2083-тармағында көрсетілген иірмелі-тербеліс жүйесінде өзгеріс туғызатын агрегаттар оларды жаңғырту немесе жөндеу кезінде;
Егер жүйенің жекелеген элементтерінің конструкциясын өзгерткеннен кейін иірмелі тербеліс, осы өзгерістер енгізілгенге дейінгі алынған есептер мен өлшеулерді салыстыру бойынша иірмелі тербелістер параметрінің қауіпті жағына қарай маңызды ауытқуын таппаса, онда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен иірмелі тербелістердің параметрлерін өлшеуді жүргізбесе де болады;
1 иірмелі тербелудің маңызды парамертінің ауытқуы қауіпті жаққа ұзақ жұмыс үшін рұқсат етілетін олардың мәні 80% жететін ауытқулар есептелінеді.
3) пайдаланудағы жылжытқыш қондырғыларда, қозғалтқыштарда, агрегаттарда мерзімдік бақылау сынау кезінде, иірмелі тербелістердің және арнайы құрылғылардың демпферлерінің жұмысының тиімділігін тексеру үшін, техникалық шарттармен көзделген немесе ұйым-дайындаушымен ұсынылған олардың пайдалану мерзімін анықтағаннан кейін иірмелі амплитуданы төмендету үшін;
4) иірмелі тербелістердің және арнайы құрылғылардың демпферлерін жөндегеннен кейін, бақылау сынау жүргізу кезінде егер жөндеу процесінде олардың демпфирлеу және серпімді сипаттарын өзгерту орындалса, иірмелі тербелістердің амплитудасын төмендету үшін.
Иірмелі тербелістердің параметрлерін анықтау мақсатында сынау осы Қағиданың 2082 - 2084-тармақтарына сәйкес қондырғылардың едәуір сипатты режимінде орындалуы тиіс.
2091. Еркін тербелістердің өлшенген жиілігі, есептіден 5% жоғарыға ерекшеленуі тиіс, қарама қарсы жағдайда есеп тиісті түзетуге жатады.
2092. Торсиографирлеу (амплитуда тербелісінің өзгеруі ) мәліметтері бойынша кернеуді есептеу тарсиограмманың бөлігіне тиісті ең үлкен амплитуда тербелісі бойынша орындалу қажет, ал резонансты емес амалсыз тербелістерді бағалау кезінде тарсиограмманың үйлестіру талдауын жүргізуі тиіс.
190. Айналу жиілігінің тыйым салынған зоналары
2093. Қолданыстағы кернеу және температура ұзақ жұмыс үшін рұқсат етілгеннен асып кетсе, айналу жиілігінің тыйым салынған зоналары белгіленеді.
Айналу жиілігінің тыйым салынған зонасы айналу жиілігі аралығының номиналды айналу жиілігінің 0,03 мәніне екі жағын да ұлғайтумен қолданыстағы және рұқсат етілгенге тең сипатталатын айналу жиілігі аралығының диапазонын қамтиды.
2094. Айналу жиілігінің тыйым салынған зонасы болған жағдайда тахометрді өлшеу ± 2,5% шегінде болуы тиіс.
2095. Айналу жиілігінің тыйым салынған зоналары тахометрде жақсы көрінетін сырмен анық белгіленуі қажет немесе қондырғымен барлық басқару постарында басқа тәсілдермен белгіленуі тиіс.
32-бөлім. Компрессорлар, сорғылар, желдеткіштер
191. Қолдану облыстары. Бөлшектерді бақылау
2096. Қағиданың осы бөлімінің талаптары мыналарға қолданылады:
1) тоқ көзі жетегімен әуе компрессорлары;
2) қолмен жетектейтін сорғыны қоспағанда, осы Қағиданың 35 және 38-бөлімдерінде регламенттелетін жүйе құрамына кіретін сорғылар;
3) Осы Қағиданың 35-бөлімімен регламенттелетін жүйе құрамына кіретін желдеткіштер.
2097. Біліктер және компрессорлардың, сорғылардың, желдеткіштердің жұмыс дөңгелектерін дайындау кезінде осы Қағиданың 133-тарауының талаптарына сәйкес ультрадыбыстық бақылауға жатады.
2098. Қапталған және құйылған болат бөлшектер, олардың пісіру жалғауларын қоса, дайындау процесінде жоғарғы ақауларының жоқтығына бақылау жүргізуі тиіс. Ақаулардың болуына қатысты күмән болса, бөлшектерге және олардың дәнекерленген жалғауларына бұзбай бақылау жүргізуі тиіс.
192. Материалдар және дәнекерлеу
2099. Компрессорлардың, сорғылардың, желдеткіштердің бөлшектерін дайындауға арналған материалдар, осы Қағиданың 309-қосымшасында көрсетілген талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Сорғылар және желдеткіштер корпустарының материалдары стандарт ұсынысы бойынша таңдалуы мүмкін. Мұндай жағдайда материалдарды қолдану техникалық құжаттаманы қарау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің келісіміне жатады.
2100. Қоспасыз болатты және шойынды, шар тәрізді шойынды және пластинді графитті, сондай-ақ дәнекерді қолданған жағдайда осы Қағиданың 1913-1915-тармақтарының талаптары ескерілуі тиіс.
193. Жалпы талаптар
2101. Компрессорлардың, сорғылардың, желдеткіштердің конструкциясы және орындалуы осы осы Қағиданың 149 және 150-тарау талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
2102. Кіруі қиын жерлерде тұрған компрессорлардың, сорғылардың, желдеткіштердің жылжымалы бөліктерінің тіректік бөлшектері олардың өздігінен әлсіреуін және берілуін болдырмайтын қабілеті және тиісті конструкциясы болуы тиіс.
Жетектердің жылжымалы бөліктері қорғау бүркеніштерімен жабық болуы тиіс.
2103. Қуыстарды және бөлшектерді майлауға арналған құрылғы агрегаттар жұмыс істеп тұрған кезде қызмет етуші персоналдарға оңай кіретін және қауіпсіз болуы қажет.
2104. Сақтандырғыш және қорғағыш құралдар, олардың жұмыс істеуі кезінде өрттің шығуын болдырмайтындай және қызмет етуші персоналдарға қауіп тудырмайтындай етіп орнатылуы тиіс.
2105. Коррозияны тудырушы ортамен жанасатын бөлшектер, егер бұл пайдалану кезінде қамтамасыз ету үшін қажет болса, антикоррозиялық материалдан жасалуы қажет немесе коррозияға қарсы төзімді жабыны болу қажет.
Әртүрлі электрлі ықтимал материалдан жасалған және агрессивті орталармен жанасатын қуыстар және бөлшектер, электролитті коррозиядан қорғалуы тиіс.
2106. Компрессорлардың, сорғылардың, желдеткіштердің қызатын үстіңгі беттері жылылықты өткізбейтін болуы қажет немесе тізбектелген техникалық құралдардың көрсетілген үстіңгі беттеріне отынның және майдың түсіп кетуін болдырмайтын конструктивті шаралар көзделуі тиіс.
Жылылықты өткізбеу металл бүркенішпен немесе отын және май өткізбейтін құраммен жабылуы тиіс.
2107. Компрессорлардың, сорғылардың, желдеткіштердің жүйелері және құбырлары осы осы Қағиданың 35-бөлімінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
194. Сынау
2108. Артық қысым кезінде жұмыс істеуші компрессорлардың, сорғылардың, желдеткіштердің бөлшектері, соңғы механикалық өңдеуден кейін қорғаушы жабуды әкелгенге дейін мынадай формуламен анықталатын байқау гидравликалық қысыммен рпр сыналуы тиіс, МПа.
рпр = (1,5 + 0,1k)р, (604)
мұндағы k — осы Қағиданың 310-қосымшасы сәйкес қабылданған коэффициент;
р — жұмыс қысымы, МПа.
Барлық жағдайларда байқау қысымы сақтандырғыш клапанның тиісті толық ашылу қысымынан төмен қабылдануы тиіс, бірақ салқындатқыш тіліктер және тығыздаудың әртүрлері үшін 0,4 МПа төмен емес және басқа жағдайлар үшін 0,2 МПа төмен қабылданбауы тиіс.
Егер температуралар және жұмыс қысымы осы Қағиданың 310-қосымшасында көзделген мәннен асып кетсе, байқау қысымының мәні әрбір жекелеген жағдайда Кеме қатынасы тіркелімімен келісілуі тиіс.
2109. Бөлшектер және қуыстарды сынау тілімшелер бойынша, жұмыс қысымына және әрбір тілімшедегі қысымға сәйкес тағайындалған, бөлек байқау қысымымен сынау жүргізуге рұқсат етіледі.
2110. Мұнай өнімдерімен немесе гидростатистикалық немесе атмосфералық қысыммен толтырылған компрессорлар, бөлшектер және түйінді сорғылар, желдеткіштер Кеме қатынасы тіркелімі мақұлдаған құю керосинінің беріктілігі немесе басқа да тәсілдермен беріктілікке сынау жүргізілуі тиіс.
Дәнекерлеуші конструкцияларда тығыздыққа сынау тек қана дәнекерлеу тігісіне жүргізу жеткілікті.
2111. Компрессорлар, сорғылар, желдеткіштер құрастыру біткеннен кейін, реттеу және кемеге орнатқанға дейін жүргізіп жаттықтыру Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша жүктеме астында қабырғада сыналуы тиіс.
Жеке негізделген жағдайда Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша қабырғада сынауды кемеде сынауға ауыстыруға рұқсат етіледі.
195. Тоқ көзінен жетектелетін әуе компрессорлары
2112. Компрессорлар конструкциясы және олардың жетектері толық жүктемеде ұзақ жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
2113. Компрессорлардың қабылдаушы келте құбырлары торлармен жабдықталуы тиіс.
2114. Ауаны тазарту және салқындату осы Қағиданың 2633, 2634-тармақтарының талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.
2115. Компрессорлардың тілікшелерін салқындату іске қосу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.
2116. Компрессордың әрбір сатысында немесе тікелей одан кейін, қыздыру құбырларында жабық клапан кезінде сатыларды қысымның есептіден 1,1 асып кетпеуін бодырмайтын сақтандырғыш клапан орнатылуы тиіс.
2117. Қыздырғыш келте құбырларда тікелей компрессорлардан кейін, 125оС аспайтын ауа температурасында жұмыс істейтін балқығыш сақтандырғыш немесе сигналды құрылғы орнатылуы тиіс.
2118. Ауа салқындатқыштардың корпустары, құбыр жарылып кеткен жағдайда ауаның еркін шығуын қамтамасыз етуші сақтындырғыш құралдармен жабдықталуы тиіс.
2119. Компрессордың әрбір сатысында манометр орнатылуы тиіс.
2120. Тікелей компрессордан кейін ағынды келте құбырда ауа температурасын өлшеу мүмкіндігі көзделуі тиіс.
2121. Аспалы компрессорлардың жабдықтарының бақылау - өлшеу құралдары болып әрбір жекелеген жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
196. Тоқ көзі жетегінен әуе компрессорларының иінді біліктері
2122. Осы Қағиданың 2124 және 2125-тармақтарында айтылған тексеру есебінің тәсілі қатарлы, V - тәрізді және W- тәрізді цилиндрлерінің орналасуымен, біреуден және көп сатылы сығулармен иінді болат біліктерді қамтиды.
Шойынды иінді біліктер, сондай-ақ төменде келтірілген формулаға есептелген болат иінді біліктердің өлшемінен ауытқуы, негізделген есептерді немесе эксперименталды мәліметтерді ұсынған жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен рұқсатт етіледі.
2123. Иінді біліктер 410-тан 780 МПа дейінгі уақытша кедергілі болаттан дайындалуы тиіс.
780 МПа жоғары уақытша кедергілі болатты қолдану әрбір жекелеген жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
Шойын иінді біліктер осы Қағиданың 235-қосымшасында келтірілген шар тәрізді графитті шойыннан жасалуы тиіс.
2124. Компрессорлардың иінді біліктерінің мойнының dK, диаметрі мынадай формуламен есептелгеннен кем болмауы тиіс, мм:
мұндағы k, f, ц1— осы Қағиданың 311, 312, 313-қосымшасында бойынша қабылданған коэффициенттер;
Dp — цилиндрдің есепті диаметрі, мм;
Dp = Du бір сатылы сығылу кезінде;
Dp = DB жекелеген цилиндрлерде екі және көп сатылы сығылуда;
Dp = 1,4DB бір сатылы поршенда екі сатылы сығу кезінде;
бір дифференциалды поршенда екі сатылы сығу кезінде;
Dц — цилиндр диаметрі, мм;
DB — жоғары қысымды цилиндр диаметрі, мм;
DH — төменгі қысымды цилиндр диаметрі, мм;
рк — жоғары қысымды цилиндрдің айдамалу қысымы;
тоңазытқыш машиналардың әуе компрессорлары үшін Рк мәні осы Қағиданың 2219-тармағы бойынша қабылдануы тиіс.
Lp — түпкі біліктіректер аралығының есепті арақашықтығы, мм, мыналарға тең:
Lp = L' бір кривошиптің екі түпкі біліктіректер аралығына орналасу кезінде,мм;
Lp = 1,1 L' екі аралас кривошипті екі түпкі біліктіректер аралығына орналастыру кезінде, мм;
L' — түпкі біліктіректер аралығының аралығындағы нақты арқашықтық, мм;
s — поршен жүрісі, мм.
2125. Біліктің шекесінің қалыңдығы мынадай анықталған (осы Қағиданың 314-қосымшасы) формуладан кем болмауы тиіс, мм:
мұндағы k1 - коэффициент:
а - мыналарға тең қолданылатын коэффициент:
1) а = 0,9 - барлық үстіңгі беті азотталған немесе Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған оңайлатуға ұшыраған біліктілік үшін;
2) а = 0,95 - мөрлерде немесе талшықта бағытында соғылған біліктер;
3) а = 1 - оңайлатуға ұшырамаған болаттар үшін;
Rm - керілу кезіндегі материалдың уақытша кедергісі, МПа; 780 МПа жоғары уақытша кедергімен материалды қолдану кезіндегі Rm = 780 МПа деп алу қажет;
Dp - цилиндрдің есепті диаметрі (осы Қағиданың 2124-тармағы), мм;
Ш1, ш2 - осы Қағиданың 315, 316-қосымшасында бойынша қабылданатын коэффициент; коэффициентті ш2 анықтау кезінде галтелдің ең кіші радиусы назарға алынады;
рК — осы Қағиданың 2124-тармағында көрсетілгенге сәйкес, қабылданатын айдамалау қысымы МПа;
с1 — түпкі біліктіректен шекенің орталық жазықтығына дейінгі арақашықтық, екі түпкі біліктіректер аралығында орналасқан аралас кривошиптер кезінде тіліктен едәуір орналасқан орталық жазықтыққа дейінгі арақашықтық қабылданады.мм;
f1- осы Қағиданың 317-қосымшасы бойынша қабылданатын коэффициент;
b - шекелер ені, мм.
2126. Жобалау және біліктерді дайындау кезінде осы Қағиданың 1942-1945-тармағы талаптары орындалуы тиіс.
197. Сорғылар
2127. Айдаушы сұйықтықтардың біліктірекке түспеуіне қарсы шаралар көзделуі тиіс.
2128. Сору жағында орналасқан сорғылардың тығыздамасын гидравликалық жапқыштармен жабдықтау ұсынылады.
2129. Сорғылардың конструкциясы олардың параметрлерін бақылау мүмкіндігін, ішікі тілімшелердің құрғауын және манометрдің қосылуын рұқсат етуі тиіс.
2130. Егер сорғылардың конструкциясы қысымының есепті қысым үстінен жоғарылауын жоймайтын болса, онда сорғы корпусында немесе бірінші жабық клапанға дейінгі құбырда сақтандырғыш клапан көзделуі тиіс.
2131. Ыстық сұйықтықтарды айдауға арналған сорғыларда, сақтандырғыш клапандардан сұйықтықтарды өткізу сорғының сору тілмесімен жүзеге асырылуы тиіс.
2132. Гидравликалық соққыларды жоюшы шаралар көзделуі тиіс; бұл мақсаттар үшін өткізу клапандарын қолдану рұқсат етілмейді.
2133. Сорғы бөлшектері, сорғының есепті параметрлеріне сәйкес келетін жүктеме кезінде беріктілікке тексерілуі тиіс. Сонымен бірге бөлшектердегі кернеу бөлшек материалы тұрақсыздық шегі 40 % аспауы тиіс.
2134. Сорғы роторының өлшемдік айналу жиілігі есепті айналу жиілігінен 1,3 кем болмауы тиіс.
2135. Өздігінен соратын құрылғылармен жабдықталған сорғылар, «құрғақ сору» шартында жұмысты қамтамасыз етуі және лас суда өздігінен соратын құрылғының жұмысын тоқтататын құрылғысы (жуан және жұқа тазарту сүзгілері) болуы тиіс.
2136. Ыстық сұйықтықты айдауға арналған сорғылардың білігін нығыздау, мүмкін болатын ағып кетулер тұтанғыш сұйықтық және әуе буларының қоспаларының тұтанғыштығына алып келетін булар санын құрамайтындай болуы тиіс.
2137. Сорғылардың бөлшектерін айналдарушы нығыздаушының конструкциясы, ыстық сұйықтықтарды айдау үшін олардың 50 оС жоғары қызып кетуін болдырмауы тиіс.
2138. Конструкцияда төменгі электрлі жүретін (пластмасса, резина) ыстық сұйықтық материалын айдау үшін олардың құрамына жапсырманы қосу немесе зарядты алып тастау құрылғысын қолдану және оларды корпусқа бұру жолымен олардан электр зарядын шешу шаралары көзделуі тиіс.
198. Желдеткіштер
2139. Осы Қағиданың 35-бөлімінде көрсетілген жүйелерді комплектациялауға арналған желдеткіштер, сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) жалғаушы муфталармен біріккен желдеткіштердің роторлары осы Қағиданың 2037-тармағына сәйкес динамикалық теңестірілуі тиіс;
2) желдеткіштердің сорғыш келте құбырлары оларға бөтен заттардың түсіп кетуінен қорғалуы тиіс.
2140. Жұмыс дөңгелегі есептінің 1,3 тең айналу жиілігінде, кез келген қимадағы эквивалентті кернеу бөлшектің материал ағымдылығы шегінің 0,95 жоғары болмауы тиіс.
2141. Жұмыс доңғалағы есептінің 1,2 тең айналу жиілігінде жүрдек қондырғыда 3 мин кем емес механикалық беріктілікке сыналуы тиіс, егер сынаудан кейін ақаулық ізі болмаса, беріктілік жеткілікті деп саналады.
199. Мұнай құюға арналған кемелердің жүк сорғысы
үй-жайындағы желдеткіштерге қойылатын қосымша талаптар
2142. Қанатша және желдеткіш корпусы аралығындағы әуе саңылауы, біліктірек ауданындағы қанатша білігінің мойны диаметрінен 0,1 кем болмауы тиіс, бірақ барлық жағдайларда ол 2 мм кем болмау керек. 13 мм жоғары саңылауды шамадан тыс деп санауға болады.
2143. Желдеткіш корпусына бөтен заттардың түсіп кетуін болдырмау үшін, желдеткіш каналдардың кіру және шығуында жақтарының өлшемі 13 мм жоғары емес квадратты ұяшықтармен қорғау торлары орнатылуы тиіс.
2144. Айналдырғыш бөлшектерде және корпуста электр зарядының жиналуын бодырмау үшін олар статикалық электр зарядының пайда болуын тудырмайтын материалдардан дайындалуы тиіс. Бұдан басқа кемеде желдеткіштің монтажы, олардың осы Қағиданың 5-бөлімі талаптарына сәйкес кеме корпусында сенімді отыруын көздеуі тиіс.
2145. Қанатшамен жанасуы мүмкін аудандағы қанатша және корпус, өзара қатынас кезінде ұшқын тудырмайтын материалдан дайындалуы тиіс.
Қанат және корпус материалдарының мынадай үйлесімі ұшқын тудырмайтын деп танылады:
1) антистатикалық құрылғысы бар, металл емес материалдардан;
2) темір емес негіздегі қоспаларда;
3) аустенитті даттанбайтын болаттан;
4) аллюминий немесе магний қоспасына жасалған қанат, ал корпус шойын немесе болаттан (аустенитті даттанбайтын болатты қоса), егер қанат ауданындағы корпус ішінде темір емес негіздегі қоспадан жасалған тиісті қалыңдықтың сақинасы орнатылса;
5) олардың аралығындағы саңылау 13 мм кем болмайтын жағдайда, шойын және болат қанаттардың және корпустардың кез келген үйлесімі (қанат және корпус аустенитті даттанбайтын болаттан жасалған жағдайды қоса).
2146. Егер тиісті сынауларда олардың ұшқын пайда болдыруы көрсетілмесе, осы Қағиданың 2145-тармақтарында көзделмеген қанат және корпус материалдарының үйлесімі рұқсат етілуі мүмкін.
2147. Материалдардың мынадай үйлесімін қолдануға рұқсат етілмейді:
1) қанаттары аллюминий және магний қоспаларынан, ал корпустары темір негіздегі қоспалардан жасалған;
2) қанаттары темір негіздегі қоспалардан, ал корпус аллюминий және магний қоспаларынан жасалған;
3) қанаттары және корпустары олардың арасындағы саңылау 13 мм кіші кезінде темір негіздегі қоспадан жасалған.
33-бөлім. Жылу алмастырғыш аппараттар және қысымдағы сауыттар
200. Жалпы талаптар. Сыныптарға бөлу
2148. Қағиданың осы бөлімі мыналарға қолданылады: қазанда жұмыс қысымы 0,07 МПа және одан жоғары бу қазандары (оның ішінде қайта өңделген); су қыздыру қазандары; (тек сұйықтық қысымында табылатыннан басқасы), жұмыс жағдайында 0,07 МПа жұмыс қысымымен газбен немесе бумен толтырылған және 0,025 м жоғары сыйымдылықта және одан жоғары немесе 0,03 МПа және одан жоғары құрайтын сыйымдылыққа (қазан булағыштар, конденсаттар, булық қыздырғыштар, жалпы кемелік пневмогидроцистерналар. Көмірқышқылды баллондар және өрт сөндіру жүйесінің құрамындағы сұйық отынды өшіруге арналған резервуарлар) жұмыс қысымын жүргізетін жылу ауыстырғыш аппараттар және қысым астындағы сауыттар.
2149. Су қыздырғыш қазандар, энергетикалық қондырғылардың басты және қосымша элементтерінің сүзгілері және салқындатқыштары, осы Қағиданың нұсқаулықтарына сәйкес жылуы ауыстырғыш аппаратқа және қысым астындағы сауытқа қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
2150. Сығылған газдарды сақтауға арналған және кемені әртүрлі жүйелерде және құрылғыларда қолданатын сауыттар Кеме қатынасы тіркелімімен танылған құзырлы органның бақылауымен стандарт бойынша дайындалуы мүмкін. Сонымен осы Қағиданың 2207 - 2210-тармақтарына сәйкес талаптар сақталуы тиіс.
2151. Қазандарды, жылу ауыстырғыш аппараттарды және қысымдағы сауыттарды дайындауға дейін, тізімі уәкілетті органмен бекітілген Кеме жасау және материалдар және бұйымдарды дайындауға техникалық бақылау қағидасында (бұдан әрі - КЖТБҚ) келтірілген құжаттама Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылуы тиіс.
2152. Нәрлі су жүйесінің талаптары осы Қағиданың 243-тарауында айтылған.
2153. Дайындау процесінде қазандарға, жылу ауыстырғыш аппараттарға және қысым астындағы сауыттарға техникалық бақылау көлемі КЖТБҚ келтірілген.
2154. Қазандар, жылу ауыстырғыш аппараттар және қысым астындағы сауыттар параметрлеріне және конструкциясының ерекшелігіне байланысты осы Қағиданың 318-қосымшасына сәйкес сыныптарға бөлінеді
201. Материалдар, пісіру және термиялық өңдеу
2155. Осы Қағиданың 319-қосымшасында айтылған қазандардың, жылу ауыстырғыштардың және қысым астындағы сауыттардың бөлшектерінің материалдары осы Қағиданың 2-бөлімдерінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Қазандардың, жылу ауыстырғыштардың және III сыныпты қысым астындағы сауыттардың бөлшектерінің материалдары, сондай-ақ осы Қағиданың 319-қосымшасына 1-тармағы 5) тармақшасы және 2-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген бөлшектер стандарт бойынша таңдалуы мүмкін. Мұндай жағдайда материалдарды қолдану техникалық құжаттаманы қарау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің келісіміне жатады.
2156. Көміртекті және көміртек-марганцевті болатты есепті қазандардың, жылу ауыстырғыштардың және қысым астындағы сауыттардың бөлшектері үшін температура 400оС дейін кезінде, төмен қоспаланған болатты 500оС дейін қолдануға рұқсат етіледі. Бұл болаттарды жоғарыда көрсетілген температурадан жоғары ортаға қолдану, олардың механикалық құрылғысы және ұзақ беріктілік шегі 100 000 с қолданыстағы стандарттарға жауап беретін болса және осы жоғары температурада болатты дайындаушымен кепіл берілген жағдайда рұқсат етілуі мүмкін. Қазандардың және жылу ауыстырғыштардың элементтері және арматуралары температурасы 500оС жоғары орта үшін, ереже сияқты қоспалы болаттан дайындалуы тиіс.
2157. 250оС есепті температурамен жылу ауыстырғыш аппарат және қысым астындағы сауыт Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша осы Қағиданың 97-тарауына сәйкес кеме жасаушы болат қолданылуы мүмкін.
Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша жұмыс қысымы 0,7 Мпа кіші және есепті температурадан 120оС кіші жылу ауыстырғыш аппарат және қысым астындағы сауыттың кейбір бөлшектері үшін бірқалыпты жартылай жайлы болатты қолдануға рұқсат етіледі.
2158. Егер есепті сипаттаманың сапасы ретінде жоғарғы температура кезіндегі ағымдылық шегі қабылданса, онда есепті температура кезінде материалдың керілуге сынақтан өткізілуі тиіс, ал егер созылмалық беріктілік шегі қабылданса, онда Кеме қатынасы тіркеліміне есепті температура кезіндегі созылмалық беріктілік шегі туралы мәліметтер ұсынылуы қажет.
2159. Қазандардың, жылу ауыстырғыштардың және қысым астындағы сауыттар үшін қоспалы болатты қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
Сонымен бірге Кеме қатынасы тіркеліміне механикалық құрылғылар және болаттың созылмалық беріктілігі және есепті температура кезіндегі дәнекерленген жалғаулар, технологиялық құрылғылар, дәнекерлеу технологиялары және термиялық өңдеу туралы мәліметтер ұсынылуы қажет.
2160. Жұмыс қысымы 1 Мпа дейін және температурасы 200оС дейінгі диаметрі 200 мм дейінгі қазандық арматура, сақтандырғыш және қорек калапандарын және үрлеу клапандарын қоспағанда, осы Қағиданың 2-бөлімі талаптарына жауап беруші, шар тәрізді графитті шойыннан жасауға рұқсат етілуі мүмкін.
2161. Жылу ауыстырғыш және қысым астындағы сауыттардың 1 МПа дейінгі жұмыс қысымы және 1000 мм дейінгі диаметрмен бөлшектер және арматураларын осы Қағиданың 2-бөліміне сәйкес толықтай ферритті конструкциясы бар шар тәрізді графитті шойыннан жасалуы мүмкін.
Басқа жағдайлар үшін шойынды қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
2162. Қазандардың, жылу ауыстырғыш және қысым астындағы сауыттардың бөлшектері және оның арматуралары үшін мыс қоспаларын қолдану 250оС дейінгі есепті температурада және 1,6 МПа дейінгі жұмыс қысымында рұқсат етіледі.
Басқа жағдайлар үшін мыс қоспаларын қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
2163. Осы Қағиданың 319-қосымшасына 1-тармақтың 2) тармақшасы және 2-тармақтың 3) тармақшасы көрсетілген бөлшектер үшін Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша, олардың тігіссіз эквиваленттілігі дәлелденген кезде, электрлі дәнекерленген бойлық тігіспен құбырларды қолдануға рұқсат етіледі. Коллекторларда бекітілген құбырлар және жаншумен құбырлы торлар тігіссіз болуы тиіс.
2164. Дәнекерлеу және дәнекерленіп жалғанған бақылау осы Қағиданың 2-бөлім талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
2165. Дәнекерленген жалғаулар қағида бойынша түйістірілген болуы тиіс.
Майысуға душар болатын бұрыштық пісіру жалғаулар немесе жалғаулар қолданылатын конструкциялар, әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
2166. Бір тік бойлық тігісте, бірнеше секциядан тұратын конструкцияның орналасуы әрбір нақты жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
2167. Дәнекерлеуден кейін немесе пластикалық өңдеуден кейін бұзылуы мүмкін материалдың бөлшектері, конструкциялары тиісті термиялық өңдеуге алынуы тиіс.
Дәнекерленген конструкцияларды термиялық өңдеу кезінде осы Қағиданың 2-бөлім талаптары орындалуы тиіс.
2168. Термиялық өңдеу жүргізілуі тиіс, егер:
1) жалпақ болаттан жасалған қазандардың, сауыттардың және жылу ауыстырғыш аппараттардың элементтері салқындатып таңбалауға, майыстыруға және сыртқы талшықтары 5 % жоғары пластикалық деформациямен фланцовкалауға жатады;
2) құбырлы торлар бірнеше бөліктерден дәнекерленген; мұндай жағдайда термиялық өңдеу құбыр астында саңылауды бұрғанға дейін жүргізілуі мүмкін;
3) салқын таңбалаудан жасалған пісірілген түптер;
4) металды соғу температуасынан төмен қысыммен ыстық өңдеудің аяқталуы бойынша бөлшектер температурасы;
5) пісірілген конструкциядағы болатта көміртек құрамы 0,25 % жоғары.
202. Сынау
2169. Бу қазандары, жылу ауыстырғыш аппараттар және қысым астындағы сауыттар, сондай-ақ оларды комплектеуші жинама бірліктер және бөлшектер КЖТБҚ талаптарына сәйкес беріктілік және тығыздыққа гидравликалық сынауға алынуы тиіс.
Қазандардың, жылу ауыстырғыш аппараттар және қысым астындағы сауыттардың арматуралары осы Қағиданың 194-тарауы талаптарын ескеріп беріктілікке сыналады.
2170. Гидравликалық сынаулар барлық дәнекерленген жұмыстары жүргізілгеннен кейін, оқшаулауды және қорғау жабуларын түсіргенге дейін жүргізілуі тиіс.
2171. Егер жинаудан кейін жекелеген қуыстардың және бөлшектердің сыналатын жоғарғы беттерін барлық жағынан қарау қиын немесе мүмкін болмаса, онда бұл бөлшектер және қуыстар жинауға дейін сыналуға жатады.
2172. Стандартта көрсетілгеннен жоғары байқау қысымымен сынау кезінде, сыналатын элементтер беріктілік тексеру есебіне алынуы тиіс. Сонымен бірге кернеу 0,9 материал ағымдылығы шегінен аспауы тиіс.
2173. Гидравликалық сынаудан кейін ауа қорғағыштар жалғаудың тығыздығын тексеру үшін арматурамен бірге жинауда әуе сынағына тартылуы қажет.
2174. Тоңазытқыш қондырғы құрамына кіретін жылу ауыстырғыш аппараттар және қысым астындағы сауыттар осы Қағиданың 225-тарауы талаптарына сәйкес сынауға жатады.
203. Жылу алмастырғыш аппараттары және қысымдағы сауыттар
2175. Ащы борт сыртындағы сумен немесе басқа да агрессивті орталармен жанасатын жылу ауыстырғыш аппараттар және қысым астындағы сауыттар коррозиялық төзімді материалдардан жасалуы тиіс.
Басқа материалдарды қолданған жағдайда оларды коррозиядан қорғау Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.
2176. Жылу ауыстырғыш аппараттар және қысым астындағы сауыттар осы Қағиданың 202-тарауының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
2177. Жылу ауыстырғыш аппараттарға және қысым астындағы сауыттарға мынадай талаптар қолданылады.
1) байланыс құбырларына майысу және кесу жүктемесі әсер етпейтіндей етіп орналасуы тиіс.
Байланыстар, берік қабырғалар көлденең қимада шұғыл өзгерістер болмауы тиіс.
Қысқа байланыстар соңы бойынша оларда осі бойынша тереңдігі 25 мм бақылау бұрғылау қосу қабырға қалыңдығы, қосу дәнекерленген тігіс көзделуі тиіс;
2) келте құбыр және штуцерлерде арматураны оқшауды жоюсыз алу және бекіту үшін жеткілікті қатты конструкция және ең төмен ұзындық болуы тиіс;
Келте құбырлар шамадан тыс майысу күші әрекетіне ұшырамауы тиіс, қажет болған жағдайларда олар қаттылық қабырғасымен нығайтылуы тиіс.
3) арматураны және құбырларды орнатуға арналған пісірулер, сондай-ақ қазанның барлық қабырғасының қалыңдығы арқылы өтетін келте құбырлар, төлке және штуцерлер екі жақты тігіспен пісірілуі тиіс. Келте құбырлар және жалғастықтар сондай-ақ жойылатын төсеніште бір жақты өңдеу бұрыш тігіс немесе пісірілетін бөлшектің барлық қалыңдығына қайнатуды қамтамасыз ететін басқа тәсілмен пісірілуі мүмкін;
4) барлық ішкі жазықтықты қарау және тазарту үшін қазан лазамен жабдықталуы тиіс. Егер лазаны орнату мүмкін болмаса онда қарау люктері көзделуі;
5) метал емес нығыздалған төсеніштерді қолданған кезде қылта және люкті жабулардың конструкциясы төсенішті сығу мүмкіндігін болдырмауы тиіс;
6) қылта лазы жарыққа мынадан кем емес өлшем болуы тиіс: сопақ нысанды қылта үшін - 300x400 мм, дөңгелек нысанды қылта үшін - 400 мм.
Жекелеген жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша қылта лазының өлшемі 280х380 мм және 380 мм дейін сопақ және дөңгелек нысанды қылта үшін де азайтылуы мүмкін.
Сопақ нысанды қылта лазы цилиндрлі қабырғада кіші өлшемі бойлық бағытта болатындай етіп орналасуы тиіс;
7) жазық қабырғаларда лаза және қылта астындағы диаметрі 4s көбірек түп және қақпақ ойығы s - қабырға қалыңдығы ыстық штурцев көмегімен, пісіру немесе қабырға есептілік қалыңдығын үлкейту жолымен бекітілуі тиіс. Ойықтар есепті диаметр сұлбасынан оның мәнінен 1/8 кем емес арақашықтықта орналасуы тиіс;
8) Цилиндрлі, сфералық және конус қабырғаларындағы және дөңес түптердегі ойықтар ыстық диск тәрізді жапсырма (приварышей), пісіру құбыр тәрізді элемент, штуцер, төлке, келте құбыр және немесе есепті келісім бойынша қабырға қалыңдығы майысу ойығы ауданындағы әлсіреу қабырға өтемін арттыру жолымен бекітілуі тиіс.
Ойықтарды бекіту конструкциясы тігістің негізінде дәнекерлеуге тиісті сапаны қамтамасыз ететін жойылатын төсеніште орындалады немесе басқада тәсілдер қолданылады.
Диск тәрізді төсеніштер және құбыр тәрізді элементтер бір және сол жазық емес қабырға және түп ойықтарын бекіту үшін бірге қолданылуы мүмкін;
9) қабырғамен бекітілетін материалдар және бекітулер мүмкіндігінше бірдей беріктілік сипаттамасы болуы тиіс. Материалды бекіту үшін қабырғамен бекітілетінге қарағанда беріктілік сипаттамасынан төмен қималарды бекітетін алаңды қолдану кезінде сәйкес үлкейтілуі тиіс.
Қабырға бекінісімен сенімді бекініс біріктіруімен қамтамасыз етілуі тиіс;
10) жазық емес қабырғалардағы ойықтар дәнекерлеу бекітулерінен кем дегенде 3s бірақ 50 мм аз емес арақашықтықта орналасуы тиіс. Дәнекерлеу бекітулерінен 50 мм азырақ арақашықтықта орналасқан ойықтар және дәнекерлік бекіту аймағында кез келген жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады;
11) жазық емес қабырғада бекітілетін ойықтың ең үлкен өлшемі 500 мм аспауы тиіс. 500 мм көп ойықтарды бекіту Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарайтын пәні болып табылады;
12) жылу алмастырғыш аппарат және сауыттарда пісірілетін құбыр (келте құбырлар, төлке және жалғастықтар) тәрізді элементтердің қабырғасының ең кіші қалыңдығы кем дегенде 5 мм қабылдануы тиіс; 5 мм жоғары қалыңдық Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарайтын пәні болып табылады;
13) болат ашық түп қабырғаның ең кіші қалыңдығы 5 мм кем болмауы тиіс. Түрлі түсті қорытпа және тотықпайтын болаттан жасалған түптер үшін Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша қабырғаның ең кіші қалыңдығы азайтылуы мүмкін.
14) сфералық және цилиндрлі қабырғаның қалыңдығы мынадан кем болмауы тиіс:
мақсатты тартылған және дәнекерлеу элементтері үшін - 5 мм;
жаншу құбырлар және саңылаулардың радиалды орналасуы - 12 мм құбыр торлары үшін;
пісірілген құбырдағы құбыр торлары үшін - 6 мм;
осы Қағиданың 320-қосымшасында көрсетілген құбырлар үшін.
15) жазылған қалқып сызылған сақиналы немесе ішкі жазықтықта шиыршық турбулизатор мен құбырларды қолдану рұқсат етіледі. Құбырдың қабырға қалыңдығы жаншу немесе икемді бату процесінде есептілктіктен аз болмауы тиіс;
16) құбыр торымен құбырдың жаншып бекітулері кезінде құбыр торындағы жаншылған белдеуінің ұзындығы 12 мм және 40 мм кем болмауы тиіс.
1,6 МПа жоғары жұмыс қысымына жаншу бекітулерін тығыздау жырашықпен орындау керек.
17) жаншумен коллекторларда және құбырлы торларға бекітілген құбырлар тігіссіз болуы тиіс.
2178. Конструкция қажет болған жағдайда корпустың және жылу ауыстырғыш аппараттардың жекелеген бөліктерін және қысым астындағы сауыттардың жылулық ұзару мүмкіндігін көздеуі тиіс.
2179. Жылу ауыстырғыш аппараттардың және қысым астындағы сауыттардың конструкциясы олардың іргетасқа берік нығайтылуын көздеуі тиіс. Қажет болған жағдайларда жоғарғы нығайту көзделуі тиіс.
2180. Жылу ауыстырғыш аппараттардың және қысым астындағы сауыттардың ішкі бетін қарау үшін лазалар көзделуі тиіс. Егер лазалар құрылғысы мүмкін болмаса, тиісті жерлерде қарау люктерін көздеу қажет. Жылу ауыстырғыш аппараттардың және қысым астындағы сауыттардың ұзындығы 2,5 м жоғары кезінде қарау люктері екі шетінде болуы тиіс.
Қарау лазаларының немесе люктерінің құрылғылары талқыланған конструкциясы кезінде, сондай-ақ ішкі дуалдардың коррозиялар және ластануы толықтай жойылған кезде талап етілмейді.
Жылу ауыстырғыш аппараттарда және сауыттарда лаза және люк арқылы қарау мүмкіндігін болдырмайтын конструкция, олардың құрылғысы міндетті емес.
Лазалар мойындарының өлшемі осы Қағиданың 2177-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген.
2181. Жылу ауыстырғыш аппараттарды және қысым астындағы сауыттарды орнату талаптары осы Қағиданың 154-тарауында келтірілген.
2182. Әрбір жылу ауыстырғыш аппарат және қысым астындағы сауыт немесе олардың топтарында ажыратылмайтын сақтандырғыш клапандары болуы тиіс. Бірнеше хабарламайтын қуыстар болған жағдайда әрбір қуысқа сақтандырғыш клапандар көзделуі тиіс.
Гидрофорларда су кеңістігі жағында орналасқан сақтандырғыш клапандар болуы тиіс.
2183. Сақтандырғыш клапандар, қағида сияқты серіппелі болуы тиіс. Отынды немесе майды қыздырғыштарда, отын немесе май жағынан орналасқан Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған типті мембранды қолдануға рұқсат етіледі.
2184. Сақтандырғыш клапандар кез келген жағдайларда жұмыс қысымы 15 % аспайтындай қабілетті өткізетін сақтандырғыш клапаны болуы тиіс.
2185. Сақтандырғыш клапандардың констукрциясы оларды пломбалауға мүмкіндік беруі қажет немесе осыған тең қызмет етуші персоналдардың жетегінсіз клапандарды реттеу мүмкіндігін шығарып тастайтын қорғауы болу керек.
Серіппенің және клапандардың бетін нығыздаушы материал ортаның коррозиялық әсеріне қарсы болуы тиіс.
2186. Жылу ауыстырғыш аппараттарда және қысым астындағы сауыттарда деңгей көрсеткішті және қарау шыныларын орнату мұны бақылау және қадағалау жағдайы талап еткен жағдайда ғана орнатылады. Деңгей көрсеткіш және қарау шынылары берік конструкциялы және тиісті үлгіде орнатылуы тиіс.
Бу, отын, май және хладагенттері бар деңгей көрсеткіште жазық шынылар қолданылуы тиіс.
Деаэраторларда цилиндрлік шыныларды қолдануға рұқсат етіледі.
2187. Жылу ауыстырғыш аппараттарда және қысым астындағы сауыттарда араматураларды орнату үшін пісірулер немесе фланцті қатты қысқа келте құбырлар көзделуі тиіс. Гидрофорларда бұранды жалғауларды қолдануға рұқсат етіледі.
2188. Сауыттар және жылу ауыстырғыш аппараттар үрлеу және дренаждау құрылғысымен жабдықталуы тиіс.
2189. Әрбір жылу ауыстырғыш аппарат және қысым астындағы сауыттар немесе олардың бір бірінен ажырамайтын бөліктері манометрлермен немесе мановакумметрлермен жабдықталуы тиіс.
Бірнеше қуыстары бар жылу ауыстырғыш аппараттарда, манометрлер әрбір қуыс үшін көзделу қажет.
Манометрлерде қазанды гидравликалық сынауды қамтамасыз ету үшін бойлығы жеткілікті шкаласы болуы тиіс.
Жұмыс қысымы манометр шкаласында қызыл сызықпен белгіленуі тиіс.
2190. Отын температурасы 220оС асатын, отын қыздырғыштарда, температураны реттегіштен басқа температураның жоғарылауы немесе қыздырғыш арқылы отын қозғалысының болмауы туралы алдын ала сигнал беретін тетік орнату қажет.
204. Жылуы алмастырғыш аппараттарға және қысымдағы сауыттарға қойылатын арнайы талаптар
Достарыңызбен бөлісу: |