Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет127/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129
2. Электр беріктілік және оқшаулау

 

5. Осы қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген бөлек түрлеріне байланыстылардан басқа, электр жабдық оқшаулауының электр мықтылығы 2 кестеде көрсетілген қалыпты климаттық жағдайларда 50 Гц жиілікті ауыспалы синусоидалды кернеуі қоса берілген 1 мин бойы сыналады.

6. Электр машиналардың (электр діңгектер) орауыштардың айналым оқшаулауы электр машина айналымының ақауларын анықтауға арналған индикатормен (діңгектің) бос жүріс режимінде сыналады.

7. Сынаулар сынау кезінде қыздыруға ең жоғары жеткен температураға жақын температурада қыздырылған машинада (діңгекте) жүргізіледі.

8. Сынау кернеу номиналды кернеудің 1,3 теі болуы тиіс. Сынау ұзақтығы - 3 мин (турбогенераторлар үшін - 5 мин), егер ерекше жағдайлар айтылмаса.

9. Орауыш трансорматорларының оқшаулау орауыштарын сынау кезінде 3-кестеде көрсетілген сынау кернеуіне тұрақты болуы тиіс.

10. Трансформаторлар орауыштарының айналым аралық оқшаулауы шығыстарына қалған орауыштар ажыратылған жоғары жиілікті екі еселенген кернеулі орауыштың бірін байламдарға қоса беру жолымен сыналады. Сынау ұзақтығы - кемінде 15 с.

11. Тоқ трансформаторлар үшін екінші орауыштың айналым арасындағы орауыштар 1 мин бойы сынау кернеуі онда номиналды тоқтың бірінші орауышпен өту кезінде индукцияланатын ажыратылған күйде ұсталуы тиіс.

12. Номиналды кернеуді «Түрткі» (кернеуді вакуумды ажыратқыштарды доғасыз ажырату арқылы тез көтеру және түсіру) қосумен сынау трансформаторды номиналды кернеуге 5 есе қосумен жүргізу қажет.

Сонымен бірге, трансформатордың қанағаттанарлықсыз күйіне көрсететін айналым аралық матасумен қоса жүретін құбылыстар (шу өзгеруі, бу пайда болуы, орауыш оқшаулаудың түсі өзгеру және басқа құбылыстар ) болмауы тиіс.

13. 500 В дейінгі кернеуге есептелінген сақтандырғыштардың сынау кернеуі 3000 В болуы тиіс.

14. Кабельді сынау кезінде дайындалған кабельдің әрбір оқшауланған жиласы 5 мин бойы 4 кестеде көрсетілген 50 (60) Гц жиілікпен бір фазалы синусоидальды ауыспалы кернеудің немесе тұрақты тоқтың кернеуін қоса берілген үзіліссіз ұсталуы тиіс.

Дайын кабель үшін осы сынау кернеулері кабельді суда ұстаудан кейін және онда ұстамаудан кейін суға батырумен немесе суға батырусыз сынаумен қолданылуы тиіс.

Егер оқшаулау үзілуі немесе беті бойынша жабу табылмаса, кабельдерді сынау нәтижелері жағымды болып есептелінеді.

 

 

3. Функционалды сынаулар

 

15. Электр жабдықтың әрбір үлгісі сынаулардың бөлек түрлерін жүргізуге дейін сынауларға жатады.

Сынауларды жүргізгенге дейін жабдық, қосалқы бөліктер комплекттілігі және қарсыласу оқшаулауы техникалық құжаттамаларға сәйкестігі анықталуы тиіс.

16. Электр жабдықты сынау қалыпты климаттық жағдайларда техникалық құжаттамаларда қарастырылған номиналды режимдерде жүргізілуі тиіс.

17. Сынаулар кезінде қажет өлшеулер және сипаттамаларды алу жүргізіледі.

18. Сипаттамалар қоректің және жиіліктің номиналды кернеуінде, сол сияқты ұзақ уақыт бойы (бір уақытта) кернеудің ауытқуы кезінде анықталады:

1) кернеудің +6% және жиіліктің ±5% ұзақ уақыт бойы ауытқуы кезінде;

2) кернеудің +15% және -30% және жиіліктің ±10%. қысқа уақытта (бір уақытта) ауытқуында. Кернеудің қысқа уақытта ауытқу ұзақтығы кемінде 1,5 с, жиіліктің - 5 с.

19. Аккумуляторлы батареялардан жұмыс істеуге арналған жабдық кернеудің зарядтау құрылғысына қосылған аккумуляторлы батареялардан қоректенетін жабдықтың номиналды кернеуден +30% ден -25% дейін және зарядтау кезінде батареяға қосылмаған жабдық үшін +20 ден -25% дейінгі шегінде ауытқу кезінде сыналуы тиіс.

20. Өлшеу және сипаттама нәтижелері техникалық құжаттамада көрсетілген және белгіленген параметрлерде жұмыс қабілеттілігі мәндеріне сәйкестігі тексеріледі.

21. Жүктеме астында жұмыс істейтін электр жабдық үшін сипаттамаларды алу орнатылған жұмыс температурасына дейін жеткенге дейін жүргізіледі.

 

 

4. Айналу және шамадан артудың жоғарғы жиіліктілігін сынау

 

22. Айналымның жоғарғы жиіліктілігін сынау тоқ бойынша қысқа уақытқа шамадан артуын сынаудан кейін, тоқ астында тұрақтануда сыналатын электр машиналар үшін - тоқ астында тұрақтауда сынаудан кейін жүргізілуі тиіс.

23. Сынау қыздыруға сынау соңында жететін орнатылған температураға жақын электр машиналар бөліктерінің температурасында жүргізіледі.

Стартерлерден басқа, барлық электр машиналарды сынау ұзақтығы 2 мин (стартерлер үшін - 20 с) құрайды.

24. Ретпен қозатын электр машиналар паспорт мәліметтерінен едәуірін 20% асатын, бірақ номиналдыдан асатын 50% кем емес айналу жиілігінде сыналуы тиіс. Стартерлер бос қозғалыстың 120% айналу жиілігінде сыналуы тиіс.

25. Реттелетін айналу жиілігі, сондай-ақ бірнеше номиналды айналу жиіліктері бар электр машиналар паспорты тақтада көрсетілген едәуірін 20% асатын айналу жиілігінде сыналады.

26. Ауыспалы тоқ генераторларын тоқ бойынша шамадан артуын сынау 120 с бойы номиналды тоқтың 150% құрайтын тоқ астындағы жүктеме қуатының 0,6 (cos φ=0,6) коэффициентінде жүргізіледі.

27. Тұрақты тоқ генераторларды сынау 15 с бойы номиналды тоқтың 150% құрайтын тоқпен жүргізіледі. Егер генератор кернеуі 10% аса түспейтін болса, сынау сәтті деп есептелінеді.

 

 

5. Қысқа матасудың соғу тоғына тұрақтылығын сынау

 

28. Электр машиналардың конструкциясын қысқа матасудың соғу тоғына төзімділігін сынау мынадай шарттарды орындау кезінде жүргізілуі тиіс:

1) қысқа матасу режимі машинаның бос қозғалыста номиналдының 105% құрайтын кернеу және кернеуді автоматты реттеу құрылғысы қосылған кезінде барлық үш фазалардың (полюстар) кенеттен бір уақытта матасуы пайда болуы тиіс;

2) Сынау кезіндегі электр машиналардың қуаты пайдаланымдағыдан кем болмауы тиіс;

3) өткізгіштердің электр машинадан матасқан құрылғыға дейінгі ұзындығы ең аз, қима ауданы - генератордың техникалық құжаттамаларымен көзделген ең көп, өткізгіштер материалы - мыс болуы тиіс;

4) Қысқа матасу режимінің параметрлері осциллографталуы тиіс;

5) Сынау нәтижесін бағалау оны, оның ішінде, статордың, пісіру тігістерінің және басқа механикалық жалғаулар орауыштарының қарсы бөліктерінің күйлері және бекітулерін мұқият қарау жолымен, сондай-ақ электр беріктілігі оқшаулауын қысқа матасу тоқтарына тұрақтылығын сынау нәтижелері бойынша жүргізіледі.

29. Қуаты 1000 кВА аса электр машиналарды сынау нәтижелерін бағалау, сондай-ақ, және тензометрлеу (бөліктер бетінде зақымдану көлемін анықтау), бекіту элементтерінде белсенді болатты және қарсы бөліктерінің оқшаулауын кернеулерінен, сондай-ақ сол бөліктердің дірілін өлшеу нәтижесінен алынған көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Кернеу шектеулерінің нормалары Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша орнатылады.

 

 

6. Дірілге беріктілік және дірілге тұрақтылығын сынау

 

30. Өнімді жұмыс күйінде дірілге тұрақтылығын және өшірілген күйде дірілге беріктілігін сынау 2-80 Гц жиілік диапазонында жүргізіледі (5-кестені қараңыз).

Сынаулар бірі жұмысшы болуы тиіс үш өзара перпендикуляр жазықтықтарда жүргізіледі.

31. Резонансты жиіліктерді анықтауын сынау дірілге тұрақтылығын сынау кезінде, 5-кесте, барлық диапазон асты жиіліктерде сияқты сондай диапазон асты жиіліктер және амплитудаларда жүргізіледі.

Жабдық тікелей сынау стенд пластформаға қатты (амортизаторсыз) бектілуі тиіс. Резонансты жиіліктерді іздеу жиіліктің бір сараң әрбір диапазон шегінде тұрақты амплитудада өзгерумен жүргізіледі. Тұрақты амплитудада диапазон асты шектерде жиіліктердің бір сараң өзгеруінің ұзақтығы - кемінде 2 мин.

32. Анықталған резонансты жиіліктер оларды мынадай дірілге беріктілігін және дірілге тұрақтылығын сынау кезінде толық жабдыққа, сонымен бірге бөлек тораптар немесе бөліктер үшін жазылуы тиіс. Резонанс кезінде амплитуданы бекіту нүктелерінің тербеліс амплитудасымен салыстырғанда 5 еседен аса көбеюі рұқсат етілмейді.

33. Электр жабдықты дірілге беріктілігін сынау резонанс пайда болатын 5 кестеде көрсетілген, сол диапазондарда өшірілген күйінде, ал резонанс болмаған кезде 0,35 мм амплитудасымен 16-31,5 Гц диапазонында жүргізіледі.

34. Жабдықты сыналатын платформаға бекіту тәсілі оны пайдалану кезінде көзделгендей болуы тиіс.

35. Ұзақ уақыт немесе қысқа уақытта сынау тәсілдері Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша таңдалады.

36. Диапазон шегінде жиіліктің бір сараң өзгеруі кемінде бір минут бойы тұрақты амплитудада жүргізілуі тиіс. Сынау уақыты стендтегі сынау күйлері арасында тең таралуы тиіс, яғни әрбір күй үшін жиіліктің өзгеру циклдерінің шамамен бірдей саны орнатылуы тиіс.

38. Егер сынау процессінде жабдық бөліктерің бұзылуы болмаса және басқа көрінетін зақымданулар табылмаса, электр жабдық дірілге тұрақтылыққа сынауға жіберіледі.

39. Дірілге тұрақтылығын сынаулар электрлі жүктеме астында (жүктемесі жоқ жабдықтар үшін кернеу астында) қосылған күйінде жүргізіледі.

Жүктеме нақты жабдықты сынау бағдарламасы және әдістемелерінде көрсетіледі. Жабдықты сынау платформасын бекіту тәсілі оны пайдалану кезінде көзделгендей болуы тиіс.

40. Дірілге тұрақтылығын сынау кезінде жиіліктер және амплитудасы диапазондары 6-кестеде көрсетілген, сонымен бірге, сынау ұзақтығы - әрекетте тексеру үшін және барлық жабдықтың және оның бөліктерінің резонансының пайда болуы үшін қажет уақытта, бірақ әрбір резонансты жиілікте (бар болса) немесе параметрлер тұрақтылығы бұзылатын жиілікте кемінде 2 с.

41. Сынау әрбір диапазон шегінде тұрақты амплитудада жиіліктің бір сараң өзгеру жолымен жүргізіледі.

Әрбір диапазон шегінде жиіліктің бір сараң өзгеру ұзақтығы кемінде 2 мин болуы тиіс.

42. Егер сынау кезінде байланыстардың коммутациялық күйлері өзгермесе, жұмыс тұрақсыздығы табылмаса және параметрлер мәндері рұқсат етілген шектерден шықпаса, бөліктердің бұзылулары, монтаждау өткізгіштерінің үзілулері, жылжымалы бөліктерінің сыналасуы, бекітулерінің әлсіреуі, сынаудан кейін оқшаулау күйінің нашарлауы анықталмаса, электр жабдық сынаудан өтті деп есептелінеді.

 

 

7. Соққыға беріктілігін және соққыға тұрақтылығын сынау

 

43. Беріктілікті сынау өшірілген күйде және соққыға тұрақтылық - қосылған күйде бірі жұмыс үшін болуы тиіс үш өзара перпендикулярлы жазықтықтарда жүргізіледі.

Электр жабдықты сынау платформасына бекіту тәсілі оны пайдалану кезінде көзделгендей болуы тиіс.

44. Сынаулар параметрлері: соққыға беріктілік 7g шапшаңдылықпен және минутына 40-80 соққы жиілігінде кемінде 1000 соққы; соққыға тұрақтылығын: 5g шапшаңдылықпен және минутына 40-80 соққы жиілігімен кемінде 20 соққы.

45. Егер әрекеттесі процессінде аппараттардың, құрылғылардың және жабдықтардың қалыпты жұмысын бұзатын механикалық зақымдану және бұзылулар, бекітулердің бұралуы, байланыстардың әлсіреуі және басқа құбылыс анықталмаса, электр жабдық сынауды өтті деп есептелінеді.

46. 6 тарауымен талап етілетін сынаулар салмағы 200 кг дейінгі электр жабдықтарды қамтиды.

Салмағы 200 кг асатын жабдық блоктап және секциялы сынауларға жатуы мүмкін.

 

 

8. Тербеліс және ұзақ уақыт бойы көлбею тұрақтылығын сынау

 

47. Жылжымалы бөліктері жоқ электр жабдық мынадай сынауларға жатпайды.

Электр жабдық екі өзара перпендикулярлы бағытта сыналады.

48. Тербелу тұрақтылығын сынау кезінде тік қалыптан шекті көлбею бұрышы - 22,50 құрайды. Тербелу уақыты - 4 с. Сынау ұзақтығы - жұмысын тексеру үшін қажет, бірақ әрбір күйде кемінде 15 мин.

49. Ұзақ уақыт көлбеюіне тұрақтылығын сынау кезінде электр жабдық екі өзара перпендикулярлы бағытта +22,5о бұрышқа, авариялық жабдықты - + 300 бұрышқа көлбею ретімен ұсталуы тиіс. Сынау ұзақтығы жұмысын тексеру үшін қажет, бірақ төрт күйдің әрқайсысында кемінде 15 мин болуы тиіс.

50. Егер тербеліс әрекеті және ұзақ уақыт бойы көлбею кезінде жалған істен шығу және жұмысты тексеру кезінде жұмыста тоқтау болмаса электр жабдық сынауды өтті деп есептелінеді.

 

 

9. Жылу төзімділігін сынау

 

51. Электр жабдық қосылған кезде температура өсуінің жылдамдығы 3±0,50С/мин камерада 9.2, 9.3 көрсетілген жұмыс температурасы белгіленеді. Қатысты ылғалдылық 20% аспау қажет. Жұмыс температурасы 16 с бойы ұсталынады.

Содан кейін режим соңында кемінде үш рет (жылы теңдікке жеткен кезде, сынау режимінің аяғында және салқын күйінде сынаудан кейін) жабдықтың жұмысын тексеру жүргізіледі.

52. Қоршаған ауа температурасы 400С аспайтын бөлмелерде орнатуға арналған электр машиналар және шамдардан басқа, электр жабдық 400С қоршаған ауаның жұмыс температурасында жылуға төзімділігі сыналады.

53. Ашық палубада, машиналық бөлімшеде, камбізде орнатылатын электр жабдық 550С қоршаған ауаның жұмыс температурасында жылуға төзімділігі сыналады.

54. Электр жабдықтың жұмысын шекті кернеу және жиілік ауытқуында тексеру ұстау режимінің аяғында жылуға төзімділігін сынаудан кейін жүргізілуі тиіс.

Егер оның қалыпты жұмысын бұзатын құбылыстар болмаса, сынаулар процессінде параметрлер рұқсат етілген шектен шықпаса, және оқшаулаудың электр беріктілігін сынау, сынау соңында оқшаулау қарсыласуын жанатын өнімде өлшеу жағымды нәтижелер берсе электр жабдық сынаудан өтті деп есептелінеді.

 

 

10. Салқынға төзімділігін сынау

 

55. Жабық бөлмелерде орнатуға арналған электр жабдық камерыды 6 с бойы -10оС температурада, ал ашық палубада орнатуға арналған жабдық -40оС температурада сыналуы тиіс, содан кейін номиналды жүктемеде әрекетте тексеріледі.

56. Өнімді кернеу және жиіліктерінің шекті ауытқуларын тексеру бірден салқын камерасынан кейінгі жұмыс күйде қосудан кейін жүзеге асырылады.

57. Температураның өзгеру жылдамдығы 30,5оС/мин шегінде. Егер жұмыстың тоқтауы, бұзылуы, параметрлерінің ауытқуы болмаса, электр жабдық сынаудан өтті деп есептелінеді.

 

 

11. Ылғалға төзімділігін сынау

 

58. Кемелерде орнатуға арналған электр жабдықты ауаның қатысты ылғалдылығы 95+3 % және 25оС температурада 5 тәулік, жүзуді жүзеге асыратын кемелерде орнатуға арналған электр жабдықты - 7 тәулік бойы сынау қажет.

59. Барлық түрлерді орындайтын электр жабдық қақпақтары камераларда сынау кезінде ашық қалуы тиіс герметикалық жабдықтардан басқа, толық жиналған штатты корпустарда сыналуы тиіс.

60. Егер сынау ортасында болуы уақытында оқшаулау қарсыласуының айырылуы немесе осы қосымшаның 1 бөлімінде көрсетілген мәннен төмен кемуі анықталмаса және өнім параметрлерінің ауытқулары рұқсат етілген шектерден шықпаса, электр жабдық сынаудан өтті деп есептелінеді.

 

 

12. Тұзды (теңіз) тұман әрекетіне сынау

 

61. Сынауға тек аралас «өзен-теңіз» суларда жүзетін кемелерде ғана орнатылатын барлық өнімдер жатады.

62. Электр жабдық қақпақтары, есіктері жабылған, кабель кіргізетін саңылаулары бітелген штатты қабықтарда сыналады. Барлық қалған саңылаулар (мысалы, желдеткіш) ашық болу қажет.

63. Сынаулар +27±2оС температурасында тұздың су ерітіндісі камерасында циклды тозаңдату (сынаудың әрбір сағаты бойында 15 мин) жолымен жүргізіледі:

1) ерітінді құрамы, г/л: хлорлы натрий - 27, хлорлы магний - 6, хлорлы кальций - 1, хлорлы калий - 1, тазартылған су - 1 литр;

2) тұманның дисперсиялығы - 1-10 мкм (90-95 дейін камель);

3) су ерітіндісі - 2-3 г/м2.

64. Сынаудан кейін жабдықтың жұмысы тексеріледі. Бояу сыр төсемдердің коррозиясы, жібу және бұзылуы табылмаса және оның қалыпты жұмысын бұзатын құбылыстар болмаса электр жабдық сынаудан өтті деп есептелінеді.

 

 

13. Қабықтың қорғаушы орындауын сынау

 

65. Қабықтың қорғаушы орындау түріне байланысты электр жабдық стендді сынауларға жатады.

Осы сынаулар кернеуі 1000 В дейінгі өнімдерді қамтиды. Деңгей дәрежесі 1000В жоғары кернеулерде сынау әдістемелері әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркеліміның арнайы қарауына жатады.

66. Қорғаушы орындайтын электр жабдық өнім әшәне бөгде қатты денелер және сулардың түсуінен қорғау нәтижелігі тексеріледі (қорғау дәрежесінің мәні және анықтаулар осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген.).

67. Тамшыдан қорғайтын орындайтын электр жабдық жабдық ішіне жасанды жаңбыр тамшылары түсуінен қорғау нәтижелілігі сыналады.

Сыналатын жабдық қарқындылығы 3 мм/мин жаңбыр әрекеттенуіне жатады, сонымен бірге, екі өзара перпендикулярлы жазықтықтарда ретімен қалыпты жұмыс күйінен ±15о бұрышқа ауытқиды.

Сынау ұзақтығы - 10 мин.

Егер жабдық ішіне түскен су оның қалыпты жұмысын бұзбаса сынау нәтижелері қанағаттандырарлық деп есептелінеді.

68. Шашырандыдан қорғалған орындаудағы электр жабдық, жабдық ішіне су түсуінен қорғау нәтижелілігі сыналады.

Сыналатын жабдық, сыналатын жабдықтан 3 м қашықтықта ішкі диаметрі 12,5 мм соңдамамен шлангтан су ағынымен құюға жатады. Су қысымы 0,1 МПа кем емес болуы тиіс. Сынау ұзақтығы - 10 мин.

69. Егер өнім қалыпты істеп және өз параметрлерін сақтап және оқшаулау қарсыласуы белгіленген шектерде болса, жабдық сынауды өтті деп есептелінеді.

70. Герметикалық орындаудағы электр жабдық суға батырумен сыналады.

Өнім толық суға, су бағанасы жоғарғы бөлікке дейін кемінде 0,15 м болатындай етіп батырылады. Егер көрсетілген қысым және уақытта корпусқа су түспесе, жабдық сынаудан өтті деп есептелінеді.

 

 

14. Шу және электр магнитті үйлесімділік сынаулары

 

71. Электр жабдықтың кез келген бөлігінен 1 м қашықтықта өлшенген электр жабдықтың шу деңгейі шу өлшеуіштің А жиілік сипаттамасының 60дБ (А) аспауы тиіс.

72. Электр жабдық осы қосымшаның 7-кестесінде көрсетілген шектерден аспайтын электр магнитті кедергілер, мәндер параметрлері кезінде А, В және С (осы қосымшаның 7-кестесінің ескертпелері) критерийне сәйкес үзіліссіз жұмыс істеуі тиіс.

Жабдық осы қосымшаның 8 және 9-кестелерінде көрсетілгеннен асатын кедергілер тудырмауы тиіс.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет