Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 13 мамырдағы №276 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет18/23
Дата09.06.2016
өлшемі1.8 Mb.
#124549
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
қағидасына 10-қосымша

 

 

Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылатын техникалық құжаттаманың типтік тізбесі

 

Төменде Кеме қатынасы тіркелімінің қарауына ұсынылатын техникалық құжаттама атауларының тізбесі келтірілген.

Осы типтік тізбемен Кеме қатынасы тіркеліміне қарауға ұсынылатын техникалық құжаттама, Кеме қатынасы тіркеліміне қарауға ұсынылатын техникалық құжаттаманың атауы тізбеде бекітілген.

Бұл тізбелер типтік болып табылады және кеме элементтері конструкциясының ерекшелігіне байланысты Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша жобалаушы ұйыммен кеңейтілуі немесе қысқартылуы мүмкін.

Келісу туралы мөртабандар «*» таңбамен белгіленген құжаттамаға және тізбеде көрсетілген барлық жұмыс құжаттамасына қойылады.

 

 

1. Кеменің техникалық жобасы

 

1. Жалпы жобалық құжаттар:

1) техникалық жоба құжатының ведомості;

2) жобаға түсіндірме жазба;

3)* сипаттама;

4)* Қағидамен регламенттелгеннен айрықшаланатын шешімдер тізбесі, егер олар, қажетті көлемде олардың негіздемелерімен жобаға жіберілсе;

5)* басты кеменің қабылдау сынағының бағдарламасы және әдістемесі (техникалық жобаны бекіткеннен кейін ұсынылады);

6)* жүк кемесіне арналған тиеу, түсіру және балластау бойынша нұсқаулық (жұмыстық жобалау кезінде жүктеме көлемін нақтылағаннан кейін ұсынылады);

7)* Орнықтылық және суға батпаушылық туралы ақпарат (жұмыстық жобалау кезінде жүктеме көлемін нақтылағаннан кейін ұсынылады);

8)* техникалық құралдарды, құрылғыларды және жабдықтарды бейнелеумен жалпы орналасудың сызбалары:

бүйірлік түрі;

су өткізбейтін қалқаларды, палубтарды, платформаларды және көрсетумен бойлық тілік;

палубтардың, трюмдардың, көпірлердің, платформалардың және жоспарлары;

9)* рульдік рубкадағы жабдықтардың жалпы орналасуы;

10) жарылысжәне өртке қауіпті зоналардың және бөлмелердің орналасу схемасы (олар болған жағдайда);

11) кеме корпусының теоретикалық сызбасы;

12) жүктеме көлемінің және ауырлық орталығы бағытының, дифферент және жүктеменің әртүрлі жағдайлары үшін алғашқы орнықтылық есебі;

13) крендеу және аудару моменттерінің және жүктеменің әртүрлі жағдайлары (орнықтылық диаграммасы иығының есебін және басқа да ұқсас есептеді ұсынбауға болады) үшін крен бұрышы кестесімен статистикалық және динамикалық орнықтылықтың диаграммалары; жүктеменің әртүрлі жағдайлары үшін орнықтылықты тексеру; компьютерлік қосымша көмегімен есептерді орындау кезінде бастапқы мәліметтер кестесі;

14) компьютерлік қосымша көмегімен есептерді орындау кезінде бастапқы мәліметтер кестесі;

15) су үсті бортының есептері;

16) кемені басқару есебі, оның ішінде бүтіндей итеру құрамы;

17) жалпы сыйымдылық есептері;

18) жеткізуге куәлікпен немесе басқа Номенклатурға сәйкес ұқсас құжаттармен жататын комплектеуші бұйымдар және жабдықтар материалдарының ведомосі;

2. Корпус:

1)* мидель-шпангоут және жиынтықтың негізгі бөліктерімен корпустың көлденең қимасы;

2)* жиынтық кестесімен, кеменің жалпы иілуіне қатысушы корпус және қондырманың конструктивті сызбасы;

3)* корпусы ауыр жиектелген кемелер үшін сыртқы қаптаманы керу;

4) конструкцияны және корпус байланыстарының өлшемдерін таңдау бойынша есептер, компьютерлік қосымша көмегімен есептерді орындау кезінде бастапқы мәліметтер кестесі;

5) жалпы және жергілікті діріл есептері;

6) корпус элементтерінің беріктілік және тұрақтылық есептері (бір корпусты болат кемелер және ұзындығы 50 м жоғары катамарандар, корпусы жеңіл қоспалардан жасалған кемелер, су асты қанатындағы кемелер, әуе жастығындағы кемелер, корпусы пластмасса кемелер үшін);

7) компьютерлік қосымша көмегімен есептерді орындау кезінде бастапқы мәліметтер кестесі;

8) корпус беріктілігінің есептері (корпусы темірбетонды кемелер үшін);

9) кеменің көлденең беріктілігінің есебі (палубсыз жүк кемелері және регламенттен асатын В/Н қатынасты кемелер үшін);

10) қондырманың беріктілігінің есептері (үлкен терезе тіліктерімен жолаушлыар кемесі үшін);

11) люктік қақпақтардың беріктілік және негізгі бөлшектердің жетектерінің есебі көрсетілген кемелердің люктік жабуларының жалпы түрі;

12) кеменің қызмет ету мерзімінің соңында корпустың жалпы беріктілік есебі;

13) мұзжарғыштардың мұздық беріктілік есебі.

3. Жабдықтар және оқшаулау бөлмесі:

1) кемеде қолданылған өңдеу, конструкциялық және ақпарат олардың қайда орнатылған жері, жану сипаттамасы, әрбір бөлменің еденінің 1 м2 алаңына жанатын материалдар саны көрсетілген оқшауланған материалдар туралы ақпарат;

2)* оқшаулау схемасы және бөлмелерді өңдеу.

4. Жалпы кемелік құрылғылар:

1)* сигналды және ажыратқыш құралдардың орналасу схемасы;

2) құрылғылар элементтерін және Қағида немесе осы элементтерді таңдауды негіздеудің есептерінің көмегі бойынша жабдықтауларын заттарын таңдау;

3) жаңа типті құрылғылардың жалпы орналасу сызбалары.

5. Энергетикалық қондырғы және жүйелер:

1)* басты және қосымша қозғалтқыштардың және жабдықтардың машина бөлмелерде, өтулер және шығулар көрсетілген орталық басқару посты бөлмесінде орналасуы;

2)* дейдвудты құрылғымен, жылжытқышпен, біліктермен және жалғаушы муфтылармен мойынтіректер;

3) мойынтіректің (оның ішінде иірмелі тербелістер), жылжытқыштың есебі және Қағида бойынша мойынтірек элементтерін таңдау;

4)* жүйелердің принципті схемалары (жұмыс параметрлерін, диаметрін көрсетумен, құбыр және арматура дайындалған материалдардың, құбыр қабырғасының қалыңдығы): салқындату, майлы, отынмен қоректендіру, жіберу ауасымен. Газды бұру (бөлімнің жалпы түрінде бейнелеуге рұқсат етіледі) бу құбыры, коденсатты -қоректік.

6. Жалпы кемелік жүйелер:

1)* жүйелердің принципті схемалары (жұмыс параметрлерін, диаметрін көрсетумен, құбыр және арматура дайындалған материалдардың, құбыр қабырғасының қалыңдығы): желдеткіштер, өрт сөндіру, құрғату, балласты, мұнай бар трюмді суларды жою, мұнай өнімдерін қыздыру, қосымша және палубтық тетіктердің гидропневможетегі, әуе, құю және өлшеу құбырларының, сығылған ауаның тұрмыстық қондырғылары;

2) кемелік жүйелердің есептері: желдеткіштер, өрт сөндіру, құрғату балласты, сығылған және жіберетін ауа.

7. Тоңазытқыш қондырғы:

1)* тоңазытқыш қондырғының жалпы орналасу сызбалары;

2)* тоңазытқыш агенттің, салқын тасығыштың, желдеткіштің, әуе салқындататын және су салқындататын жүйелерді, басқару, бақылау, сигнал беру және қорғау жүйелерінің принципті схемалары;

3) тоңазытқыш қондырғы бойынша негізгі есептер.

8. Осы қосымшаның 5 және 6-тармақтарда көрсетілген құжаттамаларға қосымша мұнай тасымалдауға арналған кемелерге қосымша ұсынылады:

1)* сорғы бөлмесіндегі жабдықтардың орналасу сызбалары;

2)* жүйелердің принципті схемалары: жүктік, тазалаушы, инертті газ, газ бұру.

9. Автоматтандыру:

1)* дистанционды басқару және постарды-автоматтандыру, басқару пульттарының негізгі құралдарының орналасуы;

2)* дистанционды басқарудың, автоматтандырудың принципті және конструкицялық схемалары және негізгі кемелік құралдардың және қорек көзі көрсетілген жүйелердің АПС.

10. Электржабдықтар:

1)* негізгі және апатты көздерден электроэнергияны таратудың принципті схемалары: күштік желілер, жарықтандыру (топтық қалқандарға дейін);

2)* басты және апатты таратқыштардың, басқару пульттарының және типтік емес орындаулардағы таратқыш қалқандардың принципті схемалары;

3)* сәйкес электр жетектердің принципті схемалары;

4)* негізгі және апатты жарықтандырудың алғашқы желілерінің принципті схемалары;

5)* ажыратқыш және сигналды шамдардың принципті схемалары;

6)* қауырт және өрт сигналының принципті схемалары;

7)* басты тоқ тізбегінің, қоздырудың, басқарудың, сигналды бақылаудың, еспелі электр қондырғысын қорғау және блоктаудың принципті схемалары;

8)* өткізбейтін корпусты кемелер үшін жерлендіру схемалары;

9)* найзағайды бұру схемасы (кеменің жалпы түрінде келтірілуі мүмкін);

10) жүктеме режимдерінің кестесі және кеменің барлық режимінің жұмысын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ генератордың санын және қуатын таңдау негіздемесінің электростанциясының қуатына қажетті есеп;

11) кабельдер қимасы ауданының есебі;

12) қысқа тұйықталу тоғының және кернеудің өзгеру есебі;

13) шинаның, коммутациялық және ГРЩ қорғаушы аппаратураларының, қысқа тұйықталу кезіндегі (генератордың номиналды қуаты кезінде және 100 кВт жоғары параллель жұмыс істеуші генераторлар) динамикалық және термиялық тұрақтылыққа жауапты құрылғылардың кабельдерінің есебі;

14) нажағайдан қорғау есебі.

15) электрстатикалық және гальваникалық ұшқын қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар тізбесі (мұнай тасымалдауға арналған кемелер үшін).

11. Байланыстар және навигация құралдары:

1)* радиобайланыс құралдарының, дауыс ұлғайтқыш байланыстарының және трансляцияның, электррадионавигацияның, қызметтік телефондық байланыстың құрылымдық схемасы;

2)* радиорубкада, аппаратта жабдықтарды орналастыру сызбалары;

3)* антендардың орналасу сызбалары (кеменің жалпы түрінде көрсетілуі мүмкін);

4) антенн параметрінің және радиобайланыстың қашықтық есебі.

 

 

2. Қайта жабдықталатын, жаңғыртылатын, қайта қалпына келтірілетін немесе қайта сыныпталатын кемелердің техникалық құжаттамасы

 

12. Қайта жабдықтау, жаңғырту, қалпына келтіру жөндеулері, жаңарту немесе кемені қайта сыныптауды бастағанға дейін Кеме қатынасы тіркеліміне қарауға корпустың, тетіктің және кеме жабдығының қайта жабдықтауға, жаңғыртуға, қалпына келтіруге жаңартуға немесе жөндеуге жататын корпус бөліктері бойынша техникалық құжаттама ұсынылады.

Беріктілік, орнықтылық және с.с. сипаттамасы өзгергенде кемені қайта жабдықтау нәтижесінде тиісті есептеулер немесе негіздемелер ұсынылады.

13. Корпус конструкциясы өзгерген кезде, кемеде алғашқыдан маңызды түрде айрықшаланатын және осы Қағида талаптары таралатын жаңа техникалық құралдарды немесе құрылғыларды орнату үшін, Кеме қатынасы тіркеліміне жасалудағы кеме үшін белгіленген көлемде тиісті техникалық құжаттама ұсынылу қажет (осы қосымшаның 1-тарауы).

14. Кемені қайта сыныптау үшін Кеме қатынасы тіркеліміне мына құжаттамалар ұсынылады:

1) қайта сыныптауды негіздеумен түсіндірме жазба;

2) кеменің барлық элементтері бойынша жаңа сынып үшін қолданыстағы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітілетін Ішкі суларда жүзетін кемелерді жасау қағидасы немесе «өзен-теңіз» аралас жүзу кемелерін жасау қағидасы талаптары сәйкестігінің талдауы;

3) жаңа сынып үшін негіздемесімен қолданыстағы осы Қағида талаптарынан айрықшаланатын шешімдер тізбесі;

4) халықаралық нормативті құжаттар талаптарына сәйкестік талдауы (халықаралық рейстерді жүргізетін кемелер үшін). Ақпарат ретінде жолданады;

5) сипаттамаға қосымша;

6)* сынау бағдарламасы;

7)* Тиеу және түсіру бойынша нұсқаулық немесе оған қосымша;

8)* орнықтылық және суға батпаушылық туралы ақпарат немесе оған қосымша;

9) жалпы және жергілікті беріктілік есептері;

10) нығайту құрылымдары және корпус байланыстарының өлшемдерін таңдау бойынша қосымша есептер;

11) су үсті бортының есебі және жүк маркасының сызбасы;

12) басты қозғалтқыштардың, жылжымалы-рульдік кешеннің және олардың техникалық сипаттамасын бұзбай, құжаттамамен және Қағидамен жеткізу анықталатын кемелік электрстанцияның пайдалану мүмкіндігін растайтын негіздеме;

13)* корпусты нығайтуға қатысты, қайта жабдықтауға және жабдықтауларға дейін, жалпы орналасу сызбаларын қоса кемені қайта сыныптауға арналған техникалық құжаттама;

14) маневрлік кестені қоса, кеменің маневрлік есебі;

15) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітілетін Пайдаланудағы кемелерді куәландыру қағидасында регламенттелгеннен айрықшаланатын қалдық қалыңдықтардың және қалдық деформациялардың арнайы нормативтері.

 

 

3. Белгіленген жүзу ауданынан тыс кемені айдау жобасы

 

15. Кемені айдау жобасы мыналарды қамтиды:

1) айдау ауданы және шарты, айдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жазумен түсіндірме жазба (ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шараларды қоса);

2) айдау ауданы және шарты үшін Қағидамен талап етілетін беріктілік, орнықтылық және су үсті бортының биіктігінің есебі;

3) корпусты және қондырманы нығайту бойынша сызбалар;

4)* корпуста және кеме қондырмаларында тесіктерді жабу сызбалары және схемалары, сондай-ақ кеменің теңізде жүру жылдамдығын жоғарылатуға арналған құрылым қондырғылары (толқынды шабатын, қондырмаларды қорғау, рубкалар);

5)* сүйреуге және/немесе итеруге арналған құрылғылардың сызбалары, брагтау схемалары;

6)* сигналды-ажыратқыш шамдардың және сүйретілетін кеменің күндізгі сигналдарының орналасу сызбалары;

7) энергетикалық қондырғының, энергетикалық, радио және навигациялық жабдықтардың сипаттамалары;

8) рульдік, зәкірлік, швартовты құрылғылардың, өрттен қорғаудың, құтқару және сигнал құралдарының сипаттамасы;

9)* апаттық жабдықтаулар тізбесі және оның орналасу схемасы;

10)* кемені айдап әкелуші капитанға немесе сүйрету - кемесінің капитанына арналған, ауа райы бойынша шектеу, кемені балластировкалау бойынша, кемелік қорларды жұмсау және апатты жағдайларда кеменің өмір сүруіне күресу бойынша нұсқау белгіленген ұйымдастыру шараларын қосатын Нұсқаулық.

 

 

4. Ірі габаритті және/немесе ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға кемені дайындау бойынша техникалық құжаттама

 

16. Құжаттама мына материалдарды қамтиды:

1)* кемеде тасымалданатын жүктің габаритті өлшемдерін, ауырлық орталығының координатын және жүктің әрбір бірлігінің салмағын, бекіту тәсілдерін және бөлшектерін (керілген брусь, тіректер, найтов) көрсетумен орналасу схемасын;

2)* сигналды - ажыратқыш шамдардың және найзағайды бұрғыш құрылғының орналасу схемасы, егер олар өзгеріске шыдаса;

3)*нығайтулар сызбасы - қалқалар және жартылай қалқалар, фермалар, рамалық белдемдер, тіректік конструкцияның жүктен тарайтын жүктемелер; түзетуші төсеніштер, тербеліс және арқандап байлау кезінде жүктің қозғалып кетуінен сақтайтын құрылғы;

4) кеменің жалпы және жергілікті қосымша беріктілік есебі және тиеу-түсіру және тасымалдау кезінде жүктің тең бөлінбеуін ескерумен тіректік конструкцияларға үлесті жүктеме шоғырлан. Жүктен жергілікті жүктемені анықтау кезінде тербелістен инерциялық жүктеме ескрілуі қажет;

5) онда тербеліс және арқандап байлау кезіндегі инерция күші ескерілген босату және күш салу беріктілігінің есебі. Егер үйкеліс күші ығыстыру күшіне артса, босатуды көздемеуге болады. Жүктің тіректік беті бойынша немесе түзетуші төсеніш бойынша шекті рұқсат етілетін қысым белгіленуі қажет.

6)* кеменің беріктілік және орнықтылық есебі негізінде әзірленген, балластировкалау мүмкіндігі және қажеттілігі көрсетілген, сондай-ақ бірізділігі, қосымша конструкциялардың сызбаларымен тиеу-түсіру тәсілін және схемалары көрсетілген тиеу-түсіру бойынша қосымша нұсқаулық;

7)* орнықтылық, суға батпаушылық және дифференттеудің беріктілік есебі негізінде жасалған орнықтылық туралы қосымша ақпарат.

8)* ұйымдастыру іс-шаралары, ауа райы бойынша шектеу белгіленген тасымалдау маршруты кіретін, жүкті қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша капитанға арналған нұсқаулық.

17. авариялық орнықтылықты тексеру кезінде ІСЖКЖҚ-ның 12 және 13-бөлімдерінің талаптары орындалады.



 

 

5. Кемелік техникалық құралдардың және жабдықтардың техникалық жобасының құжаттамасы

 

18. Іштен жану қозғалтқыштары, редукторлар:

1) түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарт;

3)* жалпы түрдің сызбалары және жауапты бөлшектердің сызбалары;

4)* отын, майлау, салқындату, іске қосу, электржабдық, дистанционды басқару, автоматтандыру, АШС және қорғау жүйелерінің принципті схемалары;

5)* стенділік сынаудың бағдарламасы;

6)* қозғалтқыштың жауапты бөлшектерінің беріктілікке есептері, желдеткіш құрылғысының және картердің сақтандырғыш клапандарының есептері, мойынтіректердегі жоғары және орташа үлесті қысымдары бойынша мәліметтер (түпкі, бұлғақ, тіректік), біліктердің және редуктордың ирек ілінісінің беріктілікке есебі, иірмелі жүйелердің жорамал бөліміндегі иірмелі тербеліс параметрлерінің есебі;

7) шығарындылардың техникалық паспорты.

19. Булы және су қыздыратын қазандар:

1) техникалық тапсырмаларымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* 1:10 кем емес масштабтағы бойлық және көлденең тіліктермен құрастыру сызбалары және 1:2 кем емес масштабтағы жалғау бөлшектері;

4) қазандарды, жылу ауыстырғыш аппараттарды және қысымдағы ыдыстардың беріктілігін есептеу бойынша басшылыққа сәйкес қазанның беріктілік есебі;

5) сақтандырғыш клапандардың қима ауданының есебі;

6)* құрастыру және дәнекерлеудің технологиялық процесі;

7)* АШС және қорғауды автоматтандырудың принципті схемалары;

8)* сынау бағдарламасы.

20. Жүк көтеру құрылғысы:;

1) техникалық тапсырмасымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* металлконструкцияны, механизмдерді әкелуші жүк көтеруші құрылғысының жалпы түрінің сызбасы;

4) кинематикалық схема;

5)* электр жабдықтың принципті схемалары;

6) қауіпсіздік құралдары және құрылғыларының схемалары (олардың қолданылуын бейнелеумен);

7) жүк көтеру құрылғысының элементтеріндегі күш және кернеу есебі;

8)* сынау бағдарламасы.

21. Тізбектік жабдықтар:

1) техникалық тапсырмаларымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* стендте сынаудың бағдарламасы;

4)* құлыптың немесе керу станциясының құрастыру сызбалары;

5)* жауапты бөлшектің сызбалары;

6) бөлшектердің беріктілік есебі.

22. Палубалық және қосымша механизмдер:

1) техникалық тапсырмаларымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* жалпы түрінің сызбалары;

4) жауапты бөліктердің құрастыру сызбалары;

5)* басқарудың, АШС және қорғауды автоматтандырудың принципті схемалары;

6)* Қағидада айтылған есептер;

7)* сынау бағдарламасы.

23. Тісті және гидравликалық берілістер:

1) техникалық тапсырмаларымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* жалпы түрінің тіліктерімен сызбалары;

4) кинематикалық схема;

5) осы Қағидада айтылған есептер;

6) авариялық-сақтандырғыш сигнал беруді және қорғауды басқарудың принципті схемасы;

7)* сынау бағдарламасы.

24. Электр жабдықтар:

1) техникалық тапсырмаларымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* жалпы түрінің тіліктерімен сызбалары;

4)* принципті электр схемалар, авариялық-сақтандырғыш сигнал беру және қорғауды автоматтандыру схемалары;

5) осы Қағидада айтылған есептер;

6)* сынау бағдарламасы.

25. Байланыс және навигация құралдары:

1) түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3) жалпы түрінің сызбалары, есептер;

4) құрылымдық схемалар;

5)* сынау бағдарламасы.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет