§ 1. Ауа сақтағыш
2191. Үзілуден кейінгі ауа сақтағыштардың сақтандырғыш клапандары, ауа сақтағышта қысым жұмыс қысымынан 0,85 дейін төмендеген кезде ауа шығаруды толықтай тоқтатуы тиіс.
2192. Егер ауасы ауа сақтағышқа берілетін компрессорлар, редукционды клапандар немесе құбырлардың жұмыс қысымынан жоғары қысымда ауаның берілуін тоқтататындай етіп орнатылған сақтандырғыш клапандары болса, онда ауа сақтағышта сақтандырғыш клапандарды орнату міндетті емес. Мұндай жағдайда әрбір ауа сақтағышта сақтандырғыш клапанның орнына жеңіл қалқитын тығын орнатуы тиіс.
2193. Ауа сақтағыштардың жеңіл қалқитын тығыны 100 ден 130оС дейінгі балқу температурасы болуы тиіс. Балқу температурасының мәні тығында көрсетілуі тиіс.
Сыйымдылығы 700 л жоғары ауа сақтағыштар үшін жеңіл балқитын тығынның диаметрі 10 мм кем болмауы тиіс.
2194. Әрбір ауа сақтағыш ылғалды жоятын құрылғымен жабдықталуы тиіс. Ауа сақтағыш көлденең орналасқан жағдайда ылғалды жоюға арналған құрылғыны оның екі ұшынан да көздеу қажет.
§ 2. Конденсаторлар. Жылу алмастырғыш аппараттар және
өртке қарсы қондырғылар және тоңазытқыш ыдыс
2195. Конденсатордың конструкциясы және оның кемеде орналасуы құбырды ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Конденсатор корпусы қағида сияқты болатты дәнекерленген болуы тиіс. Конденсаторлардың ішінде буды жеткізу орындарында құбырды тікелей бу соққысынан қорғауға арналған шағылдырғыш қалқан көзделуі тиіс.
Құбырларды бекіту конструкциясы олардың салбырауын және қауіпті дірілді болдырмауы тиіс.
2196. Конденсатордың сулы камераларының қақпақтары саны және орналасуы құбырлық будың кез келген бөлігіне жаншу, ауыстыру, нығыздау немесе құбырларды сөндіру үшін кіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Сулы камераларды, құбыр торларын және құбырларды электрлік коррозиядан қорғау үшін протекторлық қорғау көзделуі тиіс.
2197. Турбогенератордың конденсаторы кез келген ажыратылған корпуста апаттық режимде турбоагрегатты жұмыс жіберуі тиіс.
2198. Конденсатордың конструкциясы оған бақылау және өлшегіш құралдарды қосу мүмкіндігін рұқсат етуі тиіс.
2199. Жылу ауыстырғыш аппараттар және тоңазытқыш сауыттар және өртке қарсы қондырғылар осы Қағиданың 34 және 38-бөлімінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
§ 3. Технологиялық жабдық құрамындағы қысымдағы сауыттар
2200. Технологиялық жабдық құрамындағы сауыт астындағы қысымның мерзімдік ашылатын қақпақтары, олардың біртіндеп жабылуын немесе өздігінен ашылуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Сонымен бірге сауытта артық қысым немесе вакуум болған жағдайда қақпақты ашылу мүмкіндігін, сондай-ақ қақпақтың ішінара жабылуы кезінде сауыттық қысыммен жүктелуін болдырмауы тиіс.
2201. Технологиялық жабдық құрамындағы қысым астындағы сауыттардың ішкі қарауға кедергі келтіретін ішкі құрылғысы (бұлғағыш, тарелкелер, аралықтар) алмалы болуы тиіс.
2202. Диаметрі 150 мм жоғары қоспалардың жұмыс кеңістігін бақылауға арналған байқау шыныларын, 0,25 МПа кем емес қысымы бар сауыттарда орнатуға рұқсат етіледі.
2203. Технологиялық жабдық құрамындағы қысымы 0,25 МПа жоғары сауыттардағы жабық тиейтін саңылаулардың конструкциясы, қақпақты нығыздау бұзылған кезінде ыстық орта қызмет етуші персоналдарға қауіпсіз бағытқа бұрылатындай етіп жасалуы тиіс.
2204. Вакуум және қыздыру буларымен немесе 115оС жоғары температурамен ыстық су астында жұмыс істейтін технологиялық жабдық құрамындағы сауыттар, қуыста вакуум астындағы жұмыс істейтін қыздыру жүйесінің герметикалығы бұзылған кезде, қуыста сыналатыннан 0,85 асатын артық қысымның пайда болуын болдырмайтын сақтандырғыш клапандармен жабдықталуы тиіс.
Бұл сауыттар сондай-ақ есепті қысым кезінде сақтандырғыш клапанның ашылу қысымына тең беріктілікке есептелу қажет. Сонымен бірге сауыт қабырғасындағы есепті кернеу есепті температурадағы материал ағымдылығының шегінен 0,8 аспауы тиіс.
2205. Технологиялық жабдық құрамындағы қысым астындағы сауыттың мерзімді ашылатын қақпақтарының фланцтарының, болттарының және шпилкілерінің беріктілігі есеппен расталуы тиіс. Сонымен бірге ондағы есепті кернеу есепті температура кезінде материал ағымдылығы шегінен 0,4 аспауы тиіс.
Барлық жағдайларда болттардың және шпилкілердің диаметрі 16 мм кем болмауы тиіс.
2206. Өңделетін шикізатпен жанасатын бумен немесе сумен қыздырылатын бұлғауыштар, сондай-ақ сауыттардың қоспалауыш камералары үшін есепті дуал қалыңдығына үстеме 2 мм кем қабылданбауы тиіс.
§ 4. Сығылған газдарға арналған сауыттар
2207. Көшірмелі сауыт астындағы қысым саналатын, сығылған газдарды, салқындатқыштарды немесе СО2 сақтауға арналған, кемені пайдалану кезінде қолданылатын және кемеде бар құралдармен болдыруға болмайтын, сығылған газдарға арналған сауыттардың беріктілік есебін Кеме қатынасы тіркелімінің әдісі бойынша немесе олармен келісілген техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес орындалады.
750 МПа ағымдылықтың жоғарғы шегінен жоғары, бірақ 850 МПа жоғары емес болаттарды қолдану тек қана Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.
2208. Сауыттың ішінде температураның жоғарылауы кезінде сығылған газдар үшін мүмкін емес ішкі қысымды болдырмау үшін танылған конструкцияның ажыратылмайтын сақтандырғыш құрылғыларын көздеуі тиіс. Жұмыс қысымынан 10 % жоғары, бірақ сынау қысымынан 90 % төмен қысымға жұмыс істейтін рұқсат етілген сақтандырғыш клапандар және сақтандырғыш мембрандар.
2209. Сығылған газдық сауытында ұзақ мерзімді таңбалау түсіруі тиіс.
2210. Сығылған газдарға арналған сауыттар жұмыс қысымының 1,5 тең сынау қысымымен гидравликалық сынаққа алынуы тиіс.
205. Беріктілікке есептеу
2211. Беріктілік есебі Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген қазан, жылу алмастырғыш аппараттары және қысым астындағы сауыттар құжаттары негізінде орындалады.
2212. Беріктілік есебі Кеме қатынасы тіркелімінің келісілген әдістемесі бойынша орындалуы қажет.
34-бөлік. Тоңазытқыш қондырғылар
206. Жалпы нұсқаулар
2213. Қағиданың осы бөлімінің талаптары кемелік тоңазытқыш қондырғыларды және олардың жабдықтарына қолданылады.
2214. Жүк трюмдарын салқындатуға арналған, тоңазытқыш қондырғылар сондай-ақ кемемен тасымалданатын ауыспалы салқындатқыш контейнерлерінің жүк камералары Қағиданың осы бөлімінің барлық талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
2215. Осы Қағиданың 2214-тармағында көрсетілмеген тоңазытқыш қондырғылар 218-бөлімнің 2217, 2219, 2236, 2238 - 2242, 2243 - 2247, 2251, 2255, 2257, 2260-тармақтарының, 2267, 2270, 2273, 2274, 2276, 2277, 2280, 2283, 2285, 2286, 2289, 2292-тармақтарының, 2293, 2297, 2307, 2308, 2309, 2310, 2313- тармақтарының 3) тармақшасының - салқындатқыш агент қысымымен жұмыс істейтін жабдықтар үшін ғана және осы Қағиданың 2311 және 2314-тармақтарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
207. Жалпы техникалық талаптар
2216. Салқындатқыш қондырғылардың элементтері осы Қағиданың 149-тарауына сәйкес айдау және дифферент шарттарында жұмыс қабілеттілігін сақтауы тиіс.
2217. Салқындатқыш қондырғы құрамына кіретін жабдықтарды кемеде осы Қағиданың 1883, 1884, 1886, 2102-тармақтары талаптарына сәйкес орнатылады.
208. Тоңазытқыш агенттер және есепті қысымдар
2218. Осы Қағидада салқындатқыш агенттер мынадай үш бөлікке бөлінеді:
І — тұтанбайтын тоңазытқыш агенттер;
II — тоңазытқыш агенттің ауадағы 3,5 % және одан жоғары булардың көлемді концентрациясы кезіндегі тұтанғыштың төменгі шегі болатын, улағыш тұтанатын тоңазытқыш агенттер;
III — тоңазытқыш агенттің ауадағы 3,5 % булардың көлемді концентрациясы кезіндегі тұтанғыштың төменгі шегі болатын, жарылысқа қауіпті немесе тұтанғыш тоңазытқыш агенттер.
III-топтың тоңазытқыш агенттерін Кеме қатынасының тіркелімі жүкті тоңазытқыш агент ретінде қолданатын, құйылатын төмендетілген газдарды тасымалдаушы кеменің тек тоңазытқыш жүйелеріне қолдануға рұқсат етеді.
2219. Тоңазытқыш агент қысымымен жұмыс істеуші, элементтердің беріктілігін есептеу кезінде, есептік ретінде осы Қағиданың 321-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес көрсетілген 50оС кезіндегі тоңазытқыш агенттің қаныққан буының артық қысымнан төмен емес қысымды қабылдау қажет.
Тоңазытқыш агенттердің критикалық температурасымен төменгі қысымымен жұмыс істейтін (50оС төмен), тоңазытқыш жабдықтар үшін есепті қысым Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
Қысыммен жұмыс істейтін тоңазытқыш қондырғылардың элементтері, гидравликалық сынау кезіндегі сынау қысымына тең қысым кезінде тексеру есебіне ұшырауы тиіс. Сонымен бірге кернеу 0,9 материалдың ағымдылық шегінен аспауы тиіс.
209. Тоңазытқыш өнімділік және жабдықтардың құрамы
2220. Тоңазытқыш қондырғы салқындатқыш үй-жайлардағы, жүк тасымалының түрі бойынша және кемені пайдаланудың қалыпты жағдайында жүзу кезінде талап етілетін температураны үнемі ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.
2221. Тоңазытқыш қондырғы салқынның сыртқы ауа 40оС төмен емес және борт сыртындағы судың температурасы 30оС төмен емес негізгі жабдықтың жұмыс істеуі кезінде барлық тұтынушыларға талап етілетін температураны ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.
2222. Жетектің қуаты, салқын өнімділік, булағыштың беткі ауданы, ауасалықындатықштардың конденсаторлары, сондай-ақ олардағы салқындату циркуляциясы салқын тасымалдағышпен батареяның беткі ауданы, салқындату бөлмелеріндегі регламенттелген температураны ұстап тұруға, негізгі жабдықтың тәулік ішінде 24 сағат үздіксіз жұмыс істеуі кезінде және басқа тұтынушыларды салқынмен қамтамасыз етуге жеткілікті болуы тиіс.
Негізгі жабдық құрамына екеуден кем емес бірдей конденсатор және аралық салқын тасымалдағышты немесе каскадты және сатылы циклдерді қолданған жағдайда, екі бірдей жылу ауыстырғыштардың каскад аралық және сауыт аралық буландырғыштарды қосуы тиіс.
2223. Жетек қуаты, салқын өнімділік және Қағиданың 2222-тармағында көрсетілген беттердің аудандары, сондай-ақ алдын ала салқындатылмаған кемедегі жүкті салқындатуға арналған тоңазытқыш қондырғылар, резервті қоса барлық жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуі кезінде, оның сақталуы қамтамасыз етілетін уақытта регеламенттелген температураға дейін жүкті салқындату үшін жеткілікті болуы тиіс.
2224. Резервті жабдықтың салқын өнімділігі, кез келген негізгі компрессордың немесе конденсатордың біреуі қатардан шығып кеткен жағдайда салқынмен барлық тұтынушылар қамтамасыз етілетіндей болуы тиіс.
Қордағы жабдықтың салқын өндірушісі негізгі компрессорлардың біреуі істен шыққан кезде немесе барлық тұтынушыларды конденсаторлар салқынмен қамтамасыз етілетіндей болуы тиіс.
2225. Салқындату трюмдерінің сыйымдылығы 300 м3 жоғары кемелерде тоңазытқыш қондырғыларды олардың жабдықтарын резервтемей қолдануға рұқсат етіледі. Салқын өнімділік және қондырғының салқындату бетінің ауданы жабдықтың тәулігіне 18 сағат жұмыс істеуі кезінде регламенттелген температураны ұстап тұру үшін жеткілікті болуы тиіс.
2226. Тоңазытқыш қондырғылардың элементтерінің аралығындағы құбырлар жүйесін жалғау жабдықтың кез келген байланысында қондырғы жұмыс істейтіндей болуы тиіс. Жылу ауыстырғыш және басқа да аппараттарды соратын және айдамалайтын құбырлармен жалғауға арналған, тоңазытқыш агентті айдауды және оны аппараттан жоюды қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықтау қажет.
2227. Салқындатқыш батареялар бөлмелерді бірыңғай салқындатуды қамтамасыз ететіндей болып орналасуы тиіс.
Батареялар әрқайсысы ажыратылатын кем дегенде екеуден кем емес дербес секциядан тұру тиіс.
II-топтағы тоңазытқыш агенттің тікелей буландырғышымен салқындату батареясын қолдануға рұқсат етілмейді.
2228. Тоңазытқыш агенттің циркуляциясының сорғы жүйесін қолдану кезінде, біреуі резервті болып саналатын, екеуден кем емес тоңазытқыш агенттің циркуляциялық сорғысын орнатуды көздеуі тиіс.
Егер сорғы жүйесі ажыратылған сорғыда жұмыс істесе резервті құрылғыны орнату міндетті емес. Мұндай жағдайда қондырғының салқын өнімділігі Қағиданың 2220-тармағындағы талаптардықанағаттандыру тиіс, ал мұздатқыш камералар немесе агенттердің салқын өнімділігі 20 % артық төмендемеу тиіс.
2229. Салқынды тұтынушылар тобының сұйық салқын тасушы жүйесі біреуі резервті болатын сұйық салқын тасушының екеуден кем емес сорғысы болуы тиіс.
Өздігінен сұйық салқын тасығышымен салқынды тұтынушылардың екі және одан жоғары тобы кезінде (әртүрлі температураларымен) әрбір топта біреуден кем емес сұйық салқын тасығыштың сорғысы болуы тиіс; олар үшін жалпы беруге және арынға тиісті сорғы резервті болуы мүмкін.
2230. Тоңазытқыш қондырғының біреуі резервті болатын екеуден кем емес су салқындатқыштың циркуляциялық сорғысы болу тиіс.
Резервті ретінде берілуі және арыны жеткілікті борт сыртындағы судың кез келген кемелік сорғысы болуы мүмкін.
2231. Салқындаушы су екеуден кем емес кингстондардан жеткізілуі қажет. Жалпы кемелік міндеттегі кингстондарды қолдану кезінде кеменің қалыпты пайдалануындағы жағдайда әрбір кингстоннан судың жеткілікті жеткізілуі қамтамасыз етілу тиіс.
210. Материалдар
2232. Артық қысымда динамикалық жүктеме қосымшасында жұмыс істейтін тоңазытқыш жабдықтардың бөлшектерін, бөліктерін және крепаждарын дайындауда қолданылатын материалдардың сапасы және негізгі сипаттамалары, ауыспалы және төменгі температура әрекеті осы Қағиданың 2-бөліміне тиісті талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Материалдарды тоңазытқыш агенттің жұмыс температурасына және физика-химиялық құрылғыларына байланысты таңдау қажет:
1) жабдықтар материалдарының тоңазытқыш агенттермен және олардың ерітінділерімен, жағу майларымен және салқындату орталарымен байланысатын бөліктері, олардың қатынасына бейтарап және тізбектелген ортаның агрессивті әрекетіне тұрақты болуы тиіс;
2) төменгі температура жағдайында жұмыс істейтін жабдықтар материалдарының бөліктері кері айналмайтын конструкциялық өзгерісі болмауы тиіс және төменгі жұмыс температурасында жеткілікті беріктілік сақтамауы тиіс;
3) -50оС температурада жұмыс істейтін болат констуркциялар осы Қағиданың 1365-тармақтары талаптарына жауап беруі қажет;
4) 50оС төмен температурада жұмыс істейтін жабдықтың материал бөліктері Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады.
2233. Коррозиялық активті орталармен байланысатын жабдықтардың бөлігі материалдары, осы орталарға қатынасы бойынша коррозияға тұрақтылығы жеткілікті болатын немесе коррозиялық қарсы жабуы бар материалдардан жасалу қажет.
Әртүрлі электролиттік әлеуеті бар және теңіз суымен байланыстыратын материалдардан жасалған механизмдердің және аппараттардың бөліктері және конструкциялары электрохимиялық коррозиядан қорғалу қажет.
2234. Даттанбайтын болаттан жасалған сұйық салқын тасымалдағыштың және осы құбырларды жалғау бөліктері, сыртынан мырышталуы немесе сыртынан коррозияға қарсы тең қорғау болуы тиіс.
211. Электрлік жабдықтар.
Салқындытқыш машиналық үй-жайлар
2235. Тоңазытқыш қондырғылардың, автоматты құрылғылардың электр жабдықтары, сондай-ақ, тоңазытқыш агенттің және салқындату бөлменің қорларын сақтауға арналған тоңазытқыш машиналардың бөлектену жарықтануы осы Қағиданың 5-бөлім талаптарын қолданылуын қанағаттандыруы тиіс.
2236. Салқындатқыш машина бөлмесі осы Қағиданың 1860, 1866-тармақтардың талаптарын және осы бөлімнің тарауларын қанағаттандыруы тиіс.
Тоңазытқыш машиналар II және III-топтағы тоңазытқыш агенттер қолданатын тоңазытқыш машиналарды жеке герметикалық бөлмелерде орнатады.
Тоңазытқыш машиналар бөлімін құрғату осы Қағиданың 2430-тармағы талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
2237. Сорғылар, компрессорлар, аппараттар және құбырлар тоңазытқыш машиналар бөлімшесінде, оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы, сондай-ақ сорғылар, компрессорлар, аппараттарды іргетастардан шешіп алмай-ақ бөліктерін ауыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен бірге тізбектелген және басқа да жабдықтарды бөлмелер аралығынан және көрші құрылғылар үстінен 100 кем емес қашықтықта орналасу қажет.
2238. Тоңазытқыш машиналар бөлімшесінде сыртқа қарай ашылатын және бір бірінен мүмкіндігінше алыс орнатылған екі есігімен шығуы болуы тиіс. Егер тоңазытқыш машиналар ашық палубадан жоғары немесе төмен орналасса, онда оның шығулары ашық палубаға қарай шығатын жолы бар бөлме есігіне апаратын болаттан жасалған траптармен жабдықталуы тиіс.
Үнемі вахтаны қажет етпейтін жағдайда автоматтандырылған тоңазытқыш машиналардың бөлімшесі І топтағы тоңазытқыш агентті қолданған жағдайда екі шығуы болу қажет емес.
2239. II және III-топтағы тоңазытқыш агенттер қолданылатын тоңазытқыш машиналар бөлімшесінің шығулары тұрғын және қызметтік бөлімшелерге және олармен хабарласатын бөлімшелерге апарылмауы тиіс. Шығулардың біреуі ашық палубаға қарай апаруы тиіс.
Дәліздері және шахталары бар шығатын есіктер ағымды және сорғыш желдеткіштермен жабдықталуы тиіс және де ағымды желдеткіш жасанды болуы тиіс. Осы желдеткішті өшіретін құрал тоңазытқыш машина бөлімшесінің сыртында және ішінде шығатын есіктің дәл қасында орналасуы тиіс.
2240. Қолданылатын ІІ және ІІІ-топтағы тоңазытқыш агенттері, жеке тоңазытқыш машиналарынан шығулар су бүрку жасау үшін құрылғысы болуы тиіс. Су бүркуді қосу үшін құрылғы шығу есігінен тікелей жақынды сыртынан орналасуы тиіс.
Тоңазытқыш машиналар бөлімшесінде сумен өрт сөндіретін жүйедегі шлангысы бар өрт краны болу қажет.
2241. Тоңазытқыш машиналар бөлімшесі сағатына 10 есе ауа ауысуын қамтамасыз ететін автономды желдеткіші болу қажет.
2242. 2210-тармақтың талаптарын қанағаттандырушы негізгі желдеткіштен басқа тоңазытқыш машинаның әрбір бөлімі төмендетіледі қамтамасыз етуші апаттық желдеткішпен қамтамасыз етілуі тиіс:
II және III-топтың тоңазытқыш агенттерін қолданушы, тоңазытқыш машиналар бөлімшесі үшін сағатына 30 есе ауа ауыстырғыш;
І топтың тоңазытқыш агенттерін қолданушы, тоңазытқыш машиналар бөлімшесі үшін сағатына 20 есе ауа ауыстырғыш;
Тоңазытқыш агенттің тығыздығына байланысты желдеткіш жүйесі бөлменің ең жоғарғы немесе ең төменгі бөліктеріндегі ауаны жоюды қамтамасыз етуі тиіс
Авариялық желдеткішті есептеу кезінде, тоңазытқыш машиналардың таратқыш қалқандарын тоқсыздандыру кезінде негізгі желдеткіш авариялықпен бірігіп әрекет ете алатынын ескеріп негізгі желдетудің желдеткіш беруін ескеруге рұқсат етіледі.
212. Тоңазытқыш агенттердің қорларын сақтауға арналған үй-жайлар
2243. Тоңазытқыш агенттердің қорларын сақтауға арналған үй-жайлар бір бірінен жеке болу қажет, ал олардың кемеде орналасуы, сондай-ақ жоғарғы беттерін шектеуші құрылғысы осы Қағиданың 9-бөлім талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Тоңазытқыш агентті сақтауға арналған үй-жай газ өткізбейтін болуы тиіс.
І-топтағы тоңазытқыш агенттердің азғантай қорларын сақтау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен айтылған талаптардан ауытқуға рұқсат етіледі.
2244. Тоңазытқыш агенттердің сауыттарын айдау кезінде олар қозғалмайтындау етіліп бекітіледі.
Қойма үй-жайының қаптамалары және сауыттары аралығында, сондай-ақ жекелеген сауыттар аралығында металл емес төсемдер салынуы тиіс.
2245. Тоңазытқыш агенттердің қорларын сақтауға арналған үй-жай автономды желдеткішпен жабдықталу қажет және олардағы температура 45оС аспайтындай етіліп оқшаулануы тиіс.
2246. Тоңазытқыш агенттердің қорлары сақталатын үй-жайда басқа сығылған газдары бар сауыттарды сақтауға рұқсат етілмейді.
Жабдық үй-жайы үшін жанатын материалдарды қолданбау керек.
2247. Олар орнатылған сауыттар және бөлмелер осы Қағиданың 2240, 2242, 2273, 2274, 2276, 2285, 2286-тармақтарының талаптарын қанағаттандырған жағдайда, тоңазытқыш агенттердің қорларын стационарлы сауыттарда сақтауға рұқсат етіледі.
Жүйені толтырудан кейін немесе оны зарядтағаннан кейін әрбір сауыттың шығыс құбырынан II-топтағы тоңазытқыш агентті жою мүмкіндігін көздеуі тиіс.
Тоңазытқыш агентті сақтауға арналған, сауыттардан шығыс құбырлар тұрғын және қызметтік үй-жайлар арқылы салынбауы тиіс.
213. Салқындататын жүк үй-жайлары
2248. Салқындатқыш бөлмелерде орналасқан тоңазытқыш жабдықтар, батареялар, құралдар, сондай-ақ құбырлар және ауа үрлегіштер берік нығайтылуы және жүктерден зақым келмеуі үшін қорғалуы тиіс.
2249. Әуе салқындатқыш жүйесінің ауа салқындатқыштарды жекелеген бөлмелердегі сияқты, жүк салқындатқыш бөлмелерде де орнатуға болады. Жүк салқындатқыш бөлмелерде ауа үрлегіштер орнатылған кезде конденсат жинақтарымен жабдықталуы тиіс. Минус температруралы салқындатқыш үй-жайлар үшін конденсаттар жинағын жылыту орындау ұсынылады.
II-топтағы тоңазытқыш агенттің тікелей булағышымен ауа салықындатқыштарды қолдануға рұқсат етілмейді.
2250. Жүк үй-жайы толықтай жүктелген кезде ауа салқындатқыш жүйенің ауа салқындатқышына рұқсат қамтамасыз етілуі тиіс. Егер бұл талапты орындау мүмкін болмаса ауа салқындатқышқа рұқсат салқындатылмайтын көрші үй-жайдан көзделу тиіс. Бөлмеге ауа салқындатқыш жүрісіне арналған саңылау өлшемі ол арқылы желдеткіш қанатшасын және электр қозғалтқышын алып өтуге мүмкін болатындай болу қажет.
2251. Ауа салқындатқыш арқылы ауа құбырының өткізбейтін аралық арқылы өтуі кезінде соңғысында аралық қысымына есептелген клинкенттер орнату қажет. Клинкеттерді басқару су үсті борты палубасынан жоғары қол жетімді жерге шығарылу қажет.
2252. Сақталуы жүктік салқындату бөлмелеріндегі ауаны ауыстыруды талап ететін жүктерді тасымалдау үшін, бөлмеге сыртқы таза ауаны (салқын немесе жылы) жеткізуді қамтамасыз ететін желдеткіш жүйесі көзделу тиіс.
2253. Аралықтарда немесе салқындатқыш жүк бөлмесінің шектеуіштерінде орналасқан әрбір кіргізетін және шығаратын саңылаулар жабуға арналған ауа өткізбейтін құрылғысы болу қажет.
2254. Салқындатқыш үй-жай арқылы басқа бөлмеге қарай өтетін ауа өткізгіштер герметикалық және мұқият оқшауланған болу қажет.
2255. Егер тоңазытқыш қондырғылар үшін ауа салқындатқыштарда II-топтағы тоңазытқыш агенттің тікелей булануымен жүк трюмдарының ауа салқындатқышы қолданылса, әрбір немесе осындай бірнеше трюмдар үшін тәуелсіз желдеткіш жүйесін көздеу қажет.
2256. Салқындатқыш үй-жайлар телетермометриялық құрылғылармен жабдықталуы қажет.
Олар болмаған жағдайда салқындатқыш бөлмелер екі (немесе одан да көп) диаметрі 50 мм кем емес термометриялық құбырлармен жабдықталуы тиіс.
Салқындатпайтын бөлмелер арқылы өтетін термометриялық құбырлардың учаскелері мұқият оқшаулануы тиіс.
2257. Салқындатқыш үй-жайларды құрғату осы Қағиданың 2436-2439- тармақтарына сәйкес орындалу тиіс.
214. Тоңазытқыш және салқындатқыш камералар
2258. Тоңазытқыш камераларда ауа салқындатқыш және желдеткіштерді орнату осы Қағиданың 2248 және 2250-тармақтардың талаптарына жауап беру тиіс.
2259. Тоңазытқыш машиналардың бөлімшелерінде тікелей булану жүйесінде жұмыс істейтін тоңазытқыш және салқындатқыштардың жұмысын бақылауға арналған құралдар орнатылу тиіс.
2260. Егер тоңазытқыш камерада II-тоңазытқыш агенттің тікелей булану жүйесі қолданылса, апаттық сору желдеткіші көзделу қажет, ал камера герметикалық болу қажет.
2261. Камераның ішіне қарай апарушы құбырлардың арматурасы камерадан тыс орналасу қажет.
215. Технологиялық жабдықтары бар үй-жайлар
2262. Кемеде тоңазытқыш агенттің қысымымен жұмыс істейтін жұмыс істейтін компрессорларды, сорғыларды, аппараттарды және сауыттарды тоңазытқыш машиналардың үй-жайларынан тыс орналастыру әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
2263. II-топтағы тоңазытқыш агенттің тікелей булану жүйесі бойынша жұмыс істейтін технологиялық жабдығы бар үй-жайларда сулы өрт сөндіру жүйесінің шлангысымен өрт краны болу қажет.
2264. Технологиялық жабдығы бар үй-жайлардың автономды желдеткіші болу қажет. Тікелей булану жүйесі бойынша жұмыс істейтін негізгі желдеткіштен басқа авариялық желдеткішті көздеу қажет.
Ауа жүйесінің негізгі және авариялық желдеткіштерінің ауа ауыстыру еселігі осы Қағиданың 2241 және 2242-тармақтарының талаптарын қанағаттандыру қажет.
2265. II және III-топтың тоңазытқыш агенттерінің тікелей булану жүйесімен жұмыс істейтін технологиялық жабдығы бар үй-жайларда осы Қағиданың 2238 және 2239-тармақтарына сәйкес екі шығу көзделу қажет. II-топтың тоңазытқыш агентін қолданған кезде шығулар су бүркуін құраушы құрылғысы болу қажет. Су бүркуін қосуға арналған құрылғы шығу есігіне тікелей жақын жердегі үй-жайдың сыртында табылуы қажет.
216. Компрессорлар, сорғылар, желдеткіштер
2266. Компрессорлар осы Қағиданың 196-тарауы 2119-тармақтардың және осы бөлімнің талаптарына сәйкес келуі қажет.
2267. Динамикалық жүктеме қосымшасында және артық қысымда жұмыс істейтін компрессорлар бөлшектерінің беріктілігі осы Қағиданың 2219-тармағына сәйкес есепті қысымнан туындап есептелу қажет.
2268. Сору және тоңазытқыш агенттің айдамалау жағындағы компрессорлар автоматты түрде қолданылатын клапандардың болуынан тәуелсіз бекіту клапандары болу қажет.
2269. Тоңазытқыш агент, май және салқындататын су үшін қуыстар қажетті жерлерде іске қосу құрылғылары болу қажет.
2270. Компрессорларды сығудың аралық және соңғы сатылық жағында айдамалау қуысы және берік клапан аралығында қысым шамадан асып кеткен жағдайда тоңазытқыш агентті компрессорды сору жағына қарай өткізуші сақтандырғыш клапан немесе басқа өздігінен әрекет жасайтын сақтандырғыш клапан орнатылу қажет.
Сақтандырғыш құрылғылардың өткізгіш қабілеті компрессордың қорғау сатыларының ең көп беру көлемінен (массасынан) кем болмау қажет.
Сақтандырғыш клапанды ашқаннан кейін қысымды жоғарылату оны ашу қысымынан 10 % аспау қажет.
Өткізгіш сызықта ешқандай жабушы құрылғы болмау қажет.
Тоңазытқыш агент құрылғысын атмосфераға шығару мүмкіндігі әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылды.
2271. Сорғылар осы Қағиданың 197-тарау талаптарына сәйкес келу қажет.
2272. Желдеткіштер осы Қағиданың 198-тарау талаптарымен қолданылатын талаптарға сәйкес келуі қажет.
217. Жылу алмастырғыш аппараттар және қысымдағы сауыттар
2273. Жылу ауыстырғыш аппараттар және қысымдағы сауыттар материалдар және арматураны жарақтау қатынасы Қағиданың осы бөлімінің және 203-тарауда қолданылатын талаптарды (2182, 2184-тармақтарынан басқа), 204-тарау (2191 - 2194, 2197, 2198-тармақтардан басқа) және Қағиданың осы бөлімін сәйкес болуы тиіс. Олардың беріктілікке есебі Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген әдістеме бойынша жүзеге асырылады.
2274. Бүркеніш құбырлы аппараттар және тоңазытқыш агент қуысының 50 дм3 және одан жоғары көлемдегі сауыттарын сақтандырғыш клапанды толықтай ашу кезіндегі ашу қысымының 10 % асатын қысымның пайда болуын жоятын есепті шығару қабілетімен сақтандырғыш құрылғылармен жабдықтау қажет.
Шығару қабілеттілігі G мынадай формуламен есептелгеннен кем болмау қажет, кг/с
G = qS/r (610)
мұндағы q — өрт кезіндегі жылу ағынының тығыздығы, кВт/м2 (барлық жағдайда 10 кВт/м2 тең қабылданады.)
S — сауыттың (аппараттың) жоғарғы бетінің сыртқы ауданы, м2;
r — сақтандырғыш клапанды ашу қысымы кезіндегі тоңазытқыш агенттің бу құраушының үлесті жылуы, кДж/кг.
Сақтандырғыш құрылғылар екі сақтандарғыш клапаннан және кез келген жағдайда аппаратпен немесе сауытпен екі сақтандырғыш немесе екеуінің бірі қосылатындай конструкциядағы ауыстырып қосқыш құрылғыдан тұру қажет. Әрбір клапан толық өткізгіш қабілеттілікке есептелу қажет.
Кеме қатынасының тіркелімі егер бұл мақсатқа сай деп таныса, басқа да типтегі аппараттардың сақтандырғыш құрылғылармен жабдықталуын талап етеді.
Аппараттар немесе сауыттар және сақтандырғыш құрылғылар аралығында бекіту клапандарын орнатуға рұқсат етілмейді.
Сақтандырғыш құрылғыларды бір сақтандырғыш клапанмен немесе басқа конструктивті типпен қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
2275. Аппараттар және қысым астындағы сауыттар ауаны шығаруға, суды, майды жән сұйық салқын тасығышты жіберуге арналған құрылғысы болу қажет.
2276. II және III-топтағы сұйық тоңазытқыш агенттері бар аппараттар және сауыттар апатты тоңазытқыш агентті құбырға арналған құрылғысы болу қажет.
Осы Қағиданың 2219-тармағына сәйкес қабылданған санмен есептіге тең сауытта немесе аппаратта тоңазытқыш агенттің артық қысымы өзгермейтін кездегі тоңазытқыш агентті құюдың есепті уақыты 2 минуттан жоғары болмау қажет
218. Ауа салқындатқыштар
2277. Тоңазытқыш агенттің тікелей булағыштарымен ауа салқындатқыштарды булағыштар дәнекерленген немесе пісірілген конструкциялы болуы қажет. Секция және құбыр аралығындағы фланецті жалғауларды қажет болған жағдайларда ғана қолдану керек, сонымен бірге барлық фланецтік жалғаулар жалғаудың нығыздылығын тексеру мүмкін болу үшін қол тиімді жерде орналасу тиіс.
2278. Егер жүк бөлмелерін салқындату үшін бір ғана ауа салқындатқыш қолданылады, оның булағышы әрқайсысы ажыратылатын, екеуден кем емес дербес секциядан тұру қажет.
219. Арматура және сақтандырғыш клапандар
2279. Тоңазытқыш қондырғылар жүйесінде жабылатын, реттелетін және сақтандыратын арматура қолданылу қажет, (1,25 кем емес қысымға есептелген), мұндағы р — осы Қағиданың 2219-тармақпен сәйкес қабылданған, есептік қысым.
Болат арматура орнатылу қажет. Басқа материалдан жасалған арматураны қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
Тоңазытқыш компрессорлардың қуыстарына кіру және шығу үшін пластинчатты графитті шойыннан жасалған ішкі жабық арматураны қолдану керек, сондай-ақ ортаның температурасы 40оС төмен І және II-топтағы тоңазытқыш агент үшін шар тәрізді графитті шойыннан жасалған арматураны қолдануға болады.
2280. Сақтандырғыш клапандардың серіппелі құрылғысы осы Қағиданың 2219-тармағына сәйкес қабылданған есептік қысымнан 10 % аспайтын қысым кезінде олардың ашылуын қамтамасыз ету қажет.
220. Құбырлар
2281. Cұйық салқын тасығыштың және су салқындатқыштың тоңазытқыш агент жүйесінің құбырлары осы Қағиданың 35 бөлімімен қолданылатын және осы тараудың Қағида талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сонымен бірге II және III-топтағы тоңазытқыш агенттердің құбырлары, сондай-ақ І-топтың сұйық тоңазытқыш агентін циркуляция жасайтын құбырлардың учаскелері осы Қағиданың 322-қосымшасына сәйкес І-сыныпты құбырларға жатады.
2282. Тоңазытқыш агенттің және сұйық салқын тасығыштың құбырлары тігіссіз құбырлардан жасалу қажет. Сұйық салқын тасығыштың құбырлары болат құбырлардан жасалу қажет.
2283. Тоңазытқыш агенттердің компрессорлардың және сорғылардың айдамалау құбырларында кері (қайталамайтын) клапандар орнату қажет. Мұндай клапандарды І-топтың тоңазытқыш агентінің жұмыс денесі ретінде қолданылатын және жүк түсіретін құрылғысы жоқ компрессорлар үшін мұндай клапандарды орнатпауға рұқсат етіледі.
2284. Суда аз ерітілетін тоңазытқыш агенттердің сұйық құбырларында ылғалды сіңіруге арналған құрғату құрылғылары көзделу қажет. Оларды сүзгіштерден бірге орнату немесе олармен конструктивті жалғау керек.
2285. Сақтандырғыш клапаннан тоңазытқыш агенттің құю құбырлары (осы Қағиданың 2270-тармағында көрсетілгеннен басқа) ең аз отырғызу кезінде кеменің ватерсызығынан төмен борт сыртына шығару қажет. Құбырлар тоңазытқыш агент және кері клапандардың ағып кетулерінің көрсеткішімен жабдықталу қажет. І-топтың тоңазытқыш агенттерін адамдарға қауіпсіз жерде атмосфераға шығаруға рұқсат етіледі.
2286. Аппраттардан және сауыттардан тоңазытқыш агенттің авариялық құю құбырларын тоңазытқыш машинадан тыс, бірақ оған кіретін жерге жақын орналасқан коллекторге шығару керек.
Коллектордың әрбір құю құбырында жабық клапандар және әрбір клапаннан кейін тоңазытқыш агентінің ағып кетуінің ағынына көрсеткіш орнатылу қажет. Клапандар бөтен тұлғалардың кіруінен қорғалу және жабық күйінде пломбалауға қабілетті болу қажет.
Коллектордан авариялық құюдың борт сыртына жалпы құбыры кері клапанмен жабдықталуы және ең аз отыру кезінде кеменің ватерсызығынан төмен шығарылу қажет. Жалпы құбырды үрлеу үшін сығылған ауа немесе буды жеткізу көзделу қажет.
Жекелеген аппараттардан және сауыттардағы тоңазытқыш агенттердің апатты құбырының ішкі диаметрі осы Қағиданың 2274-тармағы бойынша анықталған сақтандырғыш клапанның диаметрінен кем болмау қажет.
Борт сыртындағы авариялық құюдың жалпы құбырының қимасының ауданы, жалпы құбырлармен жалғасқан жекелеген аппараттардағы және сауыттардағы ең үлкен үш апатты құю құбырларының қима ауданынан кем болмау қажет.
2287. Осы Қағиданың 2285 және 2286-тармағына сәйкес кеменің ватерсызығынан төмен шығарылған құбырлардың учаскелері үшін, барлық жағдайларда құбырлардың дуалдарының ең кіші қалыңдығы осы Қағиданың 323-қосымшасының 3 бағанында көрсетілгеннен кем қабылданбау қажет.
221. Бақылау-өлшеу құралдары
2288. Тоңазытқыш агенттердің компрессорларында, басқа агрегаттарында, құбырларында жұмыс денесінің параметрлерін және қондырғының жұмыс режимінің параметрлерін бақылауға арналған құралдар орнату керек. Бұдан басқа, сынақ жүргізу үшін қажетті бақылау және өлшеу құралдарын орнату мүмкіндігі көзделу қажет.
2289. Бақылау және өлшегіш құралдар тез қол жететін және жақсы көрінетін жерде орналасу қажет. Шкалада бақыланатын параметрлердің ең үлкен және ең кіші мәндері көрсетілу қажет.
222. Автоматтандыру құрылғысы
2290. Автоматизация жүйесі, сондай-ақ оның құрамына кіретін элементтер және бөлшектер осы Қағиданың 37-бөлімнің қолданылатын талаптарына сәйкес келуі тиіс.
2291. Тоңазытқыш қондырғының автоматты басқаруын қолданған кезде сондай-ақ қолмен басқару мүмкіндігін көздеу қажет.
Егер екі параллелді жұмыс істейтін автоматты құрылғы болса, қолмен басқаруды көздемеуге болады.
2292. Тоңазытқыш агенттердің компрессорларын олардың жетегі мынадай жағдайларда ажыратылатын автоматты құрылғылармен жабдықталу тиіс:
1) сору қысымының жарамайтын төмендеуі;
2) айдамалу қысымының жарамайтын жоғарылауы;
3) жағатын майдың қысымының жарамайтын төмендеуі;
4) айдамалау қысымының (II және III топтың тоңазытқыш агенттерінде жұмыс істейтін тоңазытқыш қондырғылар, сондай-ақ вахтасыз қызмететілетін автоматты қондырғылар үшін) жарамайтын жоғарылауы;
5) орталықтан тепкіш компрессордың роторының жарамайтын осьтік қозғалуы;
6) орталықтан тепкіш компрессорлардың біліктіректерінің қозғалу температурасының жарамайтын жоғарылауы.
2293. Сұйықтықтарды бөлгіштер, аралық сауыттар және циркуляциялық ресиверлер (тоңазытқыш агенттің цируляциясының сорғы жүйесі кезінде), сондай-ақ сұйықтықтың еркін бетімен булағыштарды, мыналарды қамтамасыз ететін автоматты құрылғылармен жабдықталады:
1) булағыштың қалыпты жағдайы немесе булардың үнемі қызып кетуінің температурасы үшін орнатылған, тоңазытқыш агенттің тұрақты деңгейін қолдау;
2) булағыштарға және компрессор тоқтаған кезде кез келген типтегі сауыттар аралығына сұйық тоңазытқыш агенттің беруінің тоқтауы;
3) тоңазытқыш агенттің деңгейінің жарамайтын жоғарылауы кезінде компрессорды сөндіру.
2294. Бүркеніш құбыр булағыштарымен қондырғылар мыналарды қамтамасыз ететін автоматты құрылғылармен жабдықталады:
1) булағыш арқылы сұйық салқын тасығыштың қозғалысы тоқтаған кезде немесе осы булағыштың тоңазытқыш агент жүйесінен ажыратқан кездегі компрессордың тоқтауы;
2) сұйық салқын тасығыштың температурасының жарамайтын төмендеуі кезінде компрессордың тоқтауы.
2295. Тоңазытқыш қондырғылар осы Қағиданың 2292-2294 тармақтарда көрсетілген қорғаудың автоматты құрылғысы іске қосылған кезде тоңазытқыш қондырғымен басқару постына сигнал беретін сигнал беру құрылғысымен жабдықталуы тиіс.
Тоңазытқыш қондырғымен жергілікті басқару постында көрсетілген сигналдардың түсіндіру мүмкіндігін көздеу қажет.
2296. Рульдік рубкада толықтай автоматтандырылған тоңазытқыш қондырғыны қолдану кезінде, осы тасымалдаушы жүктің түріне талап етілетін салқындатқыш бөлмелердегі температураның рұқсат етілгеннен ауытқуы туралы сақтандырғыш сигнал беру көзделу қажет.
2297. Тоңазытқыш агенттің қысымындағы жабдықпен әрбір бөлме газоанализатормен және тоңазытқыш агенттің ағып кетуі туралы сақтандырғыш сигнал берумен жабдықталуы тиіс. Сигнал беру тоңазытқыш қондырғымен басқару постына шығарылу қажет.
2298. Автоматтандырылған тоңазытқыш қондырғы осы Қағиданың 37- бөлімі талаптарына сәйкес болуы тиіс.
223. Салқындату үй-жайларын оқшаулау
2299. Салқындататын жүк үй-жайларының ішінде кеме корпусының барлық металл бөліктері мұқият қошаулану қажет.
2300. Салқындататын жүк үй-жайларының оқшаулауын иісі жоқ биотұрақты материалдардан орындау қажет.
2301. Отын танкілері және цистерналар орналасқан аудандағы аралықтардың және екі түпті төсеніштердің беттері иіс бөлмейтін мұнайға тұрақты материалдан жабылуы керек. Бұл жабуды жеткізу көрсетілген беттерді оқшаулаудан бұрын орындалу қажет.
2302. Салқындататын жүк үй-жайларының оқшаулануы ылғалдың кіріп кетуінен қорғалу қажет немесе пайдалану кезеңінде оны құрғатудың сенімді құралдарымен жабдықталуы, сондай-ақ ластанулардан зақымданудан қорғалу тиіс.
2303. Салқындататын жүк үй-жайларының оқшаулануында қаптама немесе басқа қорғайтын жабуы болу қажет. Қаптама ол жүктермен зақымдалынуы мүмкін жерлердегі сенімді қорғалуы тиіс.
2304. Тоңазытқыш туннельдерді оқшаулау осы Қағиданың 2254, 2300, 2302, 2303-тармақтарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
224. Құбырларды оқшаулау
2305. Аралықтар және палубалар арқылы құбырлар өтетін жерлерде жылу көпірлерінің құрылуын бодырмау мақсатында аралықтармен және палубалармен тікелей байланыс болмау қажет.
2306. Құбырларды оқшаулау ылғалдың кіруінен қорғалуы қажет.
2307. Құбырларды оқшаулау үшін осы Қағиданың 9-бөлігінің талаптарына сәйкес жанбайтын оқшауланған материалдар қолданылу тиіс. Бұл талаптар салқындататын жүк үй-жайларының және қоймалар шегінде орналасқан құбырларды оқшаулауға қолданылмайды.
2308. Олардың саны ең кіші, ал олардың ашық бөліктері жаймен беті бойынша жалын тарататын жағдайда, андиконденсатты материалдар және желімдер оқшаулаумен үйлесуде қолданатын және құбырлардың арматураларын оқшаулау осы Қағиданың 9-бөлігі талаптарына жауап бермеуге болады.
225. Ұйымдастырушы-дайындаушы қабырғасында тоңазытқыш қондырғылар элементтерін сынау
2309. Тоңазытқыш агенттің қысымымен жұмыс істейтін элементтер 1,5р кем емес сынақ қысымында беріктілікке гидравликалық сынақтан өту қажет, мұндағы р — поршенді компрессорлы катерледі қоспағанда, осы Қағиданың 2219-тармағына сәйкес қабылданған есепті қысым.
Сұйық салқын тасығыш немесе су қысымымен жұмыс істейтін элементтер 1,5 жұмыс қысымына тең, бірақ 0,4 МПа кем емес қысыммен гидравликалық сынақ жүргізілу қажет.
2310. Тоңазытқыш агент қысымымен жұмыс істейтін элементтер осы Қағиданың 2219-тармағына сәйкес қабылданған есептіден кем емес сынақ қысымы есептіден 0,8 кем болмайтын поршенді компрессорлы картерлерді қоспағанда сынақ қысыммен пневматикалық сынақ жүргізілуі қажет.
2311. Атмосфералықтан төмен қысымда жұмыс істейтін жабдықтар, 0,8 кПа жоғары емес қалдық қысым кезінде вакумдалумен герметикалыққа сыналуы қажет.
2312. Көрсетілген сынақтан басқа жабық органы бар Жинақтағы арматура және автоматика құралдары, осы Қағиданың 2219-тармағына сәйкес есептіге тең сынама қысыммен жабылу беріктілігіне пневматикалық сыналу тиіс.
2313. Тоңазытқыш агенттің, сұйық салқын тасығыштың және суды салқындатқыштың компрессорлары, сорғылары, тоңазытқыш агент қысымымен жұмыс істейтін жылу ауыстырғыш және басқа да аппараттар, сауыттар, 1,0 МПа және одан жоғары қысымға арналған құбырлар және арматура, автоматтық басқару жүйесінің құралдары, бақылау және қорғау, сондай-ақ жинаудан кейін тоңазытқыш бөлмелердегі температураны өлшейтін және тіркейтін құралдар осы Қағиданың 2108-тармағы талабына сәйкес сыналу қажет.
226. Тоңазытқыш қондырғыны кемеде сынау
2314. Кемеде тоңазытқыш қондырғыны монтаждауды аяқтағаннан кейін р тең сынама қысыммен тоңазытқыш агент барлық жүйесіне пневматикалық сынақ жүргізілу қажет, мұндағы р — осы Қағиданың 2219-тармағы талабына сәйкес қабылданған есепті қысым.
2315. Кемеде пневматикалық сынауды құрғақ ауамен, көмірқышқыл газымен немесе азотпен жүргізуге болады.
2316. Тоңазытқыш агенттің жүйесі тығыздылыққа сыналғаннан кейін құрғатылу және 1 кПа артық емес қалдық қысымда вакуумдалумен герметикалық сыналуы тиіс.
2317. Жүйені тоңазытқыш агентпен толтырғаннан кейін жалғаудың және арматураның тығыздығын тексеру керек.
2318. Сұйық салқын тасығыш және су салқындатқыш жүйесінің құбырлары жұмыс жағдайында тығыздыққа сыналуы тиіс.
2319. Осы Қағиданың 209-тарауы талаптардың орындалуын тексеру үшін тоңазытқыш агенттің жылу техникалық сынауы жүргізілу тиіс.
35-бөлім. Жүйелер
227. Жалпы ережелер
2320. Қағиданың осы бөлімінің талаптары кемелерде қолданатын мынадай жүйелерге қолданылады:
1) Құрғатушы;
2) балласттық;
3) мұнай құятын кемелердің сұйық жүктері;
4) ауа, газ шығарушы, құйма және өлшеу құбырлары;
5) газ шығарушы;
6) отындық;
7) майлы;
8) суды салқындату;
9) сығылған газ;
10) желдеткіштер;
11) қазандарды үрлеуші буөткізгіштер және құбырөткізгіштер;
12) сұйылтылған газдар;
13) уыттандыратын орталармен;
14) қоректендіретін және конденсатты;
15) сақтандырғыш клапандардан ашық бу өткізгіштер;
16) танкілерді тазарту және жуу;
17) гидравликалық жетектер.
Жоғарыда көрсетілмеген жүйелерге және құбырларға арнайы талаптар, Қағиданың осы және басқа бөлімінің тиісті бөлімдерінде келтірілген.
2321. Ортаның міндеті мен параметрлеріне байланысты құбырлар осы Қағиданың 322-қосымшасына сәйкес үш сыныпқа бөлінеді.
Құбырлардың әрбір сыныбы үшін жалғаулардың нақты түрлері, термиялық өңдеулердің түрлері, дәнекерлеу режимдері, қажетті түрлері және сынақ көлемі белгіленеді.
228. Құбырлар
Достарыңызбен бөлісу: |