Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет81/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   129
497. Магнит корпустарының талаптары

 

4718. Компастың негізгі электр жарықтандыруы үшін тоқ кернеуі кемінде 24 В болуы тиіс.

4719. Магнитті компас курс көрсеткішін мынадай кемдікпен көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс:



1) 10 - тербеліс болмау кезіндегі қозғалыста;

2) 5о - қисаю бұрышы 22,5о дейін және 6-15 с кезеңімен барлық бағытта тербелу кезінде.

4720. Негізгі және жол компастарының картушка есепті 0,5о дейінгі кемдікпен алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Картушканы бөлу саны 10 аспауы тиіс.

4721. Магнитті компаста кемелік дірілдер кезінде картушканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін амортизациялық құрылғы және пайдалану кезінде компасты қазанның осі тік қалыпты күйде сақтауды қамтамасыз ететін құрылғы көзделуі тиіс.

4722. Кардан ілгіші бар компас қазандығы кез-келген бағытта нактоуздың 45о дейін көлбеюі кезінде горизанталды күйін сақтауы тиіс. Картушка қазанды кезкелген бағытта мынадан кем емес бұрышқа көлбеу кезінде бос қалуы тиіс:



10о - кардан ілгіштері бар компастар үшін;

30о - Кардан ілгіштері жоқ компастар үшін.

4723. Магнитті компаста жартылай шеңбер, төрттік, қисаюды және енді девиацияны компенсациялыауға арналған құрылғысы болуы тиіс. Құрылғы кемдігі 0,2о аспайтын девиацияны компенсациялауды қамтамасыыз етуі тиіс.

4724. Осы Қағидамен қарастырылған құрылғы конструциясы қалдық девиацияның мәндері негізгі компас үшін + 3о-тан және жол компастары үшін + 5о аспайтындай етіп, сондай девиацияның компенсациясын қамтамасыз етуі тиіс.

4725. Магнитті компас картушканы бөлудің нақты көрінісін қамтамасыз ету үшін жеткілікті нактоуз және картушканы электрлі жарықтандыруы болуы тиіс. Негізгіден басқа, авариялық жарақтандыру, сондай-ақ жарық күшін реттеу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

4726. Негізгі компастың нактоуз биіктігі ол орнатылған жастыққа қоса компас қазандығының шыны жазықтығы палубадан 1300 мм кем емес биіктікте орналасатындай болуы тиіс.

Компастарды орнатудың едәуір биіктігі регламенттелмейді, бірақ барлық жағдайларда ол компаспен жұмыс істеудің жұмыс ыңғайлылығын қамтамасыз ететін деңгейден аспауы тиіс.

4727. Негізгі магнитті компас кемеден көрінетін заттар және аспан жарықтарын есеп жүргізуінің 0,25о кемдігімен пеленгілеуді қамтамасыз етуі тиіс пеленгаторлармен жабдықталуы тиіс. Конструкциясы жаңа пеленгаторлар пеленгтің тура есеп жүргізуінен алуды қамтамасыз етуі тиіс.

4728. Жол компастың картушкасынан 1,4 м кем емес арақашықтықта күндізгі және жасанды жарықтандыру кезінде дұрыс есептеуді алу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Ұлғайтқыш құрылғыларды қолдану рұқсат етіледі.

4729. Электрлі көрсеткіштерді қашықтан беретін магнитті компас осы Қағиданың 4719-4727-тармақтардың барлық талаптарына сәйкес және сондай-ақ, репитерлардағы бағытты көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.

4730. Картушканың электрлі көрсеткіштерін қашықтан беретін магнитті компастың сезімтал элементі ретінде басты магнитті компастың магнитті жүйесі немесе арнайы сезімтал магнитті элементтер қолданылуы мүмкін.

4731. Көрсеткіштерді қашықтан беру үшін негізгі магнитті компастың магнитті жүйесін қолдану кезінде электрлі көрсеткіштерді репитерлерге беруге арналған құрылғы оны орналастыру және пайдалану есептеулерді бағытты пеленгілеуге, алып тастауға және компас картушкасынан пеленгілеуге, сондай-ақ девиацияны компенсация бойынша кедергі тудырмайтын конструкциялы болуы тиіс.

4732. Арнайы сезімтал элемент осы Қағиданың 4723, 4724-тармақ талаптарына сәйкес девиацияны компенсациялауға арналған құрылғыны қамтуы тиіс. Датчик және магнитті компастың электрлі көрсеткіштерін қашықтан берудің барлық жүйесі кеменің келесі режимдерінде қозғалу кезінде жұмысқа қабілеттілігі қалуы тиіс:

1) 6 о/с дейінгі бұрыштық жылдамдық кезіндегі айналым;

2) 10—20 с кезең сайын және бағыттан ± 5о едәуір ауытқумен жүргізу.

4733. Көрсеткіштерді қашықтан беретін магнитті компасын репитерлері мен сезімтал элементтерінің көрсеткіштерінің айырмашылығы 10 аспауы тиіс.

4734. Қашықтан берудің ажырауы немесе бөлек репитерлердің бұзылуы негізгі компастың және қалған репитерлердің көрсеткіштерінің нақтылығына әсер етпуі тиіс.

4735. Картушканың электрлі көрсеткіштерінің қашықтан беретін магнитті компастың істен шығуын бақылайтын жүйенің дыбысты сигнал бергіші қарастырылуы тиіс.



Дыбысты сигнал бергіш қоректі бөлек тізбектер бойынша алуы тиіс.

4736. Көрсеткіштерді қашықтан электрлі беретін магнитті компастың жинағында «Репитерлер магнитті компастан қосылды» немесе «Репитерлер гирокомпастан қосылды» жазулары бар арнайы түсті тақта қарастырылуы тиіс.

4737. Көрсеткіштерді оптикалық қашықтан беретін магнитті компастың конструкциясы экранда 30о кем емес доғада, сондай-ақ компас қазандығының корпусында бекітілген курстық сызықты нақты көрінетін градусты бөлінген картушка шкаласы секторының тура көрсетілген көрінісінің экранға түсуді қамтамасыз етуі тиіс.

Перископтың артқы және алдыңғы жақтарынан картушка шкаласынан көрініс алуды үшін құрылғы қарастырылуы тиіс.

4738. Оптикалық көрсеткіштерді қашықтан беретін магнитті компастың оптикалық тракты перископының ұзындығы компасты жапсықта перископ түтігінің палуба арқылы өтуді ескере отырып орнату кезінде экран басқарушы көзінің деңгейінде орнатуға болатындай болуы тиіс.



Экранды орташа күйден 100-150 мм жоғары және төмен ауысуы үшін құрылғы қарастырылуы тиіс.

4739. Экран картушка экранында көрінісіне жарық түсіре алатын, оны жарық күн сәулесі немесе басқа жарықтан сақтандыратын құрылғымен жабдықталуы тиіс. Экрандағы көрініс күндізгі және түнгі уақытта нақты көрініп тұруы тиіс.

4740. Оптикалық тракт және экран конструциясы катушка шкаласы секторының көрінісі көзбен шолып пеленгілеу және компастың қақпағы жабық болған кезде нақты және айқын болып қалатындай болуы тиіс.

4741. Көрсеткіштерді алу ыңғайлылығы үшін экран күйін реттеу және фиксациялау құрылғысы қарастырылуы тиіс.

4742. Оптикалық тракттың қорғау деңгейі IP56 болуы тиіс. Трактты буланудың және онда ылғалды конденсациялаудан сақтандыру бойынша іс-шаралар қарастырылуы, сондай-ақ оны тазалау үшін қол жетімділік қамтамасыз етілуі тиіс.

4743. Қайықшалы магнитті компас мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:



1) компас картушкасын бөлу бағасы картушка диаметріне байланысты 10, 2о және 5о аспауы тиіс;

2) компас картушкасын жарықтандыру қарастырылуы тиіс;

3) компасты бекіту құрылғы және оны сақтауға арналған футляр қарастырылуы тиіс;

4) картушка диаметрі көрсеткіштерді қалыпты есептеу үшін жеткілікті болуы тиіс.

 

 

498. Гирокомпас талаптары



 

4744. 60о дейінгі кеңістіктегі горизанталды және жылжымайтын негізде орнатылған гирокомпас мынадай техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) гирокомпасты меридиан уақытына келтіру уақыты 6 сағ аспауы тиіс;

2) кез-келген бағытта көрсеткіштердің белгіленген кемдігі кеңдіктің + 0,75о х секанс шамасында, сонымен бірге бағыттың бөлек есептері және бағыттың орташа мәнінің арасындағы айырмашылықтың орташа квадратталған мәні ендіктің ±0,25о х секанс кем болуы тиіс;

3) іске қосудан қосуға дейінгі көрсеткіштер кемдігі кеңдіктің + 0,25о х секанс шамасында болуы тиіс;

4) гирокомпастың байқау жүйесін өңдеу жылдамдығы - кемінде 6 о/с.

4745. 60о кеңістікте пайдалану жағдайында кемеде орнатылған гирокомпавс мынадай техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс:



1) 5о дейінгі бұрыштан және 0,22 м/с2 жылдамдатылған кезде 6 дан 15 с дейінгі мерзіммен борттық және кильді гармоникалық тербелісте гирокомпасты меридианға келтіру уақыты 6 с аспауы тиіс;

2) кемелік желінің, сондай-ақ кемеде болуы мүмкін магнитті өрістердің өзгеруін ескере отырып пайдалану жағдайларда негізгі компастың көрсеткіштерінің кемдігі географиялық кеңдіктің + 10 х секанс шамасында болуы тиіс;

3) кеме жылдамдығының тез өзгеруінен туатын көрсеткіштер кемдігі 2о аспауы тиіс;

4) кеме бағытының 36 км/сағ жылдамдықта 180о тез өзгеруден туатын көрсеткіштер кемдігі 3о аспауы тиіс;

5) 36 км/сағ тұрақты жылдамдықта, жылдамдық, бағыт және қажет болғанда кеңдік түзетулерінің әсерінен кейін көрсеткіштердің қалған кемдігі кеңдіктің ±0,25о х секанс аспауы тиіс;

6) 1 м/с2 аспайтын максималды горизанталь жылдамдату кезінде 6 дан 15 дейінге уақытпен 20о дейін борттық тербеліспен, 10о дейін кильді тербеліспен және 5о кеме жылжуымен негізделген көрсеткіштер кемдігі кеңдіктің ± 10 х секанс аспауы тиіс;

7) гирокомпастың репитерлер және негізгі құралдар көрсеткіштерінің айырмашылығы 0,5о аспауы тиіс.

4746. Гирокомпас комплексінде курсограф, сондай-ақ кеме жылдамдығы және орын ені бойынша компас көрсеткіштерін түзетуге арналған құрылғы қарастырылуы тиіс.

4747. Гирокомпастың келесі жүйесі өзінің репитерлері, курсографтар, сондай-ақ басқа навигациялық жабдықта орнатылған репитерлердің бір уақытта жұмыс істейтіндей етіп есептелінуі тиіс.

4748. Бағытты жазып отыратын құрылғы (курсограф) уақыт бойынша 1 % кемдікпен бағыттың жазуларын қамтамасыз етуі тиіс.

4749. Репитерлер картушкаларын, пеленгілеу құрылғылардың, жарықтандыру құрылғылардың және басқа құралдардың конструкциялары осы Қағиданың 4719, 4720, 4725 - 4727-тарау талаптарына сәйкес курсты және пеленгілеу есептерін алуды қамтамасыз етуі тиіс.

4750. Нақты бағытты қашықтан беру құрылғысы 7 дейінгі кеңдікте қолданылатын сезімтал элемент (бағыт датчигі) кемені пайдалану кезінде жұмысқа қабілетті болып қалатын шартымен (жоғары жылдамдықты қосқанда) мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:



1) нақты бағыт туралы ақпаратты бері және көрсету кемдігі 0,2о аспауы тиіс;

2) кеменің тұрақты жылдамдығы және бағытта қозғалуы кезінде анықталған статикалық кемдік 1,0о кем болуы тиіс;

3) борттық және кильді тербелу, діріл жағдайларында, сондай-ақ кеме жылдамдығы өзгеру кезінде анықталған динамикалық кемдігі 1,5о аспауы тиіс. Сонымен бірге, егер динамикалық кемшілігінің амплитудасы 0,5о асса, оның тербелісінің жиілігі 0,033 Гц кем (30 с аспайтын уақытпен) болуы тиіс;

4) кеме курсының өзгеруімен негізделген кемдігі мыналардан аспауы тиіс:

0,5о — бағыт жылдамдығының 10 о/с дейін өзгеруі кезінде;

1,5о — бағыттың жылдамдығы 10-тан 20 о/с дейін өзгеруі кезінде;

5) құрылғымен берілетін нақты бағыт жайлы ақпаратпен берілетін өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беретін басқару және келтіру органдары рұқсат етілмеген кедергілерден қорғалуы тиіс;

6) құрылғымен берілетін ақпаратты қолмен түзету мәндері көрінуі тиіс;

7) құрылғы бұзылуы жайлы және электр қоректі беру тоқтаған жағдайда көзбен шолу және / немесе дыбысты сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.

 

 

499. Бағытты автобасқарғыш және стабилизатор талаптары



 

4751. Бағытты автобасқарғыш және стабилизатор Г кем емес кемдікпен кемені қалыпты басқаруды қамтамасыз ететін қозғалыс жылдамдығында кемені белгіленген бағытты ұстауды қамтамасыз етуі тиіс. Белгіленген бағыттан максималды ауытқу 3 баллға дейін толқындату кезінде ± 10 және 5 баллға дейін толқындату кезінде ± 3о аспуы тиіс.

4752. Кемені белгіленген бағытта меңгерікті минималды ауыстыру арқылы автоматты түрде ұстау қамтамасыз етілуі тиіс.

4753. Қоректің кенеттен ажырауы туралы түсті және дыбысты сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.

4754. Белгіленген бағыттан ± 3о ауытқуда дыбысты сигнал бергіш қарастырылуы, сонымен бірге, сигналбергіштің іске қосылу кемдігі 10 аспауы тиіс. Гидрометеорологиялық жағдайлардың нашарлауы кезінде дыбысты сигналбергіштің іске қосылуын 6 — 9о ауыстыру мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

4755. Жабдықтың сызбасы және конструциясы кез келген зақымдануда автоматты басқару жүйесінде кез-келген посттан меңгерік жетегімен қолмен басқару мүмкіндігі болатындай болуы тиіс.

4756. Басқарудың бір түрінен басқасына ауысу 3 с аспайтын уақытта бір қозғалыспен орындалуы тиіс.

4757. Бағытты автобасқарғыш және стабилизаторды басқару пульты қолмен басқару постының қасында меңгерікпен оларды күтіп ұстау ыңғайлылығы қамтамасыз етілуі және автоматтыдан қолмен басқаруға тез ауысу мүмкіндігі болатындай етіп орнатылуы тиіс.

4758. Автоматты және қолмен басқаруды үйлестіретін басқару пульты меңгерік рубкада кеменің диаметралды жазықтығында немесе оған жақын орнатылуы тиіс.

4759. Тасымал басқару посттары қозғаушы көпірдің қанаттарында немесе кемені тасымал посттан басқаруға тез арада ауысуы үшін ыңғайлы басқа орындарда орнатылуы тиіс.

 

 

500. Эхолот талаптары



 

4760. Эхолот кеменің түбі астынан 0,5 м тереңдіктен бастап тереңдікті өлшеуді қамтамасыз етуі тиіс.

4761. Эхолотта:



тереңдігі аз шкаласы;

максималды тереңдігі 50 м тереңдігі үлкен шкаласы болуы тиіс.

4762. Тереңділікті өлшеу нақтылығы мынадан нашар болмауы тиіс:



5 м дейінгі тереңділіктерде 10 см; тереңділігі 5 м аса өлшенетін тереңділіктің 2 %.

4763. Тереңділікті өлшеу және түп бедерін жазу үзіліссіз болуы тиіс.



Тереңділік жайлы ақпарат екі түрде ұсынылуы тиіс:

уақытша белгіленген дискреттілігі 5 мин аспайтын кемемен өткен жолда тереңділік қапталын көрсететін графикалық түрде;

0,1 м еселенген мәндерімен ағымдағы тереңділікті көрсететін цифрлы түрде.

4764. Өлшенетін тереңділіктердің негізгі ұсыну тәсілдері болып тереңділіктің лездегі мәні және оның көзбен шолу жазбаларын көрсетуді қамтамасыз ететін графикалық тәсіл болуы тиіс. Ұсынылатын тереңділіктер жазбасы кемінде 15 мин бойы көрініп тұруы тиіс.

4765. Эхолот көрсеткіштерін тіркеу қағаз лентасында немесе басқа тасымалда жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен бірге, алдыңғы 12 сағ уақыттың белгілерімен тереңділігі жайлы ақпарат жазбалары қамтамасыз етілуі, сондай-ақ жағалау жағдайларында барлық тіркелген ақпаратты қалпына келтіру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

4766. Эхолот кеменің белгіленген тереңдікке шыққаны жайлы дыбысты және түсті сигнал бергішті қамтамасыз етуі тиіс. Белгіленген тереңділікті қолмен орнату мүмкіндігі бірқалыпты 0,5 тен 5,0 м дейінгі немесе дискретті диапазонда қамтамасыз етілуі тиіс.



Кеменің шөгуіне және кеменің тоқтаусыз суда дыбыс тарату жылдамдығы және құрал корпусын ашуға түзетулер енгізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

4767. Эхолотты қосу бір қозғалыста жүргізілуі тиіс. Эхолотты қосу уақыты 30 с аспауы тиіс, ал өлшеу шкалаларын ауыстыру ақпаратты графикалық және цифрлы түрі үшін бір уақытта жүргізілуі тиіс.



Эхолот құрамында бір немесе бірнеше сәуле таратқыш болуы мүмкін. Сонымен бірге, қолданылатын сәуле таратқыштар туралы нақты индикация қамтамасыз етілуі тиіс.

4768. Эхолот ұзақ уақыт бойы үзіліссіз жұмыс істеуге есептелінуі тиіс. Оның конструкциясында көрсетілетін ақпараттың дұрыстығына әсер ететін техникалық бұзулар пайда болу туралы дыбысты және түсті сигналбергіш қарастырылуы тиіс.

4769. Эхолоттың күрделі навигациялық жүйелер құрамында жұмыс істеуі қарастырылуы тиіс. Олармен эхолотта жанасуы үшін стандартты цифрлы шығыстар қолданылуы тиіс.

 

 

501. Лагқа қойылатын талаптар



 

4770. Лаг кемемен өткен қашықтықты оның қозғалысының кез-келген жылдамдығында үзіліссіз тіркеуді, сондай-ақ кеменің қозғалыс жылдамдығының үзіліссіз көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.

Кеме жылдамдығы жайлы радиолакациялық төсемдер құрылғысына беруді (СЭП, САС, САРП) және/немесе кеме траекториясымен басқару жүйесін қамтамасыз ететін лаг суға қатысты кеменің орын ауыстыру жылдамдығын құрайтын бойлық жылдамдықты өлшеуі тиіс.

4771. Лагтың бастапқы сезімталдығы 0,2 км/ч аспауы тиіс. Суға қатысты кеменің қозғалыс жылдамдығын анықтау кезінде лаг кемдігі кеменің жүрістегі жылдамдығынан 2 % немесе қайсысы көп болуына қатысты + 0,4 км/ч болуы тиіс.

4772. Жылдамдық көрсеткіштері өздігінен синхрондалатын типті болуы тиіс. Негізгі құралдар және репитерлер арасындағы кеме қозғалыс жылдамдықтарының ауытқуы лагпен өлшенетін жылдамдықтың жоғарғы шегінен 1,5 % аса аспауы тиіс. Негізгі құрал мен репитер арасындағы өткен арақашықтық көрсеткіштерінің ауытқуы ± 0,02 км, ал репитерлер арасында - 0,04 км аспауы тиіс. Лак жинағында кеме жүзудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылдамдық және өткен арақашықтықтың репитеріның қажетті көлемі көзделуі тиіс.

4773. Лагта, кемеде лагты орнатудан кейін олардың көрсеткіштерінде жіберілмейтін кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретін тиісті реттегіштер қарастырылуы тиіс.

4774. Жылдамдық жайлы ақпаратта ұқсас немесе цифрлы формада ұсынылуы мүмкін. Цифрлы индикатордың көрсеткіштер қадамы 0,1 км/сағ., ал ұсқас индикатор - 0,5 км/сағ аспауы, бөлулердің іріленген цифрлендірумен әрбір 5 км/сағ аспауы тиіс.

4775. Өткен арақашықтық жайлы ақпарат цифрлы түрде көрсетілуі тиіс. Көрсеткіш 0,1 км аспайтын қадаммен 0-ден кемінде 9999,9 км диапазонды қамтуы, сондай-ақ оны нөлге орнату құрылғысы болуы тиіс. Негізгі құрал және репитерлер шкалаларында реттелетін электрлі көмескі жарығы болуы, ақпараткүндізгі және түнгі уақытта тез қабылданатын болуы тиіс.

4776. Лаг мынадай конструкциялық талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) лагтың жылжымалы су асты құрылғылары жұмыс күйге тез орнатуды және кеме корпусыныңы ішін бір адаммен тазалауды қамтамасыз етуі тиіс;

2) кеме корпусына лаг құралдарын бекіту тәсілі, оларды жүзудегі кемеде ауыстыру, түп-борттан тыс жабдықтың кез-келген бөліктің зақымдануы кеме корпусының мықтылығы бұзылуы және оған ау түсуіне келтірмеуі тиіс;

3) егер жылжымалы құрылғының салмағы 16 кг аспаса, оның ішін тазалау үшін басқаруы рубкадан жүргізілетін механикалық құрылғы немесе қашықтан көтеру және лагты су асты бөлігін түсіруге арналған құрылғы қарастырылуы тиіс. Көтеру уақыты 2 мин аспауы тиіс.

Басқаруы меңгерік рубкадан жүргізілетін лаг құрылғысын қашықтан көтеру және түсіруге арналған құрылғы қарастырылуы тиіс. Осы жағдайда су асты құрылғыны клинкетте көтеру және түсірудің шектейтін тиісті ақырғы ажыратқыштар, егер осы лаг конструкциясымен көзделсе, су асты құрылғының «көтерілді» - «түсірілді», сондай-ақ «клинкет жабық» күйлері туралы меңгерік рубкасында тісті сигнал бергіш және клинкетте нығыздау қарастырылуы тиіс;

4) лагтар комплекттерінде осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет