Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы №151 Қаулысы



бет4/19
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#133049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 860 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-бөлім өзгертілді

 

4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

 

Бағдарламаның негізгі мақсаты ҚР АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай төрт бағыт бойынша жұмыс жүргізілетін болады:

1. Қаржылық сауықтыру.

2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

3. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту.

4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру.

 

Бағдарламаның нысаналы индикаторлары:



1) АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе арттыру;

2) АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы 500 млрд. теңгеге кемінде 9 жылға ұзарту;

3) кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемін 2013 - 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін жеткізу;

4) карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88;

5) мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі 2020 жылы - 0,4 %;

6) электрондық пішімге көшірілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үлесі 2015 жылға қарай - 62 %.

 

 

ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 860 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4.1-бөлім өзгертілді

4.1 Қаржылық сауықтыру

 

АӨК субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, кредиттік жүктемесін төмендету және банкрот тәуекелдерін барынша азайту мақсатында қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қаржыландыру жолымен бір реттік қаржылық сауықтыру шараларын қабылдау қажет.

 

7-кесте. АӨК-ні қаржылық сауықтыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



 

Р/с №

Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімдері ұзартылған міндеттемелердің сомасы, млрд. теңге

150

150

200

 

 

 

 

 

2

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көлемі, млрд. теңге

7,9

14,7

20,1

26,6

21,9

17,6

12,7

7,7

 

Қаржылық сауықтыру АӨК субъектілерінің меншік иелері, кредит берушілер мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының көлемдері бойынша бірлескен және тең өлшемді тепе-теңдік бастамада жүргізілуі тиіс.

Кредит берушілер: АӨК субъектілерінің қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауды (сыйақы ставкасын төмендету, кредиттерді қайтару мерзімдерін ұзарту, негізгі қарызын қайтару бойынша жеңілдік кезеңін ұсыну, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, мерзімі өткен сыйақыны есептен шығару, басқа шаралар арқылы), АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қайта қаржыландыруды және қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

АӨК субъектілерінің меншік иелері: кредит берушілер алдындағы міндеттемелерді толық өтегенге дейін пайданың бір бөлігін қатысушылар арасында бөлмеу, қосымша капиталдандыру, инвесторларды тарту, кредит берушілерге қаржылық сауықтыру шарттарын орындау бойынша толық жәрдем көрсету жолымен және басқа да шаралармен қолдау көрсетеді.

Мемлекет, кредит берушілер мен меншік иелерінің қатысуына қарай қаржылық агент арқылы негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдағы құралдарды толықтыруға қаржылық сауықтыруға жататын кредиттер және/немесе лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсына отырып, оны түпкілікті төлеуші - АӨК субъектісі үшін төмендету арқылы қолдауды жүзеге асырады.

Сондай-ақ осы қағидаларда АӨК саласындағы шаруашылық субъектілері арасында пайда болған берешектер бойынша қаржылық сауықтыру мәселелері реттелетін болады.

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруды өткізу ұйымдастырылған капитал нарықтарынан қаржы агенті тартқан қаражат, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте, қаржылық агент тартқан қаражат басқа да кезек күттірмейтін міндеттерге пайдаланылуы мүмкін.

Қаражаттың (соның ішінде субсидиялардың) тиімді пайдаланылуын және қаржылық сауықтыру көрсеткіштері мен нәтижелеріне қол жеткізуді бақылау қаржылық агент және уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.

 

 

4.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру

 

Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:

1) өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

2) астық сақтау бойынша қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;

3) АШТӨ үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;

4) мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

5) ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдетіп қайта өңдеу үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

6) қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

7) басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

8) білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін АӨК салаларын субсидиялау табиғи-климаттық жағдайларды, өткізу нарықтарының болуын және өңірлерді дамыту әлеуетін ескере отырып әртараптандырылып жүргізілетін болады. Осыған байланысты өңірлер бөлінісінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің ресурстық әлеуетін бағалау және ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесінің тиімділігін талдау жүргізіледі.

Бұдан басқа, ҚР азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мен тетіктері әзірленеді.

4.2.1. Өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру

4.2.1.1. Егістік және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыру

Өсімдік шаруашылығы секторының тартымдылығын арттыру мақсатында АШТӨ үшін егіс және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін АШТӨ-нің жеміс-жидек бақшалары мен жүзімдіктер отырғызуға және өсіруге жұмсаған шығындарының бір бөлігін, көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізумен байланысты шығындарын өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

 

8-кесте. Егістік және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



 

Р/с №

Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған егіс алаңдары, млн. га

18,9

19,7

19,8

19,9

19,9

19,9

20,0

19,9

2

Субсидиялаумен қамтылған жабық топырақтағы көкөністер алаңы, га

0

364

394

424

461

461

461

461

3

Субсидиялаумен қамтылған жеміс-жидек пен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру алаңы, га, оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

1-вегетация, га

 

 

 

 

 

 

 

 

жеміс-жидек

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

7 807

8 007

жүзім

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2-вегетация, га

 

 

 

 

 

 

 

 

жеміс-жидек

1 296

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

7 807

жүзім

820

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

3-вегетация, га

 

 

 

 

 

 

 

 

жеміс-жидек

1 231

1 296

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

жүзім

474

820

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

4-вегетация, га

 

 

 

 

 

 

 

 

жеміс

1271

1231

114

150

350

550

750

950

жүзім

1153

474

 

 

 

 

 

 

 

5-вегетация, га

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеміс

 

 

 

114

150

350

550

750

 

6-вегетация, га

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеміс

 

 

 

 

114

150

350

550

 

7-вегетация, га

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жеміс

 

 

 

 

 

114

150

350

 

ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен 4.2.1.2-міндет өзгертілді (бұр.ред.қара)



4.2.1.2. Тыңайтқыштардың, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың экономикалық қолжетімділігін арттыру

АШТӨ-ні өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізуге ынталандыру мақсатында минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру болжанады.

2017 жылдан бастап ашық және жабық топырақтағы көкөніс дақылдарын, бақша және жеміс дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар құнын арзандату жоспарлануда.

 

9-кесте. Тыңайтқыштардың, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

 


Р/с



Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған минералды тыңайтқыштар көлемі, мың тонна

231,2

255,8

269,2

303,0

334,5

360,6

386,6

412,7

2

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған гербицидтер көлемі, мың литр

27 873,0

30 713,9

30 956,7

31 279,0

31 371,7

31 524,9

31 728,4

31 928,5

3

Егістердің жалпы алқаптарымен салыстырғанда биоагенттермен (энтомофагтармен) өнделген алқаптарды қамтылуы, %

29,0

30,5

33,6

37,6

67,5

68,3

69,0

69,3

 

ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет