Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет84/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   129
4908-тармақтың 3), 4) - 11) дейінгі тармақшалардан басқа мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) L1 (1602, 5625-1615,5 МГц) сигналы және С/А коды бойынша жұмыстар, сигналдарды таңдау қолжетімділік режимі қосылған ГНСС жұмыстың стандартты режимінде қабылдау және өңдеу, сондай-ақ географиялық координаттарды градустарда, минуттарда, минуттың мыңдық бөліктерінде және UTС қатысты обсервация уақыттарда ПЗ-90 координаттар Халықаралық геодезиялық жүйесіндегі орынның кеңдігі және ұзақтығын есептеу қамтамасыз етілуі тиіс. ПЗ-90 координаттар жүйесінде есептелінген координаттарды қолданылып жатқан навигациялық картаның координаттар жүйесіне немесе WGS-84 координаттар жүйесіне түрлендіру мүмкіндігі көзделуі тиіс. Бұл жағдайда дисплейде орналасу координаттар көрсетілетін жүйені көрсетумен координаттарды түрлендіру режимін индициялануы тиіс;

2) кемелік антенна координаттары және 4 тең екі еселі координаттарды (немесе 6 тең үш еселі координаттарды) анықтайтын нақтылықтың нашарлаудың геометриялық факторларының 95% мүмкіндігі үшін 100 м шамасындағы кемдікпен статикалық және динамикалық жұмыс режимінде обсервация нақтылығы қамтамасыз етілуі тиіс;

3) статикалық және динамикалық жұмыс режимдерінде дифференциалдыы түзетулердің сигналдарын қабылдау және өңдеу кезіндегі обсервация нақтылығы 95% мүмкіндігі үшін және 4 тең екі еселі координаттарды (немесе 6 тең үш еселі координаттарды) анықтау нақтылығының геометриялық факторының нашарлауы кемінде ± 10 м болуы тиіс.

 

 

508. Рейс мәліметтерін тіркеу талаптары



 

4910. РМТ кемелік жабдықтың, кемені басқару командасының және қоршаған жағдайды күйін және жұмыс режимін сипаттайтын құралдар көрсеткіштерін тұрақты белгілеу қажет.

4911. Тіркеу тәсілі барлық жазылған ақпаратты оны арнайы есептеу құрылғысында қосу кезінде күні және уақыты байлауды қамтамасыз етеді.

4912. Ақпарат тасымалы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс арнайы қорғаушы контейнерлерде орналасуы тиіс:

1) ақпаратты апат жағдайында жазуды, бірақ тіркелген ақпараттыбұрмалаудан қорғалған болуы тиіс;

2) апаттан кейін жазылған ақпаратты сақтау және алып тастаудың максималды мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;

3) жарық бояулы және жарық шағылыстырғыш таңбалауы болуы тиіс;

4) оны автоматты түрде қосудан кейін бос қалқып шығатын арнайы қорғаушы контейнерді табуды қамтамасыз ететін құрылғы кемінде мынадай сигналдарды ыберуді қамтамасыз етуі тиіс:

48 с — алғашқы анықтауға арналған;



168 с — жетек сигналы.

4913. Арнайы қорғаушы контейнердің конструкциясы оны кеменің ашық палубасына қатты бекітуді қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Бос қалқып шығатын типті арнайы қорғаушы контейнерді қолдану рұқсат етіледі.



Арнайы қорғаушы контейнер жазылған ақпаратты мынадай әрекеттер кезінде қорғауды қамтамасыз етуі тиіс:

механикалық соғу (пиктік жылдамдатуы 50g және соғу импульсының ұзақтығы 11 мс жартылай синус қашықтықта);

диаметрі 100 мм және 3 м биіктіктен салмағы 250 кг өзектің түсуі;

аз температуралы өрт (10 с бойы температурасы 260оС);

температурасы жоғары өрт (1 с бойы температурасы 1100оС);

3 м тереңдікте 30 тәулікке теңіз суына батыру;

6000 м тереңдікте 24 с бойы теңіз суына терең суға батыру.

4914. Әрбір арнайы қорғаушы контейнер 25-50 кГц жиілік диапазонында жұмыс істейтін және қосу сәтінен 30 тәулік бойы оны су астында анықтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ нақты көрініп тұрған «VOYAGE DATA RECORDER — DO NOT OPEN — REPORT TO AUTHORITIES» ағылшын тіліндегі жазулары болуы тиіс.

4915. Бос қалқып шығатын типті арнайы қорғаушы контейнер оның орналасуын анықтауға мүмкіндік беретін сигналдарды беруді қамтамасыз ететін түсті индикатормен және радиодатчикпен жабдықталуы тиіс. Түсті индикатордың және радиодатчиктің бір уақытта жұмыс істеу ұзақтығы контейнерді бөлу және қалқып шығу сәтінен кемінде 7 тәулік болуы тиіс.

4916. Минимум мынадай ақпараттарды тіркеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс:

кемелік көзден тыс немесе апат жағдайын тергеу кезінде жағдайлар ретін қалыптастыруды қамтамасыз ететін дискреттілікпен ақпаратты алу көзі көрсетілген ішіне салынған сағаттардан анықталуы тиіс UTC уақытына қатысты күні және уақыты;

оның типін және жұмыс режимін, сондай-ақ қолданылып жатқан координаттар жүйесін көрсетумен орналасуды анықтайтын электронды жүйеден алынатын орналасу кеңдігі және ұзақтығы;

компас бойынша кеме бағыты;

су немесе топыраққа қатысты өлшеу тәсілін көрсетіп кемелік лагтан кеменің жылдамдығының мәліметтері;

қозғалыс көпірдегі сөзбен тілдесулер, сондай-ақ мүмкіндігінше кемелік трансляция бойынша хабарлаулар және көпірде естілетін апатты-сақтандырғыш сигналдар;

басқа кемелермен, объектілермен және жағалау қызметтермен радио тілдесулер;

қазіргі сәтте негізгі РЛС экранында көрсетіліп жатқан барлық радиолакациялық және қосымша навигациялық ақпарат. Тіркеу тәсілі жазу кезінде ақпаратты ығысытыруына байланысты бұрмалаулары болуы мүмкін жазу кезінде экранда көрсетілген көрініс түрінде қосуды қамтамасыз етуі тиіс;

эхолоттың белгіленген шкаласы және жұмыс режимі көрсетілген кеме киль астындағы тереңдік;

меңгерік рубкасына түсетін барлық апатты-сақтандырғыш сигналдар;

меңгерікке берілетін тапсырыстар және олардың орындалуы, сондай-ақ автобасқару жұмысының режимі;

машиналық бөлімшеге берілетін тапсырыстар және олардың орындалуы, сондай-ақ ауыстырушы басқарғыш құрылғылардың жұмыс режимдері (болған жағдайда);

қозғалыс көпіріне шығарылған ақпарат көлеміндегі кеме корпусындағы борт сыртындағы саңылаулардың күйі;

су өткізбейтін және өртке төзімді есіктердің күйі;

кеме корпусындағы кернеу, сондай-ақ егер кеме тиісті датчиктермен жабдықталса, жел жылдамдығы және бағыты.

4917. РДР қосымша ақпаратты жазу кезінде негізгі ақпарат бұрмаламауы немесе оның сақталуына әсер етпеу тиіс.

4918. РДР автоматты түрде жұмыс істеуі тиіс.

4919. Ақпараттарды жазу оның тоқтауына дейін үзіліссіз болуы тиіс. Жазылған мәліметтерді РДР сақтау уақыты кемінде 12 с болуы тиіс. Осы мерзім аяқталғаннан кейін жазылған мәліметтер жаңартылуы мүмкін.

4920. РДР тіркелетін ақпараттың рұқсат етілмеген кедергі болуын болдырмайтын конструкциялы болуы тиіс. РДР жұмысына кірісудің кез-келген әрекет тіркелуі тиіс.

4921. Ақпаратты тіркеу тәсілі түсетін мәліметтердің, сондай-ақ жойылмайтын қателікті анықтау кезінде апатты-сақтандырғыш сигналды толық тексерілуін қамтамасыз етуі тиіс.

4922. РДР апаты кезінде оқиғаларды жазуды қамтамасыз ету үшін апатты қоректену көзімен жанасуы тиіс.

4923. РДР кемелік апатты қорек көзінің істен шығуы кезінде өзінің резервті қорек көзін қолданып 2 секунд бойы меңгерік рубкада тілдесу жазуларын жалғастыруы тиіс. 2 с өткен соң жазу автоматты түрде тоқтауы тиіс.

4924. РДР ақпарат датчигімен жанасуы мүмкіндігінше халықаралық талаптарға сәйкес орындалуы тиіс. РДР онымен жанасқан ақпарат датчигімен, оның ішінде бұзылған кезінде жанасу жұмыстарына әсер етпеуі тиіс.

 

 

509. Рейс мәліметтерін оңайлатылған тіркеу талаптары



 

4925. Рейс мәліметтерінің оңайлатылған тіркеуші (РМТ-о) навигациялық құралдар көрсеткіштерін, кемелік жабдықтың жұмыс режимін, кемені басқару бойынша команданы және қоршаған жағдайды сипаттайтын алдын-ала таңдалған мәліметтерді тұрақты автоматты түрде жазуы тиіс. Ақпарат оны тіркеуді тоқтатқаннан сәтінен 2 жыл бойы сақталуы тиіс.

4926. Тіркеу тәсілі оны арнайы құрылғыда (тасымал компьютерде) қосу кезінде ақпаратты жазу күні және уақытын анықтау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

4927. Тіркелген ақпарат тасымалдары кеме корпусымен қатты бекітілуі немесе бос қалқып шығатын типті болуы мүмкін арнайы контейнерде орналастырылуы тиіс.

Контейнер мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) апат кезінде ақпаратты тіркеуді жалғастыру мүмкіндігін, сондай-ақ оқиғадан кейін тіркелген мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс;

2) оған өзгерістер және механикалық зақымданулар жататын ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету;

3) қанық боялған жарық шағылыстырғыш таңбалауы бар және оны анықтауды жеңілдететін құрылғымен жабдықтауы тиіс.

4928. Кеме корпусымен қатты бекітілген контейнер соғу сынауларынан басқа, осы Қағиданың барлық талаптарына сәйкес болуы тиіс.

4929. Бос қалқып шығатын типті қорғаушы контейнер болуы тиіс:

суда ұстау және көтеруге арналған құрылғылармен жабдықталуы;

қалыпты қалқып шығуды қамтамасыз ететін және көтеру кезінде зақымдану қатерін минимумға келтіретіндей етіп орналастырылуы тиіс.

4930. Кез-келген типті қорғаушы контейнер осы Қағиданың тармақтарына сәйкес болуы тиіс.

4931. Мынадай мәліметтерді тіркеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс:

1) апат себебін тергеу кезінде оқиғалар ретін қалыптасуын қамтамасыз ететін дискреттілікпен ақпаратты алу көзі көрсетілген кемелік көзден тіс немесе ішіне салынған сағаттардан анықталуы тиіс UTC уақытына қатысты күні және уақытын;

2) оның типі және жұмыс режимі, сондай-ақ қолданылып жатқан координаттар жүйесі көрсетілген орналасуын анықтайтын электронды жүйеден алынатын орналасу кеңдігі және ұзақтығы;

3) компас бойынша кеме бағыты;

4) су немесе топыраққа қатысты өлшеу тәсілі көрсетілген кемелік лагтан кеменің жылдамдығының мәліметтері;

5) қозғалыс көпірдегі сөзбен тілдесулер, сондай-ақ мүмкіндігінше кемелік трансляция бойынша хабарлаулар және көпірде естілетін апатты-сақтандырғыш сигналдар;

6) басқа кемелермен, объектілермен және жағалау қызметтермен радио тілдесулер;

7) АСЖ дан түсетін мәліметтер;

8) қазіргі сәтте негізгі РЛС экранында көрсетіліп жатқан барлық радиолакациялық және қосымша навигациялық ақпарат. Тіркеу тәсілі жазу кезінде ақпаратты ығыстыруына байланысты бұрмалаулары болуы мүмкін жазу кезінде экранда көрсетілген көрініс түрінде қосуды қамтамасыз етуі тиіс.

Егер кемеде орнатылған РЛС РМТ-о құрылғысымен жанаспаса, онда қоршаған жағдай тек АСЖ мәліметтері бойынша тіркелуі мүмкін;

9) ол негізгі мәліметтерді тіркеуді және сақтауды нашарлатпайтын шартымен цифрлы шығысы бар кемелік құрылғылардан басқа қосымша ақпарат.

4932. РМТ-о тіркелетін ақпаратқа рұқсат етілмеген кедергіні болдырмайтын конструкциялы болуы тиіс.

4933. Ақпаратты тіркеу тәсілі түсетін мәліметтердің, сондай-ақ жойылмайтын қателікті анықтау кезінде апатты-сақтандырғыш сигналдың дұрыстығын және толықтығын тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.

4934. РМТ-о оның толық ажырауына дейін рейстің өткен соңғы 12 сағаттағы ақпаратты жазуды және сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

4935. Қалыпты пайдалану кезінде РМТ-о жұмысы тұрақты және толық автоматты болуы тиіс.

Тіркеу процессін минималды тоқтауымен оқиға кезіндегі жазылған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін құрылғы көзделуі тиіс.

4936. Апат кезінде оқиғаны жазуды қамтамасыз ету үшін РМТ-о авариялық қоректендіру көзімен жанасуы тиіс.

4937. Кемелік авариялық қоректендіру көзі істен шығуы кезінде РМТ-о өзінің резервті қоректендіру көзін қолдану арқылы 2 сағат бойы қозғалыс көпірде тілдесуді жазуды жалғастыруы тиіс. 2 сағат өткен соң автоматты түрде тоқтауы тиіс.

4938. РМТ-о ақпарат датчигімен жанасуы мүмкіндігінше халықаралық талаптарға сәйкес бөлінуі тиіс. РМТ-о онымен жанасқан ақпарат датчиктерімен, оның ішінде оның бұзылуларын қоса жанасу жұмыстарына әсерін тигізбеуі тиіс.

4939. РМТ-о сақталып жатқан мәліметтерді алу және ақпаратты қосу үшін сыртқы тасымал компьютермен қоса жүруі қамтамасыз етілуі тиіс. Жанасу форматы Ethernet, сондай-ақ USB және Fire Wire сияқты халықаралық танылған форматмен үйлесітірлген болуы тиіс.

4940. РМТ-о әрбір қондырғысы жалғанған сыртқы тасымал компьютерде сақталған мәліметтерді алу және ақпаратты қосу мүмкіндігін беретін бағдарламалық қамсыздандырулармен жабдықталуы тиіс.

4941. РМТ-о қамсыздандыру бағдарлама тасымал универсалды компьютерлерде бар операциялық жүйемен бірлесіп және CD-ROM, DVD, USB шығысы бар ақпаратты сақтағыш және басқа сақтау тасымал құрылғысына жазылуы тиіс.

4942. РМТ-о комплектісі бағдарламалық қамсыздандыруды қолдану және сыртқы тасымал компьютерді РМТ-о қосу бойынша нұсқаулығы болуы тиіс.

4943. Сыртқы тасымал компьютерді сақтауға қажет бағдарламалық қамсыздандыру, нұсқаулық және арнайы бөліктерінен тұратын сақтау тасымал құрылғы жабдық комплектісіне жатуы және РМТ-о негізгі блокқа тікелей жақын жерде сақталуы тиіс.

4944. Егер мәліметтерді сақтау үшін стандартты емес форматтар немесе меншік құқығымен қорғалған стандарттар қолданылса, онда сақталып жатқан мәліметтерді ашық стандарттар форматтарға сақтауға арналған бағдарламалық қамсыздандыру сақтау тасымал құрылғысында немесе РМТ-о өзінде болуы тиіс.



 

 

510. Радиолакациялық шағылыстырғыш талаптары



 

4945. Радиолакацялық шағылыстырғыш (активті немесе пассивті) 9 ГГц диапазонында (толқын ұзындығы 3 см) және 3 ГГц диапазонында (толқын ұзындығы 10 см) жұмыс істейтін оны кемелік навигациялық радиолакациялық станциямен анықтауы үшін жеткілікті тиімді таралу ауданы болуы тиіс.

4946. Радиолакациялық шағылыстырғышты су деңгейінен кемінде 4 м биіктікте орнату кезінде таралудың тиімді ауданының номиналды деңгейі 9 ГГц диапазонында кемінде 7,5 м2 және 3 ГГц диапазонында 0,5 м2 болуы тиіс.

4947. Таралудың тиімді ауданының номиналды минималды деңгейлері горизанталды жазықтықтағы минимумы шамамен соммалық бұрыштық сектордың 2800 қамтамасыз етуі тиіс.

4948. Радиолакациялық шағылыстырғыштың шамасында шағылыстырғыш қасиеті номиналды минималды деңгейден төмен кереғарлық диаграммасы кез-келген жалпы сектор 100 (нөлдік аймақ) аспауы, сонымен бірге, көршілес нөлдік облыстар арсындағы ара-қашықтық 200 кем болуы тиіс.

4949. Вертикалдан кез-келген жаққа қарай 200 және одан аса бұрышқа көлбеуі кезінде осы Қағиданың 4946-тармақтарының талаптары орындалуы қамтамасыз ететін радиолакациялық шағылыстырғыштарда нақты салынған таңбалары болуы тиіс.

4950. Радиолакациялық шағылыстырғышты жасаушымен ұсынылған орнатудың минималды биіктігі (кемінде 4 м) және орнату кезінде шамалас бағдар тікелей радиолакациялық шағылыстырғышта нақты көрінуі тиіс.

4951. Белсенді радиолакациялық шағылыстырғыштар электр байланыстың халықаралық одағының (ЭХО) тиісті талаптарына сәйкес болуы тиіс.

 

 

511. Түнгі көру аппаратураларының талаптары



 

4952. Түнгі көру құралдар тәуліктің түнгі уақытында су бетінен шығып тұратын кемелерден кеме қатынасына қауіп келтіретін объектілерді белгіленген арақашықтықта анықтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен бірге, аппаратура кемеге қатысты соқтығысуды болдырмау және кемемен басқару қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін объектілердің күйін анықтау және объект көрінісін нақты масштабтағы көрінісін ұсынуы тиіс.

4953. Шапшаң жылдамдықты кемелерде қозғалу кезінде бортындағы түнгі көру құралдары тұрақты режимді күн батудан таңға дейін жұмыс істей алатын болуы тиіс. Аппаратура жұмыс күйіне оны қосудан кейін кемінде 15 минутта келтірілуі тиіс.

4954. Түнгі көру құралдар стандартты сынау нысананы кемінде 90% мүмкіншілікпен кемінде 600 м арақашықтықта 24 сағ бойы бірқалыпты жұлдыз жарығында және бұлттар және ай болмауы кезінде нысананы суда табу кезінде анықтауы тиіс.

Ескерту: стандартты сынау нысана - батуы кезінде минимум өзінің 50% су бетіне шығып тұратын табудың белгіленген бағытына перпендикуляр биіктігі 0,5 м және ұзындығы 1,5 м өлшемді қара металды объект.

4955. Құралдың қажет етілетін горизантальды көру алаңы кемінде 200, кеме тұмсығынан әр борттарға 100 болуы тиіс. Вертикалды көру алаңы негізгі жұмыс қызметтерін орындау және горизонтты бақылау үшін кем емес және жеткілікті болуы тиіс.

4956. Дифферентті компенсациялау үшін көрудің вертикалды осі кемінде 100 бұрышына ауыстыру мүмкіндігі көзделуі тиіс.

Көру алаңының минималды бұрыштық жылдамдығы 300/с мен бастапқы күйге автоматты түрде қайтуы қамтамасыз етілуі тиіс.

4957. Түнгі көру жүйесі 300/с минималды бұрыштық жылдамдықта көрсете алатын болуы тиіс.

4958. Нысананы кеме жүргізушінің көру алаңында табу кезінде кеменің диаметралды жазықтықтағы бағытты білдіретін белгі кемдігі кемінде ± 10 дисплейде көрсетілуі тиіс.

Көріністің алдыңғы секторының көру алаңының шектеріне кемдігі ± 10 аспайтын бағыттық бұрыш белгісін индикациялау қамтамасыз етілуі тиіс.

4959. Түнгі көру аппаратурасы кеменің 100 дейін борттық және/немесе кильді тербеліс кезінде қалыпты жасауы тиіс.

4960. Құралдың датчик/линзаның басын сыртқы жағынан тиімді тазалауды қамтамасыз ету үшін құрылғы және егер ол қажет болса мұздатуға қарсы құрылғы көзделуі тиіс.

4961. Түнгі көру құралдарында кез-келген бұзылулардың дыбысты сигнал бергішіне көзбен шолып индикациясы болуы тиіс.

4962. Егер түнгі көру құралдарының анықталған функциялары бағдарламалық қамсыздандыру көмегімен орындалса, онда осы бағдарламалық қамсыздандыру халықаралық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

4963. Жедел басқару органдар саны түнде жақсы айырылатын болуы тиіс. Егер көмескі жарық қарастырылса, онда ол нөлден максимумға дейін реттелуі тиіс.

4964. Басқару органдары түнде жақсы ерекшеленуі тиіс. Егер жарық көзделсе, онда ол нөлден максимумға дейін реттелуі тиіс.

4965. Түнгі көру құралдарының дисплейі көз қаратпайтын және жылтыр болмауы тиіс. Ол көлемі диоганал бойынша кемінде 180 мм көріністі ұсына алатын болуы тиіс.



Дисплейде үнемі құралды жұмыс режимі, сондай-ақ егер олар бірнеше болса, көріністің таңдалған секторы көрсетілуі тиіс.

4966. Түнгі көру құралдарды қоректендіру Кеме қатынасы тіркелімінің кемелердің навигациялық жабдықтарын қоректендірудің жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс.



 

 

 



512. Сыртқы дыбысты сигналдарды қабылдау аппаратурасының талаптары

 

4967. Сыртқы дыбыс сигналдарын қабылдау аппаратурасы пайдалану шарттарының күштерін немесе жүрістегі көпір конструкциясының ерекшелігіне қатысты есту арқылы бақылау басты рубканың ішінде дыбыс сигналдарды қабылдау кезінде ғана мүмкін болатын кемелерде орнатылуы тиіс.

4968. Сыртқы дыбысты сигналдарды қабылдау аппаратурасы мынаны жасауы тиіс:



1) сыртқы дыбыс сигналдарды барлық бағыттағы кемінде 70 тең 700 Гц дейін жиілік диапазонында қабылдауды;

2) дыбыс сигнал көздерінің шамалас бағытын анықтау және көрсету.

4969. Сыртқы дыбыс сигналдар меңгерік рубкаға бір немесе бірнеше динамиктер арқылы берілуі тиіс.

4970. Екі немесе одан аса динамиктерді орнату кезінде олардың дыбысының күші меңгерік рубкадағы дыбыс қысымының деңгейі қозғалыс көпірдегі қанаттарындағы шу деңгейін кемінде 10 дБ (А) асатындай етіп реттелуі тиіс.

4971. Микрофондар, күшейткіш және динамиктерден басқа сыртқы дыбыстар сигналдарын қабылдау аппаратурасына сыртқы дыбыс сигналдарды және олардың шамамен қабылдау сәтінен 3 минут сайын кем емес бағыттарын көзбен шолып көрсету үшін дисплейге жатуы тиіс.



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет