Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі47.5 Kb.
#4234
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1169 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 8 қарашадағы № 1169

қаулысымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін



өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 каулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):



1-тармақта:

«республикалық» деген сөз алынып тасталсын;

«республикалық бюджет қаражаты» деген сездер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырынсын.

2. «Әлектрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеітік тіркелімін және дспозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 5 17-құжат).

көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесінде:

30-тармақта:

мемлекеттік тілдегі мәтімі өзгеріссіз қалдырылсын;

1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«авторлық кұқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;»;

2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ақпараттық жүйелердің мыналарды қамтитын инсталляциялау пакеті:».

3. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010ж., № 34, 268-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі туралы ережеде:

14-тармақта:

8) тармақша «байланыс» деген сөзден кейін «саласында» деген сөзбен толықтырылсын;

10) тармақшадағы «ақпараттандыру және байланыс саласындағы» деген сөздер «ақпараттандыру саласында және байлалыс саласында» деген сөздермен ауыстырылсын;

57) тармақшадағы «ақпараттандыру және байланыс» деген сөздер «ақпараттандыру саласындағы және байланыс» деген сөздермен ауыстырылсын;

106) тармақшадағы «бекіту.» деген сөз «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122), 123), 124), 125), 126) және 127) тармақшалармен толықтырылсын;

«107) Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау мәніне ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

108) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;

109) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қалыптастыру;

110) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

111) орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;

112) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелердің (қорғалған орындаудағы ақпараттық жүйелерді қоспағанда) ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарға сәйкестігін аттестациялау;

113) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;

114) ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге шығындардың нормативтерін әзірлеу және бекіту;

115) электрондық мемлекеттік қызметтердің үлгілік регламентін әзірлсу;

116) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;

117) Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану жән бөлу тәртібін әзірлеуді және бекітуді анықтау;

118) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді «электрондық үкімет» инфрақұрылымына ықпалдастыру үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік оқиғаларға ден қою жөніндегі қызметті үйлестіру;

119) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының операторын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының операторын айқындау;

120) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

121) ақпаратты алу, көшіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілері мен пайдаланушыларына көмек көрсету;

122) Қазақстан Республикасыңың негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидаларын бекіту;

123) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын анықтау;

124) ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;

125) ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесін және әзірлемелерді ынталандыру және инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру тетігін жетілдіру;

126) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;

127) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;

көрсетілген қаулыға 1 -қосымшада:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.».

4. «Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 365-құжат):

1-тармақтың 1) тармақшасында:

төртінші абзацында «енгізуді және» деген сөздер «енгізуді және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;



жетінші абзац алынып тасталсын.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет