§ 3. Сым байланыстарын сынау — қорғаушы газ
1812. Осы талаптар «сым-қорғаушы газ» пісіру материалдар комбинациясына, сондай-ақ флюсы бар және флюспен қапталған сымдарға (қорғаушы газбен және газсыз пісіру үшін) қолданылады.
1813. Қорғаушы газдың құрамы үйлесімділік рұқсаттамасында көрсетілуі тиіс.
Сол сымдар үшін басқа құрамды қорғаушы газды қолдану қосымша сынаулар жүргізуден кейін мүмкін.
Бұрыштық тігістерді пісіруге арналған үйлесімділікке рұқсаттама беру кезінде осы Қағиданың 1807-тармағы талаптары орындалуы тиіс.
Автоматты көп жолды пісірудің үйлесімділігіне рұқсаттама кезінде осы Қағиданың 1809-тармағы талаптары орындалуы тиіс, ерітілген металдың сынамасын пісіру кезінде қабат қалыңдығының 3 мм кем болмауы тиіс.
Жартылай автоматты көп жолды пісіру үшін рұқсаттаманың үйлесімділігі қосымша сынаулар жүргізілмей автоматты пісіруге рұқсат етіледі.
140. Көп жолды пісірудің үйлесімділігі
§ 1. Ерітілген металды және пісіріліп түйіскен жалғауларды сынау
1814. Ерітілген металды төменгі күйде сынау кезінде: бірінші - өндірілетін ең төмен диаметрлі сымдармен, ал басқасы - едәуір аса диаметрлі сыммен осы Қағиданың 268-қосымшасына сәйкес екі сынама пісірілуі тиіс. Егер сымдар тек қана бір диаметрлі болып өндірілетін болса, бір сынаманы ғана пісірген дұрыс.
Сынаманы пісіру кезінде ерітілген металдың әрбір қабатының қалыңдығы 2-6 мм тұруы тиіс.
Осы Қағиданың 268-қосымшасына сәйкес сынамалардан ойып кесілген үлгілерді сынау нәтижелері 262-қосымша талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
1815. Үйлесімділік арналған пісірудің әрбір күйіне осы Қағиданың 269-қосымшасына сәйкес бір сынамадан пісірілуі тиіс. Сынамаларды пісіру кезінде бірінші жол ең кіші диаметрлі сымдармен орындалады. Мынадай жолдарда: төменгі күй үшін - өндірілетінін едәуір аса диаметрлі сымдармен, басқалары үшін - пісірудің осы күйі үшін жасаушымен ұсынылатын едәуір аса диаметрлі сыммен орындалады.
Егер үйлесімділік тек қана төменгі күйде пісіру үшін арналған болса, қосымша сынаманы, бірінші сынаманы пісіру үшін қолданылған сымдардың басқа диаметрлі сымдарды қолдану арқылы жасау қажет.
Егер сымдар тек бір диаметрлі болып жасалатын болса, бір сынама жасалынуы керек.
Осы Қағиданың 269-қосымшасына сәйкес сынамалардан ойып кесілген үлгілерді сынаулар нәтижелері 262, 263-қосымшасына талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
§ 2. Автоматты қос сымды пісіруге арналған байланыстыру
1816. Сынаулар мыналарды ескере отырып осы Қағиданың 1811-тармағы талаптарына сәйкес жүргізіледі:
1) сынаулар үшін осы Қағиданың 275-қосымшасына сәйкес екі сынама жасалынуы тиіс: біріншісі - қалыңдығы 12-15 мм және басқасы - қалыңдығы 20-25 мм.
2) егер үйлесімдер 25 мм және одан аса қалыңдықты болатты пісіруге арналған болса, екі сынама жасалынуы тиіс: осы үйлесімдерді пісіруге арналған біреуі - шамамен 20 мм қалыңдығы және басқасы - ең үлкен қалыңдықты.
1817. Пісіріліп жатқан сынамалардың қалыңдығына байланысты пісіру астындағы жиектерді дайындау осы Қағиданың 277-қосымшасына сәйкес орындайды.
§ 3. Қорғаушы газдағы доғалы пісіруге және астарлардағы
бір жақты пісіруге арналған пісіру материалдарын сынау
1818. Жоғарыда көрсетілген пісіру материалдарына осы Қағиданың 1811-тармақтары талаптарын ескере отырып, 1819-тармақтары талаптары қолданылады.
Сонымен бірге, пісіруде бір жолмен, ал жиектерді бөлуді жүргізбей орындалуы мүмкін.
1819. Сынаулар үшін осы Қағиданың 278, 279-қосымшасына сәйкес қалыңдығы 25 мм және 35 - 40 мм екі сынама пісірілуі тиіс.
Сынамалар үшін болат категориялары қалыңдығы 25-35 мм сынамаларға осы Қағиданың 276-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.
Осы Қағиданың 278, 279-қосымшасына сәйкес сынамалардан ойып кесілген үлгілерді сынау нәтижелері автомаитты түрде пісіру үшін 262, 263-қосымшасына талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
1820. Сынаулар көлемі және оларды жүргізу шарттары мынадай нұсқауларды ескере отырып, тиісті пісіру тәсілдері үшін осы Қағиданың 1804-1811-тармағы талаптарына сәйкес белгіленеді.
Ерітілген металды сынауға арналған сынамаларды пісіру тәсіліне байланысты осы Қағиданың 268 және 273-қосымшасына сәйкес жасалады. Осы Қағиданың 280-қосымшасына сәйкес қалыңдығы ең аз және ең көп пісіріліп, түйіскен жалғаулардан екі сынама жасалынуы тиіс.
Жиектерді дайындау, ойықтар өлшемдері, пісіру режимдері пісіру материалдарын жасаушының ұсыныстарына сәйкес болуы тиіс.
Пісіру материалдарының тиісті категорялары үшін ерітілген металдың механикалық қасиеттері осы Қағиданың 262-қосымшасына, ал пісіру жалғаулардың - 263-қосымшасына сәйкес болуы тиіс. Егер пісіру материалдары әдеттегі технология бойынша пісіру үшін Кеме қатынасының тіркелімімен жіберілген болса, осы Қағиданың 280-қосымшасына сәйкес пісіру жалғауларын сынауға арналған бір сынама жасалынуы тиіс.
141. Қазанды болатты пісірудің дәнекерлеу материалдары
1821. Қазанды болатты пісіруге арналған пісіру материалдарына осы тараудың нұсқауларын ескере отырып, салқын сызаттар мен теңіз суларда коррозия пайда болуына қарсы тұрақтылықты сынаудан бөлек кеме жасауыш болатты пісіру үшін толық осы Қағиданың 136-тарауында қарастырылған талаптар қолданылады.
1822. Ерітілген метал мен түйіскен жалғаулардың сынамаларынан жасалған қазанды болат үшін пісіру материалдарын сынау кезінде қосымша осы Қағиданың 93-тарауына сәйкес тозудан кейін соғудан майысу сынаулары үшін үлгілер комплектісін жасайды.
1823. 350 оС және жоғары қолданылатын болатты пісіруге арналған пісіру материалдарына сынаулар жүргізу кезінде Кеме қатынасының тіркелімі шартты ағымдлық шегін R po,2t анықтаумен ең жоғары жұмыс температурасы кезінде созылуына сынауды талап етуі мүмкін.
Сынауларды жүргізеді және олардың нәтижелерін Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген стандарттар бойынша бағаланады.
142. Механизмдерді, құрылғыларды, жабдықтарды, құбырларды
және жоғарғы беріктілікті болатты жасауға арналған болатты пісірудің пісіру материалдары
1824. Кеме жасаушы немесе қазанды болатты пісіруге жіберілген пісіру материалдары қосымша сынауларсыз, егер оны кеме жасаушы немесе оның қасиеттеріне жақын құрылғылармен орындалса, кемелік техника, құрылғылар және олардың механизмдерін, құбырларын жасауға арналған болатты пісіру үшін қосымша сынауларсыз жіберілуі мүмкін.
Барлық басқа жағдайларды осы конструкцияларға арналған пісіру материалдар олар пісіруге арналған болатта сыналуы тиіс. Сынаулар Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
1825. Сынамаларды дайындау, олардың өлшемдері және көлемі, сондай-ақ ерітілген металды сынаулар қолданылатын пісіру материалдарына байланысты осы Қағиданың 1792, 1804, 1809, 1814 және 1815-тармақтары талаптарына жауап беруі тиіс.
Үлгілерді сынау нәтижелері осы Қағиданың 281-қосымшасына талаптарына жауап беруі тиіс.
1826. Сынамаларды дайындау, олардың өлшемдері мен көлемі, сондай-ақ пісіру жалғауларының сынаулары пісіру материалдарын қолдануға байланысты осы Қағиданың 1805, 1810, 1814 және 1815-тармақтары талаптарына жауап беруі тиіс.
Сынамалар көрсетілген категорияларына тиісті ең аз уақытша қарсыласумен жоғарғы беріктілікті болаттан жасалуы тиіс.
Үлгілерді сынау нәтижелері осы Қағиданың 282-қосымшасына талаптарына жауап беруі тиіс.
1827. Пісіру материалдары осы Қағиданың 1789-тармағына сәйкес сутек құрамын анықтау сынауларына жатады және НН сутек құрамы индексімен ұсынылған метлға қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
143. Алюминий мен оның ерітінділерін пісіруге арналған пісіру материалдары
1828. Нақты ерітіндіні пісіруге арналған пісіру материалдар осы ерітіндіде сыналуы тиіс. Сынаулар үшін үш түйіскен және үш таврлы сынамалар пісірілуі тиіс.
1829. Сынаулар жүргізу үшін қалыңдығы мынадай табақты материалдардан тұратын үш түйіскен сынамалардан жасалады:
5 мм немесе кем;
шамамен 10 мм;
10 мм аса.
Сынамаларды төменгі күйде пісіреді. Жиектерді пісіруіне бөлу пісірудің қолданылып жатқан тәсілі үшін қарапайым технологияға сәйкес орындалады.
Сынамалар өлшемдері мүмкін болатын қайта сынауларды ескере отырып, қажет етілетін барлық үлгілерді жасау үшін жеткілікті болуы тиіс.
Әрбір пісіріліп, түйіскен сынамалардан ойып кесіліп және сыналуы тиіс:
1) пісіру жалғауларын созылуына сынау үшін тігіске көлденең үш жазық үлгілер. Сынаулар алдында тігістің ұлғаюы шешілмейді.
2) Майысуға сынау үшін тігіске көлденең үш үлгі. Сынаулар алдында тігістің ұлғаюы шешілуі тиіс. Үлгі созу зонасында жол соңғы пісірілетіндй етіп майысуы тиіс;
3) пісіру тігістері материалының созылуына сынау үшін тігіс бойымен ойып кесілген үш цилиндрлі үлгі.
Үлгілер қалыңдығы 10 мм және одан аса сынамалардан жасалады.
1830. Осы Қағиданың 1829-тармағында көрсетілген үлгілерді сынау нәтижелері осы Қағиданың 283-қосымша талаптарына сәйкес болуы тиіс.
1831. Таврлы сынамаларды осы Қағиданың 1806-тармағына сәйкес жасайды және сыну, кеуектілік, сызаттар және басқа ақауларды тексеру мақсатында сынуға сыналады.
Таврлы сынамалардың үштен бірі диаметрі ең аз сымдармен, басқасы - едәуір аса диаметрлі сымдармен, үшіншісі - орташа диаметрлі сымдармен пісіріледі.
Тігістердің сынуында осы Қағиданың 258, 259-қосымша талаптарына сәйкес жіберілмейтін ақаулары болмауы тиіс.
25-бөлім. Пісірушіге рұқсаттама беру
144. Жалпы ережелер
1832. Осы бөлімнің талаптары конструктивті пісіруге орындалған пісірушіге рұқсаттама беру (операторларды) жалпы шарттарын белгілейді.
1833. Осы бөліммен қарастырылған талаптарын орындау кезінде Кеме қатынасының тіркелімінің пісірушіні ондағы анықталған шарттармен (материал, пісіру тәсілі, пісіру күйі) конструктивті пісіруге рұқсаттама беруді растайтын Пісірушіге рұқсаттама беру туралы куәлік беріледі.
1834. Пісірушілерге рұқсаттама беруге сынаулар жүргізу үшін өтінімде мынадай мәліметтер болуы тиіс: жөні, аты, тегі, туған жылы, жұмыс орны, сыныптамалық құжатты беру күні мен орны.
1835. Кеме қатынасының тіркелімімен пісірушіге рұқсаттама беру үшін сынаулар оқу немесе пісірушінің жұмысы орнында сыныптамалық сынаулармен қосарлануы мүмкін.
1836. Сынамалар дайындау үшін негізгі материалдар Кеме қатынасының тіркелімімен жіберілуі және тиісті сертификаттар болуы;
сынамаларды пісіру Кеме қатынасының тіркелімімен рұқсат етілген пісіру материалдары мен пісіру тәсілдерімен орындалуы қажет.
1837. Егер сынамаларды дайындау кезінде жабдықтың ақаулығы (кернеу түсуі, тоқ жоғалуы), электродтың қатпарлануы және басқасы, пісірушіге байланысы жоқ ақаулар анықталса, онда сол көлемде қайта сынамалар дайындалады.
145. Пісірушіге рұқсаттама беру сынаулары
1838. Пісірушіге рұқсаттама беру үшін сынаулар оның теориялық және тәжірибелік білімін тексеруді қосуы тиіс.
1839. Рұқсаттама беру үшін қолдан және жартылай автоматты пісіру сынаулары осы Қағиданың 284-қосымшасына және 285-292-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
1840. Автоматты пісіру бойынша рұқсаттама беру сынаулары осы Қағиданың 293-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
146. Пісірушіге рұқсаттама беру туралы куәліктің әрекеті
1841. Пісірушіге рұқсаттама беру туралы куәліктің әрекет ету мерзімі - екі жылға дейін.
Мерзімі аяқталғаннан соң Куәлік қайта алынады.
Жаңа куәлікті алу үшін пісірушіге осы Қағиданың 145-тарауына сәйкес рұқсаттама беру үшін жаңа сынауларды өтуі тиіс.
Егер пісіруші Куәліктің әрекет ету мерзімі кезінде осы Қағиданың 1685-тармағында көрсетілген құрылысты пісіруді орындап және пісіру тігістерін бақылау нәтижелері бойынша (сонымен қатар, бұзылмайтын) ескертулер алмаса Куәлік әрекеті сынауларсыз қайта жаңартылуы мүмкін.
1842. Куәлік мынадай жағдайларда күшін жояды:
1) егер Куәліктің әрекет ету кезеңінде пісіруші Куәлікте көрсетілген пісіру жұмыстарын алты айдан аса қатарынан пісіру жұмыстарын орындамаған болса;
2) егер Куәліктің әрекет ету кезеңінде пісірушімен орындалған пісіру жұмыстары Қағиданың осы бөлімінің талаптарын қанағаттандырмады деп танылса.
3-бөлік. Энергетикалық қондырғылар және жүйелер
26-бөлім. Жалпы ережелер
147. Қолдану саласы
1843. Қағиданың осы бөлімі ішкі жүзу кемелерінің энергетикалық қондырғылар және жүйелер объектілерін қарастырады және осы объектілердің талаптарын және олардың орналасуын, қондырғылар және өртке қарсы қорғау талаптарын қамтиды.
1844. 155, 169-тарауларын қоспағанда энергетикалық қондырғыларға, Қағиданың осы бөлімінің талаптары,, қозғалтқыштар және қазандар үшін қолданылатын және жабық тиглде анықталатын сұйық отынның тұтану температурасы 60оС төмен болмауы, ал авариялық дизель-генераторлар үшін 43оС төмен болмауы тиіс шартынан туындайды.
148. Түсініктемелер және анықтамалар
1845. Қағиданың осы бөлімінде мынадай түрде түсіндірілетін терминдер қолданылған:
1) қазандарды автоматты жағатын құрығы - сұйық отынды жағуға арналған құрылғы, қызмет көрсету персоналдарының қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асырылатын жұмыс;
2) қосымша қозғалтқыштар - тоқтың кемелік генераторының алғашқы қозғалтқыштар, жүкке арналған, өрт сорғысы жетектерінің қозғалтқыштары;
3) басты қозғалтқыштар - кеменің негізгі міндетін қамтамасыз ететін, жылжытқыштарды және/немесе жабдықтарды іске қосуға арналған қозғалтқыштар;
4) қозғалтқыштар — ішкі жану қозғалтқыштары;
5) екі отынды жүйелер -ауыр және дизельді отынмен отынның бір түрінен екінші түріне ауысу жолымен қозғалтқыштың жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жүйе;
6) дистанционды басқару - жиіліктің және айналу бағытының дистанционды өзгеруі;
7) кеменің ұзындығы - кеменің конструктивті ұзындығы;
8) тұтанғыш сұйықтықтар -булардың жарылыс және өрт қауіпті концентрациясын тудыратын және булардың тұтану температурасымен сипатталатын, тиісті стандарттармен анықталатын мұнай, мұнай өнімдері және оған теңестірлген сұйықтықтар (бұдан әрі мұнай өнімдері);
9) жүк тиеудің жабық тәсілі - құйма қуыстардың атмосферамен байланысы тек газ шығарушы жүйемен ғана жүзеге асырылатын, мұнай өнімдерін түсіру - жағалаулық сияқты, кемелік құралдармен жүк жұмыстарын герметикалық құбыр жүйесі арқылы жүргізу тәсілі;
сондай-ақ мұнай өнімдерін ауыспалы прожекторлармен тиеу-түсіруді жабық тәсіл деп санауға болады, сонымен бірге герметизация мұнай буларын өткізуді болдырмайтын, тығыздалған құрылғылар көмегімен қамтамасыз етіледі.
10) көбіктің еселігі - алынған көбіктің көбік жасаушы берілген сулы еріткіштің көлеміне қатынасы;
11) машиналық бөлімше - энергетикалық қондырғылар элементтері (басты және қосымша), жөндеу алаңдары және шеберханалар орналасқан бөлмелер немесе бөлмелер тобы;
12) машиналық үй-жай - басты және көмекші қозғалтқыштар, қазандар, компрессорлар, сорғылар, жабдықтар, шеберханалар және басқа осындай бөлмелер орналасқан жайлар, сондай-ақ осы жайлардың шахталары;
13) жергілікті басқару посты - басқару органдарымен, бақылау-өлшеу құралдарымен және байланыс құралдарымен жабдықталған, кемелік техникалар объектілерін басқаруға арналған және басқаратын объектіге жақын немесе тікелей сонда орналасқан пост;
14) жабдық - энергетикалық қондырғылар қызметін қамтамасыз етуге арналған сүзгіштер, жылуды ауыстырғыш аппараттар, цистерналар және басқа да құрылғылар;
15) сорғылық бөлім - құйма кемелердегі жүктік құйма кемелер;
16) қорғалатын бөлме - өрт сөндіру жүйелерінің бірімен немесе өртті байқаудың автоматты сигнал беруімен жабдықталған бөлме;
17) Тұрғын жайлар - экипаждарға, жолаушыларға және арнайы персоналдарға арналған каюталар, салондар, каюта-компаниялар, ресторандар, асханалар, кинозалдар, спор залдар, кеңселер, шаштараздар, санитарлы-гигиеналық бөлмелер, сондай-ақ осы жайларға жанасатын дәліздер, вестибюлдер және тамбурлар;
18) Көршілес жайлар - бір бірінен аралықтармен, палубалармен немесе басқа да осындай олардың конструкциясын үнемі тіліксіз немесе үнемі жабық тіліктермен бөлетін жекелеген жайлар.
Бір бірімен алмалы конструкциялармен бөлінген немесе оларды бөліп тұратын аралықтарда жабылмайтын тіліктері бар жайларды жалпы бір бөлме деп көздеу керек;
19) шаруашылық жайлар - камбузалар, азық-түлік қоймалары, әртүрлі кемелік қорларды сақтауға арналған қоймалар, кемелік шеберханалар және соған ұқсас жайлар, сондай-ақ осы жайларға жанасатын дәліздер;
20) Өрт сөндіру посты (ӨСП) - өртке қарсы жүйелерді іске қосатын құрылғылар, өртке қарсы жабдықтар құралдары немесе кеменің айқын бір бөлігіне (жекелеген бөлмелердің қуыстары) арналған өрт туралы сигнал беру хабарламалар шоғырланған орын;
21) орталық өртке қарсы посты (ОӨҚП) - өртті байқау сигнал беруінің станциясы және өртке қарсы жүйелердің дистанционды іске қосу құрылғылары шоғырланған, кішкене көпірде немесе басқа кішкене көпірмен байланысы бар басқару постарында немесе кеме жүрісіне тәуліктік вахтада орналасқан бөлме немесе бөлменің бір бөлігі;
22) басқару постары — басты навигациялық құралдар және кемені басқаруға арналған жабдықтар, кемелік радиоқондырғылар және радиотрансляциялық орындар, орталық өрт сөндіру постары, радиостанция үшін немесе авариялық жарықтандыру үшін орналасқан өрт сөндіру, аккумуляторлық және агрегаттық станциялар, сондай-ақ авариялы тоқ көздеріне арналған бөлмелер орналасқан жай;
23) жұмыс қысымы (қазандар,жылу ауыстырғыш аппараттар және сауыт астындағы қысымдар) - ұзақтылық режимінде жұмыс процесінің қалыпты жүруі кезіндегі, сақтандырғыш клапанның немесе басқа да сақтандырғыш құрылғылардың әрекеті кезіндегі рұқсат етілетін қысымының қысқа мерзімді жоғарылауын қоспағанда, ең жоғары рұқсат етілетін қысым;
24) қазанның есепті бу өнімділігі - ұзақтылық режиміндегі жұмыс кезіндегі және буды барлық мүмкін тұтынушыларды қосу жағдайындағы, уақыт бірлігіндегі қазанмен өндірілетін есепті параметрлердің ең үлкен көлемі;
25) Есепті қуаттылық - Қағидамен регламенттелген есептерді қолданып, уақыт бойынша шектелмеген ең үлкен қуат;
26) есепті айналу жиілігі - есепті қуаттылыққа сәйкес, айналу жиілігі;
27) Станционарлық өрт сөндіру жүйесі - қорғалатын бөлмелерге немесе тікелей оларға және кеме корпусымен конструктивті байланысқандарға өрт сөндіру құралдарын беруге арналған жүйелер;
28) жанатын орта - тұтанатын сұйықтықтар, тұтанатын қысылған, сұйытылған және газ қысымымен ерітілген, тұтанатын қатты жанғыш материалдар және заттар;
29) қазандар, жылу ауыстырғыш аппараттар және қысымдағы сыйымдылықтар дуалы - булы, сұйықтық және газ кеңістігінің көлемін шектеуші, оның ішінде патрубкаларды жалғастырушы және жабық құрылғылар корпусының дуалдары;
30) шикі мұнай - ол тасымалдау мақсатында өңделген бе жоқ па одан тәуелсіз, мұнай айдаудың кейбір фракцияларын жоятын немесе мұнай айдаудың кейбір фракцияларын қосуы мүмкін шикі мұнайды қоса жер қойнауында табиғи түрде кездесетін кез келген мұнай;
31) тұтану температурасы - тұтанатын сұйықтықтар үстінде пайда болған булар қоршаған ауамен оған ашық отты жақындатқанда тұтануға қабілетті құрайтын қоспаның ең төменгі температурасы.
Тұтану температурасын конструкциямен келісілген құралмен жабық тиглде анықтау керек;
32) көлемді сөндірулер - ортаға жануды қолдамауды тудыратын тұтанбайтын сұйықтықтар немесе тұтанбайтын газдар буымен күзетілетін бөлмені толтыру жолымен өртті сөндіру;
33) жоғарыдан өшіру - салқындату, сулау немесе ыстық үстіне кислороды жіберуді шектеу құралдарымен өртті сөндіру, мысалы, сумен немесе көбікпен;
34) ауыр отын - тұтқырлықты қозғалтқышқа беру үшін талап етілген қажетті шамаға дейін төмендету мақсатында қыздырылуы немесе дизелді отынмен араласуы қажет отын;
35) отынды және жанар-жағар майды сақтау орны - негізгі қорлардың цистерналарлы, шығыстардың, ағындардың, құятын, тұрақтағы және басқа да цистерналар;
36) басқарудың орталық посты - энергетикалық қондырғылардың басты және қосымша элементтерін дистанционды басқару органдары, сондай-ақ бақылау -өлшеуіш құралдары, авариялық - сақтандырғыш сигнал беру құралдары және байланыс құралдары орналасқан жай.
149. Қисаю және дифферент кезінде жұмыс істеу.
Басқару құрылғысы
1846. Энергетикалық қондырғы барлық қалыпты пайдалану кезінде, сондай-ақ кеменің 15о дейін ұзақ уақыт қисаюында және 5о дейін (жасалынынп жатқан дифферентті ескермей) дифферентте кеменің жұмысын қамтамасыз ету тиіс.
1847. Іске қосатын және реверстеу құрылғысының конструкциясы және орналасуы әрбір қозғалтқыштың іске қосылуын және реверстерілуін, муфтаның бір адаммен реверсті - редукторлы беруін қамтамасыз етуі тиіс.
1848. Реверстеудің ұзақтылығы (басқару органын қайта салу сәтінен бастап қарама қарсы тіреу бағыты бойынша жылжытқыштың жұмысының басталуына дейін) аспау тиіс:
1) толық жүрісте — 25 с;
2) аз жүрісте — 15 с.
1849. Басқару тұтқаларын және маховиктерді орналастыру бағыты көрсеткіштермен және тиісті жазулармен белгіленуі қажет.
1850. Басқару тұтқаларын жергілікті және дистанционды басқару постарына басты қозғалтқыштармен, тапсырулармен және муфталармен штурвалдарды өзіне және оңға немесе сағат бағыты бойынша орналастыру айтылған объектілердің алдыңғы жүріс жұмысына сәйкес келуі тиіс.
1851. Басқару құрылғысының конструкциясы оларға берілген тапсырманың өздігінен өзгеру мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
1852. Басты қозғалтқыштармен басқару құрылғысы бекітілмеген іске қосуды, сондай-ақ осы қозғалтқыштардың білік айналдырғыш құрылғыларын қосқан кезде іске қосылуын болдырмайтындай етіп блоктануы тиіс.
150. Басқару постары. Байланыс құралдары
1853. Дистанционды басқарылатын кемелік техникалық құралдар жергілікті басқару постарымен жабдықталуы тиіс.
Негізделген жағдайларда ұзындығы 25 м кем кемелерде жергілікті басқару постарын қарастырмау рұқсат етіледі.
1854. Басты қозғалтқыштармен әрбір басқару постары бір бірінен тәуелсіз меңгерік рубкамен екі жақты байланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс. Бұл құралдардың біреуі машиналық телеграф болуы тиіс.
Меңгерік рубкадан басты қозғалтқыштарды дистанционды басқаруы бар кемелерде меңгерік рубка және машиналық бөлімше аралығында байланыстың бір құралы рұқсат етіледі.
1855. Машиналық телеграфтар сигналды құралдармен жабдықталуы тиіс.
1856. Сөйлесу аппараттарын орнату кезінде қозғалтқыштардың және басқа да техникалық құралдардың жұмысы кезінде жақсы естілуін қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы тиіс.
151. Бақылау - өлшеуіш құралдары
1857. Бақылау - өлшеуіш құралдар тез табылатын және көрінетін жерлерде орналасуы тиіс.
1858. Айналу қысымын және жиілігін өлшейтін құралдар шкалаларында айқын сырланған белгіленген түрде олардың шекті мәндері жазылуы тиіс. Айналу жиілігіне тыйым салынған зоналар жақсы көрінетін сырмен тахометр шкалаларында көрсетілуі тиіс. Белгілерді құралдардың қорғау шыныларында жазуға рұқсат етіледі.
1859. Машиналық бөлімшеден басқарылатан қондырғыларда, дыбыстық сигналдар агрегаттардың жұмыс істеп тұрған кезінде осы бөлменің кез келген жерінен жақсы естілуі тиіс. Машиналық телеграфтың сигналдары дыбыс бойынша машиналық бөлімшедегі басқа сигналдардан ерекшеленуі керек. Дыбыс сигналдарының уақытша сөндірілуіне рұқсат беріледі (ақаулықты жөнделгенге дейін)
152. Машиналық бөлімшелер
Достарыңызбен бөлісу: |