Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 1. Рульдік құрылғылардың рульдік жетектер мен комплектациясы



бет56/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   129
§ 1. Рульдік құрылғылардың рульдік жетектер мен комплектациясы

 

3032. Кеменің рульдік құрылғысының екі жетегі болу қажет: негізгі және қосалқы.

3033. Бірнеше рульдері немесе сұғындырмалары бар, іс-қимылға бөлек басқарушы машиналармен келтірілетін кемелерге қосалқы жетек талап етілмейді.

3034. Негізгі және қосалқы рульдік жетектер, екеуінің біреуі зақымданғанда, басқасы қатардан шығып кетпейтіндей етіліп жасалу қажет.

Сонымен бірге баллерге күштік жетектердің жалпы бөлшектерінің (румпель, сектор, цилиндрлі блок) болуы рұқсат етіледі.

3035. Негізгі рульдік жетекті басқару жүйесі қосалқы рульдік жетектің басқару жүйесінен тәуелсіз болу қажет. Жалпы штурвал немесе басқару тұтқасы болуы мүмкін.

3036. Негізгі сияқты қосалқы рульдік жетектер де егер олар осы Қағиданың 3045 - 3048-тармақтардың талаптарын қанағаттандырған жағдайда қолдық болуы мүмкін. Барлық қалған жағдайларда рульдік жетек іс-қимылға энергия көзінен келтірілу қажет.

3037. Қосалқы рульдік жетек рульдің немесе бұрылатын сұғындырманың негізгі сияқты максимальды бұрышқа ауысуын қамтамасыз ету қажет.

3038. Штурарқанды өткізуге арналған арқан майысатын мырышталған бұралмайтын крест тәрізді есілген болу қажет.

3039. Негізгі және қосалқы рульдік жетектермен басқару посты рульдің күйін көрсеткішпен жабдықталу қажет (бұрылатын сұғындырма).

3040. Егер негізгі және қосалқы жетек гидравликалық болса, онда әрбір осы жетектердің тәуелсіз қозғалтқыштарымен сорғысы болу қажет, ал жетектердің құбырлары бір біріне мүмкіндігінше алыс салыну қажет.

3041. Егер негізгі және қосалқы рульдік жетектер электрлі болса, онда олардың қоректену жүйесі және басқаруы бір біріне тәуелсіз болу қажет. Осы екі жетектердің әрқайсысында өзінің электр қозғалтқышы болу қажет.



 

 

§ 2. Жетектің қуаты



 

3042. Негізгі рульдік жетектің қуаты рульді кеменің алдыңғы жүрісінің ең үлкен 0,6 жылдамдығы және жүк ватерсызығы бойынша отырғызылған кезінде, 30 с жоғары емес уақытта бір борттан 35о бастап басқа бортқа дейін 35о ауыстыру үшін жеткілікті болу қажет

3043. Қосалқы механикалық рульдік жетектің қуаты рульді кеменің алдыңғы жүрісінің максимальды жылдамдығы және жүк ватерсызығы бойынша отырғызылған кезінде, 60 с жоғары емес уақытта бір борттан 20о бастап басқа бортқа дейін 20о ауыстыру үшін

3044. Рульдік жетектердің қозғалтқыштары 1 мин ішінде есепті бұрау сәтінің 1,5 тең сәті бойынша жүктің шамадан артуын рұқсат етуі тиіс.

 

 

§ 3. Қолдық және қосалқы рульдік жетектер



 

3045. Негізгі қолдық рульдік жетек өздігінен тежелетін конструкциялы болу және автоматты іске қосылатын тежегіші болу қажет.

Негізгі қолдық рульдік жетек бір толықтай ауыстыруға көлемі 25 жоғары емес айналым кезінде, штурвал тұтқасында 120 Н жоғары емес күшпен бір адамның жұмыс істеуі кезінде осы Қағиданың 3042-тармақтың талаптарын қанағаттандыру қажет.

3046. Қосалқы қолдық жетек өздігінен тежелетін конструкциялы болу және оларды басқару постынан сенімді басқару қамтамасыз етілетін жағдайдабекіту құрылғысы болу қажет.

Қосалқы қолды рульдік жетек толық бір ауыстыруға 25 жоғары емес айналым кезінде, штурвал тұтқасында әрбір жұмыс істеушіге 160 Н жоғары емес күшпен жұмыс істеуі кезінде осы Қағиданың 3043-тармақтың талаптарын қанағаттандыру қажет.

3047. Қосалқы рульдік жетек негізгіден тәуелсіз болмау қажет және мүмкіндігінше руль баллеріне тікелей әсер ету қажет.

3048. Негізгі және өздігінен тежелетін қосалқы қолдық жетектердің сыртқы жиегі болу қажет.



 

 

§4. Қашықтықтан басқаруы мен механикалық рульдік жетектер



 

3049. Шынжырлар, тарту штангілері және штурарқанды өткізгіштер құрамына кіретін мырышталған болат арқандардың босатуды таңдауға арналған құрылғысы болу қажет; бұдан басқа штурарқанды өткізгіште әрбір борттан керілетін серіппелер көзделу қажет.

3050. Аксиометрлердің конструкциясы (тірек, беріліс, шарнирлер, муфтілер) жүкті орналастырудан немесе толқыннан корпустың деформациясы кезінде олардың сыналану және зақымдану мүмкіндігін болдырмау қажет.

3051. Тұтану температурасы 60 оС төмен сұйықтықтарды тасымалдауға, айдауға және сатуға арналған мұнай құю кемелерінің механикалық рульдік жетектерден берілісін, палубалардың үстінде науаларда немесе қораптарда салу қажет.

Бұл жетектердің қажалатын бөліктерінің және бөлшектерінің конструкциясы ұшқынның құралуын болдырмау қажет.

 

 

§ 5. Гидравликалық рульдік жетектер



 

3052. Негізгі және қосалқы рульдік жетектердің гидравликалық жүйесі және олардың сорғылық агрегаттары бір бірінен тәуелсіз болу қажет. Егер қосалқы рульдік жетектің сорғысы үнемі іс-қимылда болмайтын, қосымша қозғалтқыштан жеткізілсе, онда мұндай сорғының қозғалтқышты іске қосу уақытындағы жұмысы буферлі жүйемен қамтамасыз етілу қажет.

3053. Негізгі және қосалқы рульдік жетектердің жүйелерінің ереже сияқты цилиндрлер, мұндай жүйелер бір бірінен тәуелсіз әрекет ететін жағдайда ортақ бөлшектері болады.

3054. Гидравликалық рульдік жетектердің жүйелері басқа гидравликалық жүйелермен байланыспауы қажет.

3055. Екі сорғылы рульдік құрылғының гидрожетегінде іске қосатын сорғыны қосу және оны қандай да бір клапансыз ажырату көзделу қажет.



 

 

§ 6. Шамадан артық артудан және қайта айналудан қорғау



 

3056. Қолды рульдік жетек үшін жүктемеден қорғау орнына буферлі серіппелердің болуы жеткілікті.

Егер қолдық рульдік жетек қосалқы ретінде қолданылса, онда жүктемеден қорғау талап етілмейді.

3057. «М» және «О» сыныпты кемелердегі рульдік жетектердің құрамы, гидравликалықтан басқа, екі еселіден кем емес номинальды жүктемеге есептелген амортизаторлар енгізілу қажет.

3058. Гидравликалық рульдік жетектер үшін жүктемеден қорғау құрылғысы ретінде, номинальды жұмыс қысымының 1,1 бастап 1,5 дейінгі қысымына реттелген сақтандырғыш клапандарды қолдануға рұқсат етіледі. Қорғау құрылғысының конструкциясы оның пломбалану мүмкіндігін көздеу қажет.

3059. Гидравликалық рульдік машиналардың сорғылары ажыратылған сорғының кері бағытта айналуын болдырмайтын қорғау құрылғысы немесе ажыратылған сорғы арқылы сұйық ағыны болдырмайтын автоматты іске қосылатын құрылғысы болу қажет.



 

 

§ 7. Тежегіш құрылғы



 

3060. Рульдік құрылғы баллер мойынтіректерінде қажалуды ескермей руль жағынан бұрау сәті кезінде кез келген күйде рульді (бұрылатын сұғындырманы) орнында ұстап тұратын, тежегішпен немесе басқа құралмен жабдықталуы тиіс.

3061. Поршендары немесе күректері май өткізгіштердің клапандарының жабынымен бекітілуі мүмкін гидравликалық рульдік жетектер үшін арнайы тежегіш құрылғыны көздемеуге болады.



 

 

§ 8. Ақырғы ажыратқыштар, шектеуіштер, рульдің (бұралатын сұғындырмалардың) күйін көрсеткіштер



 

3062. Әрбір механикалық рульдік жетек, руль рульді бұрудың шектеуішіне жеткенге дейін оның іс-қимылын қысқартатын құрылғысы (ақырғы ажыратқыш) болу қажет.

Ақырғы ажыратқыштар рульді 35о кем емес бұрышқа және бұрылатын сұғындырманы 30о кем емес бұрышқа ауыстыруға бапталу қажет.

3063. Рульдік құрылғыларда рульді және бұрылатын сұғындырманы бұру шектеуіштері болу қажет. Шектеуіштер ақырғы шектеуіштер бапталған бұрыштан 1,5о көп бұрышқа рульді және бұрылатын сұғындырманы ауыстыруды рұқсат ету қажет.

3064. Шектеуіштердің барлық бөлшектері, оның ішінде бір мезгілде рульдік жетектің бөлшектері болып табылатындар мынадай формуламен анықталатын шекті кері сәтке Мпр сәйкес келетін күшке есептелу қажет, кН-м,

 

Мпр = 1,132-10-7 dбReH                   (640)

 

мұндағы dб — ең кіші көлденең қимадағы баллер диаметрі,мм;

ReH - баллер материалының ағымдылық шегі, МПа.

Сонымен бірге шектеуіштер бөлшектеріндегі кернеу олардың материал ағымдылығы шегінен 0,95 аспау қажет.

3065. Рульдік машинадан ажыратылған «М» және «О» сыныпты кемелерде рульдің және бұрылатын сұғындырманың өздігінен айналуын болдырмау үшін белгілеуші құрылғы орнатылу қажет.

3066. Рульдік механизмдер қашықтық рульдің күйін көрсеткіштермен жабдықталу қажет. Гидравликалық рульдік машинаға немесе баллермен қатты байланысқан бөліктерге параллель рульдік жетектер секторында, 1о жоғары емес бөлу бағасымен рульдің нақты күйін анықтау үшін шкала болу қажет.

 

 

§ 9. Беріктілікті тексеру



 

3067. Жүктемедегі негізгі және қосалқы рульдік жетектердің бөлшектері есептік бұрау сәтіне сәйкес, оларға күштің әсер еткен кезінде беріктілікке тексерілу қажет. Сонымен бірге бөлшектердегі эквивалентті кернеулер бөлшектердің материал ағымдылығының 0,4 шегінен аспау қажет.

3068. негізгі және қосалқы рульдік жетектер (румпель, сектор, редуктор және с.с.) үшін жалпы бөлшектердегі кернеу, осы Қағиданың 3067-тармағымен рұқсат етілген 0,8 кернеуден аспау қажет.

3069. Артық жүктен осы Қағиданың 3056-3049-тармақтарымен көзделген сақтандырғыш құрылғылармен қорғалмаған рульдік жетектердің бөлшектері, баллер беріктілігінің көрсеткішіне жол бермейтін, беріктілік көрсеткіші болу қажет.

3070. Осы Қағиданың 3058-тармағымен көзделген жағдайда сақтандырғыш клапандардың ашылу қысымына сәйкес күштің әрекеті кезінде бөлшектердің беріктілігі тексерілу қажет; сонымен бірге бөлшектердегі эквивалентті кернеулер бөлшектердің материалының 0,95 ағымдылық шегінен аспау қажет.



 

 

280. Рульді бұру құрылғылары



 

3071. Жолаушылар және өздігінен жүретін жүк кемелерінің рульді бұру құрылғысының үлесті тарту күші осы Қағиданың 1262-тармағына сәйкес анықталғаннан кем болмау қажет.

3072. Рульді бұру құрылғысының орналасуы кеменің жүктеудің барлық мүмкінді жағдайларында тірек жасайтындай болу қажет.

3073. Рульді бұру құрылғыларының бөліктері су өткізбейтін болу қажет.

3074. Рульді бұру құрылғысының басқару пультінде тірек бағытын көрсеткіш болу қажет.

 

 

41-бөлім. Зәкірлік құрылғы



 

281. Жалпы талаптар

 

3075. Қағиданың осы бөлімі кемелерді зәкірлермен және зәкірлік шынжырлармен жабықтау нормаларын, сондай-ақ зәкірлік құрылғының механизмдері мен бөлшектеріне ұсынылатын талаптарды мазмұндайды.

3076. Осы Қағиданың 3077-тармағында көрсетілгенді қоспағанда әрбір кеме, босатылған зәкір кезінде кемені орнында ұстап тұру үшін қажетті зәкірлік құрылғымен жабдықталу қажет.

3077. Тұрақтағы кеме, сондай-ақ қысқа линиядағы рейстерді іске асыратын «Р» және «Л» сыныптардың итерілетін кемелері, Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша, кеме иесімен оларды тіркеп-сүйреу, итеру және кідіріс қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жағдайда зәкірлік құрылғысы болмаса да болады.

3078. Тасымалдау технологиясымен келісілген құрамаларды немесе жекелеген баржаларды (секцияларды) тоқтату үшін арнайы айлақтық понтондармен (зәкірлермен ) немесе жарықтық сигналдармен жабдықталған рейдтер қолданылады. Зәкірлік понтонның (зәкірліктер) зәкір талап етілген ұстау күшін Тд мынадай формуламен анықтау керек, Н:



 

Тд = 3,5 gΣmя                       (641)

 

мұндағы g — еркін құлаудың жылдамдығы, м/с2;

Σmя — формула бойынша есептелетін едәуір итерілетін құраманың алдыңғы жақ зәкірлерінің қосынды көлемі, кг.

3079. Жүзбелі доктарды, жүзбелі крандарды, мұнай айдаушы станцияларды, кемелерді және ерекше конструкциялы жүзбелі құрылыстарды зәкірлік жабдықтауды және тағайындауды кеме жобасында оның пайдалану сипатына және ерекшелігіне байланысты есеппен негіздеу және Кеме қатынасы тіркелімімен келісу қажет.



Зәкірге жобалауда техникалық тапсырмамен орнатылатын кез келген көрсетілген кемелер типін орнату қамтамасыз етілуі тиіс қажетті шарттар (тереңдік, ағыс жылдамдығы, жел жылдамдығы).

3080. Осы Қағиданың талаптары, егер бұл ерекше айтылмаса, көбінесе Холл зәкіріне жатады.



Матросова зәкірлерін қолданған жағдайда олардың көлемі кестеліктің жартысына тең қабылдану керек, ал шынжырлардың өлшемдері Холл зәкірінің кестеленген көлеміне сәйкес болу қажет.

Жартасты және тасты жерлерде Матросова зәкірін қолдану ұсынылмайды.

3081. Мұнай құю кемелерінің шынжырлы жәшіктері (жарылысқа қауіпті үй-жайларда және кеңістіктерде орналасқан жағдайда) су өткізбейтін және су құю үшін құралдары болу қажет.



 

 

282. Зәкірлермен, зәкірлік шынжырлармен және арқандармен жабдықтау



 

3082. Өздігінен жүретін, өздігінен жүрмейтін және итермелегіш кемелерді алдыңғы жақтық зәкірлермен және шынжырлармен жабдықтау жабдықтау сипатымен сәйкес Nc осы Қағиданың 344-қосымшасында келтірілген норма бойынша қамтамасыз етілу қажет (осы Қағиданың 275-тарауы).

Барлық жағдайларда зәкірлік шынжырлардың калибрлеуін Холл зәкірінің көлеміне байланысты осы Қағиданың 345-қосымшасына бойынша тағайындау керек.

3083. Су асты қанатындағы, әуе жастығындағы кемелерді және глиссирленетін кемелерді зәкірлік жабдықтау нормалары осы Қағиданың 346-қосымшасына келтірілген.



Арқанның үзілу күшін анықтау кезінде зәкір көлемін осы Қағиданың 346-қосымшасында көрсетілгенге қарағанда, 2 есе үлкен алу қажет.

3084. Түп тереңдеткіш снарядтарда көлемі қосынды кестелік көлемнің жартысыныан кем емеске тең бір уақытша зәкірдің болуына рұқсат етіледі.



Өздігінен жүретін түп тереңдеткіш снарядтарда зәкірлік құрылғыны алдыңғы жақ ұшында, ал өздігінен жүрмейтін снарядтарды - снарядтың (сосун, қарпығыш рама және с.с) негізгі жұмыс істейтін құрылғысы орналасқанға қарама қарсы ұшында орналастыру қажет.

3085. Тіркеп-сүйрегіштер және итермелегіштерді қоспағанда (осы Қағиданың 3086-тармағы), кемелерді және өздігінен жүретін кемелерді (осы Қағиданың 3087-тармағы) артқы жақтағы зәкірлік құрылғылармен жабдықтау кеме иесінің қарауы бойынша жүзеге асырылады.



Егер ұзындығы 25 м кіші кемелерде тіркеп-сүйрегіштер және итермелегіштерді қоспағанда, алдыңғы жақтағы зәкірлік құрылғыны орналастыру қиын болғанда, онда мұндай кемелерді тек артқы зәкірлік құрылғылармен жабдықтауға рұқсат етіледі.

3086. Әдеттегі тіркеп-сүйрегіш кемелерге (осы Қағиданың 3082-тармағы), арналған нормаға сәйкес алдыңғы жақтағы зәкірлік құрылғымен жабдықталған Тіркеп-сүйрегіштер - итермелегіштерде сондай-ақ артқы зәкірлік құрылғы болу қажет (осы Қағиданың 283-тарауы).

3087. Жабдықтау сипаттамасы 1000 м2 және одан жоғары өздігінен жүретін кемелер алдыңғы жақтағы зәкірлік құрылғыдан басқа, артқы зәкірлік құрылғымен жабдықталуы қажет, егер:

1) бұл кемелердің жүзу ауданына ағыссыз немесе ағыс жылдамдығы төмен учаскелері кіреді. Мұндай кемелер үшін артқы жақтағы зәкір көлемі алдыңғы жақтағы зәкірлердің қосынды көлемінен 0,25 кем емес құрау қажет;

2) бұл кемелердің жүзу ауданына ені кемелердің алдыңғы жақ зәкірін ағысқа қарсы қою үшін айналуға мүмкіндік бермейтін кемелік жүрістің көптеген учаскелері кіреді. Артқы жақтағы зәкірдің көлемі осы жағдайда алдыңғы жақтағы зәкірдің қосынды көлемінің 0,4 кем емес құрау қажет.

Екі жағдайда да зәкірлік шынжырдың ұзындығы алдыңғы жақтағы зәкірдегі кіші зәкір шынжырының ұзындығынан 75 % кем болмау қажет.

3088. Кемелерді зәкірлермен және шынжырлармен жабдықтау, есептелгенге жақын жабдықтау сипатының сол кестеленгеніне сәйкес келу қажет.

3089. Орнатылатын екі зәкірдің әрқайсысының көлемі кестеленген көлемнің жартысына тең болу қажет. Бір зәкірдік көлеміне (оң жағы) кестеленген қосынды көлемді басқа зәкірдің көлемін сәйкесінше төмендетумен 0,6 дейін деп қабылдауға рұқсат етіледі.

3090. Егер зәкірлік шынжырлардың жалпы ұзындығы жұп санмен сипатталатын болса, онда екі зәкірдің шынжырының ұзындығы бірдей болу қажет.



Егер зәкірлік шынжырдың жалпы ұзындығы жапсарласудың тақ санымен сипатталатын болса, онда шынжырлардың біреуінің ұзындығын бір жапсарға артық алады және көлемі әртүрлі зәкірлер кезінде зәкірмен көлемі үлкенін жалғайды.

3091. Пісірілген калибр орнына құйылған зәкірлік шынжырды қолданған жағдайда оларды 12 % төмендетуге болады.

3092. Су асты қанатындағы, әуе жастығындағы кемелер және глиссирленген кемелерден басқа, шынжырларды болат, синтетикалық немесе кендір арқанмен ауыстыру, ереже сияқты зәкірлік шынжырлары болат арқандармен ауыстыру, тек артқы жақтағы зәкірлер үшін «О» және «М» сыныпты кемлер үшін рұқсат етіледі, ал ұзындығы 25 м кіші «О» сыныпты кемелер үшін және «Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін - мынадай талаптарды сақтаған да алдыңғы жақтағы зәкір үшін рұқсат етіледі:

1) болат және синтетикалық арқанмен ауыстырылатын шынжырлар калибрі, 22 мм, ал кендір арқанмен ауыстырылатын шынжырлар калибрі - 14 мм жоғары болмау қажет;

2) арқандар иілімді және қажетті калибрлі тізбектерге тең беріктілікті болуы тиіс;

3) болатын қанаттар мырышталған, ал кендір - шәйірленген болу қажет;

4) арқан зәкірмен зәкірді жүріс бойынша тізбекті тоқтату көмегімен арқанға тең кесілген шынжырмен жалғану қажет. Егер зәкірлік құрылғы конструкциясымен көтерілген зәкірді ұстау үшін басқа тоқтату құрылғысы көзделген болса, шынжырлардың кесіндісі талап етілмейді.

3093. Тіркеп-сүйрегіш шығырлармен жабдықталған барлық сыныптағы қуаттылығы 590 кВт дейінгіні қоса тіркеп-сүйрегіш - итермелегіштерде, зәкірлік шынжырды артқы жақтағы зәкірлік құрылғыда болат арқанмен ауыстырған рұқсат етіледі.

Тежелген барабан кезінде арқанның еркін есілуін қамтамасыз ететін, барлық сыныптағы сықырлайтын шығырлармен техникалық флоттардың өздігінен жүрмейтін кемелерінде зәкірлік шынжырларды 31 мм дейінгі калибрмен болат арқанмен ауыстыруға рұқсат етіледі. Екі жағдайда да осы Қағиданың 3092-тармақтың 2), 4) тармақшаларындағы шарттар сақталу қажет.

3094. «О» сыныпты кемелердің зәкірлі жабдықтауы осы Қағиданың 344-қосымшасында көрсетілген нормаларға сәйкес болуы тиіс.

3095. «О» сыныпты кемелердегі зәкірлі тізбектердің ұзындығы кестелік мәнмен салыстырғанда кемінде 1 түйінге көбейтілуі тиіс.

3096. Ағыс жылдамдығы 6 бастап 9 км/с дейінгі бассейндерде жүзуге арналған «Р» сыныпты кемелердің зәкірлерінің қосынды көлемі кестеленгенге қарағанда 25 %, ал ағыс жылдамдығы 9 км/с жоғары болғанда - 55 % ұлғайтылуы қажет.



Сонымен бірге жабдықтау сипаттамасы 500 м2 және одан жоғары кемелердің шынжырларының қосынды ұзындығы бір бірлесуге ұлғайтылуы қажет.

3097. Ағыс жылдамдығы 6 бастап 9 км/с дейінгі бассейндерде жүзуге арналған «Л» сыныпты кемелердің зәкірлерінің қосынды көлемі кестеленгенге қарағанда 15 %, ал ағыс жылдамдығы 9 км/с жоғары болғанда - 45 % ұлғайтылуы қажет. Сонымен бірге жабдықтау сипаттамасы 500 м2 және одан жоғары кемелердің шынжырларының қосынды ұзындығы бір бірлесуге ұлғайтылуы қажет.



Канал және өзен иірімімен 2 км/с дейінгі ағыс жылдамдығымен жүзетін «Л» сыныбындағы барлық кемелердің зәкірлер көлемі, жақындағы кіші есептелген кестеленген сипаттамаға сәйкес келуі мүмкін, сонымен бірге зәкірлік шынжырдың ұзындығы 25 м аспауға болады.

Канал және өзен иірімімен 2 км/с дейінгі ағыс жылдамдығымен жүзетін, 450 м2 және кіші зәкірлік жабдықтау сипаттамасымен «Л» сыныпты өздігінен жүретін кемелерде, бұдан басқа, көлемі кестеленген екі зәкірдің көлемінен 0,5 кем емес бір алдыңғы зәкірдің болуына рұқсат етіледі.

Зәкірдің көлемін осындай төмендету өткелде жұмыс істейтін немесе порт акваториясы немесе «Р» және «Л» разрядқа жататын кемежай бойынша үнемі тасымалдаумен айналысатын кемелерде порттан немесе кемежайдан 5 км жоғары емес қашықтаумен рұқсат етіледі, сонымен бірге Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша бұл кемелердің зәкірлік жабдықталуы жеңілдетілуі мүмкін.

3098. Су асты қанатындағы, әуе жастығындағы кемелердің және глиссирленетін кемелердің зәкірлерінің көлемі, ұзындығы және арқанның үзілу күші «М» сыныпты кемелер үшін, осы Қағиданың 3083-тармаққа сәйкес «О» сыныпты кемелер үшін қабылданғанмен салыстырғанда 25 % ұлғайтылуы қажет.

3099. Ағыс жылдамдығы 6 км/с жоғары өзен учаскелері бойынша және түптің тасты жерлерімен жүзетін, су асты қанатындағы, әуе жастығындағы кемелер және глиссирленетін кемелер үшін зәкір көлемі осы Қағиданың 346-қосымшасында көрсетілгенмен салыстырғанда екі есе ұлғайтылу қажет.

 

 

283. Итерілетін кемелердің зәкірлік құрылғысы



 

3100. Итерілетін құрамның зәкірлік жабдықталуын анықтау кезінде есептіге Т+1+1 сызба бойынша құрылған кильватерлі құрам қабылданады.

3101. Итерілетін құрамның алдыңғы зәкірлерінің қосынды көлемі Σmя мынадай формула бойынша анықталады, кг:





мұндағы L және В — ватерсызық жазықтығындағы құрамның өлшемі, м;

Н — есепті борт биіктігі (құрамның барлық баржаларының ең үлкені), м;

және h — палубадағы жүктің силуэтінің ұзындығы және биіктігі, м;



k — сусымалы жүктерді тасымалдау кезіндегі 0, 5 тең және басқа палубалық жүктерді тасымалдау кезінде 1,0 тең деп қабылданатын коэффициент;

kс — осы Қағиданың 3102-тармақтың нұсқаулықтарына сәйкес тағайындалатын коэффициент;

kn — осы Қағиданың 3103-тармақтың нұсқаулықтарына сәйкес тағайындалатын коэффициент;

3102. Итерілетін кемелердің коэффициентін kс осы Қағиданың 347-қосымшасы бойынша қабылдау керек.

3103. Коэффициентті kn бассейн разряды суының және ағыс жылдамдығы үстінен желкендік орталығының жоғарылауына байланысты қабылдау керек.

1,25 м < zn < 4,0 м болғанда коэффициентті мынадай фомула бойынша анықтайды.

 

kn = 1-A(4,0-zn),                     (643)

 

Мұндағы А — осы Қағиданың 348-қосымшасы бойынша қабылданатын коэффициент.



zn < 1,25 м кезде kn, zn 1,25 тең деп қабылдап, осы Қағиданың 643-формула бойынша анықталады.

zn > 4,0 м кезде kn коэффициент 1,0 деп қабылданады.

3104. Әрбір екі алдыңғы жақтағы және екі артқы жақтағы зәкірлердің көлемін тағайындау кезінде осы Қағиданың 3089-тармақтың нұсқаулықтарын басшылыққа алу қажет.

3105. Итермелегіштердің артқы жақтағы зәкірлерінің қосынды көлемі итерілетін құрамның алдыңғы жақ зәкірлері көлемінің 0,8 мәніне тең деп қабылдану қажет.

3106. Құрамның артқы және орташа секциялары, басты секциялардың бір алдыңғы массасына тең, бір алдыңғы зәкірмен жабдықталады.

3107. Итерілетін құрамның әрбір алдыңғы және артқы шынжырларының ұзындығы итермелегіштің және құрамның бір баржасының қосынды ұзындығына тең болу қажет, бірақ 50 м кем емес және 150 м жоғары болмау қажет.

3108. «О» сыныбына жатқызылатын өзендердің шеткі аумақтарында жүзетін итерілетін құрамдарда тізбектер ұзындығы есепті мәнмен салыстырғанда кемінде бір түйінге көбейтілуі тиіс.



 

 

284. Зәкірлерді және зәкір шынжырларын бекіту құрылғысы



 

3109. Әрбір зәкірлік шынжыр үшін 2 тоқтату құралы көзделу қажет; біреуі кеменің зәкірде тоқтаған кезінде бекіту үшін, екіншісі көтерілген зәкірді ұстап тұру үшін. Кеме зәкірде тоқтаған кезде шынжырларды бекіту үшін бекіту құралы ретінде зәкірді көтеру механизмінің тежегішін қолдануға рұқсат етіледі.

Көтерілген зәкірді ұстап тұру үшін қолдану қажет. Стандартты жұдырықшалы, фрикционды немесе шынжырлы зәкірлік бекітулер қолдану қажет. Матросов зәкірінің 25 кг дейінгі және Холл зәкірінің 50 кг дейінгі көлемі кезінде кеменің зәкірде тұруын қамтамасыз ететін, бір бекіту құралы рұқсат етіледі. Бекіту құралы ретінде кнехталар және уткалар қолдануға рұқсат етіледі.

3110. Зәкірлік шынжырлардың негізгі жапсарласуы немесе арқандардың негізгі ұштары, керілген зәкірлік шынжырлар немесе арқандар кезінде осы ұштарды қол жетімді жерден босату үшін, кеме корпусымен сенімді бекітілуі және алмалы жалғаулармен жабдықталуы қажет.



Зәкірлік шынжырларды және арқандарды және олардың алмалы жалғауларының бөлшектері зәкірлік шынжыр немесе олардың арқанын ауыстырушылардың қатынасы бойынша тең берікті болу қажет.

Ұзындығы 25 м кіші кемелердегі синтетикалық немесе кендірлі зәкірлік арқандардың негізгі ұштарында алмалы жалғаулар болмасада болады.

3111. Зәкірлік клюздер және олардың орналасуы мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:



1) клюз құбырының ішкі диаметрі зәкірлік шынжырлардың 10 калибрынан кем болмау қажет, қалыңдығы - зәкірлік шынжырдың 0,4 калибрінен кем болмау қажет;

2) зәкірдің ұршығының клюзға еркін тартылуы, ал зәкірлік шынжырды өңдеу кезінде - оның ауырлық күшінің іс-қимылында еркін шығу қамтамасыз етілу қажет;

3) бекіту және клюз арқылы өту кезінде шынжырдың сынуы ең аз болу керек. Кіші сыныуды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда бағыттаушы шығыршықты орнатуға рұқсат етіледі.

 

 

285. Зәкірлік механизмдер



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет