Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет57/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   129
§ 1. Жалпы талаптар

 

3112. Көлемі 50 кг және жоғары зәкірлерді беру және көтеру, сондай-ақ кеменің зәкірлік тұрақта ұстап тұру үшін шпиль немесе брашпиль орнатылу қажет. Көлемі 150 кг және одан жоғары зәкір кезінде бұл механизмдерде жұлдызшалар болу қажет.

3113. Шынжыр орнына арқандарды қолданған кезде зәкірлік шығыр орнатуға рұқсат етіледі. Зәкірді көтеру механизмі ретінде тіркеп-сүйрегіш шығырларды қолдануға рұқсат етіледі.

3114. Гидравликалық жетекті зәкірлік механизмдер осы Қағиданың 2967-2973-тармақтарының талаптарын қанағаттандыру қажет.

 

 

§ 2. Жетек



 

3115. Зәкірлік механизм жетегінің қуаты жұлдызшада F1, номиналды тарту 0,12 м/с кем емес жылдамдықпен күші кезінде кез келген зәкірден үзу және көтеру кеменің зәкірге тартылуын қамтамасыз ету қажет, H,

 

F1 = 22,6m d2,                       (644)

 

мұндағы т - әдеттегі тіректі шынжырлар үшін - 1 тең, тірексіз шынжырлар үшін - 0,9 тең беріктілік коэффициенті;

d - шынжырлар калибрі, мм.

3116. Жетек жылдамдықпен және тарту күшімен, 30 мин ішінде үздіксіз осы Қағиданың 3115-тармағында көрсетілген зәкірлік шынжырды таңдауды, сондай-ақ зәкірлік тұрақтың есепті тереңдігіне бір зәкірді түсіруді қамтамасыз ету қажет.

3117. Зәкірлік механизмнің түсіру сәті 2 F1 кем емес қозғалмайтын зәкірлік шынжыр кезінде жұлдызшада тарту күшін құрау қажет.

3118. Зәкір клюзге жақындаған кезде жетек шынжырдың 0,12 м/с жоғары емес жылдамдықты таңдауын қамтамасыз ету қажет.

3119. Зәкірлік механизмнің жетегі зәкірлік тұрақтың есепті тереңдігінің жартысыныан еркін ілініп тұрған зәкірлердің бір мезгілде көтерілуін қамтамасыз ету қажет.

3120. Қолдық жетек осы Қағиданың 3115-тармақ талаптарына сәйкес жұлдызша тарту күшінің іс-қимылы кезінде 0,042 м/с кем емес жылдамдықты таңдауын қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге тұтқаларда күш бір жұмыс істейтінге 160 Н жоғары емес болу қажет.



Теңселмелі қолдық жетектердің қолдану кезінде бір жұмыс істейтінге күші 200 Н жоғары болмау қажет.

3121. Басқа гидравликалық құбырлармен жалғастырылған зәкірлік механизмдердің гиравликалық жүйесінің құбырлары, екі тәуелсіз сорғылық агрегаттармен қызмет етуі қажет, әрқайсысы номиналды тарту күшімен және зәкірлік шынжырды таңдаудың номиналды жылдамдығымен зәкірлік құрылғы жұмысын қамтамасыз ету қажет.

3122. Егер механизмнің жетегі зәкірлік механизмдерде бөлшектердің материал ағымдылығының шегінен 0,95 асатын кернеу тудырушы сәтін дамытатын болса, жетек және механизм аралығында орнатылатын, көрсетілген моменттен қорғау көзделу қажет.

 

 

§ 3. Тежегіштер және муфталар



 

3123. Зәкірлік механизмдер жұлдызша және оның жетекті білігінің арасында орналасқан, қарым-қатынасты муфталармен жабдықталуы қажет.

Электрлі немесе дизельді жетекті зәкірлік механизмдердің жетек білігінде орналасқан және жетек қатардан шығып кеткен жағдайда қосылатын автоматты тежегіші болу қажет.

Өздігінен тежелетін беріліс болған кезде автоматты тежегіш талап етілмейді.

3124. Автоматты тежегіш жұлдызшадағы 2 F1. кем емес күшке сәйкес келетін тежегіш сәтті қамтамасыз етуі тиіс.

3125. Әрбір шынжырлы жұлдызша, тежегіш сәті шынжырдағы жұлдызшаның 0,3Fnp (Fnp - зәкірлік шынжырдың сынау жүктемесі (осы Қағиданың 1417-тармағы) кем емес, ал қолдық жетекті механизмдер үшін - 2 F1 кем емес күшіне сәйкес келуі тиіс тежегіші болу қажет.

Тежегіш жетегінің тұтқасындағы күш 490 Н жоғары болмау қажет.

 

 

§ 4. Шынжырлы жұлдызшалар



 

3126. Шынжырлы жұлдызшылардың 5 кем емес жұдырықтары болу қажет.

Жұлдызшалар үшін көлденең күйдегі осьтердің шынжырды құлаштау бұрышының 115о кем болмау, ал осьтің тік орналасуында 150о кем болмау қажет.

3127. Шынжырлы жұлдызшалар жалғаушы тізбектердің горизанталь және тік күйінде өтуін қамтамасыз ету қажет.



Тік зәкірлік шығырлардың шынжырлы жұлдызшалары жалғаушы тізбектердің тік күйінде өтуін қамтамасыз ету қажет.

 

 

§ 5. Беріктілікті тексеру және қосымша талаптар



 

3128. Жүктемеге бейімделген зәкірлік механизмдердің бөлшектері оларға қрғаудың шекті қондырғысына сәйкес келетін, жетектің немесе сәттің ең көп сәтіне сәйкес келетін күштің іс-қимылы кезінде беріктілікке тексерілу қажет. Сонымен бірге бөлшектердегі эквивалентті кернеулер бөлшектің материал ағымдылығының 0,95 шегінен аспауы тиіс.

Номиналды тарту күшінің іс-қимылы кезінде кернеу бөлшектің материал ағымдылығының 0,4 шегінен аспау қажет.

3129. Тежелген жұлдызшада жүктемеде табылатын зәкірлік механизмнің бөлшектері шынжырдың үзілу жүктемесінің іс-қимылы кезінде беріктілікке тексерілу қажет. Сонымен бірге кернеу бөлшектің материал ағымдылығының 0,95 шегінен аспау қажет.

3130. Швартовты операцияларды орындауға арналған зәкірлік механизмдер, осы тараудың талаптарынан басқа осы Қағиданың 289-тарау талаптарын қанағаттандыру қажет.

 

 

286. Зәкірдің қашықтықтан қайтару құрылғысы



 

3131. Тұтанатын сұйықтықтарды тасымалдауға арналған ұзындығы 60 м жоғары өздігінен жүретін кемелердегі, өздігінен жүрмейтін итерілетін кемелердегі, сондай-ақ итермелегіштерде оң алдыңғы зәкірді көтеру механизмінің, итермелегіштердегі және артқы жақтағы тежегіш зәкірдің қашықтықтан қайтару құрылғысымен жабдықталуы тиіс. Қашықтықтан қайтару құрылғысы зәкірдің өздігінен қайтаруын бодырмау қажет.

3132. Зәкірлердің қашықтықтан қайтару құрылғысы қамтамасыз ету қажет:



1) оң алдыңғы жақтан қайтаруды рульдік рубкадан басқару (өздігінен жүрмейтін кемелерде - итермелегіштің рульдік рубкасынан), ал итермелегіштер және артқы зәкірлер, сондай-ақ индикация ұзындығы үшін түзету шынжырмен;

2) оның кез келген түзетілген ұзындығында, рульдік рубкадан зәкірлік шынжырды тоқтату мүмкіндігі;

3) зәкірді қайтару ұзақтығы зәкірді қайтарудың қашықтықтан басқаруын қосқан сәтінен бастап 15 секундтан жоғары емес.

3133. Қашықтықтан басқару көзделетін, бекітулер және басқа да зәкірлік жабдықтардың жергілікті қолмен басқаруы болу қажет.

3134. Зәкірлік жабдықтардың конструкциясы және жергілікт қолмен басқарудың бөліктері жекелеген бөліктердің немесе қашықтықтан басқарудың барлық жүйесі қатардан шығып кеткен кезінде зәкірлік құрылғының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету қажет.

 

 

42-бөлім. Швартовты құрылғы



 

287. Жалпы ережелер

 

3135. Әрбір кемеде, кемелерді жағалауға немесе жүзбелі айлақтық құрылысына тартуды және оларға сенімді бекітуді қамтамасыз ететін швартовты құрылғы болу қажет.

3136. Швартовты құрылғылардың санын, механизмін және бөлшектерін таңдау, сондай-ақ олардың кемеде орналасуы конструктивті ерекшеліктерге сәйкес және Қағиданың осы бөлімінің талаптарын ескеріп кеменің міндеті бойынша жобалаушымен орындалуы қажет.



 

 

288. Швартовты жабдықтар



 

3137. Швартовты кнехталар болат немесе шойын болу қажет.

Тек қана өсімдіктен жасалған арқандармен немесе синтетикалық талшықтан жасалған арқанмен жабдықталған кіші кемелер үшін жеңіл қоспадан жасалған кнехталар рұқсат етіледі.

3138. Кнехта тумбасының сыртқы диаметрі болат арқанның он диаметрінен немесе өсімдіктен жасалған немесе синтетикалық талшықтан жасалған шеңбер ұзындығынан кем болмау қажет.

3139. Кнехталарда палубаға бекітілетін және корпус жиынтығымен жалғанатын іргетастарға орнату қажет. Кнехталарды палубалық төсеніштің қалыңдатылған табақшаларына пісіруге рұқсат етіледі.

Палуба төсенішіне пісіру жолымен орнатылған, борттық кнехталарды көліктік кемелерде қолдануға рұқсат етілмейді.

Осы кемелерде борттық кнехталарды нығайту, екі күшке кемелерді тіркеп - сүйреу және итеру кезінде туындайтын күшке есептелу қажет.

3140. Кнехталар, байламды планкалар және Швартовты жабдықтардың басқа да бөлшектері, сондай-ақ олардың іргетастары, швартовты арқанның үзілу күшіне тең, күштің іс-қимылы кезінде, олар арналған бөлшектердегі кернеу олардың материалының 0,95 ағымдылық шегіненаспайтындай етіліп конструкциялану тиіс.

3141. Жарылысқа қауіпті үй-жайларда және кеңістіктерде орналасқан, швартовты кнехталар, конструкциясы ауаның кнехта астында еркін циркулясиясын рұқсат ететін іргетастарда орнатылу қажет.

3142. Швартовты жабдықтарды орнату ауданындағы корпусты конструкциялар сенімді нығайтылу қажет.

3143. Швартовтықтарды таңдау үшін швартовты барабандары бар швартовты механизмдер (швартовты шпильдер, швартовты шығырлар және т.б) және басқа палубалық механизмдер (брашпильдер, жүктік шығырлар және т.б.) қолданылуы мүмкін.

 

 

289. Швартовты механизмдер және арқандар



 

§ 1. Жетек

 

3144. Швартовты механизмнің жетегі 30 мин ішінде номинальды жылдамдықпен номинальды тарту күшінде швартовты арқанды үздіксіз таңдауды қамтамасыз ету қажет.

Швартовты арқанды таңдау жылдамдығы, ереже сияқты, номинальды тарту күшінде 0,3 м/с аспау қажет. Бұдан басқа 0,15 м/с жоғары емес жылдамдықпен арқанды таңдау мүмкіндігі қамтамасыз етілу қажет.

3145. Швартовты механизмнің жетегі 15 сек ішінде екі еселі номинальды тарту күшінен кем емес күшті құруға қабілетті болу қажет.

3146. Егер жетектің ең жоғарғы сәті осы Қағиданың 3149-3150-тармақтарында көрсетілгендерден асатын, швартовты механизмдер бөлшектерінде кернеу тудыруы мүмкін болса, жүктемеден қорғау көзделу қажет.

 

 

§ 2. Тежегіштер



 

3147. Швартовты механизм автоматты қалыпты тұйық тежегішпен жабдықталуы қажет.

Тежегіш қозғалмайтын күйде арқанға швартовты механизмнің номинальды тарту күшінен 1,5 кем емес статистикалық күштің әсері кезінде швартовты барабанды ұстап тұру қажет.

3148. Автоматты швартовты шығырлар барбанда орнатылған, арқанның үзілу жүктемесін ұстап тұратын тежегіштермен жабдықталуы қажет.



 

 

§ 3. Беріктілікті тексеру



 

3149. Жүктеме астында табылатын, швартовты механизмдердің бөлшектері жетектің ең жоғарғы сәтіне сәйкес немесе қорғаудың орналасу шегінің сәтіне сәйкес күштің іс-қимылы кезінде беріктілікке тексерілуі тиіс.

Сонымен бірге эквивалентті кернеу материал ағымдылығының 0,95 шегінен аспау қажет. Номиналды тарту үлесінің әрекеті кезінде бөліктердегі кернеу материал ағымдылығы шегінен 0,4 аспауы тиіс.

3150. Швартовты механизмнің білігі (баллер), оның тіректері, механизмді іргетасқа бекіту бөлшектері, швартовты барабанға арқанның үзілу жүктемесіне тең иілу күші әрекет еткен кезде есеппен беріктілікке тексерілу қажет. Сонымен бірге кернеу материал ағымдылығының 0,95 шегінен аспау қажет.



 

 

§ 4. Автоматты швартовты механизмдер



 

3151. Автоматты швартовты механизмдерді қолданған жағдайда, сондай-ақ осы механизмдерді қолмен басқару көзделу қажет.

3152. Автоматты швартовты механизмдер жабдықталуы қажет:



1) түсірілген арқанның максимальды рұқсат етілген кезінде іске қосылатын, дыбыстық сақтандыратын сигнал берумен;

2) механизм жұмысының автоматты режимінде швартовты арқанына қосылған, тарту күшінің нақты мәнін көрсеткіштермен.

3153. Тежелген барабан кезінде жүктемеде табылатын автоматты швартовты механизмдердің бөлшектері, арқанның үзілу жүктемесінің іс-қимылы кезінде беріктілікке тексерілу қажет. Сонымен бірге бөлшектердегі кернеу материал ағымдылығының 0,95 шегінен аспау қажет.



 

 

§ 5. Швартовты арқандар



 

3154. Швартовты арқандар болат, өсімдіктен жасалған және синтетикалық болады.

3155. Швартовты арқанның үзілу күші Fp мыналардан кем болмау қажет, кН:



1) жабдықталу сипаттамасы 100-1000 м2 кемелер үшін

 

Fp = 0,147 Nc +24,5;                   (645)

 

2) жабдықталу сипаттамасы 1000 жоғары кемелер үшін

 

Fp = 171 + 3,92-10-2(Nc - 1000),       (646)

 

мұндағы Ncосы Қағиданың 275-тарау талаптарына сәйкес есептелген жабдықталу сипаттамасы.

3156. Швартовты арқандардың санын және ұзындығын кеменің типі және пайдалану шартына байланысты таңдау керек.

3157. Болат Швартовты арқандарды жарылысқа қауіпті үй-жайларда және кеңістіктерде (осы Қағиданың 4195 және 4196-тармағы) қолдануға және сақтауға рұқсат етілмейді.

 

 

43-бөлім. Тіркеп-сүйрегіш және тіркелетін құрылғы



 

290. Тіркеп-сүйрегіш құрылғы және шығырлар

 

3158. Тіркеп-сүйрегіштердің және тіркеп-сүйрегіш - итермелегіштердің тіркеп-сүйрегіш құрылғысы мыналарды қосу қажет:

1) Тіркеп-сүйрегіш арқандарды бекіту үшін екеуден кем емес құрал болу қажет: негізгі және резервті. Тіркеп-сүйрегіш арқанды бекітуге мыналардың көмегімен жүргізуге рұқсат етіледі:

тіркеп-сүйрегіш шығырлар және тіркеп-сүйрегіш гактар;

тіркеп-сүйрегіш гакты және тіркеп-сүйрегіш кнехталар немесе битенгтер;

тіркеп-сүйрегіш шығырлар және тіркеп-сүйрегіш кнехталар немесе битенгтер;

2) тіркеп-сүйрегіш арқан;

3) тіркеп-сүйрегіш аркалар және арқанды бағыттайтын басқа конструкциялар;

4) тіркеп-сүйрегіш арқандарды шектеуіштер.

Тіркеп-сүйрегіш кнехтаны немесе битенгты тіркеп-сүйрегіш гакпен, тіркеп-сүйрегіш гакты - тіркеп-сүйрегіш шығырмен ауыстыруға рұқсат етіледі.

Екі бір типті тіркеп-сүйрегіш шығырларды немесе екі бір типті тіркеп-сүйрегіш гактарды тіркеп-сүйрегіште орнатқан жағдайда, олардың біреуі негізгі, басқасы - резервті ретінде қарастырылады.

3159. Тіркеп-сүйрегіштер және «М» сыныпты қуаты 300 кВт жоғары басты қозалтқышты тіркеп-сүйрегіш - итермелегіштер, қуаты 440 кВт және одан жоғары басты қозғалтқышты «О», «Р» және «Л» сыныпты кемелер механикалық жетекті тіркеп-сүйрегіш шығырлармен жабдықталу қажет.

3160. Қуаты 440 кВт жоғары «М» сыныпты кемелер автоматты тіркеп-сүйрегіш шығырлармен жабдықталуы қажет.

3161. Қуаты 300 кВт жоғары басты қозғалтқышты тіркеп-сүйрегіш құрылғысы бар және тіркеп-сүйрегіш шығырлармен жарықтандырылмаған, барлық басқа типті кемелер, тіркеп-сүйрегіш арқандарды таңдау және салуға арналған құрылғылармен жабдықталуы қажет.

3162. Тіркеп-сүйрегіш кнехталардың, битенгтердің, бума планкілердің, бағыттаушы блоктардың, бекітулердің орналасуы, конструктивті ерекшелігіне және негізгі тіркеп-сүйрегіш жабдықтың (шығырлар, гактар) жалпы орналасуына сәйкес болу қажет.

3163. Әрбір өздігінен және өздігінен жүрмейтін кеме, мынадай жабдықтарды қосатын, қажет болған жағдайда оны тіркеп-сүйрегішке алуға қабілетті құрылғымен жабдықталуы қажет:



1) кеменің алдыңғы және артқы ұшында орналасқан, екі тіркеп-сүйрегіш кнехта немесе битенг;

2) фальшборттар арқылы тіркеп-сүйрегіш арқандарды өткізу үшін тіркеп-сүйрегіш клюздер.

3164. Жүзбелі крандар, дебаркадерлер, техникалық флот кемелері және ұшында транцевті құрылатын басқа да кемелер, екі борттың ұштарында орнатылатын кнехталардың немесе битенгтердің екі жұбымен жабдықталуы қажет.

3165. Тіркеп-сүйрегіш клюздарды роульстарды немесе бағыттаушы кнехталармен бума планкалармен ауыстыруға рұқсат етіледі.

3166. Тіркеп-сүйрегіш шығырлар тіркеп-сүйрегіш арқанның кіші үзілк күшін ұстау қабілеті бар тежегіші болу қажет.

3167. Жүктемеде табылатын тіркеп-сүйрегіш шығырлардың бөлшектері, жетектің ең жоғарғы сәтінің іс-қимылы кезінде беріктілікке тексерілуі тиіс. Сонымен бірге бөлшектердегі кернеу материал ағымдылығының 0,95 шегінен аспау қажет.

Номинальды тарту күшінің арқанды есудің орташа қабатының іс-қимылы кезінде бөлшектердің барабандағы кернеуі олардың материал ағымдылығының 0,4 шегінен аспау қажет.

3168. Тежелген арқанды барабандағы тіркеп-сүйрегіш шығырлардың бөлшектері, тіркеп-сүйрегіш арқанның үзілу күшіне тең, есу күшінің сыртқы қабатқа әрекеті кезінде беріктілікке тексерілу қажет.



Сонымен бірге бөлшектердегі кернеу материал ағымдылығының 0,95 шегінен аспау қажет.

3169. Тіркеп-сүйрегіш арқанның керілісін реттеу үшін автоматты құрылғыны қолдану кезінде, осы сәтте қолданыстағы тарту күшінің мәнін бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілу қажет. Көрсеткіштер шығырлар жанында және рульдік рубкада орнатылу қажет.

3170. Максимальды рұқсат етілген түзетілген арқан ұзындығында іске қосылатын, дыбыстық сақтандырғыш сигнал беру көзделу қажет.

3171. Жергілікті басқару постынан сияқты рульдік рубкадан да тіркеп-сүйрегіш арқанның еркін жегілу мүмкіндігі көзделу қажет.



 

 

291. Тіркеп-сүйрегіш гактар



 

3172. Кемеде стандартты лақтырылатын тіркеп-сүйрегіш гактарды ашық және жабық типтерін серіппелі амортизаторларымен және оларсыз, механикалық және гидравликалық жапқыштармен орнатуға рұқсат етіледі.

«М» және «О» сыныпты барлық тіркеп-сүйрегіштер және тіркеп-сүйрегіштер - итермелегіштер, сондай-ақ қуаты 300 кВт жоғары «Р» және «Л» сыныптың тіркеп-сүйрегіштері, тіркеп-сүйрегіш гактарды негізгі құрал ретінде қолданған жағдайда, лақтырылатын типті серіппелі амортизаторлармен жабдықтаулы тиіс.

Лақтырылмайтын типті гактарды тіркеп-сүйретілетін кемелерде тіркеп-сүйрегіш арқанды бекіту үшін негізгі құрал ретінде және тіркеп-сүйрегіштерде резервті құрал ретінде орнатуға рұқсат етіледі.

3173. Тіркеп-сүйрегіш гактарды тасушы барлық элементтер және оны корпусқа бекіту бөлшектері тіркеп-сүйрегіш арқан есебі бойынша қабылданған үзілу күшіне есептелу қажет. Сонымен бірге осы элементтердегі кернеу олардың материал ағымдылығының 0,95 шегінен аспау қажет.

3174. Серіппе амортизаторы тіреуге дейін сығылатын жүктеме, гактағы 1,3 номинальды тартудан кем болмау қажет.

3175. Тіркеп-сүйрегіш ілмектері бүтіндей қапталған болу қажет.



Ілгек материалдарын қатынасыт ұзарту 5 еселі үлгіде 18 % кем болмау, ал ағымдылық шегі 245 МПа кем болмау қажет.

3176. Тіркеп-сүйрегіш гактарды кемеге орнатқанға дейін, швартовты режимде кемелер үшін анықталған гактағы екі еселі есепті тартуға тең динамометрді қолдану арқылы сынақ жүктемемен сынау керек.

3177. Тіркеп-сүйрегіш гактарды кемелік конструкцияға бекіту тіркеп-сүйреудің кез келген тәжірибелік мүмкінді бұрыштарында гак көлденең жазықтықта иілу күшін байқамайтын және тікелей немесе арқандық сынабекітпемен корпусқа борттық шектеуіштер орнату шегінде қандай да бір конструкция берілмейтіндей болу қажет.

3178. Жұмыс істемейтін күйінде тіркеп-сүйрегіш гак жүрісі бойынша бекітілу қажет.

3179. Тіркеп- сүйрегіш арқанды қайтару екі постан көзделу қажет:

1) рульдік рубкадан (қашықтық);

2) қауіпсіз зонада тіркеп- сүйрегіш гакқа тікелей жақын орналасқан жергілікті постан.

3180. Тіркеп - сүйрегіш гакты қайтаруға арналған құрылғы гакта жүктеме диапазонында нөлден бастап арқанның үзілу күшіне дейін арқанның кез келген диаметральды жазықтықтан ауытқуы кезінде жұмыс істеу қажет.



 

 

292. Тіркеп-сүйрегіш жабдықтар



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет