Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет37/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   129
§ 1. Жалпы нұсқаулар

 

1641. Осы талаптар қысым астында жұмыс істейтін конструкцияларды жасау үшін резеңкелі немесе пластмасты су өткізбейтін төсемдері бар тоқыма материалдарына қолданылады.

1642. Қабатты тоқыма материалдары Кеме қатынасының тіркелімінің бұйымдар немесе материалдарды үлгі мақұлдануы туралы сертификаты болуы тиіс.

1643. Қабатты тоқыма материалдар Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген онымен танылған кәсіпорындармен жасалады және сыналуы тиіс.

 

 

§ 2. Қасиеті



 

1644. Қабатты тоқыма материалдар ауа өткізбейтін, ал олардың қасиеттері осы Қағиданың 247-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.



Құтқару салдарының үрмелі қабықшалары үшін ауа өткізбеушілік материалдары шартында негіз бойынша созу кезінде және хабарды мағынадан көп қабылдау беріктілігі рұқсат етіледі, формула бойынша есептелген: бір ярусты плоттардың конструкциясы

Т =0,15Dп

Плоттар қосқабат конструкциясы үшін

Т =0,095Dп

мұнда Т— плоттардың қабатты материалындағы негізі мен утка бойынша созу кезіндегі беріктілік, кН/5, см,

D— адамдар мен жабдықтар есебімен құтқару плоттардың су ығыстырылуы, кН.

Негіз бен утка бойынша үрлемелі плоттар сырты үшін материалдарының жарылу кезіндегі қатысты ұзартулар 40 % аспауы тиіс.

1645. Қабатты тоқыма материалдарды тозу мен иілуін сынаудан кейін созу кезіндегі беріктілік шегінің өзгеруі алғашқы мәннен 10%, ал тозудан кейін негіз бен утка бойынша алғашқы мәннен — 2% аспауы тиіс.



Қабатты тоқыма материалдардың жабыстырылған жалғанулардың тозуға дейін және кейін созылуын сынау кезінде жарылулар негізгі материалдарда пайда болуы тиіс.

1646. Тоқыма материалдарының жабыстырылған жалғанулардың созылуына сынау және тозудан кейінгі форма сақтауы, мұндағы ұстамдылық, суыққа тұрақтылық кезінде қабатты тоқыма материалдар сыртындағы озонмен және теңіз су әрекетінен сызаттар және бет қабатының қатпарлануы пайда болмау, түсі өзгермей және жабысқақ болмауы тиіс.

1647. Қолданылатын бояйтын заттарды негізгі материалдың қасиетіне әсер етпеуі тиіс.

 

 

§ 3. Сынамалар мен үлгілерді дайындау, сынақ көлемі



 

1648. Үлгілерді дайындау үшін үлгілер жиектерінен 0,1 м және орам соңынан 1 м аса ара-қашықтықта осы Қағиданың 1302-тармағы талаптарын ескере отырып қабатты тоқыма материалдарының әрбір партиясынан таңдалады. Сынамаларды таңдау материалды дайындаудан кейін 24 сағаттан ерте жүргізілмейді.

1649. Қабатты тоқыма материалдар партиямен сынауларға ұсынылады. Партия бір технологиялық циклда әзірленетін бір рулоннан жинақталады.

Механикалық сынаулардың бірқалыпты нәтижелері Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша партия көлемі өсірілуі мүмкін.

1650. Әрбір партияға он үлгілерде осы Қағиданың 1306-тармағына сәйкес жарылуларға 1307-тармағына сәйкес жарылу кезіндегі қатысты ұзартуын анықтаумен қоса созылу сынаулары әрқайсысына, 1308-тармағына сәйкес қатпарлануы үш үлгілерде ауа өткізбейтіндігін, 1332-тармағына сәйкес екі үлгілерде, сондай-ақ Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттарға сәйкес материал салмағын анықтайды.

1651. Осы Қағиданың 1650-тармағында көрсетілгеннен басқа қабатты тоқыма материалдарға рұқсаттама беру кезінде тозудан кейінгі 1322- тармағына сәйкес созылуға; 1315-тармағына сәйкес майысуын; 1309-тармағына сәйкес қабатты тоқыма материалдардың жабыстырылған жалғануларын тозуға дейін мен кейін он үлгілерді (негіз бойынша бес және утка бойынша) әр қайсысын; 1323-тармағына сәйкес тозудан кейін қатпарлану пайда болуы мен пішін тұрақтылығы; 1326-тармағына сәйкес мұнай ұстамдылығы; 1329-тармағына сәйкес теңіз суының әрекетін; 1333-тармағына сәйкес суыққа тұрақтылық және 1334-тармағына сәйкес озон әрекетін сынаулар жүргізіледі.

1652. Сынаулар нәтижелері осы Қағиданың 1644-1647-тармағы талаптарына сәйкес және куәлікте көрсетілуі тиіс.



 

 

§ 4. Байқау және таңбалау



 

1653. Қабатты тоқыма материалдар қабатында материалды тағайымы бойынша пайдалануға мүмкіндік бермейтін зақымдар, ойлы кесілген, тегістелетін қатпарлар, тоқыма алдындағы бедер, қатпарлануы, дақтар, көпіршіктер мен кеуектілік немесе басқа ақаулар болмауына рұқсат етілмейді.

1654. Қабатты тоқыма материалдарды таңбалау осы Қағиданың 91-тарауына сәйкес жүргізіледі; қосымша материал салмағының аудан бірлігіне көрсетілуі тиіс.



 

 

117. Пенопласттар



 

§ 1. Жалпы нұсқаулар. Қасиеті

 

1655. Осы тараудың талаптары өнімдерді дайындау үшін қолданылатын пенопласттарға қолданылады. Үшқабатты конструкциялар, ауадағы құтқару қайық жәшіктерінің сыртына түсетін жүктеме арасындағы аумақты толтыру үшін, сондай-ақ оған ұқсас толтыру үшін Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған пенопластты қолданады.

Қуыстарды осы мақсатта дайындалған тақта және оларды орындарда көбіктендіру немесе шаңдату әдісімен толтырылу қажет.

1656. Пенопласттардың механикалық қасиеті осы Қағиданың 248-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.



Теңіз су мен мұнай өнімдерінің әрекетінен кейін пенопласттардың қасиеттерінің өзгеруі осы Қағиданың 248-қосымшасында көрсетілгеннен аспауы тиіс. Олардың конструкциясы көбінесе тұйық ұяшықтармен және сызықтық өлшемдеріне рұқсаттамадан асатын уақытында отырғызылған өзгерулер болмауы тиіс.

Қуыстарды толтыру үшін қолданылатын пенопласттарды отырғызу шектелген қабатымен қоса агдезияны бұзбауы тиіс.

 

 

§ 2. Сынамаларды дайындау, сынақтар көлемі және байқау



 

1657. Сынамаларды пенопласт орта кесекті ойып кесілуі тиіс; сонымен бірге тегіс ұяшықты конструкциясы бар жерді таңдау қажет.

1658. Сығу кезіндегіпенопласттың беріктілігін анықтау осы Қағиданың 1311-тармағына сәйкес үш үлгіде, сонымен қатар шамамен 1 минуттан кейі пайда болуы тиіс пенопласт конструкциясының аяқ астынан бұзылуына әкелетін ең үлкен жүктемесі анықталады.

Майыстыру кезіндегі беріктілігін анықтау осы Қағиданың 1313-тармағына сәйкес үш үлгіде жүргізіледі.

Көрініп тұрған тығыздылықты анықтау осы Қағиданың 1317-тармағына сәйкес үш үлгілерде жүргізіледі.

Су ығыстырылуы осы Қағиданың 1319, 1320-тармағына сәйкес бес үлгіде анықталады.

Пенопласттардың мұнай өнімдеріне қарсы тұрақтылығы осы Қағиданың 1324-1327-тармағына сәйкес, теңіз су әрекетіне қарсы 1328-тармағына сәйкес және тозуға қарсы 1321-1323-тармағына сәйкес анықталады. Әрбір бұлардың сынаулары материалға рұқсаттама кезінде үш үлгіде жүргізіледі.

1659. Куәландыру кезінде пенопласт тілігінің бетіндегі конструкция ұяшықтар тұйықталы тексерілуі тиіс.



 

 

118. Палубалық жабулар. Пластмассалардан жасалған түтіктер мен арматуралар.



 Жабыстырылатын заттар

 

1660. Ашық палубаларды жабу үшін пластмассаларды, ал ішкі бөлімдерінің палубаларын жабу үшін жанатын ғана пластмассалар рұқсаттама беру үшін сынаулар жүргізілуі тиіс.

Палубаларды жабуға арналған пластмассаларға рұқсаттама беру кезінде Кеме қатынасының тіркеліміне олардың құрамы мен төсеу тәсілі ұсынылуы қажет.

1661. Пластик типі, механикалық қасиеті, түтіктер көлемі мен тәсілдерін сынау және пластиктен жасалған арматура әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.

1662. Конструкция бөлімдерін біріктіру үшін жабысатын заттар және бөліктер, жүктеме ұшырайтындар Кеме қатынасы тіркелімі материалдарын немесе бұйымдарын мақұлдау туралы үлгі сертификат болуы тиіс.

 

 

119. Өсімдік және синтетикалық талшықтардан жасалған арқандар



 

1663. Осы талаптар жүк көтергіш және басқа кемелік құрылғыларға қолданылатын арқандарға қолданылады.

1664. Арқандар Кеме қатынасының тіркелімімен танылған кәсіпорындарда онымен келісілген стандарттарға сәйкес жасалып және сыналуы тиіс.



Жарылу үлестері арқанды толығымен сынаумен анықталады.

1665. Арқанның жарылу үлесі F мынадай формула бойынша анықталады, кН:





мұнда с — стандарттар бойынша анықталатын немесе стандартпен талап етілетін арқанның толық ажырау үлесінің арөандағы барлық сымдарының ажырау санына қатынасынан есептелінетін арқан сымдарының беріктілігін қолдану коэффициенті;

т — стандарттар талабын қанағаттандыратын сымдардың созылу сынауларының саны;

Fm — бір сымды созылуына сынау кезінде үлгілердің жарылуларына әкелетін аса жүктеме, кН;

п — арқандағы сымдар саны;

z — 0,5п - қоршауы 80 мм дейін арқандар үшін; 0,3п - қоршауы 80-нен 115 мм дейін; 0,1 п - қоршауы 115 мм аса тең қабылданатын сымдар созылуын сынаулар саны.

1666. Синтетикалық талшықтан жасалған арқан ажырау кезінде қатысты ұзартуды анықтау үшін сынауға жатады.



Ажырау кезіндегі арқанның қатысты ұзартылуы мынадай формула бойынша анықталады, А, %:

 

A = 100(lp - l0)/l0,               (579)

 

мұнда 10арқан үлгісінің сыналып жатқан бөлімінің алғашқы ұзындығы, см;

1рстандарттарда көрсетілген арқанның толық ажырау үлесіне тең жүктеме астында арқанның сол жердегі ұзындығы, см.

1667. Конструкция, қоршау және арқанның басқа параметрлерінің стандарттарға сәйкестігі көзбен шолып байқау мен өлшеу кезінде расталуы тиіс.



Дайын арқанның бетінде қоңыр дақтар, өңездер, ерітілген бөлімдер, сондай-ақ шірік пен күйік иістері болмауы тиіс.

Арқан түсі ұзындығы бойынша тегіс және ол жасалған пряжа немесе синтетикалық талшық түстеріне сәйкес болуы тиіс.

1668. Арқанды таңбалау стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

1669. Сынаулар нәтижелері мазмұны Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі тиіс сынаулар туралы куәлікке енгізілуі тиіс.

 

 

120. Құтқару құрылғылары үшін жарық қайтару материалдары



 

1670. Осы тараудың талаптары құтқару құрылғылары үшін жарық қайтару материалдарына қолданылады.

1671. Жарық қайтару материалдары қолдану шарты бойынша екі типке бөлінеді:



1) 1 тип - сыртқы ортамен уақытша байланысы бар икемді жазықтықтарда орнату үшін;

2) 2 тип - сыртқы ортамен тұрақты ықпалдағы икемді жазықтықтарды орнату үшін.

 

 

§ 1. Қасиеттері



 

1672. Жабысқақ қабатты жарық қайтару материалының созылуы кезіндегі беріктілік шегі 0,6 МПа, ал негізгі бойлық бағыттағы механикалық бекітулер үшін - 13 МПа және көлденең бағытта 9 МПа көп болуы тиіс.

1673. Кіру және бақылау бұрышына тәуелді жарық қайтару коэффициентінің мәні осы Қағиданың 192-қосымшасында көрсетілгеннен аз болмауы тиіс, кд/(лк•м2).

1674. Материалды су астындағы қабықтан тапқанда және ескіруден кейін жарық қайтару коэффициентін төмендету осы Қағиданың 192-қосымшасында көрсетілген 20 % көп емес рұқсат етіледі, сонымен бірге материалды өшіруге сынаудан кейін 50 % көп емес.

1675. Теңіз суының, көгерулер, тұзды тұман ықпалы және шекті температура жарық қайтару материалының коэффициентін төмендетуге әкелмеуі тиіс.

1676. Әртүрлі жазықтыққа жабысқақ қабатты жарық қайтару материалының адгезионды мөлдірлігі 0,6 МПа аз болмауы тиіс.

1677. Ультра күлгінді сәуле түсіру ықпалы, теңіз және тазартылған су жабысқақ қабатты жарық қайтару материалының адгезионды құрылғысының төмендеуіне әкелмеуі тиіс.



 

 

§ 2. Сынаманы әзірлеу. Сынақ көлемі



 

1678. Үлгі дайындау үшін сынамалар жарық қайтару материалының әрбір партиясынан рулон соңынан бір метрден кем емес ара-қашықтықта жиналады.

Үлгілерді дайындау алдында осы Қағиданың 1310-тармағына сәйкес 24 сағат ішінде сынама салқындатылады.

1679. Жарық қайтарғыш материалдар сынауға партиялармен ұсынылады.



Бір технологиялық топтамадан дайындалған партиялар бір рулоннан жинақталады.

Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша сынаудың тұрақты нәтижесінде партия көлемі ұлғайтылуы мүмкін.

1680. Материалдың әрбір партиясы үшін ара-қашықтыққа сынау жүргізіледі (осы Қағиданың 1309-тармағы екінші - төртінші азат жолы), әртүрлі жазықтықтардағы жабысқақ қабатты материалының адгезионды беріктілігін анықтау (осы Қағиданың 1336-тармағы 5 азат жолы) және жарық қайтару коэффициентінің анықтамасы (осы Қағиданың 1336-тармағы).

1681. Жарық қайтару материалы рұқсат етілген кезде осы Қағиданың 1680-тармағында көрсетілген, сынаудан басқа 1337-тармаққа сәйкес су қабықшасы астындағы жарық қайтару материалының коэффициентін анықтау бойынша сынау жүргізіледі, сонымен қатар сынау: 1331-тармаққа сәйкес ескіру, 1339-тармаққа сәйкес өшірілу, 1330-тармаққа сәйкес теңіз суының ықпалы, 1331-тармаққа сәйкес тұзды тұман ықпалы, 1318-тармаққа сәйкес шекті температура, 1341-тармаққа сәйкес көгеруге беріктілік пайда болуы, 1315-тармаққа сәйкес майысу, 1338-тармаққа сәйкес тіркелу және 1340-тармаққа сәйкес ластану заттарының ықпалы.

Жабысқақ қабатты жарық қайтару материалы үшін осы Қағиданың 1309- тармағына сәйкес әртүрлі жазықтыққа адгезионды беріктілігін анықтау қажет, 1321-тармаққа сәйкес ультра күлгін сәуле түсіру материалына ықпалынан кейін және 1328-1330-тармаққа сәйкес тазартылған және теңіз сулары.

Сынаудың әрбір түрі кем дегенде үш үлгіде орындалуы тиіс.

Сынау нәтижесі осы Қағиданың 1672-тармағына сәйкес келуі тиіс.



 

 

§ 3. Қарау және таңбалау



 

1682. Теңіз суы ықпалынан кейін тұзды тұман 10 минут және 4 сағатта ескірудегі шекті температуралар, сонымен қатар жарық қайтару материалының жазықтықта тіркелуі және майысуға сынаудан кейін жарық, қабаттасу, көтерілу, жабысқақтық, бояуының және өлшемінің өзгеруі байқалмауы тиіс.

1683. Жарық қайтару материалының жазықтығында материалды бағыты бойынша қолануға мүмкіндік бермейтін бұзылу, тереңдетілу, қисындылық, қыртыстану, дақтар және басқа да ақаулар болмауы тиіс.

1684. Жарық қайтару материалдарын таңбалау осы Қағиданың 91-тарауына сәйкес іске асады; қосымша ортақ алаңға материал көлемі көрсетіледі.

Сынау нәтижесі Кеме қатынасы тіркелімімен мәтіні келісілген сынау туралы куәлікке енгізілуі тиіс.

 

 

22-бөлім. Пісіруге арналған технологиялық талаптар



 

121. Жалпы нұсқаулар

 

1685. Осы бөлімнің талаптары Кеме қатынасының тіркелімімен техникалық бақылау мен сыныптауға жататын объектілерді пісіруі кезінде орындалуы қажет.

Пісіру жұмыстары мен пісіру жалғанулар конструкциясын бақылау қажетті санын қамтамасыз ететін жабдықта орындалуы тиіс.

1686. Ауаның кері температурасында пісіру шарттары осы Қағидалар талаптарын қанағаттандыратын пісірілетін жалғанулардың орындалу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.



Жұмыс орны жел әсері мен атмосфералық шөгіден сақталуы тиіс.

1687. Қоршаған ауаның төмен температурасында тігістер қажет жағдайда тез суудан сақтануы тиіс.



 

 

122. Пісіру жұмыстарын іске асырудың шарттары



 

1688. Пісіру жұмыстарын егер осы Қағиданың 1686-тармағының шарттары сақталып және пісіру материалдары - 25оС ауа температурасында 1802-тармағына сәйкес болса, ауаның кез-келген қайшы температурасында жүргізуге рұқсат етіледі. Олай болмаған жағдайда қыздырусыз пісіру кезіндегі ең төмен мүмкін болатын ауа температурасы пісіру материалдарын әзірлеушімен белгіленуі және тиісті сынаулар өткізгеннен кейін пісіру материалдарына рұқсаттама берілгені жазылуы тиіс.

Осы Қағиданың 249-қосымшасында көрсетілген жағдайларда әрбір жалғанып жатқан бөліктердің жиектері пісіру алдында ені 75 мм 20оС жоғары температурада қыздырылуы тиіс.

1689. Аз қоспалы болаттан жасалған құбырларды, бу түтіктерінің негізгі құбырлар, сондай-ақ 350 оС жоғары температурада жұмыс істейтін құбырларды пісіру 0 оС төмен температурада жүргізілуі тиіс.

1690. Пісіру жалғануларының мықтылығын қамтамасыз ететін пісіру тігістеріне қойылатын конструктивті талаптар Қағиданың тиісті бөліктерінде көрсетілген.

1691. Бөліктер жиектерінің пісіру үшін бөлу Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттар немесе сызбаларға сәйкес жүргізілуі тиіс.

1692. Жиектерді пісіруге дайындау Қағиданың пісіру жалғануларына қойылатын талаптарын қанағаттандыратын тәсілдермен жүргізілуі тиіс.

1693. Бөліктердің пісіріліп жатқан жиектері май, ылғал, қабыршақ, тот, бояу және ластанудан тазартылуы тиіс.

Топырақпен төселген болатты бөліктерді пісіруі осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет