Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет79/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   129
4561, 4563, 4564, 4566 - 4569-тармақтарының талаптары азайтылуы мүмкін.

4576. УҚТ-радиотелефон станциясы осы Қағиданың 459-тарау талаптарына сәйкес негізгі және авариялық көздерден қоректенуіне есептелінуі тиіс.

4577. Дауыс зорайтқыштардың дуплексті жұмысы (сәуле тарату) кезінде автоматты түрде ажырауы тиіс.

4578. УҚТ - радиотелефон станциясында осы Қағиданың 4549-4553-тармақтарында айтылған талаптарға сәйкес болуы тиіс радиотелефонды апат сигналдарын автоматты түрде беруі болуы тиіс. Автоматты түрде беру ішіне салынған болуы тиіс.



 

 

477. Дауысзорайтқыш байланыстың және трансляцияның құрылғысы



 

4579. Дауыс зорайтқыш байланыс құрылғысы басты рубканың негізгі басқару посттарымен дуплексті немесе симплексті байланысты қамтамасыз етуі (осы Қағиданың 4433-тармағы), сондай-ақ қызметтік тапсырмаларды трансляция құрылғысының трансляциялық құралдары арқылы тұрғын және қоғамдық бөлімшелерге және кеменің ашық палубасына тарату мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

4580. Дауыс зорайтқыш байланыс құрылғысына кемінде үш желі қосылуы тиіс.

4581. Дауыс зорайтқыш байланыс құрылғысында басты рубкада басты микрофон посты және дауыс зорайтқыш байланыстың әрбір абоненттерінің микрофон посттары болуы тиіс.

4582. Шу деңгейі жоғары бөлімдердегі дауыс зорайтқыш байланыстарында қосымша түсті сигнал бергіші болуы тиіс.

4583. «М» және «О» сыныпты кемелерде көршілес кемелер мен жағалауы бар бір жақты дауыыс зорайтқыш құрылғыларды орнату ұсынылады.

4584. Швартовты операциялар мен кемелік жұмыстарда тапсырыстар беру үшін кемлерді қоректі құрғақ элементтерден немесе аккумулятордан алатын, электрмегафон корпусында орналасқан электромегафондармен жабдықтау ұсынылады.

4585. Дауыс зорайтқыш байланыс құрылғысы қамтамасыз етуі тиіс:



1) барлық немесе кемінде үш микрофонды посттармен айналмалы байланысты;

2) радиохабарды кемінде үш трансляциялық желілермен барлыық тұрғын және қоғамдық бөлмелерге және кеменің ашық палубасына трансляциялауды;

3) радиохабарды радиоқабылдағыштан, магнитофоннан, электр күйтабақ ойнатқыштан, сондай-ақ жергілікті және тасымал микрофондардан хабарлауды;

4) қызметтік тапсырмаларды барлық хабарлау желілер бойынша бір уақытта немесе дауыс зорайтқыш байланыстар құрылғысының микрофонды посттарымен, сондай-ақ жергілікті және тасымал микрофондармен тарату.

Радиохабарды хабарлау дауыс зорайтқыш байланыстар құрылғысының микрофонды посттарынан жергілікті және тасымал микрофондарды қосу кезінде автоматты түрде ажырауы тиіс;

5) әрбір хабарлау желісі бойынша тарату сапасын есту арқылы бақылау;

6) қызметтік тапсырмаларды дауыс зорайтқыштардың дауысын реттегіші минималды дауысқа немесе «Өшірілді» күйінде белгіленген барлық хабарлау желілері бойынша беру.

4586. Қызметтік тапсырмаларды хабарлау құрылғысының хабарлау құралдары арқылы беру үшін барлық басқару (қосу, хабарлау желілерін коммутациялау, программаларды өшіру және жасанды хабарлауды қосу) дауыс зорайтқыш байланыстар құрылғысының микрофонды посттарынан қашықтан жүзеге асырылуы тиіс.

4587. Хабарлау желілерін қызметтік тапсырмаларды беру үшін дауыс зорайтқыш байланыстың микрофонды посты жабдығына түсті сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.

 

 

70-бөлім. Навигациялық жабдық.



 

478. Жалпы ережелер.

Навигациялық жабдықтың құрамы

 

4588. Қағиданың осы бөлімінде қолданылатын терминдер мен аббревиатуралар мынадай мағыналарды береді:

1) автоматты сәйкестендірілетін жүйе (АСЖ) - жүзудің навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кемелер арасынан, сондай-ақ кемелер мен жағалау станциялар арасында статикалық және динамикалық (навигациялық) ақпаратты үнемі автоматты түрде өзара алмасуды қамтамасыз ететін жүйе;

2) түнде көру аппаратурасы - кеменің тәуліктің қараңғы уақытында су бетіне шығатын кеме қатынасына қауіп келтіретін объектілерді анықтау жолымен жүзудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін электронды жүйе;

3) базалық сурет - экраннан өшірілмейтін жүйелі электронды навигациялық картаның ақпарат көлемі. Осы ақпарат экрандарда үнемі кез-келген жүзу ауданында бейнеленеді. Осы ақпарат жүзудің навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз;

4) электронды навигациялық карталар мен ақпараттың бейнелеу жүйесінің дисплейінде бейненің ауысу уақыты - бейне жаңа бейнені жасау аяқталған сәтіне дейін ауыса бастайтын сәтінің аралық уақыты;

5) электронды навигациялық карталар мен ақпараттың бейнелеу жүйесінің дисплейінде бейнені регенерация уақыты - оператормен тиісті әрекетті орындау сәтінен соңғы қайта құру аяқталған сәтіне дейін орындау сәтінің аралық уақыты;

6) ғаламдық навигациялық жолсерік жүйесі (ҒНЖЖ) - Дүниежүзілік координацияланған уақытқа (UTC) қатысты координаттарын, объект жылдамдығы мен обсервация уақытты анықтауға арналған жүйе;

7) тереңділік — су бетінен топыраққа дейінгі вертикалды арақашықтық;

8) дисплей — әріпті, цифрлы немесе графикалық түрде ақпаратты бейнелейтін электрондық құрал;

9) басып алу — мақсатты (мақсаттарды) таңдау және оны сүймелеу үшін енгізу;

10) көріну зонасы - басты рубкадағы жұмыс орнынан қоршаған жағдайды кедергісіз қадағалануы мүмкін шегіндегі горизантальды бұрыш;

11) уақытша бөлінген көп станциялы жетуді (УБКЖ) - көп станциялы байланыс жүйелерінде ақпаратты тарату тәсілі: әрбір станциямен хабарларды тарату уақыты қатал белгіленді;

12) қадағалау — навигациялық жағдайды мен соқтығысу қатерін бағалау мақсаты үшін көру мен есту арқылы, сондай-ақ кемеде бар техникалық құралдар көмегімен жүзеге асырылатын кеме жүргізушісінің негізгі қызметінің бірі;

13) навигациялық жабдық — навигациялық тапсырмаларды шешу үшін кеме жинақталған кемелік техникалық құралдар;

14) ақпарат тасымалы — мәліметтерді сақтау мен оларды тиісті жабдық көмегімен есептеуге арналған құрал;

15) жалпыланған бейне - бірнеше навигациялық құралдар мен жүйелерден ақпаратты дисплейде бірлестірілген жаңғырту;

16) жол нүктесі — шартты мәндері және координаттары басқару бағдарламасында жазылған кеменің белгіленген жылжу траекториясындағы нүкте;

17) радиомодуль - УҚТ байланысының каналында ақпаратты қабылдау мен беруді қамтамасыз ететін (АСЖ құрамды бөлігі) модул;

18) растрлы навигациялық карта - қағаз картасының факсимелді көшірмесі немесе уәкілетті гидрографиялық қызметпен дайындалған және таралған карталар жинағы;

19) рейс мәліметтерін тіркеу (РМТ) - кодтау құралдары мен ақпаратты жазу, арнайы қорғалған контейнерге ақпарат тасымалдаушыны; негізгі және қоса енгізілген резервті қоректендіру көзін қосатын рейс жайлы мәліметтерді жинау, жазу және сақтауға арналған құрылғы;

20) басты рубка — кемемен басты басқару посты орналастырылатын жүрістегі көпірдің жабық бөлігі;

21) вахтаны жүргізуді бақылау жүйесі - вахтаны басқы рубкада жүргізетін кеме жүргізушінің психофизиологиялық күйін тексеруді қамтамсыз ететін аппаратура;

22) электронды навигациялық карталар мен ақпараттарды бейнелеу жүйесі (ЭНКАБЖ) - тиісті резервтеу құралдарымен жүйелік электронды навигациялық карта мәліметтері негізінде және маршрутты жоспарлау және кеме қозғалысын бақылау бойынша кеме жүргізушінің міндетін жеңілдетіп навигацияның техникалық құралдарының мәліметтері бойынша ақпаратты көрсетуді қамтамасыз ететін навигациялық ақпаратты жүйе.

Қажет болғанда жүйе қосымша навигациялық ақпаратты көрсетуді қамтамасыз етеді.

ЭНКАБЖ құрамына оның бағдарламалық қамсыздандыруы, операциялық жүйе және ұштастыру және резервтеу құралдарымен қоса электронды-есептеуіш құралдар жатады;

23) Жүйелік электронды навигациялық карта (ЖЭНК) - оны пайдалану ыңғайлылығы мен түзетулерді есепке алу мақсатымен электронды навигациялық картаны, сондай-ақ кеме иесімен енгізілген басқа мәліметтерді өзгерту жолымен алынған мәліметтер базасы. Осы мәліметтер базасы ЭНКАБЖ да экранда жүзудің навивгациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет карта бейнесін көрсету үшін қолданылады;

24) ЭТҚ — электронды төсеу құралдары;

25) АҚҚ — автоматты қоса жүретін құрылғы;

26) АРТҚ — автоматты радиолакациялық төсеу құрылғысы;

27) стандартты бейне - ЭНКАБЖ да картаны бірінші рет көрсету кезінде ұсынылатын ЖЭНК ақпараты. Талаптарға байланысты маршрутты жоспарлау немесе кеменің қозғалысын бақылауды қамтамасыз ететін сол ақпарат деңгейі кеме иесімен өзгертілуі мүмкін;

28) курсты қашықтан беру құрылғысы - кеме курсы жайлы датчиктен алып және оны басқа навигациялық жабдыққа беру мүмкіндік беретін электронды құрал;

29) жүрістегі көпір — әдетте басты рубка мен көпір қанаттарын қоса кеменің басқару жүзеге асырылатын орын;

30) лага және/немесе эхолот шахтасы — су өткізбейтін төсемі бар ватерсызығынан төмен кеме корпусындағы арнайы су өткізбейтін бөлме;

31) Электронды навигациялық карта (ЭНК) - мемлекеттік гидрографиялық қызметтен алынған уәкілеттер бойынша ЭНКАБЖ қолдану үшін жасалған құрамы, конструкциясы және форматы бойынша стандартталған мәліметтер базасы. ЭНК-ға жүзудің навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет барлық картографиялық ақпарат және жатуы тиіс, сондай-ақ ЭНК-ға әдетте жүзуге арналған лоцияларда, атластарда және басқа құралдарда қосымша мәліметтер енгізілуі мүмкін.

4589. Навигациялық жабдықтар мен жабдықтаулар құрамын анықтау үшін кемелер 3 категорияларға бөлінеді:



ұзындығы 25 м аса өздігінен жүзетін кемелер;

ұзындығы 25 м және өздігінен жүзетін кемелер;

өздігінен жүзбейтін кемелер.

4590. Кемелердің навигациялық жабдық құрамы жүзу бассейннің разряды мен кеме категориясына байланысты осы Қағиданың 421-қосымшасында көрсетілген норма бойынша қабылдануы тиіс.

4591. Кеме қозғалысының жылдамдығы мен өткен арақашықтықты көрсеткіштер, гирокомпаста, автобасқарғыш пен стабилизаторлар курстар, эхолоттар, бұрылыс жылдамдығы және құрамдастырылған қабылдағыш индикаторлар ГНСС ГЛОНАСС/GPS, сондай-ақ басқа навигациялық жабдықтар кеме иесінің қарауы бойынша белгіленеді.

4592. Навигациялық, соның ішінде жүзу қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында кеме иесінің қарауы бойынша кемелерде осы тарауда жазылған нормалардан жоғары орнатылған жабдық 473-тарау мен 70, 71-бөлімдердің талаптарына сәйкес болуы және Кеме қатынасының тіркелімімен куәландыруға жатады.

4593. Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша жүзудің нақты шарттары, мықты радиобайланыс болуы, ауа-райын алу қалыптылығы және с.с байланысты осы Қағиданың 421-қосымшасында көрсетілген нормалардан ауытқу рұқсат етіледі.

4594. Кемеде команда мүшелерін қоса 12 адамнан аспайтын борты бар серуендеу кемелері, сондай-ақ жолаушылар мен қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған кемелерден басқа ұзындығы 25 м кем «М», «О», «Р» және «Л», сыныпты кемелерде қызметтерді (РЛС, эхолот, электронды-картографиялық жүйе) жүзуді теңіз аудандарында жүзеге асыратын кемелер үшін АКЖҚ айтылғаннан кем емес кемелердің техникалық сипаттамаларымен үйлестірілген стационарлы навигациялық жабдықты орнату рұқсат етіледі.



 

 

479. Навигациялық жабдықты орналасуына қойылатын жалпы талаптар



 

4595. Навигациялық жабдықтың негізгі құралдары жабдықтарға қызмет ету мен құралдардың көрсеткіштерін алу үшін ыңғайлы құрғақ бөлмелерде орнатылуы тиіс. Күш және қосымша жабдық жұмысқа және тағайымы басқа жабдыққа қызмет етуге кедергі болмайтындай етіп агрегатты немесе құрғақ бөлменің арнайы қоршауында орнатылуы тиіс.

4596. Навигациялық жабдық және оған жататын кабельді жүйе кемеде орнатылған магнитті компастарды болмайтын өзгеруін болдырмайтындай етіп орналасуы тиіс.

4597. Лагтың қабылдау құрылғысы немесе эхолот дірілдегіштерін орнатуға арналған бөлме (шахта) мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) шахта су өткізбейтін болуы тиіс;

2) шахта көлемі онда орнатылған жабдықты бір адаммен қызмет ету мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;

3) шахтаға өту үшін клинкетті есік немесе су өткізбеушілікті қамтамасыз ететін қақпағы бар өлшемі кемінде 400x600 мм қылыта (лаз) қарастырылуы тиіс;

4) шахтаға түсу үшін трап қарастырылуы тиіс;

5) шахтаға кіреберісте 12 В тасымал лампа үшін штепсельді розетка және негізгі жарықтандыруды ажыратқыш орнатылуы тиіс;

6) шахта корпусының сыртқы жағынан жоғарғы бөлігінде көрінетін орында бақылау краны орнатылуы тиіс;

7) түбі тесілген шахтада құралдарды орнату кеме корпусы қаптамасының беріктілігі бұзылмауы тиіс, ал қажет болғанда қаптаманы қосымша бекітулері қарастырылуы тиіс.

 

 

480. Радиолокациялық станцияны орналастыру



 

4598. Радиолакациялық станция индикатор басты рубкада алдыңғы жақтағы аралыққа мүмкіндігінше жақын орнатылуы тиіс. Егер қосымша индикатор болса, онда ол кеме курсын навигациялық салуды жүргізетін орындар немесе бөлмелерге жақын орнатылуы тиіс.

4599. Егер олармен жасалатын жоғары жиілікті сәуле тарату ағын тығыздығы, механикалық шу деңгейі және радио қабылдағыштың электр кедергілерінің деңгейі рұқсат етілген нормалардан аспаса, радиолакациялық станцияның таратқышы және басқа аппаратурасын басты немесе штурман рубкасында орнату рұқсат етіледі. Болмаса көрсетілген аппаратура арнайы жабық экрандалған бөлмеде орнатылуы тиіс.

4600. Радиолакациялық станция индикаторынан орнату орнында өлі зоналар мен қайта бейнелеуі көрсетілген антенна бағытының диаграммасы орналастырылуы тиіс.

4601. Радиолакациялық станция антеннасы 5о сол және оң бортты курстық бұрыштар шегінде өлі секторлары жоқ кеме қозғалысының бағыты бойынша едәуір жақсы көрініс қамтамасыз ету, ал егер ол қондырмалар, түтіктер және басқа конструциялармен орындалса, горизонт бойынша көрініс жабылмау есебімен орнатылуы тиіс.

4602. Радиолакациялық байланыс антеннасы адамдар орналасуы мүмкін кеменің ашық палубасында жоғары жиілікті сәуле тарату ағынының тығыздығы рұқсат етілген нормадан аспайтындай биіктікте орнатылуы тиіс.

4603. Барлық жағдайларда антеннаның кез-келген бөлігін қарау мен жөндеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

4604. Толқын суды салу кезінде майысуды болдырмау үшін анатенна мүмкіндігінше таратқыш үстінен орнатылуы тиіс. Тура су толқыныды салу мүмкін болмаған жағдайда майысулар саны минималды болуы тиіс.

4605. Радиолакациялық станцияның антеннасы орнатылған діңгектердің барлық тартуларында, тартуларды ұзындығы 2 ден 6 м дейін тең емес кесінділерге бөлетін такелажды изоляторлар орнатылуы тиіс. Егер тартуларды оқшаулау мүмкін емес болса, олар кеме корпусымен электрлі жалғануы тиіс.

4606. Екі навигациялық РЛС орнатылған кемелерде негізгі РЛС индикаторды антенна орналастырылған жағындағы бортқа жақын орнату ұсынылады, ал олардың антенналары бір уақытта жұмыс істеу кезінде өзара кедергі тудырмайтындай етіп орналастырылуы тиіс.

 

 

481. Магнитті компасты орналастыру



 

4607. Магнитті компас белгіленген курстық сызықтан өтетін вертикалды жазықтық оған диаметралды немесе паралельді жазықтығынан 0,2о аса ауытқымайтындай етіп орнатылуы және бекітілуі тиіс.

4608. Оның көрсеткіштерін ауытқитын кедергілерді болдырмау үшін магнитті компас магнитті және электр магнитті өріс көздерінен жеткілікті арақашықтыққа қашықтауы тиіс.

4609. Жол магнит компасы басты рубкада компас көрсеткіштерін кемені басқару орнынан анықтау мүмкіндігі және девиациялық құралға қол жетімділігі қамтамасыз етілетіндей етіп орнатылуы тиіс.

4610. Басты магнитті компас кеменің жоғарғы көпірінде қоршауы бойынша горизонттың едәуір аса бөлігіндегі заттарды көзбен шолып пеленгілеу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін ашық орында орнатылуы тиіс.



Барлық жағдайларда 230о (бағыттан тура курс бойынша әрбір бортқа 115о бойынша) секторында пеленгілеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Компасқа жол барлық жағынан қамтамасыз етілуі тиіс.

4611. Жол магнит компасын басты рубкада негізгі меңгерікпен басқару постында орнату ұсынылады.

4612. Магнитті компастарға жақын осы компастарды орналастырудың алғашқы жобамен қарастырылғаннан басқа қандай-да бір жабдықты орнату тек Кеме қатынасының тіркелімі бойынша жүргізілуі мүмкін.

4613. Негізгі және жол магнитті компастар және негізгі және авариялық басқару постында орнатылған орындар мен үй-жайлар арасында (егер ондй болса) екі жақты тілдесу құралдары қарастырылуы тиіс.

4614. «М» сыныпты әрбір кемеде уәкілетті құзіретті органмен жасалған магнитті компастың девиация қалдығының кестесі болуы тиіс.

4615. Көрсеткіштерді оптикалық беретін басты (негізгі) магнитті компасты орнату кезінде мынадай шарттар орындалуы тиіс:



1) перископ экраны мүмкіндігінше кеме жүргізуші көзінің деңгейінде және 1,2 м аспайтын арақашықтықта орналасуы тиіс;

2) периксоп түтігі кеме жүргізушіге өлі зона көріністерін жасамауы тиіс.

 

 

482. Гирокомпасты орнату



 

4616. Негізгі құрал, түрлендіргіш және гирокомпасты қоректендіру қалқаны мидельге жақын және әрекеттегі ватерсызығы біреуінің деңгейінде кеменің диаметралды жазықтығында орналасқан гирокомпасты арнайы бөлмелерде орнатылуы тиіс. Басқару пультымен үйлесітірлген гирокомпастың аз габаритті негізгі құралын меңгерік немесе штурман рубкасында орнату рұқсат етіледі.

4617. Навигациялыққа жатпайтын жабдықты гирокомпасты бөлмеде орнату рұқсат етілмейді.

4618. Негізгі электр жарықтандырудан басқа гирокомпасты осы Қағиданың 58-тарау талаптарын қанағаттандыратын авариялық және ауыспалы жарықтандыруы болуы тиіс.

4619. Гирокомпасты басты рубкамен екі жақты (парамен) байланыс жүйесі болуы тиіс.

4620. Гирокомпасты желдету сезімтал элементтерге әсер ететін ауаның қатты ағынын тудырымауы тиіс.

4621. Гирокомпастың негізгі құралы қарау мен жөндеу үшін барлық жағынан бос жетуді қамтамасыз етілген орында орнатылуы тиіс.

4622. Гирокомпастың негізгі құралы, сондай-ақ көзбен шолып пеленгілеу үшін репитерлер азимутальды шеңбердегі 0о тан және 180о арқылы өтетін тура сызық рұқсат етілген кемдігі 0,2о аспайтын кеменің диаметралдыы жазықтығына паралель болатындай етіп орнатылуы тиіс.

4623. Көзбен шолып пеленгілеуге арналған репитер әрбір борттың кемінде 115о курстық бұрышы шегінде пеленгілеуу мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп көпіріде орнатылуы тиіс. Көпірдегі бір репитер орнына әрбір борттан 180о курстық бұрыш шегінде кез-келген бағытта пеленгілеу мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп орналасқан қозғаушы көпірдің әрбір қанатында репитерді бір-бірден орнату рұқсат етіледі.

4624. Жол репитерлер кемені басқару жүргізілетін орында орнатылуы тиіс. Олар меңгерікшіге олардың көрсеткіштерін бақылау мен оларды қолдану ыңғайлы болатындай етіп орналасуы тиіс.

4625. Қоректендіру агрегаттары және олардың қосуды реттегіш аппараттурасы агрегатта бөлмеде (егер ол болса) немесе негізгі құралмен бірге қоректендіру агрегаттарының айналу жиілігін өлшеуді жүргізу және біліктіректерді күтіп ұстау мүмкіндігі болатындай есебімен орнатылуы тиіс.



Қоректену агрегатын қашықтан басқару посты гирокомпастың негізгі құралы орнатылған бөлмеде немесе меңгерік (штурман) рубкасында орналасуы тиіс.

4626. Кемеде көрсеткіштерді қашықтан электрлі беретін гирокомпас пен магнит компасты орнату кезінде бір репитерлерді қолдану рұқсат етіледі.



Бұл жағдайда меңгерік рубкасында компас жануына байланысты ауысатын «Репитерлер магнитті компастан қосылды» және «Репитерлер гирокомпастан қосылды» жазулары бар тақталар орнатылуы тиіс.

4627. Конструкциясымен суды 30оС жоғары температурада олардың қалыпты жұмыс істеуі қарастырылмаған сумен салқындатылатын гирокомпастар салқындататын суды кемеде орнатылған арнайы салқындатқыш құрылғыдан алуы тиіс.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет