасындағы қала маңындағы қатынастарда келе жатқан жолаушыларды қала шегінде отырғызуға және түсіруге жол беріледі. Қала маңындағы автомобильмен тасымалдауда жолаушылар мен багажды отырғызуға және түсіруге арналған аялдамаларды қаланың жергілікті атқарушы органдарының келісуі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.

182. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршрут желісі, маршруттардың қосарлануы, сондай-ақ бір маршруттың екіншісіне ең аз қабаттасуын қамтамасыз ететіндей етіп құрылады.

183. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрутында шағын автобустарды пайдалану анықтамасы төменгі жолаушылар легімен негізделеді, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын маршруттардың ұзақтығы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрут желісінің жалпы ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиіс.

 

 

2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты



тасымалдаудың қызмет көрсету режимдерi

 

184. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына мынадай режимдердің бірінде қызмет көрсетіледі:

1) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты қала маңындағы автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетілген аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегі, қала шегінде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 м дейін болуы тиіс;

2) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен және қалааралық автобустармен маршруттың схемасында көрсетілген аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел (қалалық тасымалдау үшін ғана), олардың арасындағы қашықтық 1,5-ден 3,0 км дейін болуы мүмкін.

185. Халыққа қызмет көрсету ерекшелігіне сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауы мынадай сипатта болуы мүмкін:



1) тәуліктің барлық белгіленген кезеңі және аптаның барлық күндері ішінде қолданылатын тұрақты;

2) белгілі бір күндерде немесе тәуліктің кезеңдерінде қолданылатын (демалыс, мерекелік күндер немесе «қауырт» сағаттар) қосымша;

3) алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендері жұмыс істеген кезде) маусымдық;

4) қысқа уақытқа қолданылатын (әдеттегі режимде қызмет көрсетуге кедергі жасайтын жол желісінде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда) уақытша.

 

 

3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты



тасымалдауды жүзеге асыру тәртібi

 

186. Жолаушыларды автокөлік құралына отырғызу және түсіру мынадай дәйектілікпен жүргізіледі:

1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсіру, одан кейін отырғызу жүргізіледі;

2) екі есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру - екі есік арқылы, ал отырғызу артқы есік арқылы жүргізіледі;

3) үш және одан артық есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру - барлық есіктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есіктен басқа барлық есіктер арқылы жүргізіледі.

187. Кезектен тыс отырғызу, сондай-ақ алдыңғы есік арқылы отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.

188. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустардың салонында мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар басым отыру үшін 4-тен 8 орынға дейін (олардың паспорттық сыйымдылығына байланысты) бөлінеді.

189. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдау маршрутында «сұрау бойынша» аялдама пункттері болған кезде, жолаушылар жүргізушіге (кондукторға) көрсетілген аялдама пунктінде тоқтау қажеттігі туралы алдын ала хабарлауы керек. Осындай аялдама пунктінде жолаушылар тұрған кезде, жүргізуші оларды отырғызу үшін аялдама жасауы тиіс.

190. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жолаушылар жол жүргенде:

1) автобустан, шағын автобустан ол толық тоқтағанға дейін немесе қозғалыс кезінде шығуға және кіруге;

2) автобустың есіктерінің ашылуы мен жабылуына кедергі жасауға;

3) жүргізушіні автокөлік құралының қозғалысы кезінде әңгімемен алаңдатуға;

4) автобустың, шағын автобустың салонының ішкі жабдығы мен жарағын бүлдіруге;

5) темекі тартуға, қоқсытуға, спирт ішімдіктерін ішуге;

6) от қауіпті, жарылғыш, улағыш, жеңіл тұтанатын, улы, өткір және күлімсі иісті заттарды, құндағы және ілеспе құжаттары жоқ дәрімен атылатын қаруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен тасымалдауға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берілмеуі тиіс.

191. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында:



1) автобустарда тұрып және отырып, олардың толық паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде;

2) шағын автобустарда отырып қана, отыратын орындар санынан аспайтын мөлшерде, олардың жасаушы кәсіпорын белгілеген паспорттық сыйымдылығына сәйкес жолаушыларды тасымалдауға және автобустардың, шағын автобустардың салонын толтыруға рұқсат етіледі.

 

 

4. Қол жүгі мен багажды алып жүру



 

192. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында автобустың, шағын автобустың салонында өлшемі 60х40х20 см дейінгі бір орын қол жүгін, сондай-ақ қабы бар бір жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат етіледі (автобустарда ғана).

193. Осы Қағиданың 192-тармағында көрсетілген өлшемдерден асатын қол жүгін автобустардың топталу алаңшаларында ғана және қолданылып жүрген тарифке сәйкес қосымша ақы үшін алып жүруге рұқсат етіледі.

194. Қол жүгінің орамасы мен тасымалдануы басқа жолаушыларға және автобус, шағын автобус салонының жарағына қандай да болмасын залал келтіру (ластау немесе зақымдау) мүмкіндігін толық болдырмауы тиіс.

195. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жабық торларға немесе сумкаларға салынған ұсақ жануарлар мен құстарды тегін тасымалдауға рұқсат етіледі.

196. Иттер автобустарда топталу алаңшаларында ғана тұмылдырықпен және қарғы баумен тасымалдануы мүмкін.

197. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдауын, сондай-ақ жедел режимдегі жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын және багаж бөлімшесі бар автобустарда жолаушыларға өзімен бірге багаж бөлімшесінде әрбір орынның өлшемі 120х60х40 см аспайтын багажды белгіленген тарифке сәйкес қосымша ақы үшін алып жүруге рұқсат етіледі.

198. Жолаушыға тасымалдауға қабылданған багажына қалалық (ауылдық) қатынаста – бір жолғы бақылау билеті, қала маңындағы қатынаста багаж түбіртегі беріледі.

199. Багажды тасымалдауға тапсыру кезінде жолаушы белгіленген алымды төлеу арқылы оның бағасын көрсетуі мүмкін. Бұл ретте багаж түбіртегіне тиісті жазу жазылады.



 

 

5. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастағы



жол жүру және багажды алып жүру төлемi

 

200. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемі жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргізушіге) беру немесе жүру үшін электрондық төлеу жүйесі арқылы жасалады.

201. Қалалық (ауылдық) қатынастағы қолма-қол ақшаға жол жүру, белгіленген нормадан артық қол жүгін, сондай-ақ багажды алып жүру төлемінің айғағы жолаушыға мынадай ақпараты:



1) сериясы мен нөмірі;

2) қатынас түрі;

3) елді мекеннің атауы;

4) жүру құны;

5) билеттің шығарылған жылы бар бір жолғы бақылау билетін берумен белгіленеді.

202. Электрондық байланыссыз картасы арқылы жүру төлемін жасау фактісі тиісті сәйкестендіру нөмірінің электрондық байланыссыз картаның электрондық шотында белгіленеді. Электрондық байланыссыз карталарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын ескере отырып, қолданылатын жүйелердің технологиясымен регламенттеледі.

203. Бір жолғы бақылау билеті бір маршруттағы, жолаушы жүріп өткен қашықтыққа қатыссыз бір маршрут бойынша сапар кезінде ғана жарамды.

204. Техникалық себептер бойынша автобус, шағын автобус маршрут бойынша қозғалысты жалғастыруы мүмкін емес жағдайлар туындаған жағдайда, жолаушыларға берілген бір жолғы бақылау билеттері осы маршруттың басқа автобусында, шағын автобусында жол жүру үшін жарамды болып табылады.

205. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемін жолаушы маршруттың бастапқы пунктінен сапарды жүзеге асыру кезінде автовокзалдың, автостанцияның кассасына немесе маршруттың аралық пунктінде отырғызу кезінде кондукторға (жүргізушіге) сапардың қашықтығына байланысты белгіленген тарифтердің сеткасына сәйкес төлейді.

206. Қала маңындағы қатынаста жол жүру төлемінің айғағы, жолаушыға мынадай ақпаратты:



1) билеттің сериясы мен нөмірі;

2) жөнелту және бару пункттері;

3) төленген жол жүру құны;

4) жол жүру күні мен уақыты бар жол жүру құжатын (билетін) берумен белгіленеді.

207. Багажды алып жүру төлемінің айғағы жолаушыға мынадай ақпаратты:



1) түбіртектің нөмірі;

2) жөнелту және бару пункттері;

3) багаж орындарының саны;

4) багаждың құндылығы (жолаушы оны жариялаған жағдайда);

5) төленген багаж алып жүру құны;

6) жол жүру күні мен уақыты бар багаж түбіртегін берумен белгіленеді.

208. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерін сатуды алдын ала, жергілікті атқарушы органдар белгілеген сату орындарында, сондай-ақ тасымалдаушылар кондукторлар немесе жүргізушілер арқылы жүргізеді.



Жеңілдікті көп реттік жол жүру билеттерін сату сатып алушының өзінің жеңілдіктерін растайтын құжаттарын көрсетуі бойынша жүргізіледі.

209. Қалалық (ауылдық) қатынастағы сапарларға арналған ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттері жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жарамсыз.

210. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерінің қолданылуы белгіленген нормадан артық қол жүгін және багажды алып жүруге тарамайды.

211. Ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеті бар жолаушы оны кондукторға (жүргізушіге) автобусқа, шағын автобусқа мінген кезде көрсетеді.

212. Егер жолаушы жеңілдікті ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетін пайдаланса, онда сонымен қатар ол жеңілдікке құқығын растайтын құжатты ұсынады.

 

 

6-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау



 

1. Жалпы ережелер

 

213. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау жергілікті атқарушы органдар бекіткен маршрут желісі бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушылар легін талдау, шалғай ауылдық елді мекендердің тұрғындарына көлік жеңілдігін қамтамасыз ету негізінде, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстары бойынша жасалады.

214. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттық желілерін салу мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады:



1) халықтың тасымалдауға мұқтаждығын қамтамасыз ету;

2) маршруттың жүру жолындағы барлық жақын жатқан елді мекендерді қамтудың барынша мүмкіндігі;

3) тасымалдаудың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ экологиялық зиянды қалдықтардың мөлшерін төмендету мақсатында маршруттарда жұмыс істеу үшін автобустардың, шағын автобустардың оңтайлы саны мен үлгісін (класын) пайдалану.

215. Маршрут бойынша 400 километрден астам тоқтаусыз жүрген жағдайда тасымалдаушы жолаушылардың демалуы және қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін кемінде он минут технологиялық аялдаулар көздеу тиіс. Технологиялық аялдауларда қосымша жолаушыларды отырғызуға тыйым салынады.



 

 

2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарын айғастыруға қойылатын талаптар



 

216. Жолаушылар мен тұрақты тасымалдаудың маршруттары ең төмені V санаты бар республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жасалады.

217. Маршруттардың ұзақтығы 100 км артық кезде, оларды жасау жүру жолы бойынша телефон байланысының болуы ескеріледі. Осы талапты қанағаттандыру мүмкін болмаған кезде, осындай маршруттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылар автобустарды сенімді ұялы байланыспен қосымша жабдықтайды.

218. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарының қалаларда және ірі селолық елді мекендерде орналасқан аралық аялдау пункттері мүмкіндігінше автовокзалдарда (автостанцияларда) болуы тиіс.

219. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарының автовокзалдардан (автостанциялардан) тыс орналасқан аралық аялдама пункттері осы Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталады.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет