Қаулысымен 4.2.8-міндет жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4.2.8. Білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелері мен консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
Агробизнес субъектілеріне АӨК-дегі заманауи технологиялар мен озық ғылыми әзірлемелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында отандық аграрлық ғылым жүйесін реформалау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Реформалаудың түпкілікті мақсаты АӨК-де білімді генерациялау мен бәсекеге қабілетті инновацияларды таратудың орнықты жүйесін құру болып табылады.
Отандық аграрлық ғылымды реформалаудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші және экспорттаушы жетекші елдердің үлгісі бойынша салалық және ЖОО ғылымы арасындағы тығыз өзара іс-қимылға, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен агробизнес субъектілері арасындағы өзара іс-қимыл жасаудың тиімді тетіктерін қолдана отырып әлемдік ғылыми жүйеге ықпалдасуға бағдарланған ауыл шаруашылығы зерттеулерін басқарудың жаңа жүйесін құру;
2) ұлттық ауыл шаруашылығы зерттеулері жүйесін мемлекеттік қаржыландыруды технологиялық көшбасшы елдердің деңгейіне дейін - саланың жалпы өнімінен кемінде 0,1 %-ға жеткізу;
3) аграрлық ғылымға дарынды жастарды тартуға және неғұрлым перспективалық ғылыми қызметкерлердің әлеуетін кәсіби іске асыру үшін жағдайлар жасауға ықпал ететін жаңа кадрлық саясат;
4) зерттеулердің сапасын арттыру, АӨК дамытудың басым бағыттары бойынша меншікті технологиялық платформаларды қалыптастыру мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименталдық ұйымдардың инфрақұрылымын кезең-кезеңмен жаңғырту.
Ғылыми зерттеулер нәтижелерінің нәтижелігін, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында отандық аграрлық ғылым мен білімді реформалау және дамыту мақсатында іс-шараларды қаржыландыру бойынша мемлекет қажетті жағдайлар жасайтын болады.
АӨК салаларын ғылыми қамтамасыз ету проблемаларын шешу және жүргізілетін зерттеулердің шашыраңқылығын болдырмау, міндеттер қоюда кешенді тәсіл қолдану, АӨК саласындағы ғылыми зерттеулерді бірыңғай үйлестіру үшін Аграрлық ғылым жөніндегі ұлттық ғылыми кеңес құру жоспарлануда.
Үздік әлемдік баламаларға сәйкес келетін нәтижелері бар АӨК саласындағы озық білімдерді генерациялау мен таратудың жаңа ғылыми-инновациялық жүйесін қалыптастыру үшін халықаралық деңгейдегі пәнаралық ғылыми білім беру кешенін құру бойынша жұмыс жалғастырылады.
ҒЗТКЖ нәтижелерінің практикада қолданылуын арттыру және оларды АӨК субъектілерінің іс жүзіндегі қажеттіліктеріне бағдарлау мақсатында зерттеулердің тақырыптамаларын қалыптастыру кезінде зерттелетін тақырыптамаға кешенді тәсілді, нәтижелерді тәжірибеге енгізуді және қажетті біліктілігі бар ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі іс-шараларды көздейтін ғылыми-техникалық бағдарламалар іске асырылатын болады.
Ауыл шаруашылығында қолданбалы зерттеулерді агробизнес субъектілерінің ортақ қаржыландыруын ынталандыру жөніндегі ұсыныстар әзірленетін болады.
Ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігінің негізгі критерийі қойылған нәтижелерге қол жеткізуге агробизнестің ең қолайлы қатысуы арқылы олардың идеядан коммерциялау сатысына дейін жеткізілуі болып табылады.
Зерттеулердің нәтижелерін тиімді коммерциялауға дейін жеткізу мақсатында тәжірибелік және эксперименталдық жұмыстардың әдістері мен ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сынақтар, тәжірибелі тексерулер жүргізілуі қажет. Бұл үшін өндіріске жаңа технологияларды енгізу бойынша шаралар шеңберінде ғылыми ұйымдар зертханаларының аспаптық жиынтығын жаңарту жөніндегі іс-шаралар іске асырылады, Қазақстан Республикасында перспективалық және пайдалануға рұқсат етілген отандық сорттар мен гибридтердің бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту үшін селекциялық-тұқымдық техниканы жаңарту бойынша шаралар іске асырылған болатын, өйткені аграрлық ғылымның ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының моральдық ескіруі орын алуда.
Өсімдік шаруашылығындағы өнімділіктің тұрақтылығын арттыру мақсатында қуаң өңірлерде ресурсты үнемдеу және нөлдік технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша зерттеулер көзделетін болады.
Өндірісті экологиялық таза және қауіпсіз өнімдермен қамтамасыз ететін органикалық егіншілік қағидаттарында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп өсіру бойынша зерттеулер жүргізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарын арттыру мақсатында «жасыл» экономикалық тиімді агротехнологияларды әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді сорттары мен будандарын құру бойынша және оларды өсірудің қарқынды технологиясын әзірлеу бойынша зерттеулер ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатуға бағытталатын болады.
Ауыл шаруашылығындағы ғылыми зерттеулерді кеңейту жөніндегі шаралар шеңберінде қуаңшылыққа төзімді гендік түрлендірілген дақылдардың (бидай, мақта, соя, рапс, жүгері) мәселелерін зерделеу бойынша зерттеу жүргізілетін болады. Жануарларды жемшөппен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қуаңшылыққа төзімді жемшөптік дақылдар іріктеледі.
Инновациялық қызметті дамыту және технологиялық жаңартуға жәрдемдесу мақсатында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімді перспективада арттыруға бағытталған нысаналы технологиялық бағдарлама іске асырылатын болады. Бағдарламаны іске асыру ғылымның, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл жасауына негізделген.
АӨК-те жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды іске асыру шеңберінде нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігі арқылы технологиялық болжау қорытындылары бойынша мынадай сыни технологиялар: топырақтың құнарлығын молайту, прогрессивтік суару жүйелері, мал шаруашылығын қарқынды дамыту технологиялары, ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу технологиялары, инженерлік энзимология, жасушалық және гендік селекция, жасушалық және молекулярлық инженерия, биопрепараттар жасау технологиялары, өнімнің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері дамытылады.
АӨК бойынша нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысатын уәкілетті орган нысаналы технологиялық бағдарламаларды және басқаларды іске асыру тетігін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізгеннен кейін ғана басталады.
Білім беру қызметтері мен аграрлық ғылым нәтижелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа технологиялар мен отандық әзірлемелерді енгізу тетіктері, соның ішінде, агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу, білім тарату жүйелері қызметтерімен АӨК субъектілерін қамтуды кеңейту арқылы жетілдіріледі.
Кадрмен қамтамасыз ету саласында кадр даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру жүргізіледі, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жалғасады.
АӨК өндірістік ұжымдарында кәсіптік стандарттарды енгізуді және оларды түзету бойынша ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Аграрлық мамандықтар бойынша кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру стандарттары жаңартылады. Жұмыс берушілердің қатысуымен тәуелсіз агроөнеркәсіптік кешен мамандарының біліктілігін сертификаттау орталығы құрылады.
64 ел мен ұйымнан 15 халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарын қамтитын Халықаралық ауыл шаруашылығы зерттеулерінің кеңестік тобымен (бұдан әрі - ХАШЗКТ) шетелдік агротехнологияларды алу (трансферт), генетикалық материалмен алмасу, мамандарды озық технологияларға, халықаралық ғылыми ортадағы әдістемелерге және ықпалдасуға оқыту саласында ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда.
АӨК субъектілері мен мемлекеттік құрылымдар, аграрлық ғылым мен кәсіптік білім беру жүйесі арасында тиімді кері байланысты қолдау мақсатында білім тарату жүйесінің шеңберінде АШТӨ-ге тегін консультациялық көмек көрсету жалғастырылады.
23-кесте. Білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с №
|
Көрсеткіш атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
АӨК-те практикада қолданылатын отандық ғылыми әзірлемелер саны, бірлік
|
0
|
0
|
17
|
20
|
22
|
24
|
26
|
28
|
2
|
Білімді тарату жүйесінің қызметтерімен қамтылған АӨК субъек тілерінің саны, адам
|
2375
|
10
65
|
11
535
|
12
855
|
14
300
|
15
570
|
17
190
|
20
510
|
3
|
Агротехнологиялар трансферті мен коммерцияландыру жөнінде іске асырылған инновациялық жобалардың саны, бірлік
|
2
|
12
|
15
|
18
|
214
|
24
|
27
|
30
|
4.3. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту
Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:
1) фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;
2) ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту.
ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен 4.3.1-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
4.3.1. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту
Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи жабдықтарды қолдана отырып, карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мониторингін уақтылы жүргізу, олардың таралу болжамын жасау, карантиндік зиянды организмдердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі және зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы күресу жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін олардың таралу координаталарын айқындау қажет.
Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту үшін өсімдіктер карантині және аумақтың фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау процестерін біріздендіру мен стандарттауды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және қалыптасқан практикасын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді жүйелі талдауды (бұдан әрі - ФТТ) жүргізу қажет. Алайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ФТТ жүргізу функциялары тапсырыс негізінде жүзеге асырылады, жүйелі зерттеулер жүргізілмейді. Осыған байланысты, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі үш мемлекеттік мекеменің (Республикалық карантиндік зертхана, Интродукциялық-карантиндік жеміс-жидек дақылдары питомнигі және Интродукциялық-карантиндік дәнді дақылдар питомнигі) бар болуын ескере отырып, осы ұйымдарды біріктіру және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің функцияларын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын арттыра және еңбекақы төлеуді тиісінше көтере отырып, осы мемлекеттік мекемеге ғылыми-әдістемелік мәртебе беру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Зиянкестерді, арамшөптерді және өсімдіктер ауруларын зерттеу зертханаларын заманауи, мысалға, амплификатор сияқты жабдықтармен жарақтау жөніндегі нормативтер әзірленетін болады.
Өсімдік карантині бойынша іс-шараларды жүргізу және аса қауіпті зиянды организмдердің күтпеген жаппай таралуын жоюға арналған пестицидтер (ядохимикаттар) қорын сапалы және қауіпсіз сақтау мақсатында қажетті нормалар мен талаптарға сәйкес қойманы жобалау және кейіннен салу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
«Е-Agriculture» бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі пысықталып, фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен толықтырылатын болады.
Ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы күресудің қауіпсіз әдістерін енгізу мақсатында мақта, көкөніс, жеміс, жүзім мен басқа дақылдардың қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық күресу әдісін енгізуге арналған нормативтер әзірленетін болады.
АШТӨ, өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігі және табиғи мекендеу орындары, сондай-ақ экожүйелер үшін карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдерден төніп тұрған көптеген жерлердегі және күшейіп келе жатқан қатерлер республиканың өсімдіктерді қорғау және карантині қызметі үшін басты проблема болып қалуда. Жаңа зиянды организмдер тұрақты түрде өзгеруде немесе белгілі зиянды организмдер климаттағы өзгерістерге байланысты неғұрлым көп таралуда және залал келтіруде, сондықтан да карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдерге қарсы күресу жалғастырылатын болады.
Елдің фитосанитариялық салауаттылығының күтілетін өзгерісін сипаттайтын негізгі индикативтік көрсеткіш карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу ауданының көрсеткіштері, химиялық өңдеулерді жүргізу ауданы және оның тиімділігі болып табылады.
Химиялық өңдеу тиімділігін жыл сайын 0,2 %-ға арттыру кезінде карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу қаупінің коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88-ді құрайды.
Сондай-ақ, фунгицидтерді сатып алуға арналған АШТӨ шығындарын ықтимал субсидиялау бөлігінде өсімдік ауруларына қарсы күреске бағытталған іс-шараларды қаржыландыру рәсімін қайта қарау мәселесін пысықтау қажет.
24-кесте. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу қаупінің коэффициенті
|
1,02
|
1,00
|
0,98
|
0,96
|
0,94
|
0,92
|
0,90
|
0,88
|
ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен 4.3.2-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
4.3.2. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту
Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің негізгі басы жеке қосалқы үй шаруашылықтарында, ұсақ тауарлы, фермерлік және кооперативтік шаруашылықтарда шоғырланған қазіргі заманғы республиканың мал шаруашылығын дамыту жағдайларында инфекциялық және инвазивтік ауруларды жою проблемасының өзектілігі едәуір өсті.
Ветеринариялық саланың проблемаларын толыққанды шешуге республика, өңірлер (соның ішінде жеке фермерлік шаруашылықтар) ауқымында жануарлардың инфекциялық және жаппай жұқпалы емес ауруларының алдын алу, профилактикасы және жою, сондай-ақ осы саладағы ветеринариялық бақылау мен қадағалауды күшейту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу ықпал етеді.
Мемлекеттегі тұрақты эпизоотиялық ахуал республиканың ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамытудың негізі болып табылады. Сондықтан да ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың негізгі мақсаты ел аумағының орнықты ветеринариялық-санитариялық салауаттылығын қамтамасыз ету және түпкі тұтынушы, яғни адам үшін тамақ өнімінің қауіпсіздігі болып табылады.
25-кесте. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Өндірісі халықаралық стандарт бойынша сертификатталған ветеринариялық препараттарды пайдалана отырып, жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына диагностикалық зерттеулер үлесі, %
|
7
|
20
|
65
|
80
|
80
|
80
|
80
|
80
|
2
|
Өндірісі халықаралық стандарт (соның ішінде GMP-стандарты) бойынша сертификатталған жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына қарсы қолданылатын иммундық-профилактикалық ветеринариялық препараттар үлесі, %
|
25
|
30
|
40
|
67
|
70
|
70
|
70
|
70
|
3
|
Мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі, %
|
|
0,13
|
0,18
|
0,22
|
0,27
|
0,32
|
0,36
|
0,40
|
Осы көрсеткіштерге қол жеткізуді жүйелі диагностикалық, емдеу-профилактикалық және жою іс-шараларын жүргізу есебінен, сол сияқты осы іс-шараларды жүргізу тиімділігін жақсартуға бағытталған жаңа бастамалар және жалпы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Халықаралық эпизоотиялық бюро (бұдан әрі - ХЭБ) мақұлдаған және келіскен ҚР ветеринариялық қызметін ұзақ мерзімді дамыту стратегиясы әзірленді, оның шеңберінде ХЭБ ұсынымдарын ескере отырып, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шараларды өткізу стратегиясын қайта қарауға бағытталған іс-шаралар көзделген. Бұл үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын (аусыл, бруцеллез, құтыру, эхинококкоз және басқалары) бақылау, алдын алу, жою жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленетін болады. Бұдан басқа, осы іс-шараларды жоспарлау ел аумағын аймақтауды ескере отырып, эпизоотиялық қадағалау жүйесін енгізумен, енжар және белсенді бақылауды, математикалық модельдеу мен болжауды (бұдан әрі - ГАЖ-бағдарлама) қосумен қатерлерді талдау, бағалау және басқару қағидаттарына негізделетін болады. Бұдан басқа, жануарлардың аса қауіпті ауруларына, соның ішінде бруцеллезге қарсы ерекше иммунитеттік алдын алуды пайдалану мүмкіндігі көзделетін болады. Аусылға қарсы вакцинациялау алдын алу шарасы ретінде іске асырылады және осы ауру таралған немесе көршілес қолайсыз елдерден әкелу қаупі болған жағдайда буферлік аймақты айқындау жолымен одан әрі таралуын алдын алуға бағытталатын болады. Сондай-ақ аумақ бойынша инфекция қоздырғышының айналымын айқындау үшін жалпы ел бойынша аусыл вирусының құрылымдық емес ақуызының болуына серологиялық мониторинг көзделген. Қажет болған жағдайда, вакцинациялаумен осы әкелуден бос аумақ мәртебесін алу үшін республиканың барлық өңірлерінде сезімтал жануарларды вакцинациялау жүргізілетін болады. Сондай-ақ осы стратегияның шеңберінде Орталық Азия өңірінде аусылды бақылау жөніндегі ХЭБ үйлестіру орталығы және елдің бенефициарларына арналған вакциналар банкі құрылады.
Зертханалық жүйеде ХЭБ ұсынатын зерттеу әдістеріне көше отырып, сынамаларды математикалық дұрыс іріктеу жүйесін енгізу және диагностикалық зерттеулерді жарақтандыруды және мамандарының біліктілігін ескере отырып аудандық деңгейде жүргізу есебінен диагностикалық зерттеулер санын оңтайландыру жүргізіледі.
Бұдан басқа, алдын алу іс-шараларын жүргізу тиімділігінің негізіне отандық биоөнеркәсіпті кезең-кезеңімен дамыта отырып, халықаралық, соның ішінде GMP/GLP стандарттарына сәйкес келетін ветеринариялық диагностикалық және иммундық алдын алу препараттарын пайдалану жүйесі қаланады, оған әлемнің алдыңғы қатарлы өндірушілері қатысатын болады.
Сондай-ақ, мамандандырылған инсинераторларды жергілікті деңгейде, әрбір аудан орталығында және ауылдық округте пайдалана отырып, биологиялық қалдықтарды, жануарлардың өлекселерін, ветеринариялық препараттарды және диагностикумдарды жоюдың халықаралық практикасы енгізіледі.
Қосымша ветеринариялық-санитариялық профилактикалық, диагностикалық және жою іс-шараларын сәтті жүргізу үшін ветеринариялық ұйымдарды (мемлекеттік ветеринариялық зертханалар, эпизоотияға қарсы жасақтар, ветеринариялық станциялар және пункттер) материалдық-техникалық жабдықтау, сондай-ақ ветеринария саласындағы объектілерді салу (ветеринариялық зертханалар, ветеринария бойынша референттік орталық үшін зертханалық корпус, ветеринариялық препараттардың мемлекеттік қорын сақтау үшін арнайы қойма құрылыстары, виварийлер және басқалар) жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесін жолға қою, жануарлардан алынатын өнімнің мониторингін және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның жоқ болуына жануар иесінің жауапкершілігін арттыра отырып, мал иесіне рәсімді мемлекеттік қаражат есебінен ақысыз негізде жүргізу көзделеді. Бұдан басқа, бірдейлендіруге арналған бұйымдарды, құралдар мен атрибуттарды ICAR тіркелген АШТӨ-ден орталықтандырылған сатып алу жөніндегі функцияларды бекітіп беру жолымен процессингтік орталықтың рөлі күшейтіледі. Ақпараттық жүйелерді енгізумен ветеринариядағы процестерді тиімді басқару, өнімді «фермадан үстелге дейін» қағидатының негізінде өмірлік циклінің жалпы тізбегі бойынша бақылау және байқау мүмкін болады.
ҚР Мемлекеттік шекарасында инспекциялық бақылауды күшейту
үшін мамандандырылған өткізу пункттерін (жануарларға арналған өткізу пункттері, жануарлардан алынған өнім мен шикізатқа арналған пункттер) айқындау және оларды материалдық-техникалық жарақтау талап етіледі.
Тамақ өнімдерін өндіру объектілерінде, мал шаруашылығы объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды қатерлерді айқындау тәсілдері мен әдістерін ескере отырып жүргізу талап етіледі. Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалдық заттардың болуына тамақ өнімдерінің мониторингі жүргізілетін болады, бұл түпкі тұтынушы үшін мал шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігін арттырады.
Ветеринариялық ғылымдағы проблемаларды шешу үшін ХЭБ, ФАО және жалпы әлем бойынша жетекші ғылыми-зерттеу ветеринариялық орталықтарымен ынтымақтастық жөнге келтіріледі және ветеринариялық ғылыми ұйымдарды заманауи жабдықпен материалдық-техникалық жарақтандыру жүргізіледі.
Бұдан басқа, осы бағдарлама шеңберінде ұлттық тізілімді құру, біліктікті жоғарылату курстарын, соның ішінде шетелде ұйымдастыру мүмкіндігімен ветеринариялық мамандарды даярлауға, халықаралық тәжірибені ескере отырып, оқыту бағдарламаларын қайта қарауға және тренингтер мен экстенши-курстар үшін халықаралық сарапшыларды тартуға ерекше назар аударылады. Ветеринариялық қызметтің тартымдылығын арттыру үшін жалақы деңгейін көбейту және ветеринариялық қызметкердің әлеуметтік мәртебесін көтеру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Ұлттық нормативтік блокты халықаралық талаптармен үйлестіру үшін ветеринариялық заңнаманы ХЭБ және ФАО ұсынымдарын ескере отырып жетілдіруге ерекше назар аударылады, онда өткізілетін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың қауіпсіздігі үшін кәсіпкерлік субъектісінің жауапкершілігін арттыру көзделеді. Осы жұмыс шеңберінде «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылау белгіленеді.
Сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілердің орнын ауыстыру, зооантропозоондық аурулардың пайда болуы туралы және шектес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуалдың нашарлауы туралы уақытылы ақпараттандыруды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен үйлестіру күшейтіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750
Достарыңызбен бөлісу: |