Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №258 Қаулысы



жүктеу 6.18 Mb.
бет1/47
Дата22.02.2016
өлшемі6.18 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 17.04.2014 11:46:02
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 258 Қаулысы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2014 жылғы 26 наурыздағы

258 қаулысымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

 

1. Миссиясы мен пайымы

 

Миссиясы: бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

Пайымы: жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, зиялы халық.

 

 

2. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері



 

1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету

Білім - елдің зияткерлік капиталын қалыптастырушы стратегиялық ресурс. Осыған байланысты білім Қазақстанның барлық даму стратегияларында аса маңызды басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.

Президент Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында білімді тағы да еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі жөніндегі жұмыстың басым бағыттарының бірі ретінде белгілеп берді.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 9 бұйрығымен Білімнің, ғылымның және жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру жөніндегі 2014 - 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Дамудың басым бағыттарының жоспары) бекітілді.

Жоспарда Мемлекет басшысы алға қойған сапасы және қолжетімділігі бойынша қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне сай келетін бәсекеге қабілетті және ұтқыр білім беру жүйесін құру міндеттін іске асыру жөніндегі тактикалық іс-қимылдар айқындалған.

 

 

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту



 

Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың маңыздылығын арттыру жалпыәлемдік үрдістер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейінде білімді жақсы меңгереді және өмірде табыстырақ болып табылады.

Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2013 жылмен салыстырғанда 1,9 %-ға өсті және 1-6 жастағы балалардың 48,8 %-ын, ал 3-6 жастағы балалардың 73,4 %-ын құрайды, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90-100 %- ға жетеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға кезектің жыл сайын өсуі бала туу есебінен еліміз бойынша орта есеппен 19,9 %-ды құрайды. Бұдан басқа, бес өңірде бала туу және көші-қон факторларына байланысты бұл көрсеткіш 24,3 %-ды құрайды: Оңтүстік Қазақстан облысында - 46,1 %, Жамбыл облысында - 10,4 %, Алматы қаласында - 23,1 %, Астана қаласында - 10,1 %.

Балабақшаларда 100 орынға орта есеппен 112 баладан келеді, оның ішінде қалаларда - 118. Қалалық жерде балабақшалармен 47,7 % (313,8 мың бала), ауылдық жерде - 31,8 % (160,1 мың бала) қамтылған.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инклюзивті білім беру лайықты дамымай тұр. Мүмкіндігі шектеулі 138,5 мың баланың 44,8 мыңы немесе 32,3 %-ы - мектепке дейінгі жастағы балалар. Оның ішінде 8,1 мыңы - 0 - 3 жастағы, 36,7 мыңы - 3 - 6 жас аралығындағы балалар.

Арнайы мектепке дейінгі бағдарламалармен 27406 (61 %) бала оқытылуда.

Мәселен, 0-ден 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді медициналық тексеру кезінде олардың дамуындағы проблемаларды анықтау 5,8 %-ды құрайды (2013 ж. - 8065, 2012 ж. - 8416), бұл түзету-дамыту көмегін көрсету және мүгедектіктің алдын алу нәтижелеріне әсер етеді.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдармен қатар жеке меншік балабақшалар да ашылуда, егер 2011 жылы олардың саны 449 болса, қазіргі уақытта - 898.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқытудың қазіргі заманғы бағдарламалары мен әдістемелерін, білікті кадрларды ұсына отырып, 2020 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 100 %-ға жеткізу жоспарлануда.

Мектепке дейінгі білім берудегі негізгі міндеттердің бірі мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы проблемаларын тиімді шешуге ықпал ету болып табылады. Осыған байланысты, озық халықаралық және үздік отандық тәжірибелер ескеріле отырып, мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары (бұдан әрі - МЖБС) және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламалары жаңартылуда.

Қазіргі таңда республикамыздың мектепке дейінгі ұйымдарында 90-нан астам атауды қамтитын әдістемелік кешендері бар «Балбөбек», «Қайнар», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары пайдаланылады.

Англия, Голландия, Австралия, Жаңа Зеландияның мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жұмыс тәжірибесі ата-аналарды балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне тартудың тиімділігін көрсетті. Аталған жұмыс нысаны республикамыздың жекелеген өңірлерінде ата-аналарға арналған консультациялық пункт түрінде сәтті енгізіле бастады. Бүгінгі таңда республикада отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ететін, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беретін, мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалардың жан-жақты тұлғалық дамуына қолдау көрсететін 2 мыңға жуық ата-аналарға арналған консультациялық пункттер жұмыс істейді.

Негізгі проблемаларды талдау

Мектепке дейінгі білім беруге толық қолжетімділік қамтамасыз етілмеген. Мектепке дейінгі орындарға қажеттілік 487,9 мың адамды (2012 жылы - 406,6 мың адам) құрайды. Бұл демографиялық, көші-қон, экономикалық факторлармен байланысты.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы проблемасын шешу мақсатында Мектепке дейінгі ұйымдарды енгізу мен ашудың 2014 - 2020 жылдарға арналған қадамдық жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес 480 мыңнан астам орынның ашылуы қамтамасыз етіледі, бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 80 %-ға, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100 %-ға дейін қамтуға мүмкіндік береді.

Балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен нысандардың қазіргі заман талабына сәйкес келмейтіндігі, мектепке дейінгі білім беруге инновациялық технологияларды енгізуде жүйеліліктің жоқтығы орын алуда. Бағдарламалық-нысаналы іс-әрекеттің болмауы жағдайында сапалы білімге қол жеткізудегі теңсіздік күшейе түсетін болады, бұл қалыптасатын әлеуметтік теңсіздікті күшейте түсетін факторлардың бірі болмақ. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін стратегиялық даму жоспарына сәйкес тұрған жері мен отбасы табысына қарамастан, барлық балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға мүмкіндік берілуі тиіс.

Осыған байланысты, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіне жаңа оқу-әдістемелік кешендер мен технологияларды әзірлеу, сынамалау және енгізу, қолданыстағы бағдарламаларды жаңарту жоспарланып отыр.

Проблемалардың бірі мектепке дейінгі ұйымдардың біліктілігі сай емес кадрлармен жасақталуы болып табылады.

Балабақшалардағы педагогтердің 20 %-ында ғана мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға маманданған мектепке дейінгі педагогикалық жоғары білімі бар.

Қазіргі таңда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша кадрларды даярлау 32 жоғары оқу орны мен 31 колледжде жүзеге асырылады. Оларда тиісінше 19,9 мың және 5,5 мың адам білім алуда. Мемлекеттік тапсырыс (бұдан әрі - мемтапсырыс) бойынша оқытылатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттер санының жыл сайын өскенін атап өткен жөн: 2013 жылы - 5,4 мың, 2012 жылы - 5,0 мың, 2011 жылы - 4,1 мың адам.

Мектепке дейінгі жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғаюда: 2012 жылы - 35 орын, 2013 жылы - 70 орын.

Инклюзивтік білім беруді дамытудағы басты бағыт - дамудағы ауытқуларға ерте араласу - жеткіліксіз дамуда. Бүлдіршін жастағы балаларды түзету-педагогикалық көмекпен қамтудың төмендігі дамуында ауытқуы бар балаларды оңалтудың тиімділігіне кері әсерін тигізіп отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды сүйемелдеу бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін (ППТК) ашу қажеттілігі 54 бірлікті құрайды. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды түзету көмегімен қамтуы жеткіліксіз (10-нан 40 %-ға дейін).

Сыртқы және ішкі негізгі факторларды бағалау

1. Сыртқы факторлар:

1) демографиялық жағдайдағы өзгерістер: 1990 - 1999 жылдары бала туу деңгейі төмендеді, ал 2000 - 2010 жылдары бала туу көрсеткіші артты;

2) балабақшаларды пайдалануға берудің ұзаққа созылу сипаты;

3) қалдықты қағидат бойынша қаржыландыру;

4) толық емес күн болатын және лайықты түрде жабдықталмаған шағын орталықтар санының басым болуы (58,4 %);

5) мектепке дейінгі арнайы білімі бар педагог кадрлардың тапшылығы - жалпы педагогтер санынан 11 %;

6) экономиканың әйел еңбегіне деген сұранысы.

2. Ішкі факторлар:

1) «Балапан» бағдарламасын іске асыру мерзімінің 2020 жылға дейін ұзартылуы;

2) мектепке дейінгі ұйым түрлерінің әртүрлілігі (61,8 % - шағын орталықтар, 5,7 % - «мектеп-балабақша» кешендері, 26,8 % - жеке меншік балабақшалар, 1,8 % - отбасылық балабақшалар, 167 - балаларды дамыту орталықтары, 1183 - ата-аналарға арналған консультациялық пункттер және т.б.;

3) жаңартылған нормативтік құқықтық база және әдістемелік қамтамасыз ету;

4) жаңа әдістемелерді әзірлеу және инновациялық технологияларды енгізу;

5) 2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламаларын әзірлеу.

 

 

2. Орта білім беру



 

Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес негізгі мақсат жаһандық экономикалық бәсекелестікте алдыңғы қатарда орын алатын және ұлттық қауіпсіздік пен азаматтардың конституциялық құқықтарының іске асырылуын сенімді қамтамасыз ететін XXI ғасырдағы алдыңғы қатарлы әлемдік держава ретіндегі Қазақстанның мәртебесіне сәйкес келетін экономикалық және әлеуметтік даму деңгейіне қол жеткізу болып табылады.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында «адамдардың өздері, олардың еркі, қуаты, табандылығы, білімі» XXI ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік серпіннің жетекші факторы болып табылады деп нақтылап өтеді.

Сондықтан білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты экономиканың инновациялық даму талаптарына, қоғам мен әрбір азаматтың қазіргі талаптарына сәйкес келетін сапалы білімге қолжетімділікті арттыру болып табылады.

Бұл мақсатты іске асыру мынадай басым міндеттерді шешуді болжайды:

1) базалық орта білім берудің инновациялық сипатын қамтамасыз ету;

2) білім беру жүйесі институттарын әлеуметтік даму құралы ретінде жаңғырту;

3) үздіксіз білім берудің, кәсіби кадрларды даярлаудың және қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесін құру;

4) тұтынушылардың қатысуымен білім беру қызметтерінің сапасын және қажеттілігін бағалау тетіктерін қалыптастыру, халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу.

Білім беру жүйесінің базалық деңгейі орта білім беру болып табылады. 2013 - 2014 оқу жылында республикада жалпы контингенті 2,5 млн. құрайтын 7332 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді (2012 - 2013 оқу жылында - 7402 мектеп, континтенті - 2,5 млн. оқушы).

Тәуелсіздік жылдарында орта білім беру жүйесі үнемі жаңғыртылып келеді.

2013 жылғы 1 қыркүйектен бері ағылшын тілін 1-сыныптан бастап үйрету енгізілді.

Осыған байланысты алғаш рет бастауыш сыныптарға арналған ағылшын тілінен оқу бағдарламасы әзірленді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министрлік) 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілді.



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасы Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін негізгі жобалардың бірі болып табылады. Зияткерлік мектептердің басты міндеті бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау ғана емес, өз тәжірибесін тарату жолымен Қазақстанның орта білім беру жүйесін дамытуға, барлық адамдар үшін сапалы орта білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге негізделеді.

Республикада физика-математика және химия-биология бағытындағы 15 Назарбаев Зияткерлік мектебі жұмыс істейді.

Оқушыларды оқыту үшін үздік шетел тәжірибесін және отандық практиканы біріктіретін Зияткерлік мектептерге арналған стандарт - Интеграцияланған білім беру бағдарламасы әзірленген. Пәндер бойынша 40 оқу бағдарламасы, 60 оқу жоспары әзірленді.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ тәжірибесін оқу процесіне енгізу бойынша мақсатты жұмыс жалғасуда. Республиканың 35 мектебінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі таратылуда.

2013 - 2014 оқу жылында үш тілде оқытатын мектептер саны 90-ды құрайды, оның ішінде 29 қазақ-түрік лицейі, 15 Назарбаев Зияткерлік мектебі, 33 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, 13 жалпы білім беретін мектеп.

Елде жыл сайын оқушыларға элиталық білім беретін дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беретін ұйымдардың (бұдан әрі - ДБМБҰ) желісі ұлғаюда. Осылайша, 2013 - 2014 оқу жылында ДБМБҰ саны 2008 - 2009 оқу жылымен салыстырғанда 8 бірлікке өсіп, 115 мектепті құрады, оның ішінде қалалық жерде - 107, ауылдық жерде 11 мектеп. Оқушылардың жалпы контингенті 50,7 мың баланы құрады.

Соңғы екі жылда қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадалардағы нәтижесі бойынша Қазақстан математика, физика және химия пәндерінен әлемнің 15 үздік елінің қатарына енді. 2013 жылы республика оқушылары 967 медаль мен грамотаны жеңіп алды, оның ішінде 188-і алтын, 298-і күміс, 463-і қола медаль және 18 грамота.

Қазақстандық оқушылардың үздік жеңістері халықаралық зияткерлік олимпиадаларды ұйымдастыру комитеттерінің назарын аударды. Әртүрлі халықаралық олимпиадаларды ұйымдастырушы ретінде Қазақстанның мынадай маңызды халықаралық олимпиадаларды өткізу тәжірибесі бар:

1) 2006 жылы - Физикадан Азия олимпиадасы;

2) 2010 жылы - Халықаралық математикалық олимпиада;

3) 2012 жылы - Халықаралық Менделеев олимпиадасы.

Бүгінгі күні республика 2014 жылғы шілдеде әлемнің 80-нен астам елінің оқушылары қатысатын 45-ші Физикадан халықаралық олимпиада (IPhO) мен 2015 жылы Оқушылардың информатикадан халықаралық олимпиадасын өткізуге дайындалуда.

Сондай-ақ 2014 жылғы қаңтарда әлемнің 17 елінен: Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Болгария, Румыния, Сербия, Үндістан, Индонезия мен Моңғолиядан 59 команда (390 қатысушы) қатысқан математикадан, физикадан және информатикадан мерейтойлық Х халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілді.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру мен оларды әлеуметтік бейімдеу ерекше оқыту қажеттіліктері ескеріле отырып қамтамасыз етіледі.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте және мектепке дейінгі жастан анықтау жағдайы жақсарды. Ертеден араласу балалардың әрі қарай жедел оңалуына ықпал етеді.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар 2013 жылы барлығы 138,5 мың мүмкіндіктері шектеулі баланы анықтады (2012 жылы - 151, 2 мың бала). Олардың ішінде 0 жастан 6 жасқа дейінгісі - 44,8 мың бала, 7-18 жастағысы - 93,7 мың бала. Мүмкіндіктері шектеулі балаларда мынадай ауытқулар анықталды: психикалық дамуының бөгелісі - 40,0 мың, ақыл-ойдың кешеуілдеуі - 22,5 мың, сөйлеудің бұзылуы - 36,9 мың, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы - 20,2 мың, көру қабілетінің бұзылуы - 10,5 мың, есту қабілетінің бұзылуы - 7,1 мың, аутизм - 1,1 мың.

Ерекше оқыту қажеттіліктері ескерілген 118,2 мың (85,3 %) бала түзету-педагогикалық қолдау арқылы білім алады (83,5-і мың мектеп жасындағы және 34,7-і мың мектепке дейінгі жастағы балалар). Олардың ішінде 62,1 мың оқушы арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытылады, (102 арнайы ұйымда - 14,0 мың бала; арнайы сыныпта - 8,5 мың бала; инклюзивтік - 30,0 мың бала, үйде оқытылатындары - 8,4 мың бала; жеке меншік білім беру ұйымдарында - 1,2 мың бала).

Арнайы оқытумен қатар инклюзивтік білім беру саясаты да іске асырылуда.

Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде үйде оқытылатын 6335 мүгедек бала республикалық бюджет есебінен компьютерлік техникамен және жабдықпен қамтамасыз етілген.

Диагностика нәтижелері бойынша мектеп жасына дейінгі 13,3 мың бала, мектеп жасындағы 14,9 мың бала 133 (2012 ж. - 129) психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде және 17 оңалту орталығында жеке оңалту бағдарламаларынан өтеді.

Орта білім беру саласында білім беру процесі негізінен қосымша білім беру арқылы іске асырылатын тәрбиелік компоненттермен тығыз байланысты.

Балаларға арналған қосымша білім беру бүгінгі күні үздіксіз білім беру жүйесінің өзекті және қажетті компоненті болып табылады. Ол балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға, олардың зияткерлік, адамгершілік, физикалық жетілудегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сонымен қатар олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.

2013 - 2014 оқу жылында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының желісі 660-ты құрайды (2012 ж. - 641). Оларда 576,2 мың (2012 ж. - 563,8 мың) бала қамтылған, бұл 23,1 %-ды құрайды (2012 ж. - 22,9 %).

Бүгінгі күні басты міндеттердің бірі - балаларды қосымша білім берумен қамту болып табылады. Қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейтумен (салу, өзге де ғимараттарды беру есебінен) қатар мектептерде филиалдар мен бірлестіктерді ашу есебінен үйірмелердің, секциялар мен клубтардың саны көбеюде, қызығушылықтары бойынша клубтар ашылуда.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары шеңберінде бүкіл ел бойынша балаларға қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Астана қаласының Оқушылар сарайында Ұлттық интерактивті парк жұмыс істейді. Өңірлерде қосымша білім беру ұйымдарын «Робототехника» кешендерімен, қазіргі заманғы жоғары технологиялық жылыжайлармен, музыкалық жабдықпен, туристік-экспедициялық жабдықпен жарақтандыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Балалардың денсаулығы мен өмір салты ата-аналармен қатар қоғам мен мемлекет тарапынан жоғары көңіл бөлуді талап етеді.

Мектептерде 6243 медициналық кабинет қызмет етеді. Оқушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз етуді 260 дәрігер мен 7525 медбике жүзеге асырады. Бұдан басқа созылмалы ауруға шалдыққан 507 мың баланың ішінен 20 мыңнан астам (4 %) денсаулығы әлсіреген балалар арнайы медициналық топтарда айналысады. Балалардың өсуі мен дамуын жүйелі түрде бақылау өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайын күнделікті бақылау жүйесіндегі маңызды кезең болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуында ыстық тамақ маңызды рөл атқарады. Республика мектептерінің 84,6 %-ында 1,9 млн. (80,4 %) бала үшін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың 99 %-ы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Жалпы білім беретін мектептерде спорттың түрлері бойынша спорт секцияларының желісі кеңеюде. 31 мыңнан астам спорт секциясы жұмыс істейді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 5 мың бірлікке артық. Олардың қызметімен мектеп жасындағы балалардың 27,7 %-ы қамтылды (2012 ж. - 21,6 %).

Қазіргі кезде орта білім беру жүйесін жетілдіру үшін мынадай бағыттарда жұмыстар атқарылуда:

1) шығармашылықпен ойлауға және проблемаларды шешуге ынталандыру, сондай-ақ өмір бойы оқуға дайындығын нығайту үшін мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту;

2) орта білім беру мазмұнын жаңарту - (Басым бағыттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілді);

3) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген тың жаңа мазмұнды қолдана отырып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ базасында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру. Бүгінгі күнге дейін курстан 23 мың ұстаз өтті.

Негізгі проблемаларды талдау

Қазақстандық білім беруде соңғы жылдары білім беру қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға беталыстар мен тәсілдер қалыптасты.

Жекелеген білім беру мекемелері мен өңірлік білім беру жүйелерін көшбасшы ретінде қолдау білім беру практикасын жүзеге асырудың жаңа жолдарын көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге білімді одан әрі жаңғырту білім беру жүйесінде кең ауқымды, жүйелі өзгерістерді, Қазақстан субъектілері мен білім беру мекемелерінің басым бөлігін елдің инновациялық әлеуметтік бағдарланған даму процестеріне тартуды талап етеді.

Орта білім беру жүйесінде нашар материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базамен әрі оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңартумен байланысты проблемалар орын алып отыр.

7332 жалпы білім беретін мектептің:

1) 2257-сі (30,7 %-ы) ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан;

2) мектептердің 5954-і немесе 81,2 %-ы 1990 жылға дейін, ал 2427-і немесе 33,1 %-ы 1970 жылға дейін салынған;

3) 182 мектеп немесе 2,5 %-ы апаттық ғимаратта орналасқан;

4) мектептердің 4949-ы немесе 67,5 %-ы екі ауысымда, ал 112 мектеп немесе 1,5 %-ы үш ауысымда жұмыс істейді;

5) мектептердің 1452-сі немесе 19,8 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді;

6) 796 мектеп немесе мектептердің жалпы санының 10,8 %-ы пешпен жылытылады;

7) тек 3644 мектеп (49,7 %-ы) жаңа модификациядағы физика кабинеттерімен, 2163 мектеп (29,5 %-ы) химия кабинетімен, 2911 мектеп (39,7 %-ы) биология кабинетімен, 3820 мектеп (52,1 %-ы) ЛМК-мен жабдықталған;

8) 1975 мектептің (27 %) спорт залы, 859-ының (11,7 %) кітапханасы жоқ.

Мұғалімдердің төмен сапалық құрамы: педагогтердің жалпы санының 16,3 %-ы жоғары санатты, 31 %-ы бірінші санатты. Қызмет ететін әрбір бесінші мұғалім 50 және одан жоғары жаста. Педагогтердің жалпы санынан еңбек өтілі 3 жылға дейінгісі - 12,8 %. Жыл сайын жас мамандар есебінен толығу тек 3,3 %-ды құрайды.

Соңғы жылдар динамикасы (2013 ж. - 7332 мектеп, 2010 ж. - 7516 мектеп) күндізгі мектептер санының азаюын көрсетіп отыр. Ең күрт азайып отырғаны бастауыш мектептер, одан кейін негізгі және орта мектептер. Бұл шағын ауылдардағы шағын жинақты мектептердің (бұдан әрі - ШЖМ) жабылуымен байланысты. Республика мектептерінің 50 %-ы ШЖМ болып табылады. Кейбір облыстарда шағын жинақты мектептер басым болып отыр, Солтүстік Қазақстан (85,2 %), Ақмола (78,9 %), Қостанай (75,3 %), Батыс Қазақстан (74 %) облыстарында.

Енгізіліп отырған электрондық оқыту жүйесінің техникалық-экономикалық негіздемесі түзетуді талап етеді. Қолданыстағы ақпараттық жүйелер интеграцияланбаған және өзара әрекет етпейді. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет