462. Радиорубкада радиожабдықты орналастыру
4407. Радиорубкада радиожабдық және қосымша жабдық (күш және зарядты қалқандар, қашықтан басқару пульттары, іске қосу, реттегіш және коммутациялық құрылғылар және с.с.) орналасуы тиіс.
4408. Радиорубкада осы Қағиданың 4384-тармақта көрсетілгеннен басқа, радиобайланысқа қатынасы жоқ аккумулятор мен жабдықтарды орнату рұқсат етілмейді.
4409. Радиорубкада аккумуляторларды зарядтау кезінде 500 Вт қуатын тарайтын зарядтыы құрылғыылардың резисторларын, сондай-ақ корпустары 60оС температурасына дейін қыздырылатын резисторларды орнату.
4410. Радиорубкадағы радио жабдық, радиооператор жұмыс орнынан тұрмай мыналарды істей алатындай етіп орналасуы тиіс:
1) радиожабдықты қосу және ажырату;
2) қабылдағыштар мен таратқыштарды басқару органдарын қолдану;
3) қолмен немесе жазу машинасында жазылған хабарламалар мазмұны жайлы жазбалары бар есту бойынша қабылдау;
4) хабарды радиотелеграф және радиотелефон көмегімен беру;
5) өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін және радиожабдықты басқару органдарының күйін қадағалау;
6) сағат көрсеткіштерін бақылау;
7) тілдесу байланыс жүйесін қолдану.
Сонымен бірге, егер басқару органдары радиооператор иінінен 750 мм кем емес (ал едәуір аса қолданылатындар - 600 мм кем емес) арақашықтықта орналасса жұмыс орнынан радиожабдықтарды басқару қамтамасыз етіледі.
4411. Радиожабдықтарды орналастыру кезінде қамтамасыз етілуі тиіс:
1) радиооператордың жұмыс орнындағы столдың бос қабатын және табиғи жарықтандыру кезінде аппаратураныы басқару органдарын едәуір аса жарықтандырылуы;
2) енгізулерден таратқыштарға немесе оларды келісетін құрылғылардан антенналардың радиожиіліктің ең аз ұзындығы;
3) антенналардың коммутациялық ыңғайлылығы;
4) радиожабдықтың бөлек бөліктерін жалғайтын кабельдердің ең аз ұзындығы;
5) каркастарды жылжыту мен аппаратуралардың есіктерін ашу ыңғайлылығы; каркастар мен есіктердің кез-келген күйінде олар мен оның қасында орналасқан қалқалар, аппаратуралар және с.с. арасындағы арақашықтық кемінде 30 мм болуы тиіс.
6) аппаратура қысқыштарының шығуы мен жерленуі жету ыңғайлылығы;
7) қызмет көрсететін қызметкерлердің қауіпсіздігі.
4412. Қашықтан басқару пульттері, сондай-ақ таратқыштардың бөлек қосу және реттегіш құрылғылары радиооператор қозғалыс жұмыстарын сол қолымен орындай алатындай етіп орналастыру қажет.
4413. Радиожабдықтың бөлек блоктары, сондай-ақ олар мен аралықтар арасындағы арақашықтық кемінде 30 мм болуы тиіс.
4414. Зарядтау құрылғылары мен аралықтар резисторлар арасында орнатылатын жанбайтын төсеніштер ауаның бос айналымын қамтамасыз ету үшін аралықтардан кемінде 20 мм арақашықтықта орналасуы тиіс.
4415. Радиорубкадағы барлық тораптар ені кемінде 600 мм болуы тиіс.
4416. Аппаратураны оларға пісірілген қапсырма шеге, кронштейндерді немесе бұрандалар арқылы аралықтарға бекіту қажет. Салмағы 15 кг кем аппаратураны бұрама шегелермен тікелей аралық қаптамасына бекіту қажет.
4417. Қосалқы бөліктерді радиорубкада сақтау және бекітуге арналған арнайы орындарда бекіту қажет.
Қосалқы бөліктері бар жәшіктерді аппаратты немесе агрегатты жәшіктерді орналастыру қажет.
4418. Радиорубкада көрінетін жерде дайындалмаған адаммен үрей мен авариялық сигналы эфирге беруге болатын радиожабдықты іске қосуды жүргізу бойынша нұсқаулық ілінуі тиіс.
463. Аппараттар
4419. Кемеде орналасуына қатысты, конструкция, жылу, желдеткіш, сондай-ақ негізгі және авариялық электр жарықтандырылған аппаратты (қашықтан басқарылатын радиожабдықты орнатуға арналған бөлімше) радиорубкаға қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Аппаратты бөлімшеде табиғи жарықтандыру міндетті емес.
4420. Апаратында қосалқы бөліктерді, құрал-саймандарды, жабдықтауларды және құжаттамаларды, сондай-ақ стул немесе креслоны сақтауға арналған жәшіктермен қоса жөндеу жұмыстары үшін стол қарастырылуы тиіс.
4421. Стол үстінде бірі - негізгі жарықтандырудың кемелік желісіне, басқасы- тасымал жарықтандыру желісіне қосылған тағайымдары көрсетілген қабырға шамдары және штепсельді розеткалар орнатылуы тиіс.
4422. Радиожабдық апаратында ауыстыру кезінде қарау, қызмет көрсету және тез жөндеуге болатындай етіп орналасуы тиіс.
464. Радиожабдықты басты рубкада орналастыру
4423. Басты рубкада осы Қағиданың 4382-тарамағына сәйкес орнатылатын радиожабдық, осы Қағиданың 4405-тармақтың талаптарына сәйкес сағаттар, сондай-ақ негізгі және авариялық электрлі жарықтандыру қарастырылуы тиіс қызмет көрсетуге ыңғайлы орында орналасуы тиіс.
4424. УҚТ-радиотелефон станциясын негізгі басқару органдары оларға сол сәтте жетуге мүмкін, ал оларды қолдану кезінде оператор беті кеме тұмсығына қарайтын орында орналасуы тиіс.
465. Агрегаттар
4425. Радиожабдық үшін түрлендіргішті орналастыратын агрегатты радиорубка палуба деңгейінде немесе жоғары радиорубкаға кабельдердің трасса ұзындығы минималды болатындай орында орналасуы тиіс.
4426. Агрегатты жабдықты орналастыру үшін ыңғайлы болуы үшін өлшемдері жеткілікті болуы тиіс. Жарықтағы агрегатының биіктігі кемінде 2 м болуы тиіс. Агрегаттың палубасы берікті электр оқшауланған материалмен жабылуы тиіс.
4427. Агрегатта осы Қағиданың 57 және 58 бөлімдерінің 393-тарауының талаптарын қанағаттандыратын жылу, желдеткіш және электр жарықтандырғыш қарастырылуы тиіс. Егер жағдай қалыпты болса, агрегаттды табиғи жарықтандыру болуы тиіс.
4428. Электр құрылғылар агарегатында осы Қағиданың 355-тарау талаптарын сақтаумен палубадан кемінде 100 мм биіктікте орнатылуы тиіс.
466. Аккумуляторлы үй-жай
4429. Радиожабдықты қоректендіретін аккумуляторларды орналастыратын аккумуляторлы бөлімдер немесе шкаф радиорубка палубасының деңгейінде немесе жоғары радиорубкаға баратын кабельдердің трасса ұзындығы минималды болатын орында орналасуы тиіс. Аккумуляторлардан кеменің ашық палубасына шығыс қарастырылуы тиіс.
4430. Аккумуляторлының құрылғысы, оның жарығы, жылуы және желдеткіші, сондай-ақ онда аккумуляторлардың орналасуы осы Қағиданың 56 - 58-бөлімдерінің және 356, 393-тарауларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
467. Дауыс зорайтқыш байланыс пен трансляция жабдықтарын орналастыру
4431. Дауыс зорайтқыш дуплексті немесе симплексті байланыстардың басты микрофонды құрылғылар посты басты рубкада орналасуы тиіс.
4432. Мегафонмен басқару құралдарын (көршілес кемелер мен жағалауды қоса дауыс зорайтқыш байланыстарының бір жақты құрылғысымен) басты рубкада орналастыру қажет. Мегафон басты рубка үстінен дыбысты кез-келген қажет бағытта тарату үшін оның бұрылуы мүмкін жерде орналасуы тиіс.
4433. Дауыс зорайтқыш байланыс құрылғысы басты рубканың дуплексті немесе симплексті байланысын мыналарда орналасқан кемінде үш посттарында қамтамасыз етуі тиіс: машиналық бөлімшеде, зәкірлі-швартовты құрылғылардың алдыңғы және артқы жағындағы құрылғыларында. Сондай-ақ румпельді бөлімшесі, авариялық дизель-генератор, радиорубка, трансляциялық түйін, гирокомпастыы бөлімшелерда көлденең ұсынылады.
4434. Осы Қағиданың 4370-тармағына сәйкес дауыс зорайтқышы байланыс пен трансляция құрылғысымен жабдықталған жолаушылар тасымалдайтын кемеде кемінде үш басты трансляциялық сызаттар қарастырылуы тиіс:
1) кеменің ашық палубаларында орнатылған дауыс зорайтқыштарды қосуға арналған палубалық;
2) кеме экипажының тұрғын және қызметтік бөлімдерінде орнатылған дауыс зорайтқыштарды қосуға арналған қызметтік (осы бөлмелерге жанасатын каюталар, компания-каюталарын, асханалық, кітапхана, оқу залы, коридорлар және алаңдар);
3) жолаушылар үшін тұрғын және қоғамдық бөлмелерде орнатылған дауыс зорайтқыштарды қосуға арналған жолаушылар тасымалдайтын (осы бөлмелерге жанасатын каюталар, асхана, кітапхана, оқу залы, мейрамхана, салондар, верандалар, кафе, буфеттер және с.с.).
4435. Жолаушыларды тасымалдайтын кемеде кеменің портта тұруы кезінде вахталық қызметті жүргізуге арналған бөлмеде орналасқан қызметтік тапсырыстарды трансляциялық жолымен беруді қамтамасыз ететін дауыс зорайтқыш байланыстың микрофонды посты қарастырылуы тиіс. Вахталық қызмет үшін арнайы бөлме болмаған жағдайда, жабдық жолаушыларды отырғызу мен түсіруге үшін трапқа жақын едәуір ыңғайлы жерде орнатылуы тиіс.
4436. Егер дауыс зорайтқыш байланыстың басты микрофонды посты және трансляция құрылғыларының құралдары конструкцияны біріктірілсе, онда осындай құрылғыны басты рубкада орнатады. Трансляция құрылғысымен бір блокқа біріктірілген дауыс зорайтқыш құрылғысына көркемдік хабар таратуды жүргізу үшін басты рубкадан тыс орнатылған магнитофон және күйтабақ ойнатқышты қосу рұқсат етіледі.
4437. Кеменің тұрғын және қызметтік бөлімдерінде орнатылған дауыс зорайтқыштар дауыс реттегішпен жабдықталуы тиіс. Штепсельді қолдану рұқсат етілмейді.
4438. Бір немесе бірнеше дауыс зорайтқыштарда трансляциялық жолдың қысқа матасуы хабарландыруды басқа трансляциялық жолдар бойынша беруіне келтірмеуі тиіс.
468. Кабель желісін монтаждау
4439. Кеменің электр құрылғыларынан пайда болатын радиожабдықтың кабельді желісінің монтажы және радиоқабылдағышты кедергілерден қорғау бойынша іс-шаралар осы тарауда айтылған қосымшалар мен анықтауларымен қоса осы Қағиданың 354, 355-тарау және 60-бөлім талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
4440. Радиожабдықты кемелік электр станциядан қоректендіру үшін радиорубкаға салынған қоректендіру кабельдері радиожабдыққа қатынасы жоқ тұтынушыларды қоректендіру үшін қолданылмауы тиіс. Таратқыш қалқанда радиорубкада осы Қағиданың 4370-тармағына сәйкес орнатылған радиожабдықты қосу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
4441. Радиорубкада кемелік желінің тұрақты бақылауға арналған құрал орнатылуы тиіс.
4442. Кемеде радиорубка болмаған кезде радиожабдықтың таратқыш қалқанды басты рубкада орнату рұқсат етіледі.
4443. Кабельдердің аппаратураға кіру орындарында олардың қалқаланған қаптамалары автоматты түрде аппаратура корпусымен электрлі жалғасуы тиіс.
4444. Радиожабдықтаан екі жақтан да ажыратылған кез-келген салынған мегаомметрмен өлшенген кабельдің қарсыласу оқшаулауы оның ұзындығына қарамастан кемінде 20 МОм болуы тиіс.
68-бөлім. Антенналық құрылғылар және жерлендірулер
469. Жалпы талаптар
4445. Кемелерге радиожабдықты едәуір тиімді қолдануды қамтамасыз ететін кез-келген типті антенналарды орнату рұқсат етіледі. Антенналар кемені пайдалану жағдайларында механикалық және климаттық факторлардың әрекетіне төзімді болуы тиіс.
4446. Кемелік антенналар жылдамдығы 29 м/с жел қысымына төзуі тиіс. Кеменің жүрістегі жылдамдығы және басқа факторлар сонымен бірге есептелінбейді.
4447. Сәуле анттенналары үшін мыстан немесе мыс негізіндегі ерітіндіден жасалған иілімді арқан қолданылуы тиіс. Осы Қағиданың 4446-тармақтың талаптарын қамтамасыз ету үшін қажет сәуле антеннасы арқанының минималды диаметрін есептеу кезінде салбырау жебесі, салбырау нүктесі арасынан антенна ұзындығынан 6 % тең қабылдануы тиіс.
4448. Антеннаның әрбір сәулесі антенналық арқанның толық бөлігінен жасалуы тиіс. Егер антенна конструкциясы арқанның толық бөлігінен антенналардың төмендеуі және сәулесін жасауға жол бермесе, оларды жалғау зеңдену жолымен немесе мықты электр байланысты қамтамасыз ететін жалғаулар көмегімен орындалуы тиіс.
4449. Т-тектес типті сәуле антеннасын пайдаланудың мықтылығын және ұзақтығын жоғарлату үшін негізгі жүктемені төмендеуінен оның тікелей шығару орнына қоспау қажет. Осы талап Г-тектес типті антеннаны монтаждау кезінде де ескеру ұсынылады.
4450. Кірісте сәуле антеннасының төмендеуі изолятормен жабдықталған тартуларға бекіту, мысты немесе жезді соңдама көмегімен жалғау қажет. Соңдаманы төмендеумен қоса жалғауды дәнекерлеу немесе салқын сығымдау көмегімен орындалуы тиіс.
4451. Сәуле антеннасын салбырауына арналған құрылғы оның тез түсіру мен көтеру, сондай-ақ палубадан тартылуын (қондырма, рубка шатырлары) реттеу мүмкіндігі болуы тиіс.
4452. Көп сәулелі антенналарды орнату кезінде, мүмкіндігінше әрбір сәуленің бөлек көтеруі мен түсуі қамтамасыз етілуі тиіс. Сәулелер арасындағы арақашықтық кемінде 700 мм болуы тиіс.
4453. Сәуле антенналарын көтеру үшін иілімді фалдар қолданылуы мүмкін. Тез тұтанатын жүктерді тасымалдауға арналған кемелерде фалдар өртке қауіпті зонада бекітілуі және жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс.Осы мақсат үшін қолданылатын болатты арқандар кеме корпусымен мықты электрлі жалғанған болуы тиіс.
4454. Антенналардың изоляторлары үшін тиісті жұмыс кернеуіне есептелінген арнайы антенналық изоляторларды қолдану қажет.
4455. Қалыпты климаттық жағдайларда кеме корпусына қатысты антенналардың оқшаулау қарсыласуы кемінде 10 МОм, ал ылғалдылығы жоғары болған кезінде - кемінде 1 МОм болуы тиіс.
4456. Таратқыш антенналар онымен сәуле тарататын қуатының және келетін кернеудің максималды мәндерінде оған кез-келген радиотаратқышты қосу кезіндегі жұмыстарға есептелінген болуы тиіс.
4457. Қабылдағыш антенналар барлық антенналармен және бір-бірімен өзара әрекеттесуі минимумға келтіретіндей етіп орналасуы тиіс.
4458. Антенналардың сымдары және олардың төмендеулері кеменің түтіктерінен, діңгектерінен және басқа металды бөліктерінен 1 м кем арақашықтықта орналаспауы тиіс. Антенналар оны пайдаланудың кез-келген жағдайларында кеменің металды конструкциясына тимейтіндей етіп орнатылуы тиіс. Антенналық изоляторлар тізбектерінен түтіктерге дейінгі арақашықтық кемінде 2 м болуы тиіс.
4459. Кеме қондырғысынан жоғары орналасқан өзін ұстайтын типті антенналарда олардың суға толуын немесе қысқа мерзімде қондырма деңгейіне дейін кемуін қамтамасыз ететін конструкциялы болуы тиіс. Антенна күйінің өзгеруін басқару мүмкіндігінше басты рубкадан жүзеге асырылуы тиіс.
4460. Толтырылатын діңгектерде бекітілетін сәуле антенналары діңгекті толтыру кезінде алдын-ала түсіру және діңгекті көтеруден кейін келесі көтеруді қажет етпейтін конструкциялы болуы тиіс.
4461. Мұнай құйғыш және оған теңестірілген кемелерде діңгектің болатты такелажына (ванталар, семсерлер, гудок пен сиреналар үшін арқандар және с.с.) изоляторға, олардың арасындағы арақашықтық 6 м аспайтын, ал палубадан төменгі изоляторға дейінгі арақашықтық кемінде 3 және 4 м аспайтын болуы тиіс. Радиотаратқыштардың жұмысы кезінде қуатын жоғалтуын азайту үшін такелажды барлық кемелерде изолятормен бөлуді жүргізу ұсынылады.
4462. Радио хабарлағыш және телевизиондық қабылдағыштардың антенналары тағайымы қызметтік барлық антенналардан максималды жойылуы тиіс.
4463. Г-немесе Т-тектес пішінді сәуле антенналарда қатты тарту кезінде үзілуді болдырмайтын құрылғыны, мысалы, антенналық фалда механикалық сақтандырғышы бар сақтандыру ілмекті көлденең ұсынылады.
Механикалық сақтандырғыштың ажыратқыш үлесі антенналық арқанның 0,3 аспайтын ажырау үлесін құрауы тиіс. Сақтандырғыш құрылғы антенна тартылуының жеткілікті әлсіреуін қамтамасыз етуі, бірақ антенналардың қондырғыларға, такелажға және кеме корпусына тию мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
4464. Радиостанциялармен қашықтан басқару кезінде қосылған аппаратура күйінде антенналардың автоматты жерлену құрылғысы қарастырылуы тиіс.
4465. АТ/КВ-радиостанциямен жабдықталған әрбір кемеде, егер радиостанция таратқышы мен қабылдағыш жұмысы бөлек антенналар қарастырылса, таратқыш және қабылдағыш антенналар қарастырылуы тиіс. Толтырылған діңгектерде кеме габаритінен шықпайтын қосымша антенналар орнатылуы тиіс.
4466. Барлық радио хабарлағыш қабылдағыштар үшін кемеде жалпы антенна қарастырылуы тиіс. Радиобайланыс және радионавигациялық антенна ретінде радио хабарлағыш қабылдағыштарды қолдану рұқсат етілмейді.
470. Радиотелефон станциясының - УҚТ антеннасы
4467. УҚТ-радиотелефон станциясының антеннасында тура поляризациясы болуы тиіс.
4468. УҚТ-радиотелефон станциясының антеннасы едәуір жоғары биіктікте, бірақ найзағай ұстағыштан жоғары емес электр магнитті алаңның таралу жолында мүмкіндігінше кедергі болмайтындай етіп орнатылуы тиіс.
471. Бөлімше ішінде антенналық кабельдерді жүргізу және салу
4469. Таратқыш антенналардың кабельдері радиожілікті муфттарды қолдану арқылы радиожілікті кабельден орындалған антенна кабелі бөлімшенің ішінде болу жағдайынан басқа жұмыс кернеуге есептелінген изоляторларды қоса арнайы жүргізулер арқылы кеме бөлімшелерінің ішінен салынуы тиіс.
4470. Таратқыш антеннаның жүргізу конструкциясы антеннаны мүмкіндігінше құрал-саймандарды қолданбай, тез және жеңіл қосу және ажыратуға болатындай болуы тиіс.
4471. Таратқыш антенналардың жүргізулері кабельдерде бөлімше ішінде қысқа жолмен радиотаратқыштарға жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз ететін орындарда орнатылуы тиіс. Егер антенналарды жүргізу жеңіл жететін орында орнатылса, ол және оған қосылған антенна адамдар өтуі мүмкін палуба, трап немесе басқа орын үстінен шамамен 1800 мм кездейсоқ жанасудан толық қоршалуы тиіс. Жүргізгіш колонкаларды орнату кезінде конструкцияның ішкі қуысынан жасалған конденсаттың жойылу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
4472. Қуаттың кемуін болдырмау үшін оқшаулау материалдарынан жасалған қоршауларды қолдану ұсынылады. Металды қоршауларды қолдану кезінде олар кеме корпусына мықты жерленуі тиіс.
4473. АТ/КВ-диапазонында радиотаратқыштың жоғары жиілікті тракттары радиожиілікті кабельден орындалуы тиіс.
Егер радиожабдық конструкциясымен таратқыштан антеннаға дейін (коммутаторды немесе келісілетін құрылғыларды) аралық кабельдерді қолдану қарастырылса, онда радиорубкада немесе басты рубкада орналасқан осындай кабельдер (өткізгіштер) қалқалануы тиіс. Арнайы экраналған бөлімшеде орналасқан кабельдерді (өткізгіштерді) экрандау қажет етілмейді.
4474. Антеннаны тарататын коммутациялық құрылғының сызбасы және конструкциясы таратқыштың антенналық контурының қабылдағыштың немесе басқа таратқыш антенналықы контурымен кездейсоқ электрлі жалғану мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
4475. Қабылдағыш антенналардың кабельдері экрандаудың тұрақтылығын сақтаумен радиожиілікті болуы тиіс.
Осы кабельдерге қосылған антенналық коммутаторлар, ажыратқыштар, найзағай разрядниктер мен басқа құралдар экрандалған типті болуы тиіс. Кабельдер сигналдың 3 дБ дан өшуін болдырмауы тиіс.
4476. Қабылдағыш антенналардың радиожиілікті кабельдері ашық палубаға шығарылуы және қабылдағыш антенналарға мықты электрлі жалғануын және оның күйін сақтау үшін жолды қамтамасыз ететін судан қорғалған немесе герметикалық конструциялы арнайы байланыс құрылғысы көмегімен қосылуы тиіс.
4477. Бөлімше ішінде жұмыс күйінде тұрақты қосылуына есептелінбеген әрбір антенна үшін антеннаны жұмыс, оқшауланған және жерленген күйде орнатуға болатын коммутациялық құрылғы қарастырылуы тиіс.
4478. Қабылдағыш берілісін әрбір қабылдағыш анатеннада атмосфералық разрядтардан қорғау үшін арнайы қорғаушы құрылғы қарастырылуы тиіс. Егер қабылдағыш антенна мен радиожиілікті кабельдер арасында атмосфералық разрядтардан қорғау құрылғысын келісу жүйесі қолданылса жүйеге кіруге дейін келісу (антенна жағынан) қосылуы тиіс.
4479. Антеннаның коммутациясын қашықтан басқару коммутацияны қолмен орындалу мүмкіндігін болдырмауы болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |