Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы №151 Қаулысы


Қаулысымен 4.2.5.-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара



бет7/19
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#133049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Қаулысымен 4.2.5.-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

4.2.5. Ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу өнімдерінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласын дамыту, өндірілетін өнім сапасын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеумен және дайын өнім өндірумен байланысты шығындарды субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдау көзделеді.

Мемлекет тарапынан жасалатын осы қолдау отандық өңдеу кәсіпорындарын Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) елдерінің кәсіпорындарымен тең жағдайға қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнім өндірісі көлемінің ұлғаюы, ішкі тұтынудағы сүттің, қант қызылшасының және жүгері дәнінің терең өңдеу өнімдері бойынша импорт үлесінің қысқаруы және кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне оң әсер етуі күтіледі, бұл тұтас алғанда, АӨК-тің өндеу саласын дамытуға да оң әсерін тигізеді.

 

19-кесте. Ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімдерінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

 


Р/с



Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған өндірілген өнім көлемі, мың тонна, оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

- құрғақ сүт

-

3,2

3,4

3,7

3,9

4,2

4,5

4,8

- сары май

-

15,7

17,2

18,9

20,8

22,9

25,2

27,7

- ірімшіктер

-

7,0

7,4

7,7

8,1

8,5

8,9

9,4

- қызылшадан алынған қант

-

51,6

54,1

57,4

61,8

67,3

72,4

-

 

- крахмалдық сірне

-

-

-

25,3

33,7

33,7

33,7

33,7

 

ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 860 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4.2.6-кіші бөлім өзгертілді



4.2.6. Қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру

4.2.6. Кредиттер мен лизингтің экономикалық қолжетімділігін арттыру

Агробизнесті тұрақты жүргізу үшін АӨК субъектілеріне (ауыл шаруашылығы техникаларының лизингін қоса алғанда) негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдағы қаражатын толықтыруға қаражат қажет, олар негізінен қаржы институттарының қарыз қаражаты есебінен тартылады. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігінен (табиғат жағдайларына тәуелділік, экономиканың басқа салаларымен салыстырғандағы төмен өнімділік және рентабельділік) қаржы институттары АШТӨ-ге жоғары сыйақы ставкаларымен қысқа мерзімді кредиттер береді.

Осылайша, ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2006 - 2011 жылдар кезеңінде АӨК субъектілеріне берілген кредиттер бойынша орташа пайыздық сыйақы ставкасы 12-16 %-ды, ал экономиканың басқа секторларында 10-13 %-ды құрайды.

Нәтижесінде АӨК субъектілері негізгі және айналым қаражатты толықтыруға арналған кредиттер бойынша жоғары сыйақы төлейді, бұл өнім бірлігін өндірудің өзіндік құнының артуына әкеліп соқтырады және оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

АӨК субъектілері үшін қаржылық жүктемені төмендету проблемасын шешу мақсатында АӨК субъектілеріне (соның ішінде дәнді, майлы және бұршақты дақылдар өндірумен айналысатын) берілген лизинг пен кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау көзделетін болады.

Ауыл шаруашылығының техникамен жарақтануының қазіргі деңгейі оның тиімді дамуын тежеуде. Осының барлығы маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен сапасына теріс әсер етеді. Қажетті техникасының, жабдықтарының жоқтығынан, арзан және ұзақ мерзімді кредит ресурстарына қанағаттанарлықсыз қолжетімділіктен АӨК субъектілері ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өндеуде оңайлатылған технологияларды қолдануға мәжбүр. Ауыл шаруашылығы техникасының, қосалқы бөлшектердің, жабдықтардың жоғары құны, банктік кредиттердің/лизингтердің қысқа мерзімділігі АШТӨ басым көпшілігіне негізгі құралдарын жаңартуға мүмкіндік бермейді.

Негізгі құралдарды сатып алуға бағытталатын кредиттік қаражаттың негізгі көлемі ЕДБ-нің және лизингтік компаниялардың қарыз (тартылған) және меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Кредиттің/лизингтің 12-15 % орташа сыйақы ставкасын ескере отырып, шаруа 7-9 жылда іс жүзінде жабдықтың/техниканың екі құнын төлейтіні шығады. Бұл ретте, АШТӨ-ге берілген кредиттер бойынша ЕДБ белгілейтін қайтару мерзімдері ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігіне сәйкес келмейді, салымдардың ұзақ өтелуімен айрықшаланады.

Осыған байланысты, аграрлық секторда берілген кредиттердің 42 %-ы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес акционерлік қоғамдарына келетін ахуал қаржылық нарықта қалыптасқан.

ЕДБ-нің, микрокредиттік ұйымдардың және кредиттік серіктестіктердің АӨК жобаларын қаржыландыруға аз қатысуы оларда ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің жоқ болуымен және саланың жоғары кредиттік тәуекелдерімен түсіндіріледі.

Аталған проблеманы шешу үшін Германия тәжірибесін қолдану және АӨК субъектілері үшін қолайлы шарттармен АӨК жобаларын одан әрі қаржыландыруы үшін ЕДБ-ні қорландыруға «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржы институттарын пайдалану ұсынылады.

Осылайша, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржы институттары АӨК субъектілеріне тікелей кредит беруді кезең-кезеңмен қысқартады, меншікті және тартылған қаражат негізінде ЕДБ-ні, микрокредиттік ұйымдарды және кредиттік серіктестіктерді қорландыруды жүзеге асырады. Бұл дамыған филиалдық желісі бар банктік инфрақұрылымды пайдалана отырып, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ АӨК субъектілеріне тіркелген қолайлы мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімге қарыздар, сондай-ақ банктік көрсетілетін қызметтердің толық спектрін алуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша пайыздық ставканы субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік қолдаудың осы түрі бойынша оператор ретінде жұмыс істейтін ұйым тартылатын болады.

 

20-кесте. Кредиттер мен лизингтің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

 


Р/с



Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Лизингті қоса алғанда, сыйақы ставкаларын субсидиялау есебінен АӨК субъектілеріне берілген кредиттер сомасы, млрд. теңге

100

326,6

457,3

600,3

747,2

886,8

951,0

1 020,9

2

ЕДБ-ні, микрокредиттік ұйымдарды және кредиттік серіктестіктерді қорландыру есебінен АӨК субъектілері алған кредиттер сомасы, млрд. теңге

3

5

8

12

14

16

18

20

3

Ауыл шаруашылығы техникасының жалпы паркіндегі жаңартылған ауыл шаруашылығы техникасының үлесі, %, оның ішінде

 

 

 

 

 

 

 

 

5-8 тартым сыныбының тракторлары

 

49,9

47,0

44,4

42,0

39,8

37,8

36,0

3 және төмен тартым сыныбының тракторлары

 

55,8

51,0

47,0

43,1

39,7

36,6

33,9

астық жинау комбайндары

 

56,6

52,2

48,4

44,8

41,6

38,7

36,1

егу кешендері және сепкіштер

 

48,7

44,8

41,6

38,4

35,6

33,1

30,9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.2.6.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру арқылы кредиттердің экономикалық қолжетімділігін арттыру



Қазіргі уақытта АӨК шағын және орта субъектілерінің шамамен 30 %-ы тиісті өтімділігі жоғары кепілзатын қамтамасыз етудің жоқ болуынан және сенімсіз қаржылық жағдайынан қаржыландыруға қол жеткізе алмауда.

Дәл осы проблеманы аграрлық өндірістегі жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін қарыздарды мемлекеттік кепілдендіру мен сақтандыруды енгізу жөніндегі міндетті қоя отырып, Мемлекет басшысы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Осыған байланысты, АӨК субъектілері үшін кредит ресурстарының қолжетімділігін және АӨК-ні белсенді қаржыландыру процесіне қаржы институттарын тартуды қамтамасыз ету мақсатында АӨК субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру жүйесі енгізілетін болады.

 

21-кесте. АӨК субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру арқылы кредиттердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш

 


Р/с



Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Қаржы институттары АӨК субъектілеріне қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру жүйесі арқылы берген кредиттер сомасы, млрд. теңге

105,9

142,2

182,4

223,1

270,2

322,1

375,1

 

ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750 Қаулысымен 4.2.7-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)



4.2.7. Басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру

Азық-түлікке өсіп жатқан жаһандық сұранысты ескере отырып, ауыл шаруашылығын ауқымды жандандыру шеңберінде Қазақстанның АӨК-сін дамытудың басты міндеттерінің бірі жаңа өндірістік қуаттар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге инвестициялар тартуды ынталандыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту болып табылады. Қазіргі уақытта «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының жеңілдікпен кредит беру өнімдері бар және мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде негізгі және айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін өтеу қолданылады.

Сонымен бірге, көрсетілген құралдар ауыл шаруашылығы субъектілерін АӨК-нің басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді ынталандыру үшін жеткіліксіз.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың капитал сыйымдылығын және өзін-өзі ақтау мерзімдерін төмендету үшін АӨК-нің басым секторларында жаңа өндірістік қуаттар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде шығыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдықтар, ауыл шаруашылығы және арнайы техникалар сатып алу) ішінара өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау енгізілетін болады. Жылдар бойынша сандық көрсеткіштері көрсетілген инвестициялық субсидияларды бөлу үшін басым инвестициялық бағыттардың тізбесі осы Бағдарламаға 2-қосымшада ұсынылған.

 

22-кесте. Басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш

 


Р/с



Көрсеткіш атауы

Жылдар

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Инвестициялық субсидиялау есебінен тартылған инвестициялар көлемі, млрд. теңге

100

115,3

73,4

77,9

66,8

69,2

73,1

 

ҚР Үкіметінің 2014.30.06. № 750



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет