3. Тану туралы куәлік
39. Ұйымдарды тану мақсаты болып ұйымның Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес өнімдерді дайындау, жұмыстарды орындау және/немесе қызмет көрсету мүмкіндігін бағалау табылады.
40. Тану туралы куәлік ұйымдарға осы Қағиданың 46-78-тармақтарында айтылған шарттарды сақтағанда беріледі.
41. Тану туралы куәлікті дайындаушы ұйым және сынақ зертханасы Кеме қатынасы тіркелімімен материалдар мен бұйымдарды дайындауды, сынау жүргізуді техникалық бақылауды жүзеге асырғанға дейін алады.
Тану туралы куәлікті, нәтижесі Кеме қатынасы тіркелімінің сыныптамалық қызметінде қолданылатын жұмыстарды орындаушы ұйым, мұндай жұмыстарды орындауға дейін алынады.
42. Тану туралы куәлік:
дайындаушы - ұйымдарға (кеме жасаушы, кеме жөндеуші, машина жасаушы зауыттарға және жасауда, пайдалануда және жасауда табылатын кемелерге қолданылатын материалдар және/немесе бұйымдарды шығарушы басқа да ұйымдарға);
Қағида талаптарына сәйкес жұмыстарды орындаушы ұйымдарға (осы Қағиданың 64-тармағы);
сынақ зертханаларына беріледі.
43. Тану туралы куәлік тікелей материалдар мен бұйымдарды дайындаушы, жұмыстарды орындаушы, сынауларды жүргізуші ұйымдарға беріледі.
Материалдар мен бұйымдарды дайындаушы, жұмыстарды орындаушы, сынақтарды жүргізуші, мәлімделген жұмыс сапасына әсер ететін басқа ұйымға қандай да бір процесті орындауға толықтай немесе жартылай тапсырушы ұйыммен, мердігер шартын жасасқан, осы шартқа байланысты ақырғы материалдар мен бұйымдарға, жұмыстарды орындауға немесе сынау нәтижелері, сондай-ақ мердігердің жұмысын бақылаушы ұйым танылады. Мұндай жағдайда мердігерге берілген дайындалған материал мен бұйымның, орындалған жұмыстың немесе жүргізілген сынақтың кеменің пайдаланудың техникалық қауіпсіздік әсеріне байланысты, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мердігерге куәландыру жүргізе алады.
Тану туралы куәлік материалдар мен бұйымдарды, жұмыстарды немесе қызметтерді өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдық қызметті жүзеге асырушы ұйымға берілмейді.
Материалдар мен бұйымдарды сату үшін шығарушы уәкілетті ұйым, тұтынушылардың қабылдауы және талаптарды қанағаттандыруы материалдар немесе бұйымдардың сапасына тиісті емес қатыстылары дайындаушы-ұйым ретінде танылмайды.
44. Тану туралы куәлік ұйымдарға:
бір немесе бірнеше материалдар мен бұйымдарды дайындауға;
бір немесе бірнеше жұмыс түрлерін орындауға;
бір немесе бірнеше сынақ түрлерін орындауға беріледі.
45. Қолданыстағы Тану туралы куәлік болмаған, сондай-ақ оның қолданысын тоқтатқан немесе жойған жағдайда, ұйыммен орындалатын жұмыстар Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен қабылданбайды (осы Қағиданың 12-тармағы).
Тану туралы куәлік болмаған жағдайда ұйыммен орындалатын жұмысты Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қабылдаудан бас тартуынан туындайтын келіспеушілікті болдырмау үшін, ұйыммен Тану туралы куәліктің мерзімі аяқталуынан 2 ай мерзім бұрын ұйымды тануға өтінім беру ұсынылады.
Алдыңғының мерзімі өткенге дейін берілген, Тану туралы куәлікті қолдану мерзімі бұрын берілгеннің мерзімі өткен күннен бастап белгіленеді.
46. Тану туралы куәлік Кеме қатынасы тіркелімінің нақты техникалық бақылау объектісіне берілген сертификатты немесе басқа ұқсас құжатты ауыстыра алмайды.
47. Тану туралы куәлікті алу үшін ұйым Кеме қатынасы тіркелімімен белгіленген нысан бойынша (осы Қағиданың 3-қосымшасы) осы Қағиданың 65-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса Кеме қатынасы тіркеліміне өтінім жолдайды
Өтінімді қарағаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ұйымға куәландыру және қажетті сынауларды жүргізеді.
Куәландыру жүргізуші Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ұйыммен ұсынылған мәліметтерде қамтылған мәліметтердің дұрыстығына, сондай-ақ сынауды жүргізуді ескеріп, ұйымның мәлімделген жұмыс түрін орындау мүмкіндігіне көз жеткізуі тиіс (осы Қағиданың 49, 59, 66-тармақтары).
48. Сынақ Кеме қатынасы тіркелімімен келісімі бойынша жүргізіледі.
Сынақ көлемі осы Қағида талабы негізінде белгіленеді, сонымен бірге осы ұйымда типтік материалды немесе бұйымды мақұлдау кезінде жүргізілген техникалық бақылау объектісінің сынау нәтижелері ескеріледі.
49. Дайындаушыны тану туралы куәлік ұйымға беріледі, егер:
1) сынақ нәтижелері осы Қағидаға сәйкес келсе;
2) өндіріс технологиясы және техникалық бақылау жүйесі тиісті деңгейді және өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етсе;
3) жұмысты орындау және өнім сапасын бақылау үшін ұйым қажетті білікті мамандармен қамтылса.
Айтылған шарттарды орындау Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жасайтын ұйымды куәландыру акітісімен расталады және Тану туралы куәлікті беру негізі болып табылады.
50. Құжаттарды қарау, кәсіпорынға куәландыру жүргізу және Тану туралы куәлік беру Кеме қатынасы тіркелімімен тиісті негізде жүргізіледі.
51. Тану туралы куәлік ұйымға бірнеше жұмыс түрлерін өндіруге беріледі.
Жұмыс номенклатурасы өзгерген жағдайда жаңа Тану туралы куәлік ресімделеді.
52. Дайындаушы - ұйымның Тану туралы куәлігінде мыналар көрсетіледі:
1) ұйымның атауы, қала, мемлекет;
2) техникалық бақылау объектісінің атауы және белгісі;
3) қосымша техникалық мәліметтер немесе нұсқаулықтар;
4) техникалық бақылаудың белгіленген нысаны;
5) тану туралы куәліктің мерзімі.
53. Куәлікті қолдану мерзімі өткеннен кейін, осы Қағиданың 47-49-тармақтарында белгіленген тәртіпте ұйым куәландыруға жатады.
54. Кеме қатынасы тіркелімі мынадай жағдайларда Тану туралы куәлікті жоя алады:
1) ұйыммен осы Қағиданың 49-тармағында көзделген шарттар бұзылған кезде;
2) Кеме қатынасы тіркелімінің келісімінсіз, оның құзырына жататын мәселелер бойынша техникалық құжаттамаға өзгеріс енгізу кезінде;
3) рұқсат етілмеген ақауларды немесе өнім сапасының тұрақтылығы бұзылғандығын тапқан кезде.
55. Материалдарды және бұйымдарды және кемелерді жасау кезінде осы Қағидамен регламенттелген сынауларды жүргізетін сынақ зертханалары (бұдан әрі - СЗ), осы сынауларды жүргізу үшін олардың жинақтылығын тексеру мақсатында Кеме қатынасы тіркелімімен куәландырылады.
56. Құзыреттілігін тексеру заңды тәуелсіз зертханалар қатынасына сияқты, дайындаушы-ұйымның құрамына кіретін зерханаларға да жүргізіледі.
57. Сынауларды жүргізудегі зертханалардың құзыреттілігі Зертхананы тану туралы куәлікпен расталады.
Бұл талап сол ұйымның Тану туралы куәлігі бар екеніне қарамастан, дайындаушы-ұйым құрамына кіретін зертханаларға да қолданылады.
58. Зертхананы Тану туралы куәлікті алу үшін, Кеме қатынасы тіркеліміне мыналарды қоса беретін өтінімді жолдайды:
1) құрылтайшы құжаттарының көшірмесі (жарғы, құрылтай шарты немесе ереже, жеке (басқа) орындаушы органды тағайындау туралы шешім);
2) салық төлемшісі ретінде мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
3) сынақ зертханасы паспортының көшірмесі.
СЗ-да СЗ-ның паспорты болмаған жағдайда, осы Қағиданың 65-тармағында көрсетілген ақпарат ұсынылады.
59. Кеме қатынасы тіркелімі өтінімді қарағаннан және сынақ бағдарламасын келіскеннен кейін, зертхана нәтижесі бойынша акті жасалатын Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуымен бақылау сынағын жүргізеді.
60. СЗ Тану туралы куәлік жыл сайынғы растаумен екі жыл мерзімге беріледі.
61. Зертхананы тану туралы куәліктің қолданылу кезеңінде:
1) тану туралы куәлікте көрсетілген өзінің қызмет саласындағы кез келген өзгеріс жөнінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерін хабардар етеді. Өзгерістерге байланысты егер Кеме қатынасы тіркелімі қажет деп тапса қосымша куәландыру жүргізіледі;
2) Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне сапаны қамтамасыз ету бойынша және сынау жүргізу әдістерін жазуға, сынау процестеріне, жабдықтарға, есепті құжаттарға және статистикалық мәліметтерге рұқсатты қамтамасыз етеді.
Көрсетілген шарттарды орындамаған жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің куәліктің қолданылу мерзімін тоқтатады немесе қабылданған шешім туралы зертхананы жазбаша хабардар етіп күшін жояды.
Зертхана Кеме қатынасы тіркеліміне кезекті тексеру жүргізуге дайындық мерзімін көрсетіп өтінім жолдайды, бірақ Куәлікті жаңарту мерзіміне дейін екі ай бұрын хабардар етеді.
62. Тексеру және сынау процесі кезінде Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылатын техникалық ақпарат құпия болып табылады және қандай да бір үшінші жаққа беруге жатпайды.
63. Нәтижесі Кеме қатынасы тіркелімімен сыныптамалық қызметте қолданатын жұмыстарды орындаушы ұйымдар осындай жұмыстарды бастағанға дейін Тану туралы куәлік алады.
64. Тану туралы куәлік мынадай жұмыс түрлеріне беріледі:
1) кемелерді Кеме қатынасы тіркелімінің сыныбына жобалау;
2) корпус конструкциясының қалыңдығын өлшеу;
3) су асты куәландыру;
4) кемелік техникалық құралдарға диагностика жасау, сынау және техникалық қызмет көрсету;
5) үрлемелі құтқару құралдарына қызмет көрсету;
6) байланыс аппаратурасына және навигациялық жабдықтарға қызмет көрсету;
7) жүккөтергіш құрылғылардың металконструкцияларын тексеру;
8) монтаждық - жөндеу жұмыстары;
9) ұйым өтінімі бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің құзыреті аясында басқа да жұмыс түрлеріне.
65. Тануды жүзеге асыру үшін, ұйым Кеме қатынасы тіркелімімен белгіленген нысанда (осы Қағиданың 3-қосымшасы) немесе ерікті нысанда мыналар қоса берілетін өтінім жолдайды:
1) ұйым туралы ақпарат - ұйымдық-құқықтық құрылым және басқару жүйесі.
Ұйым тіркелген елдің ұлттық заңнамасына сәйкес тиісті құқық белгілейтін және тіркеу құжаттарының көшірмесімен қоса ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген ұйымның толық атауы:
Құрылтайшы құжаттар (жарғы, құрылтайшы шарт немесе ереже, жеке (басқа) орындаушы органды тағайындау туралы шешім).
мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасынан тыс жерде табылатын ұйымдар үшін, оның заңды тұлға/жеке кәсіпкер ретінде тиісті мемлекетте тіркелуін растайтын құжат).
салық төлеушісі ретінде мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі.
ұйымды тану кезінде Кеме қатынасы тіркелімімен қарым қатынас жасауға уәкілетті ұйым жұмыскерінің лауазымының атауы, тегі, аты, жөні, байланыс телефоны;
өндірістің орналасқан мекенжайы;
Тану туралы куәлікті алуға мәлімделген жұмыстарды орындаушы ұйымның немесе өндірістік учаскенің ұйымның техникалық бақылау органымен жалпы құрылымдық схемасы келтіріледі (мәлімделген жұмыс түрлеріне қайда және қандай маман қатыстырылатыны көрсетіледі).
Мәлімделген жұмыс сапасына әсер ететін (мердігер) және қандай да бір процесті орындауға басқа ұйымға толықтай немесе жартылай тапсыру туралы және тапсырылған процеске дайындаушы-ұйыммен бақылауды қамтамасыз ету туралы ақпарат көрсетіледі;
Сонымен бірге мәлімделген жұмыс сапасына әсер ететін қандай да бір процесті толықтай немесе жартылай орындайтын (мердігер) тарапты ұйымда Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі болуы тиіс;
2) ұйыммен орындалатын жұмыстар туралы ақпарат.
Ұйым Тану туралы куәлік алуға үміттеніп отырған, қызмет түрі және өндіретін жұмыс түріндегі шығарылатын өнім номенклатурасы туралы ақпарат көрсетіледі;
3) персоналдардың кәсіби дайындығы және біліктілігі туралы мәлімет.
Тану туралы куәлікті алу үшін мәлімделген жұмыстарға қатысушы штатты (штаттан тыс) жұмысшылардың және инженер-техникалық персоналдардың мамандығы, саны туралы жалпылама мәліметтер келтіріледі.
Ұйымда жұмыс істейтін дәнекерлеушілердің саны көрсетіледі.
Сонымен бірге штаттық және жұмылдырылатын дәнекерлеушілерде Кеме қатынасы тіркелімімен берілген дәнекерлеушінің рұқсат куәлігі болуы тиіс.
Ұйымда толықтай немесе жартылай штатты жұмысшылар болмағанда, мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қандай ұйымнан және қандай құжаттар негізінде жұмыскерлерді жұмылдырылатыны көрсетіледі.
4) қолданылатын жабдықтар және құралдар туралы қысқаша бейнелеу және сипаттама.
Тану туралы куәлікті алу үшін мәлімделген жұмыстарды орындауға ұйыммен қолданылатын жеке (жеке емес) жабдықтарының (станоктік, стенділік, дәнекерлеуші, сынау) саны және сипаттамасы туралы жалпылама мәлімет келтіріледі.
Тексеру және сынау нәтижелерінің шынайылығын қамтамасыз ету туралы ақпарат (тексеру және өлшеу құралдарын калибрлеу) - құралдардың паспортының, құралдарды тексеруді растайтын құжаттардың көшірмелері немесе мұндай қажеттіліктің болмауы және тексеру мерзімдері туралы мәліметтер.
Басқа ұйыммен ұсынылған жабдықтарды қолданған кезде (құралдар, жабдықтар) анықтамада көрсетілген жабдықтар туралы (құралдар, жабдықтар) олар қандай негізде ұсынылады және тексеру мен сынау (өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу) нәтижелерінің шынайылығына кім жауапты болып табылатындығы туралы жалпылама мәлімет көрсетілуі тиіс.
Тану туралы куәлікті алу үшін мәлімделген жұмыстарды орындайтын ұйымның жеке немесе жалға алынған өндіріс алаңдарының болуы туралы ақпарат;
5) жұмыстарды орындауға арналған бекітілген нұсқаулық;
6) хаттамалар немесе басқа да есепті құжаттардың нысаны.
Сынауларды қабылдау-тапсыру нәтижелері бойынша ұйыммен ресімделетін құжаттардың атауы келтіріледі.
7) ішкі сапа жүйесінің болуы туралы ақпарат;
Өзіне кіру бақылауы, пооперациялық бақылау, шығу бақылауы, мерзімдік тексеру және/немесе өлшеу құралдарын калибрлеу жататын ұйыммен орындалатын жұмыстар сапасын бақылау туралы ақпарат келтіріледі.
Егер шығу бақылауды заңды тәуелсіз сынақ зертханасы жүзеге асырған жағдайда - сынақ зертханасында Кеме қатынасы тіркелімімен берілген Тану туралы куәліктің болуы.
8) қосымша ақпарат.
Мәлімделген жұмысты орындау сапасы туралы куәландыратын ақпарат қосымша болып табылады. Кеме қатынасы тіркелімі куәландыруға дайындалу үшін қажетті қосымша материалдарды сұратады.
66. Кеме қатынасы тіркелімі ұйымға куәландыруды жүргізетін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне тапсырма жолдайды.
Ұйымды куәландыру тікелей осы ұйымда жүргізіледі.
Ұйым онымен мәлімделген жұмысты орындауды растайтын сынақ жүргізеді.
67. Куәландыру және сынақ нәтижесі оң болған жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері құжатты жасайды.
Кеме қатынасы тіркелімінің басшылығымен мәлімделген жұмыстар түрінің бір немесе бірнешеуіне Тану туралы куәлікті беру мүмкін еместігі туралы шешім қабылданған жағдайда, ұйыммен келісім бойынша ұйымға сапасы куәландыру актісімен расталған жұмыстарға Тану туралы куәлік беру туралы шешім қабылданады немесе ұйымға анықталған ескертулерді кейіннен қайта куәландырумен жою құқы беріледі.
Кеме қатынасы тіркелімінің басшылығымен мәлімделген жұмыстар түріне Тану туралы куәлікті беру мүмкін еместігі туралы шешім қабылданған жағдайда, ұйымға бұл туралы бас тарту себебі көрсетіліп жазбаша түрде хабарланады.
Өтінім беруші көрсетілген акті бойынша өзінің ескертулерін ұсына алады және қажет болған жағдайда анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша жүргізілген іс-шаралар немесе осындай шараларды белгіленген мерзім ішінде жоспарлау туралы хабарлайды. Актіде жазылған ескертулерді жою мерзімін өтінім беруші белгілейді.
Кеме қатынасы тіркеліміне актіде жазылған талаптардың жойылғандығын растау мақсатында ұйымның қайта өтінім жолдауы ұйыммен еркін нысанда хат арқылы ресімделеді.
Егер анықталған сәйкессіздіктерді өтінім беруші актіні ресімдегеннен кейін үш ай мерзімде жойған болса, онда қайта куәландыру актіде жазылған сәйкессіздіктер көлемінде жүргізіледі.
Болған талаптардың жойылғандығын тексеру нәтижесі бойынша жаңа ұйымды куәландыру актісі ресімделеді. Екі актіде сақтауға жатады.
Егер талаптарды жою мерзімі үш айдан асса немесе жою туралы ақпарат тексеру барысында расталмаса, онда алдыңғы куәландыру нәтижелері күшін жояды.
Актіні ресімдеген сәттен бастап үш ай мерзім өткеннен кейін ұйымды қайта тану, осы Қағиданың 65-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса өтінімді қайта жолдағанда рұқсат етіледі.
68. Тану туралы куәлік Кеме қатынасы тіркелімімен жыл сайын растаумен екі жыл мерзімге беріледі.
69. Егер Тану туралы куәлікте айтылған жұмыс түрлерінің жүйесіне қандай да бір өзгеріс енгізілсе, Кеме қатынасы тіркелімі ол туралы уақтылы хабардар болады.
Негізделген жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімі ұйымға қосымша куәландыру жүргізеді.
70. Тану туралы куәліктің қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) егер жұмыстар ұйыммен дұрыс орындалмаса немесе онымен жалған нәтижелер ұсынылса;
2) егер Кеме қатынасы тіркелімімен ұйыммен орындалатын жұмыс номенклатурасында айтылған қандай да бір жетіспеушіліктер байқалса.
Тану туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы Кеме қатынасы тіркелімі ұйымды жазбаша түрде хабардар етеді.
71. Ұйым Тану туралы куәлікті беру шарттары бір немесе бірнеше жұмыс түрлері бойынша ұйымға берілген Тану туралы куәліктің берілу шартын бұзған жағдайда ұйымда жұмыс қуатының қысқаруы, нәтижесі Тану туралы куәлік берілген жұмыстарды Қағида талаптарына сәйкес ұйыммен орындау мүмкін болмайтын басқа да өзгерістер, ұйым жойылғанда, сондай-ақ осы Қағиданың 54, 61 және 70-тармақтарында айтылған жағдайларда, Кеме қатынасы тіркелімі Тану туралы куәліктің берілу шарттарының сақталуына тексеруді жүзеге асырады.
72. Ұйыммен Тану туралы куәлікті беру шарттарының сақталуын тексеру нәтижелері осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес актімен ресімделеді. Тексеру нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) тексеру нәтижесінде ұйыммен Тану туралы куәлікті беру шарттарының бұзылуы туралы мәліметтер расталмаған кезде, Тану туралы куәліктің қолданылуы расталады;
2) Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес ұйымның өнімді дайындауына, жұмыстарды орындауына, сынақтарды жүргізу қабілеттілігіне әсер етпейтін болар болмас сәйкессіздіктер болғанда, Кеме қатынасы тіркелімі ұйыммен танылған ұйым қызметінде анықталған сәйкессіздіктерді және оның салдарларын жою бойынша Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген мерзімде түзету шараларын жүргізуді ұсынады.
3) Тану туралы куәлік берілген бір немесе бірнеше жұмыстар түрлерін ұйыммен Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес өнімдерді дайындау, жұмыстарды орындау, сынауларды жүргізу қабілетсіздігі байқалған жағдайда, сондай-ақ ұйым жойылғанда Кеме қатынасы тіркелімі мынадай шешімдерді қабылдайды:
Тану туралы куәлік берілген жұмыстың бір, бірнеше немесе барлық түрінің Тану туралы куәлігінің қолданылу мерзімі Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген түзету шараларын жүргізу уақытына дейін тоқтату (осы Қосымшаның
Достарыңызбен бөлісу: |