Қаулысымен 4.4-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
4.4. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру
Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:
1) ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
1-1) суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын мониторингтеу мен бағалау тиімділігін арттыру;
2) АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін дамыту;
3) ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
4) АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту;
5) ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;
6) АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
7) органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау;
8) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту;
9) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық ынтымақтастық деңгейін арттыру.
4.4.1. Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және олардың құнарлылығын арттыру жолдарының бірі олардың агрохимиялық жай-күйін нақты бақылау болып табылады.
Топырақты агрохимиялық байқап тексеру 2000 жылдан бастап жүргізілуде. 2000 - 2011 жылдары 19,1 млн. гектар немесе республиканың егістік жерлерінің ауданынан 78 % байқап тексерілді.
Топырақтар құнарлылығының агрохимиялық жай-күйін бақылау үшін топырақты агрохимиялық байқап тексеруді белгілі циклмен жүргізу қажет, ол ҚР үшін суармалы егіншілік жағдайларында бес жылда бір рет және бағара (суарылмайтын) егіншілік жағдайларында жеті жылда бір рет жүргізуді құрайды.
Мұндай циклдік байқап тексерудің бірінші турын аяқтауды жеделдетуге және құнарлылық деңгейі бойынша базалық көрсеткіштерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда, агрохимиялық байқап тексерудің 1,5 млн. гектардан артық емес аудандағы қолданыстағы жыл сайынғы көлемі мұндай циклділікті сақтауға мүмкіндік бермейді.
Көрсетілген циклділікке қол жеткізу үшін 3,5 млн. гектардан кем емес аудандағы топырақты жыл сайын агрохимиялық байқап тексеруді қамтамасыз ету қажет.
26-кесте. Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Егістік жерлерін агрохимиялық байқап тексеру ауданы, млн. га
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
Топырақ құнарлылығының агрохимиялық мониторингін жүргізу критерийлерінің бірі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық дерекқорды жүргізу және егістік жерлердің гумуспен, қоректі заттардың жылжымалы нысандарымен қамтамасыз етілуінің агрохимиялық картограммаларын құру болып табылады. Картограммалар негізінде минералдық тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және топырақ құнарлылығын сақтау жөніндегі ұсынымдар әзірленеді.
Дерекқор және агрохимиялық картограммалар топырақ құнарлылығының сақталуын 5-7 жылдан кейін қайталама тексеру кезінде бақылау негізі болып табылады.
Алдағы уақытта топырақты агрохимиялық байқап тексеру жөніндегі қорытындыларды жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға беру жоспарлануда, олардың негізінде инспекторлар жер учаскесін топырақ құнарлылығының айтарлықтай төмендеуін туындайтындай пайдаланған жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қоюға дейінгі әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайтын болады.
ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен 4.4.1-1-кіші бөліммен толықтырылды
4.4.1-1 Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын мониторингтеу мен бағалау тиімділігін арттыру
Суармалы жерлердің өнімділігін арттыру және оларды ұтымды пайдалану үшін олардың жай-күйіне тұрақты мелиоративтік мониторинг қажет.
Қазіргі уақытта суармалы жерлердің жалпы алаңының 70 %-ы мониторингпен қамтылған. Барлық суармалы жерлерді мелиоративтік мониторингпен қамти отырып зерттелетін жерлер алаңын кеңейту қажет.
Суармалы жерлерді мониторингтеу нәтижесінде жерасты сулары деңгейінің орналасу тереңдігі, олардың минералдануы және жердің сорлану карталарын жасау болып табылады. Осы материалдардың негізінде суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін бағалау жүргізіледі және су мен жерді тиімді пайдалануды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдар әзірленеді.
26-1-кесте. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын мониторингтеу мен бағалау тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Агромелиоративтік зерттеулермен қамтылған, суармалы жерлердің алаңы, мың га
|
1467
|
1467
|
1467
|
1467
|
1467
|
1624
|
1799
|
2094
|
4.4.2. ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен 4.4.3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
4.4.3. Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» ММ (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) басты міндеті ауыл шаруашылығы дақылдарының шаруашылық құнды белгілері мен қасиеттерінің кешені бойынша ең жақсы сорттарын анықтай отырып, жаңа отандық және шетелдік селекция сорттарының шаруашылық пайдалығына мемлекеттік сынауды және патент қабілеттілігіне сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу болып табылады.
Қазіргі сәтте республикада Мемлекеттік комиссияның құрамында 12 облыстық, 3 өңірлік инспектура, 3 мемлекеттік сорт станциясы және 73 сорт сынау учаскесі жұмыс істейді.
Мемлекеттік сорт сынау учаскелерінің зертханалық, ауыл шаруашылығы (соның ішінде арнайы) техникасымен және жабдықтарымен жарақтануы проблема болып қалуда, ол қазіргі уақытта қажеттіліктен 46 % құрайды.
Мемлекеттік сорт сынау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтауды және зертханалық жабдықты жақсарту сыналатын сорттарды шаруашылық пайдалыққа және патент қабілеттілікке сапалы бағалауды жүргізуге, жүргізілетін талдаулар бойынша шынайы деректер алуға мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Сорт сынау процесінің техникалық жарақтануы оны тиімді дамытудың басты факторы болып табылады, аймақтық ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесі ұсынған барлық агротехникалық жұмыстарды толық көлемде уақытылы орындау есебінен сорт сынауды жүргізу сапасын арттырады. Бұл өндіріске енгізу үшін жоғары өнімді сорттарды анықтауға мүмкіндік береді, ол өсімдік шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, осы бағдарлама шеңберінде біліктілікті арттыру курстарын, оның ішінде шетелде ұйымдастыру, сондай-ақ шет елдерге іс-сапарларға қатысу мүмкіндігімен, сорттық сынау саласында мамандарды даярлауға ерекше назар аударылатын болады.
28-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Неғұрлым өнімді және құнды сорттарды анықтау жөніндегі сорттық тәжірибелер саны, бірлік
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
4.4.4. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту
АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру және мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызметтер көрсету бойынша қызметін жандандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру
Қазіргі заманда мемлекеттік билік органдары әлемде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында кеңінен пайдалануда.
Қазақстан аумағының үлкен екенін және ауылдық елді мекендер арасы қашық екенін ескере отырып, онда жаңа компьютерлік технологияларды қолдану АШТӨ-нің және ауыл тұрғындарының еңбек шығындарын төмендету үшін қажетті болып табылады.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласында тек екі қызмет ішінара автоматтандырылған, бұл ҚР АШМ көрсететін барлық мемлекеттік қызметтерден 4 %-ды құрайды.
Тиісінше, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету аясын кеңейтуді дамытудың Қазақстанда үлкен әлеуеті бар.
29-кесте. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі, %
|
55 (20 қызмет)
|
28 (10 қызмет)
|
17 (6 қызмет)
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі неғұрлым маңызды міндеттердің бірі билік өкілдерінің қызметтер алушылармен байланыстарын жою, сондай-ақ «жалғыз терезе» қағидатын пайдалана отырып, тұтынушы үшін қызметті алу процесін жеңілдету болып табылады.
30-кесте. Мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілген мемлекеттік қызметтердің үлесі, %
|
22 (8 қызмет)
|
14 (5 қызмет)
|
|
|
|
|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 860 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4.4.5-бөлім өзгертілді
4.4.5. Ауыл шаруашылығында техникалық реттеу жүйесін дамыту
Адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімнің қауіпсіздігін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бизнеске қысымды төмендету, нарыққа импорттық өнімнің түсуін шектеу мақсатында техникалық регламенттер қабылданған.
Техникалық регламенттер тұтынушылар үшін тұтынылатын өнім қауіпсіздігінің кепілі, ал өндірушілер, импорттаушылар мен өткізушілер үшін біріншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттің талаптарын толық қамтитын құжат болып табылады.
ЕАЭО-да АӨК саласындағы интеграциялық процестерді тереңдету және жеделдету мақсатында КО-ның 7 техникалық регламенті бекітілді, ЕАЭО-ның тағы 6 техникалық регламентін қосымша әзірлеу қажет.
ЕАЭО-ның техникалық регламенттері кедендік аумақта тікелей қолданылады және барлық бес ел үшін бірыңғай талаптар белгілейді. ЕАЭО-ның техникалық регламенттері қабылданған соң, осы техникалық регламенттің талаптарын сақтай отырып өндірілген өнімдерді ЕАЭО аумағы бойынша қандай да бір шектеусіз, құжаттарды қосымша растаусыз және қайта ресімдеусіз өткізуге болады.
Техникалық регламенттердің талаптарын орындау үшін халықаралық және еуропалық стандарттармен үйлестірілген, кейіннен мемлекетаралық стандарттар етіп қайта пысықталатын АӨК өнімдерінің түрлеріне арналған стандарттардың бірыңғай тізбелері қалыптастырылған.
Сондай-ақ республикалық ветеринариялық зертханалардың сынау зертханаларын АӨК өнімдерін бірдейлендіру үшін қажетті жабдықтармен және қосалқы материалдармен жарақтауды жүргізу қажет.
31-кесте. Ауыл шаруашылығында техникалық реттеу жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
АӨК өнімдерінің ЕАЭО техникалық регламенттеу жүйесімен қамтылу үлесі, %
|
58,3
|
75
|
83,3
|
91,7
|
100
|
-
|
-
|
-
|
4.4.6. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру
Мемлекет басшысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлерге АӨК-дегі мемлекеттік органдар тарапынан тексерулерді жоспарлауды жүйелендіру және олардың санын азайту бөлігінде әкімшілік қысымды төмендету мақсатында ҚР АШМ мыналарды жоспарлап отыр:
Алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру:
1. алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру бұзушылықтарды анықтаған кезде бақылау - қадағалау жүйесінің акценттерін әкімшілік жазаларды салудан нұсқамалар беруге көшіруді көздейді.
2. нұсқамаларды қолдану бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды нұсқамада белгіленген мерзімдерде уақытылы жоюға және тиісінше әкімшілік жаза салудан құтылуға мүмкіндік береді.
32-кесте. Алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Өсімдік шаруашылығы және фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін берілген нұсқамалардың орындалу үлесі
|
85
|
87
|
88
|
89
|
90
|
91
|
92
|
95
|
2
|
ҚР ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін берілген нұсқамалардың орындалу үлесі
|
86
|
88
|
89
|
90
|
91
|
92
|
93
|
96
|
тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізу процесін автоматтандыру
Қазіргі уақытта тексерулер жоспары тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып жасалады, яғни тексерулерді жүргізу критерийлері айқындалған, бақылау және қадағалау субъектілері тәуекел топтары бойынша бөлінген, әрбір тәуекел тобы үшін тексерулер жүргізу кезеңділігі айқындалған.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта тексерулер жоспарларын қалыптастыру кезінде субъективті тәсілді қолдану ықтималдылығы бар. Жоспарларды қалыптастыру кезінде субъективизмді барынша болдырмау үшін бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізуді тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып автоматтандыру ұсынылады.
33-кесте. Тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізу процесін автоматтандыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығы және фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы тексерулер жоспарына енгізілген субъектілерді қамту үлесі, %
|
|
|
50
|
60
|
70
|
80
|
90
|
100
|
2
|
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы тексерулер жоспарына енгізілген субъектілерді қамту үлесі, %
|
|
|
50
|
70
|
80
|
90
|
100
|
100
|
4.4.7 Органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау
Республикада органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту, сондай-ақ органикалық өнімнің экспорттық әлеуетін іске асыру үшін органикалық өнімді өндіру және сертификаттау жүйесінің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау қажет.
Органикалық өнімді өндіру мен өткізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мәселесін зерделеу бірінші кезектегі мәселе болып табылады.
Органикалық ретінде таңбаланған тауарлар мен шикізатқа тұтынушылардың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында органикалық өнімді өндірудің барлық кезеңдерінде бақылау жүйесін, органикалық өнім өндіруді, қайта өңдеуді инспекциялау және сертификаттау, өндіріс субъектілерін тіркеу рәсімдерін енгізу қажет.
Органикалық өнімдер өндіруді мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірлеу талап етіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750
Достарыңызбен бөлісу: |