қағидасына 16-қосымша
Режим №
|
Қозғалтқыштың жұмыс режимі және номиналды режим мәнінен олардың параметрлерінің % мәні
|
Номиналды айналу жиілігінде қозғалтқышты сынау ұзақтылығы,
|
Қуаты
|
Айналу жиілігі
|
Сәт
|
200
кем
|
200-ден 500-ге дейін
|
500-ден 1000-ға дейін
|
1000-нан жоғары
|
1
|
Бос жүріс режимі
|
0
|
0,5
|
0,5
|
0,25
|
0,25
|
Алдыңғы жүктеме астында бұранда сипаттама бойынша жұмыс режимі
|
2
|
25
|
63
|
39
|
1,0
|
1,0
|
0,5
|
0,25
|
3
|
50
|
80
|
63
|
1,0
|
1,0
|
0,5
|
0,5
|
4
|
75
|
91
|
83
|
1,0
|
1,0
|
0,5
|
0,5
|
5
|
100
|
100
|
100
|
8,0
|
6,0
|
4,0
|
1,0
|
6
|
110
|
103
|
107
|
0,5
|
0,5
|
0,5
|
0,5
|
7
|
Артқы жүрістің режимі
|
1,0
|
1,0
|
0,5
|
0,5
|
8
|
Тұрақты айналу жиілігінің ең кіші режимі
|
0,5
|
0,05
|
0,25
|
0,25
|
|
|
|
|
|
-
|
Жалпы сынау ұзақтылығы
|
14
|
12
|
7
|
3,75
|
Ескерту: Бақылау сынауды жүргізу кезінде жұмыс қозғалтқышының жұмыс ұзақтығы 5 режимде кестеде көрсетілгеннен 25% уақыттан артық құрамау, бірақ 0,5 сағаттан кем болмау қажет.
|
Кемелерді жасауды және
материалдар мен бұйымдарды
дайындауды техникалық байқау
қағидасына 17-қосымша
Сипаттама бойынша жұмыс істеуші қозғалтқыш
|
Қозғалтқыштың қуаты кВт кезіндегі сынау ұзақтылығы, сағ
|
бұрандалы, айналу сәті, % номиналды мәннен
|
жүктемелік, қуаты, % номиналды мәннен
|
750 дейін
|
750 жоғары
|
-
|
Бос жүріс
|
0,25
|
0,5
|
39
|
25
|
0,25
|
0,5
|
63
|
50
|
0,25
|
0,5
|
83
|
75
|
0,25
|
0,5
|
100
|
100
|
1,00
|
2,0
|
-
|
110
|
0,25
|
1,0
|
Артқы жүріс
|
-
|
0,50
|
0,5
|
Ескерту. 100% режимде басты кемелерді сынау уақыты екі есе ұлғайтылу қажет.
|
Кемелерді жасауды және
материалдар мен бұйымдарды
дайындауды техникалық байқау
қағидасына 18-қосымша
режим №
|
Сипаттама бойынша жұмыс істеуші дизель
|
Сынау ұзақтылығы, с
|
бұрандалы, айналу жиілігі, номинальды мәннен %
|
Жүктемелік, қуат, номиналды мәннен %
|
1
|
Ең кіші тұрақты
|
-
|
0,25
|
2
|
63
|
25
|
0,50
|
3
|
80
|
50
|
0,50
|
4
|
91
|
75
|
0,50
|
5
|
100
|
100
|
4,00
|
6
|
103
|
110
|
1,00
|
7
|
Артқы жүрістің номинальды қуатына сәйкес режим
|
-
|
0,50
|
|
|
|
Ескерту. 100% қуат режимінде басты кемелерді сынау уақыты екі есе ұлғайтылу керек.
|
Кемелерді жасауды және
материалдар мен бұйымдарды
дайындауды техникалық байқау
қағидасына 19-қосымша
Сынақ жүргізу және құтқару құралдарына техникалық қызмет көрсету
1. Жалпы ережелер
1. Осы басшылық Кеме қатынасы тіркелімінің сыныбы бар кемелердің құтқару құралдарына қолданылады және құтқару құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынауды, пайдаланудағы кемелерде үрлемелі ұжымдық құтқару құралдарына техникалық қызмет және тексеру, сондай-ақ пайдаланудағы кемелерде жеке құтқару құралдарын тексеру және сынау жөніндегі әдістеме бойынша нұсқаулықтарды қамтиды.
2. Осы басшылық Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерлеріне және кемелік құтқару құралдарын дайындаумен, сынаумен, техникалық қызмет көрсетумен және пайдаланумен айналысатын ұйымдарға арналған.
3. Осы нұсқаулықта мынадай түрде түсіндірілетін терминдер пайдаланылады:
1) газ толтыру жүйесі - сығылған газды сақтауға арналған сыйымдылықтардың жиынтығы, үрлемелі құтқару құралдарын жұмыс газымен толтыруға арналған арматуралар жалғаулар;
2) гидростатикалық ажыратқыш құрылғы - кемені белгілі бір тереңдікке батыру кезінде үрлемелі құтқару салын автоматты түрде ажыратуды қамтамасыз етуші техникалық құрал;
3) көтеру-түсіру құрылғысы - қайықта оны ілуге және шлюпбалкаға бекітуге арналған көздеу тетігі;
4) ІЖКЖҚ- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген, Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6873 тіркелген );
5) ІСЖКСҚ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген, Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасы, уәкілетті органмен бекітілген сыныптау қағидасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6883 тіркелген).
2. Құтқару құралдарының тәжірибелі үлгілерін сынау әдістемесі
4. Құтқару құралдарының тәжірибелі үлгісі (ІЖКЖҚ-ның 3353-тармағы) Кеме қатынасы тіркелімі келісілген сынау бағдарламасы бойынша осы Қосымшада келтірілген, әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес сыналады.
5. Басқа сынау әдістерін қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауынан және белгіленген тәртіпте келісілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
6. Шлюпканы өлшеу үшін бойлық және көлденең бағыттағы деңгей бойынша көлденең орналастырады.
Өлшеу кезінде жобалық құжаттаманың шлюпка корпустарының L, В, Н өлшемдерін және А арақашықтығын, банкі биіктігі және көлденең банкалар арасындағы арақашықтыққа сәйкес орналастырады. Мұндағы:
L - планширдің төменгі жиегі деңгейіндегі сыртқы қаптама бетінің форштевнь және ахтерштевнмен қиылысындағы қаптаманың сыртқы тіректік тармағындағы проекциялар арсындағы арақашықтық, м;
В - қаптаманың сыртқы биіктігінің аралығындағы ең үлкен ені;
H - Тіректік нүктеден планшир жиегіне дейінгі қайықтың орта ұзындығындағы борт биіктігі, м;
А - көтеруші гактардың осьтік сызықтар арасындағы арақашықтық, м;
7. Кемелік құрылғылармен және жабдықтау заттарымен толықтай жиналған қайық көлемін өлшеу арқылы анықтайды. Өлшеу қайық гактарына бекітілген, динамометрлер көмегімен жүргізілуі мүмкін.
8. Су үсті бортының биіктігін мидель-шпангоутте қайықтың екі борты бойынша бос және толық жүктемеде тынық суда өлшейді.
Жабдықтаулар және адамдар көлемін жүктің эквивалентті көлемімен ауыстыруға рұқсат етіледі. Бір адамның салмағын 75 кг деп алады, ал ауырлық күші орталығының орналасуын - банкіден 0,3 м биіктікте.
9. Шлюпканы көтеру-түсіру құрылғысына іледі және адамдар отыруға арналған бөлінген жерлерді мынадай формула бойынша анықталатын, жүк көлемімен толтырады, кг:
Мұндағы: GK - шлюпка корпусының көлемі, кг; <7Л - адамдар көлемі, кг; Gc - жабдықтау көлемі, кг.
Бір мезгілде кильді, кильсондарды, ширстректі, планширді қарайды. Егер сызаттар мен басқа зақымданулар болмаса шлюпка сынақтан өтті деп есептеледі.
10. Пластмассадан жасалған шлюпканы қосымша соққыға және лақтыруға сынайды.
Адамдар және жабдықтаулар көлеміне тең жүгі бар қайықты, қайық гакынан тыс ұзындығы 6 м шлюпка планширынан жоғарғы бетке дейін 0,5 м қашықтықтағы жүктерді ілетін арқанға іледі (мысалы, бетон дуалдар).
Шлюпканы тік бетінен 2,5 м ауытқытады және лезде түсіреді.
Шлюпканы сол жүктемемен килдің төменгі жиегінен судың бетіне дейін 2,5 м биіктіктен лақтырады. Сынақ өткізетін жердегі судың тереңдігі мидель-шпангоутте кемінде екі есе борт биіктігіндей болуы тиіс.
Егер қалдық деформациялар, сызаттар және басқа да ақаулар байқалмаса, қайық сынақтан өтті деп есептеледі.
11. Сынақтан өтпеген қайық, ақауларын жойғаннан кейін қайта сынауға жіберіледі.
12. Беріктілікке шыдаған шлюпканы мынадай тәсілдердің бірімен су өткізбеушілікке сынайды:
кильблоктарда - толық адам көлемімен немесе балластпен, оларды ауыстырушылармен және жабдықтаулар жинағымен шлюпканың тиісті шөгу деңгейіне дейін корпусқа су құюмен, қайық сынаудан өтті деп есептеледі, егер толтыру сәтінен бастап 2 сағат ішінде қайықтың сыртқы бетінде ағу және тамшы болмаса;
жүзу кезінде - толық адамдар санымен және жабдықтаулар жинағымен тиісті су ығыстыруда шөгу кезінде. Түзу киль бағытында және қисаюсыз 2 сағат жүзуде болған қайықта ағу болмауы тиіс, бірақ ағаштан жасалған қайықтар үшін кильсонның төменгі жиегінен 20 мм деңгейге дейін судың кіруіне рұқсат етіледі.
Су өткізбеушілікке сынаудан өтпеген шлюпка, ағуларды жойғаннан кейін қайта сыналады.
13. Кильблоктарда және жүзуде шлюпканың су үсті бөлігін сынау үшін, су планшир деңгейіне жеткенше оң және сол жаққа бортқа кезекпен еңкейтеді. Әрбір бортта ұстап тұру уақыты - 30 минут. Егер борттың бақыланатын бетінде ағу болмаса, қайық сынақтан өтті деп есеептеледі.
14. Орнықтылыққа сынау кезінде:
1) тиісті көлемге рұқсат етілген адамдар санымен және жабдықтаулар жүктемесімен жүзу кезінде жүргізеді. Жүгі бар адамдар және жабдықтауларға арналған орындарға орналастырады. Адамдарды алмастырушы жүктің ауырлық орталығын банкіден 0,3 биіктікте орналастырады және қисайту кезінде ығысудың алдын алу үшін бекітеді. Шлюпкада қисаю болмау тиіс.
2) қисайту үшін, көлемі толық су ығыстырудың 4-5% құрайтын жүкті борттан бортқа ауыстырады. Қисайту кезінде нөлдік бағыттан 100-қа қайықты статикалық крендеу сәтін анықтайды және оларды жобалық құжаттамада көрсетілгенмен салыстырады;
3) ДП-дан бір жақ бойынша штатты-орындарда орналастыруға рұқсат етілген адам санының 50% болған кезінде кемінде 100 мм болуы тиіс, су үсті бортының биіктігінің жеткіліктігін тексереді.
15. Сынақты тынық суда жүргізеді:
Шлюпкада, шлюпке есептелген көлемде орындықтарға арналған жерлерде құтқару кеудешелермен орташа салмағы 75 кг адамдар отырғызылады. Сынақ нәтижесінде есу кезінде адамдар бір біріне кедергі келтіре ме және әрбір адамның тұрып және жабдықтарды қолдану мүмкіндігі бар ма екендігі белгіленеді.
16. Шлюпканы адамдар және жабдықтаулар жинағымен имитациялаушы балластпен суға батпаушылыққа сынау кезінде планширдың жоғарғы жиегі бойынша сумен толтырады. Сонымен бірге кемінде 20 мм болуы тиіс су үсті бортының биіктігін өлшейді және қисаюдың болмауын тексереді.
Егер шлюпка сынақтан өтпесе, онда әуе жәшіктерінің немесе жүзбелі материалдың көлемін ұлғайтады немесе шлюпкада орналастыруға рұқсат етілген адамдар санын азайтады.
17. Әуе жәшіктерін су өткізбеушілікке сынау мынадай тәсілдердің бірімен жүргізіледі;
1) әуе жәшігін өлшейді және оның бетіндегі су қабаты кемінде 100 мм болатындай етіп, толықтай суға батырады. Егер жәшік көлемі өзгермесе, ол сынақтан өтті деп есептеледі;
2) әуе жәшігін температурасы 60 - 70 0С ыстық сумен су қабаты оның бетінде кемінде 100 мм болатындай етіп резервуарға батырады және 10-15 минут ішінде жәшікті суға төңкереді. Жәшіктің герметикалық емес кезінде қыздырылған ауа созылып, сыртқа шыға бастайды және көпіршіктер ақау орнын көрсетеді;
3) сыналатын жәшіктердің бірінің бұрышына жапсырылған сығылған ауа, ниппел арқылы 0,0196 МПа артық қысымға дейін әуе жәшігіне қысымды ұлғайтады. Егер 20 минуттан кейін өлшенген қысымның төмендеуі 1% белгіленген (артық қысым) қысымнан аспаса, жәшік сынақтан өтті деп есептеледі.
жәшік көлемін мынадай тәсілдердің бірімен анықтайды:
жәшік габариттерін өлшеу нәтижелері бойынша орындалған дәл есеппен;
көлемі ыдыспен өлшенген, жәшікті сумен толтырумен;
көлем бірлігіне градиурленген, жылжымайтын шкаламен жабдықталған бакқа жәшікті батырумен. Сынау алдында жәшікті толықтай батырылған жағдайда ұстап тұру үшін бакка жүк түсіреді. Су деңгейі бойынша түсірілген жүгімен бакқа шкаланың нөлдік бөлуін орнатады. Жәшік оған салынған жүгімен бакқа су деңгейінен 100 мм тереңдікке батырылады. Шкала бойынша су деңгейін белгілейді және әуе жәшігінің көлемін анықтайды.
18. Қалқымалы материалды үлгіде сынайды. Үлгіні су астына батыру алдында, үлгі суда ұстап тұруға қабілетті көлемді анықтайды. Содан кейін үлгіні оның бетіндегі су қабаты кемінде 100 мм болатындай етіп толықтай суға батырады және осындай қалыппен 24 сағат ұстап тұрады. Осыдан кейін үлгінің суда ұстап тұруға қабілетті көлемді анықтайды.
19. Егер сынаудың басындағы және аяғындағы жүктердің көлемінің айырмашылығы сынаудың басында 10% жүк көлемінен аспаса және үлгіде сынаудан кейін зақымдану, шөгу, іскен немесе қандай да бір механикалық қасиеттерінің өзгеруі болмаса, үлгі сынақтан өтті деп есептеледі.
20. Әрбір шлюпка гакы (немесе оны алмастырушы құрылғы), сондай-ақ ілу және нығайту бөлшектері қайыққа орнатылғанға дейін Gp ең, жүк көлемімен 10 минут ішінде сыналуы тиіс, кг,
Gp=2(GK+Gn+Gc)/n,
мұндағы GK - шлюпка корпусының көлемі, кг; Gn - адамдар көлемі, кг; Gc - жабдықтаулар көлемі, кг;
n - гактардың саны.
Сынау кезінде шлюпканы оны суға түсіргеннен кейін бос және есептік жүктемемен кеменің көтеру-түсіру құрылғысынан бөлінуін тексереді.
Көтеру-түсіру құрылғысы сынақтан өтті деп есептеледі, егер жүктемені алғаннан кейін бөлшектерде сызаттар, жыртылулар және қалдық деформациялар болмаса. Деформациялардың болмауы бөлшектің жоғарғы бетіне кернмен қондырылған үш нүкте аралығындағы арақашықтықты өлшеу арқылы анықталады.
21. Барлық құрылғыны сынау қайықты беріктілікке сынаумен бір мезгілде жүргізіледі.
22. 50% артық жүктелген, гакқа ілінген қайықты, 0,6 м/с жылдамдықпен түсіреді, содан кейін шұғыл тежейді. Қараумен конструкцияның бүтіндігін, қайық корпусында және тораптарында сызаттардың және деформациялардың болмауы белгіленеді.
23. Қозғалтқыш жұмысын сынау және отын шығынын анықтау кезінде қайықты жүзуде адамдар санына және жабдықтауларға рұқсат етілген тиісті көлемдегі жүкпен жүктейді.
Қозғалтқыштың іске қосылуын оның ішінде қолмен қосуды да тексереді. Сонымен бірге іске қосу уақыты 2 минуттан жоғары болмауы тиіс.
Шлюпканың маневрлеуін 2 сағат бойына тексереді және сонымен бірге отын шығынын тексереді.
24. Шлюпкамен кемінде 3,7 км/с жылдамдықта ең жоғарғы сыйымдылықтағы толық жабдықтаулармен құтқару салын қозғалтқышымен сүйреу мүмкіндігін тексереді.
25. Шлюпканың қозғалтқышының жұмысын иінді біліктің осі бойынша суға батқан күйінде кемінде 5 минут ішінде тексереді. Осы сынау нәтижесінде қозғалтқыш зақымданбауы тиіс.
26. Жоспардағы шлюпкалар өлшемінен асатын өлшеммен, су акваториясына 8 минут ішінде шлюпка корпусын өртеу кезінде жалынмен қамту үшін жеткілікті көлемде керосин құяды.
Отты сынау кезінде шлюпканың ішінде бірнеше жерлерде температураны өлшейді (ол 600С аспауы тиіс). Бір мезгілде таңдап алынған сынама арқылы шлюпканың ішінде түтіннің және ауада зиянды газдардың болмауын тексереді.
27. Отты сынаудан кейін қайықты осы Қосымшаның 4-тарауының 3-параграфына сәйкес су өткізбеушілікке сынайды.
28. Контейнерге немесе қапқа толығымен жинақталған және оралған құтқару салын өлшейді.
29. Қапқа немесе контейнерге оралған жабдықталған құтқару салын 10 м биіктіктен суға лақтырады. Құлаудың шынайы жағдайға ұқсатып, арқанның бос жағын босатады. Салды лақтырғаннан кейін жүзуде 20 минутқа қалдырады және оның қалыпты жүзе алатындығын тексереді. Судан көтерілген салды қарайды. Егер бұл үрленген сал болса, онда оны қарау үшін жұмыс қысымына дейін үрлейді.
Сал сынақтан өтті деп есептеледі егер ол және оның жабдықтауларында салдың пайдалану қасиетін нашарлатуға әкеп соқтыратын зақымданулар болмаса.
30. Салмағы кемінде 75 кг және тегіс табанды аяқ киім киген сынаушылар кемінде 4,5 м 5 реттен кем емес суда жұмыс жағдайында табылатын салға секіруді іске асырады. Секірумен сынауды салға көлемге тең жүкті лақтырумен алмастыруға болады.
Сал егер онда жарылулар және зақымданулар болмаса, сынақтан өтті деп саналады.
31. Толық жүктемемен және жабдықтаулар заттарымен жұмыс жағдайындағы құтқару салы салдың сүйрету ілгегіне тіркелген сүйреткіш арқан көмегімен, тынық суда 5,5 км/с жылдамдықпен кемінде 100 м арақашықта сүйретіледі.
Сал, егер өзі және сүйреуші құралдарда зақымданулар болмаса, сынақтан өтті деп саналады.
32. Есептік адамдарға және жабдықтауларға тиісті көлемдегі жүкпен жүзуде сынау кезінде құтқару салын, су қоймасындағы зәкірге қондырады.
Салды жүзуде 3 тәулікке қалдырады. Егер сал үрлемелі болса, онда ол күніне бір рет қолмен үрленіп тұрады.
33. Сынаумен құтқару салы есептік жүктеме кезінде жабдықтауларға кіретін ескіштер көмегімен кемінде 30 м арақашықтықта тынық суда орналастыруға болатындығы белгіленеді.
34. Салға есептелген орташа салмағы 75 кг адамдарды құтқару кеудешелерімен, салға отырғызады.
Сонымен бірге тент болған кездегі басынан жоғары кеңістікті ескере отырып барлық отырған адамдарға салда орынның жеткіліктігін және салдың ішінде жабдықтаулар заттарымен қолдану мүмкіндігінің болуы белгіленеді.
Сынау кезінде сондай-ақ 1 минут ішінде тенттегі ішінен және сыртынан кірудің жеңіл және жылдам ашылуы мен жабылу мүмкіндігі тексеріледі.
Егер тент алмалы-салмалы болса, онда екі сынаушы 5 минут ішінде жұмыс жағдайында салға тентті орнатады және тенттегі кірудің ашылу және жабылуын тексереді.
35. Тентке судың кіруін болдырмау мақсатында тент астындағы кеңістікке көтерілген тентпен кірулер жабық тұрған кезде кірудің жоғарғы жағына көлденең бағытталған сорғалаған суды 5 минут ішінде шашыратып суарады. Сынау нәтижесінде салдың ішінде айтарлықтай судың жиналуы байқалмауы тиіс.
36. Жұмыс жағдайындағы тынық суда табылатын құтқару салының бір бортына есептік адамдар санын орналастырады. Сонымен бірге жарайтын су үсті бортының қалуы және құтқару салын су басудың қаупі бар ма екендігі белгіленеді.
37. Құтқару салының орнықтылығын тексеру үшін құтқару кеудешелерімен екі сынаушыны отырғызу кезінде судан салға бөгделер көмегінсіз шығады. Бұдан кейін олар судан алдамшы есін жоғалтушы үшінші адамды көтереді. Сынау нәтижесінде салдың орнықтылығы жеткілікті ме және оны аударудың қауіптілігі жоқ па екендігі белгіленеді.
38. Жабдықтауларымен және есептік адамдар санымен (немесе есептік жүктемені келтіретін балластпен) тынық судағы жұмыс жағдайындағы салды толықтай сумен батырады.
39. Құтқару салын қоршаған ортаның температруасы 18-ден 200С-қа дейінгі кезде газ толтыру жүйесінен үрлейді.
Егер жұмыс қысымына 1 минуттан жоғары емес уақытта жетсе және тігістердің деформациясы, жарылу немесе қандай да бір салдың зақымданулары байқалмаса сынаудан өтті деп есептеледі.
40. Керек-жабдықтармен оралған құтқару салын кемінде 24 сағат 300С температурада тоңазытқыш камерада ұстайды. Содан кейін газ толтыру жүйесінен салды үрлейді.
Егер сал жұмыс қысымына 3 минуттан жоғары емес уақытта жетсе және тігістердің деформациясы, жарылу немесе қандай да бір салдың зақымданулары байқалмаса сынаудан өтті деп есептеледі.
41. Керек-жабдықтармен оралған құтқару салын +500С камерада кемінде 8 сағат ұстайды. Содан кейін газ толтыру жүйесін іс-қимылға келтіру жолымен салды үрлейді.
Егер сал жұмыс қысымына 1 минуттан жоғары емес уақытта жетсе және тігістердің деформациясы, жарылу немесе қандай да бір салдың зақымданулары байқалмаса сынаудан өтті деп есептеледі.
42. Қысыммен сынау кезінде құтқару салының әрбір үрленген бөлігін (жүзу камерасы) қысылған ауамен жұмыс қысымынан екі есе асатын қысымға дейін үрлейді.
Егер 10 минут ішінде қысым 5% артығырақ төменджемесе және қандай да бір салдың зақымдану байқалмаса, сал сынақтан өтті деп есептеледі.
43. Сынаумен қандай да бір жүзбелі бөлігі үрленбеген салдың, қалыпты жағдайда отырған орташа салмағы 75 кг есептік адамдар санымен барлық өлшем бойынша қалыпты су үсті бортын жүзуде ұстап тұруға қабілетті екендігі белгіленеді.
44. Температуралық сынауда гидростатикалық ажыратқыш құрылғыны -300С температуралы камераға және онда 8 сағат бойына ұстап тұрады, онан кейін 8 сағат бойына +500С температуралы камераға орналастырады, айтылған процедураны 10 рет қайталайды. Сынаудың аяғында гидростатикалық ажыратқыш құрылғынының бірі -300С температуралы камерадан алынуы және 00С суда қолданысқа келтірілуі тиіс. Басқа гидростатикалық ажыратқыш құрылғы +500С температуралы камерадан алынуы және +300С температуралы суда қолданысқа келтірілуі тиіс.
45. Суға батыру және гидростатикалық ажыратқыш құрылғыны қолмен қайтаруға кезінде сынау оған қоса, ол суға батырылған немесе қысыммен сынау үшін сыйымдылықпен су басуда табылатын есептік гидростатикалық жүктемені сынайды. Құрылғы 4 м жоғары емес тереңдікте ажыратылуы тиіс. Осы сынақ аяқталғаннан және гидростатикалық ажыратқыш құрылғыны бастапқы қалпына орнатқаннан кейін, қолмен ажыратылуы тиіс, егер мұндай ажырату көзделген болса. Бұдан кейін гидростатикалық ажыратқыш құрылғыны қарау үшін ашады. Егер коррозияның іздері немесе сапаның нашарлауы байқалмаса, құрылғы сынақтан өтті деп есептеледі.
46. Беріктілікке сынау. Гидростатикалық ажыратқыш құрылғыны жинағаннан кейін, егер ол арқан құралдарының құрамына кіретін болса, қоса берілген 30 минут ішінде кемінде 10 кН күшпен үзілуге сыналады. Егер гидростатикалық ажыратқыш құрылғы сыйымдылығы 25 адам салда орнатылса, оны кемінде 15 кН күшпен үзілуге сыналады. Үзілуге сынағаннан кейін құрылғы қолмен ажыратуға қабілетті болуы тиіс, егер мұндай ажырату көзделген болса.
47. Жұмыс қабілеттілігін сынауды гидростатикалық ажыратқыш құрылғыны қолдануы мүмкін ең кіші және ең үлкен құтқару салдарын пайдаланумен жүргізеді. Құтқару салын құтқару салын суға түсіру үшін жеткілікті көлемі бар рамаға немесе платформаға көлденең орналастырады. Гидростатикалық ажыратқыш құрылғыны және арқанды сондай-ақ кеме бортына да орналастырады.
Құтқару салы орнатылған платформа мынадай үлгіде суға батырылады:
- көлденең;
- 450бұрышпен көлбеу, содан кейін гидростатикалық ажыратқыш құрылғы жоғарғы ұшында табылатындай 1000 бұрышпен;
- 450бұрышпен көлбеу, содан кейін гидростатикалық ажыратқыш құрылғы төменгі ұшында табылатындай 1000 бұрышпен;
- тігінен.
Осындай жағдайларда гидростатикалық ажыратқыш құрылғы құтқару салын кемінде 4 м тереңдікте ажыратуы тиіс.
48. L, В, Н өлшемдерін және құрал нысанын техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексереді. Мұндағы:
L - ДП -да оның шеткі нүктелер аралығымен өлшенген, құралдың есептік ені, м;
В - мидель-шпангоуттың жазықтығында оның шеткі нүтелері аралығында өлшенген, құралдың есептік ені, м;
Н - ДП -да оның шеткі нүктелер аралығымен өлшенген, құралдың есептік биіктігі, м.
49. Құралдың беріктігін оны 10 м биіктіктен суға лақтырумен тексеру керек. Құрал сынақтан өтті деп есептеледі, егер онда сызаттар, майысу, жарылулар болмаса.
50. Корпустың су өткізбеушілігін мынадай тәсілдердің бірімен сынайды:
Әрбір бөлікке сығылған ауаны 0,0196 МПа артық қысымға дейін қыздырумен. Егер 30 минут өткенде бөлікте орнатылған манометрде қысымның төмендеуі 1% артық қысымнан аспаса, бөлік су өткізбейтін болып есептеледі;
Әрбір бөлікке шланг немесе түтікті тігінен қою үшін төменгі ұшында бөлікке бұру үшін штуцері, ал жоғарғы жағында - шыны түтікшесі бар жоғарғы көлденең бөлікке жанасу үстінен әрбір бөлікті 3 м биіктікте сумен толтыру.
51. Құралдың ең ұзын жағының біріне құтқару леерінің әрбір иілуінде әрбірінің көлемі 14,5 кг болат немесе шойын жүкті іледі.
Егер құралдың жоғарғы тиелген беті сумен жабылмаса, құрал орнықты деп есептеледі.
52. Беріктілікке және су өткізбеушілікке сыналған құрал толықтай суға батырылады және батырылған қалыпта 24 сағат ұстап тұрады. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін, оған есептелген әрбір адамды 14,5 кг тең деп қабылдап, оған адамдардың толық санына тиісті жүкті төсейді. Жүк суда болмауы тиіс. Құрал, егер жүзуде 1 сағат бойы қалса сынақтан өтті деп саналады.
53. Өлшеумен, салмағын тартумен және қараумен, ішкі диаметр, құтқару шеңберінің көлемі және олар үшін көзделген жабдықтаулардың техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі белгіленеді.
54. Жылуға төзімділікке сынау кезінде шеңберді 8 сағатқа +50 0С температуралы камераға орналастырады. Шеңбер, егер онда зақымдану байқалмаса және қалпы өзгермесе, ал сызықтық шөгуі алғашқы өлшемінен 2% аспайтын болса, сынақтан өтті деп есептеледі.
56. Өлшемі 300x350x60 мм өртке тұрақты материалдан жасалған ыдыстың ықпалына беріктілікке сынау кезінде 10 мм белгіге дейін сумен және 40 мм белгіге дейін бензинмен толтырады. Бензин жанады және 30 секунд ішінде еркін жануына мүмкіндік береді. Бұдан кейін 250 мм - ден 500 мм дейінгі арақашықтықта сауыттың жоғарғы жиегінің үстіне 2 секунд ашық алауда табылуы тиіс шеңберді іледі. Шеңбер, егер жалыннан алып тастағаннан кейін ол жанбаса және ерімесе сынақтан өтті деп есептеледі.
57. Мұнай өнімдеріне беріктілікке сынау кезінде шеңберді толықтай бөлме температурасында 24 сағатқа 100 мм тереңдікке дизельді отынға батырады. Сынаудан кейін шеңберде қандай да бір зақымданулардың белгісі болмауы тиіс.
58. Беріктіліккке сынау кезінде:
1) шеңберді сынаудан кейін отқа жылуға төзімділікке, аязға төзімділікке және жалынның ықпалына беріктілікке сынайды;
2) шеңберді 10 м биіктіктен суға немесе 5 м биіктіктен бетон еденге 4 рет жалпақ жағымен лақтырады. Шеңбер егер сынаудан кейін шеңбердің тігістерінен және мата қабығынан жарылу және қалпының өзгеруі, ал өзігінен жанатын буйкалы шеңберлер үшін - сигнал құрылғысының жұмыс қабілеттілігінің бұзылу байқалмаса сынақтан өтті деп есептеледі;
3) лақтырумен беріктілікке сыналған, шеңбердің беріктілігі, сондай-ақ арқандарды және леерді шеңберге бекіту беріктілігін кезекпен 10 минутқа 75 кг көлеммен жүктің әрбір леер учаскесіне ілумен тексереді. Егер сонымен бірге леердің сырғанауы және оның бекітілуінің ығысуы, леер арқандарын бекітудің бұзылуы болмаса, сондай-ақ тігістерде және шеңбер матасының қабықшасында үзілулер болмаса, шеңбер сынақтан өтті деп есептеледі;
4) шеңбер беріктілігін, оған көлемі 90 кг бекітілген жүкпен шеңберді 20 минут ілумен қосымша сынайды. Шеңбер жүктен шеңберге қарама қарсы жақтарымен ені 50 мм лентамен ілінеді. Егер сынаудан кейін онда жарылулар, сызаттар немесе қалдық деформациялар болмаса, шеңбер сынақтан өтті деп есепеледі.
59. Жүзуге сынауды беріктілікке сынағаннан кейін жүргізеді. Шеңберді, оған болат немесе шойыннан жасалған 14,5 кг көлеммен 24 сағатқа суға түсіреді. Сонымен бірге жүк леерге бекітілмеуі тиіс. Егер осы уақыт ішінде ол жүзуде қалса, шеңбер сынақтан өтті деп есептеледі. Өздігінен жанатын буйкалы шеңбер үшін бір мезгілде 2 сағат бойы кемінде 2 кд жарық күшімен сигнал құрылғысының үздіксіз жану қабілеттілігін тексереді
60. Құтқару кеудешесін осы Қосымшаның 54 және 55-тармақтарына сәйкес сынайды. Кеудеше, егер қабықшасы және жүзбелі материалдың ішінен зақымданулар, шөгу сияқты кебу және жарылу белгілері болмаса, сынақтан өтті деп есептеледі.
61. Құтқару кеудешесін осы Қосымшаның 56-тармағына сәйкес жалынды сынауға салады. Кеудеше, егер ол жалынды қолдамаса және оны жалыннан алғаннан кейін ерімесе сынақтан өтті деп есептеледі.
62. Құтқару кеудешесін осы Қосымшаның 57-тармағына сәйкес сынайды. Кеудеше, егер одан қабықшасы сияқты кеудешенің жүзбелі материалында зақымданулар, кебу және жарылу белгілері болмаса сынақтан өтті деп есептеледі.
63. Кеудешені беріктілікке сынау екі типке бөлінеді: белбеуге күшті қоса беріктілікке сынау және кеудешені бойлай күшті қоса беріктлікке сынау.
64. Белбеуге күшті қоса беріктілікке сынау кезінде құтқару кеудешесін 2 минутқа суға батырады. Одан кейін оны судан шығарады және оны болашақта адамға түймелейтіндей етіп түймелейді. Одан кейін оны адамның денесінде ұстайтындай кеудешенің сол бөлігіне немесе үлкен адамның құтқару кеудешесінің көтеру ілгегіне 30 минут бойы кемінде 320 кг күш салады, ал балаларды құтқаруға арналған кеудешелерге - 240 кг. Көрсетілген күштер ересек адамның кеудешесіне диаметрі 125 мм цилиндр арқылы беріледі, ал балалар кеудешесіне диаметрі 50 мм цилиндр арқылы (осы Қосышаның 1-суреті).
65. Кеудешенің бойына күш салумен беріктілікке сынау кезінде құтқару кеудешесін 2 минутқа суға батырады. Бұдан кейін оны судан алып шығады және болашақта адамға қалай түймеленеді, солай етіп түймелейді. Сонан соң 30 минут ішінде ересек адамның құтқару кеудешесінің иық бөлігіне кемінде 90 кг күш салады, ал балаларды құтқару кеудешесіне - 70 кг. Көрсетілген күштер ересек адамдардың кеудешесіне диаметрі 125 мм цилиндр арқылы беріледі, ал балалар кеудешесіне - диаметрі 50 мм цилиндр арқылы (осы Қосымшаның 2-суреті).
Кеудеше, егер сынау нәтижесінде ол ешқандай зақым алмаса, сынақтан өтті деп саналады.
66. Беріктілікке сыналған кеудеше 20 минутқа толықтай суға батырылады. Сонан соң кеудешеге ол суда көтеріп тұра алатындай жүкті орналастырады, және жүк көлемін өлшейді. Бұдан кейін кеудешені оның бетінде кемінде 100 мм су қабаты болатындай етіп батырылған күйінде 24 сағат ұстайды. Сынау соңында кеудеше су қабаты астында ұстап тұрғаннан кейін суда ұстап тұруға қабілетті болатын жүк көлемін қайта жинайды. Сынау басындағы және соңындағы жүк көлемінің айырмашылығы сынау басындағы жүк көлемінің 5% аспауы тиіс.
Сонан соң ересек адамның құтқару кеудешесіне көлемі 20 кг, ал балаларды құтқару кеудешесіне - көлемі 9 кг болат немесе шойыннан жасалған жүкті артады және суға түсіреді.
Кеудеше, егер онда зақым болмаса және жоғарыда көрсетілген жүкпен 15 минут бойына жүзуде тұрса сынақтан өтті деп саналады.
67. Сынауды осы Қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген әдеттегі киім киген, әр түрлі бойлы және көлемді кемінде 6 сынаушылар (оның ішінде 1-2 әйелдер) мынадай бағдарламалар бойынша жүргізеді:
1) сынаушы бөгде кісінің көмегінсіз 1 минут ішінде құтқару кеудешесін дұрыс киуі тиіс;
2) құтқару кеудешесіндегі сынаушы 25 м жүзуі және су бетінен 300 мм асатын құтқару салына немесе қатты платформаға шығуы тиіс;
3) құтқару кеудешесіндегі сынаушы кемінде үш жүзбелі есуді жасауы, сонан соң басын төменге салбыратып есін жоғалтқан адам құсап әлсіреуі тиіс.
Осы қалыптан кеудеше сынаушының 5 секундтан жоғары емес уақытта тік бұрышпен арқаға бұрылуын және адам су үстінен аузы су бетінен кемінде 120 мм арақашықтықта табылатындай етіп басының ұстап тұруын қамтамасыз етуі тиіс.
4) құтқару кеудешесіндегі сынаушы 4,5 м биіктіктен суға секіруі тиіс, сонымен бірге кеудеше суға кірерде аударылмауы, жарақаттанбауы, ауырлық сезімін тудырмауы тиіс.
68. Балаларға арналған құтқару кеудешелеріне, бұл қаншалықты тәжірибелі мүмкін, ересектер үшін жүргізілгенгем ұқсайтын сынақтар қолданылуы тиіс.
Балаларға арналған кеудешелерді сынаушыларда (манекен) сынайды. Сынаушылар толық түрде барлық өлшемдерді ұсынатындай үлгіде таңдалуы тиіс. Әрбір бой және салмақ интервалында кемінде 6 сынаушы қажет.
Аударуға сынау кезінде сынаушының аузы суда 5 секундтан кейін кешіктірмей су үстінде болуы тиіс.
Сыналушылардың аузынан су бетіне дейінгі орташа арақашықтық кемінде 90 мм болуы тиіс. Сонымен бірге бойы 1,27 м кіші және салмағы 23 кг кіші жеке сыналушының аузы су бетінен кемінде 50 мм, ал бойы 1,27 м жоғары және салмағы 23 кг жоғары жеке сыналушының аузы кемінде 75 мм қашықтықта табылуы тиіс.
Сынау кезінде құтқару кеудешесі аударылмайтындығы, жарақаттандырмайтындығы, суда және судан тыс қозғалуды тоқтатпайтындығы белгіленеді.
69. Осы Қосымшаның 60-62-тармақтары бойынша сыналғаннан кейін қосымша үрлемелі кеудешені автоматты үрлеу жүйесі, қолмен және ауыз көмегі арқылы жұмыс қалпына келтіреді.
70. Үрлемелі кеудешенің жүзгіш камера беріктілігін, жабық сақтандырғыш клапандарда камераны қолмен үрлеумен жұмыс қысымынан 1,25 есе асатын қосымша қысыммен тексереді.
Үрлемелі кеудеше, егер 30 минут ішінде қысымды ұстап тұрғаннан кейін, онда қандай да бір зақым болмаса сынақтан өтті деп есептеледі.
71. Бір жүзбелі камерасы үрленбеген құтқару кеудешесіне осы Қосымшаның 66-67-тармақтары бойынша сынау жасалады.
72. Гидрокостюм осы Қосымшаның 54 және 55-тармақтарында көрсетілген сынауға жатады. Гидрокостюм, егер қандай да бір зақым, жарылу, кебу болмаса сынақтан өтті деп есептеледі.
73. Гирокостюмге сынақ осы Қосымшаның 56-тармағындағы жазылғанға ұқсас жасалады. Гидрокостюм, егер ол жануды қолдамаса және оны жалыннан алып шыққаннан кейін ерімесе сынақтан өтті деп есептеледі.
74. Гидрокостюм осы Қосымшаның 8-тарауындағы 2-параграфта көрсетілген сынауға ұшырайды, бірақ сонымен бірге қосымшаланатын жүктеме 1350 Н болуы тиіс (қажет болған жағдайда сынау кезінде гидрокостюмді арнайы құралдар үшін тіледі).
75. Құтқару кеудешесінің болуын қажет етпейтін гидрокостюм осы Қосымшаның 66-тармағында көрсетілген сынауға жатады. Гидрокостюм, егер оның жүзгіштігі оны 24 сағатқа суға батырғаннан кейін 5% жоғары төмендемесе сынақтан өтті деп есептеледі.
76. Сынау алдында суланған гидрокостюмдегі сыналушының өлшемін анықтайды. Суда 1 сағат уақыт болғаннан кейін сыналушыны қайта өлшейді. Гидрокостюм, егер оған суда түскен көлем 200 г аспаса сынақтан өтті деп есептеледі.
77. 1) тармақшада көрсетілген әдіспен, сынаушы 4,5 м биіктіктен суға секіргеннен кейін гидрокостюмдағы су көлемін анықтайды. Гидрокостюм, егер секіру кезінде ол ығыспаса және зақымданбаса, ал ондағы су көлемі 580 ± 50 г аспаса сынақтан өтті деп есептеледі.
78. Сынау үшін осы Қосымшаның 8-тармағындағы 3-параграфқа сәйкес сынаушы-ерлерді таңдайды.
79. Егер гидрокостюм құтқару кеудешесін киюді талап етсе, онда сынау кезінде оның үстіне құтқару кеудешесін кигізеді.
80. Сынаушы бөгде адамдардың көмегінсіз 2 секундтан жоғары емес уақытта гидрокостюмді дұрыс киюі тиіс.
81. Сынаушы тынық суда бетін жоғары қаратып тұрақты жүзуі тиіс, сонымен бірге оның аузы су бетінен 120 мм төмен болмауы тиіс.
Сонан соң босаңсыған басын төмен қаратқан сынаушы есін жоғалтқан адамға еліктейді. Осы қалыптан гидрокостюм контрукциясы 5 секунд ішинде басын жоғары ұстап адамның арқаға бұрылуын қамтамасыз етуі тиіс.
82. Гидрокостюмдағы сынаушы 4,5 м биіктіктен секіруі және 1 сағат бойы +50С температурадағы суда болуы тиіс. Осыдан кейін, 20С жоғары төмендемеуі тиіс сынаушының денесінің температурасын өлшейді.
83. Сынау кезінде, жылу қорғағыш құрал жасалған материал, оған 2 м биіктікпен су діңгегіқысымы кезінде, өзінің су өткізбеушілік қабілетін сақтайтындығы белгіленеді.
Сынаумен материалдың 7800 Вт/(м2К) жоғары емес жылу бергіш коэффициенті барекендігі белгіленуі тиіс.
84. Жылу қорғағыш құралдарды осы Қосымшаның 54 және 55-тармақтарына сәйкес сынайды. Құрал сынақтан өтті деп саналады, егер қарау кезінде сынаудан кеін оның зақымдану белгілері болмаса.
85. Жылу қорғағыш құрылғы барлық саңылауларды жапқаннан кейін осы Қосымшаның 57-тармағына сәйкес сынауға жатады. Құрал, егер оның бетін тазалағаннан кейін сынаудан және қараудан кейін ешқандай зақымдану белгілері болмаса, ал оның жылу бергішті коэффициенті 7800 Вт/(м2К) аспайтын болса, сынақтан өтті деп саналады.
86. Сынау үшін сынаушыларды осы Қосымшаның 8-тарауының 3-параграфына сәйкес таңдайды.
Сынаушылар жүзуде құтқару құралдарында болғанда, жылу қорғағыш құралдардың орауын ашады және бөгделер көмегінсіз оны құтқару кеудешесінің үстінен киеді.
Егер сынаушылар, жылу қорғағыш құралмен суда тұрып, бөгделер көмегінсіз оны 2 минуттан жоғары емес уақытта шешсе, құрал сынақтан өтті деп есептеледі.
87. Құтқарушы шлюпкаларға арналған қайық белдемдер, сал белдемдері және түсіру құрылғыларын олардың ең жоғары жұмыс қысымынан 1,5 есе асатын сынама статикалық жүктемемен сынайды. Борттың сыртына толықтай аунатылған шлюпканы екі жағы бойынша шамаланған бойлық жазықтыққа шамамен 50 доғаны сыза отырып шайқалтады. Алдымен сынауды кеменің тік бағыты кезінде, сонан соң бір бортқа және басқа бортқа 150 қисайтуға ұқсатып жүргізеді.
Осы сынау нәтижесінде айтарлықтай құрылғылардың деформациясы немесе қандай да бір зақымдаулар байқалмауы тиіс.
88. Ең жоғарғы рұқсат етілген шлагтар санымен шығыр барабандарына жұмыс жүктемесінен 1,5 есе асатын, тежегіш көмегімен ұсталып тұратын статикалық сынама жүктемесін тіркейді. Бұл жүктемені сонан соң барабан осінің бір толық айналымымен түсіреді. Жұмыс жүктемесінен 1,1 асатын сынама жүктемені ең жоғары жылдамдықпен 3 м қашықтыққа түсіреді және қолмен тежеу көмегі арқылы шұғыл тоқтатады. Тежегішті сынау нәтижесінде қанағаттанарлықтай жұмыс істеуі тиіс.
89. Шығыр жұмысын қолдық жетек көмегімен тексереді, егер бұл көзделген болса.
90. Қайықтың суға түсіру уақытын есептік адамдар санымен және жабдықтаулармен тексереді. Түсіру құрылғысы сынақтан өтті деп есептеледі, егер түсіру уақыты, түсіруге кеткен дайындық және борт сыртына шығару уақытын қоса алғанда 5 минуттан аспаса.
91. Кемелік эвакуациялық сырғыманы осы Қосымшаның 54, 55 және 56-тармақтарына сәйкес сынайды.
92. Кемелік эвакуациялық сырғыма, егер оны сынақтан кейін жұмыс қалпына келтіргенде корпустың жарылу белгілері, тігістің деформациялары және басқа да ақаулар болмаса сынақтан өтті деп саналады.
93. Кемелік эвакуациялық сырғыманың жүзгіштік камерасын жабық сақтандырғыш клапандары кезінде жұмыс қысымынан 2 есе асатын сығылған ауамен үрлейді. Егер 10 минут ішінде оның жүзгіштік камерасындағы қысым 5% жоғарыға төмендемесе және конструкцияның қандай да бір зақымдануы байқалмаса, кемелік эвакуациялық сырғыма сынақтан өтті деп саналады.
94. Жұмыс қысымына дейін үрленген кемелік эвакуациялық сырғыманы өте жоғары емес биікте қатты негізде ұштарымен орнатады. Сырғаманың ортаңғы бөлігін көлемі 150 кг (1,47 кН) дейінгі бытыраған жүктемемен жүктейді. Егер ол бүктелмесе және өзгермесе, кемелік эвакуациялық сырғыма сынақтан өтті деп есептеледі.
95. Сынау үшін сынаушыларды осы Қосымшаның 8-тарауындағы 3-параграфқа сәйкес таңдайды және мынадай бағдарлама бойынша жүргізеді:
1) контейнерге немесе қапқа оралған кемелік эвакуациялық сырғыманы ол кемеде орналасуы тиіс биіктікте орнатылады. Бір сынаушы оны жұмыс қалпына келтіреді. Басқа сынаушы кемелік эвакуациялық сырғыманың ұшын құтқару құралына бекітеді (салға немесе қайыққа). Сонымен бірге кемелік эвакуациялық сырғыманың 300 дан 350-ке шамасында болатын көкжиекке қатысты еңкею бұрышын визуальды тіркейді. кемелік эвакуациялық сырғыма, егер оны пайдалану қалпына келтіру 5 минуттан аспаса сынақтан өтті деп есептеледі;
2) кемелік эвакуациялық сырғымаға белгіленген жұмыс қысымы кезінде құтқару кеудешелерін киген адамдарды түсіруді жүзеге асырады. Егер түсіру жолының жұмыс бетінде қандай да бір зақымдану болмаса, кемелік эвакуациялық сырғыма сынақтан өтті деп есептеледі. Сонымен бірге кемелік эвакуациялық сырғыманың кез келген жүзгіштік камерасының бірінде қысымды жоғалту, оның эвакуациялау құралы ретінде пайдалануды шектемейтіндігін көрсету тиіс.
96. Жылуға тұрақтылыққа және аязға тұрақтылыққа сынау кезінде әрбір пиротехникалық сигнал құралының екі үлгісі бойынша, осы Қосымшаның 54 және 55-тармақтарына сәйкес сынайды. Егер қандай да бір зақымданулар, жарылулар, кебулер болмаса, ал сынаудан кейін іс-қимылға келтіргенде олар қалыпты жұмыс істесе сигналды құралдар сынақтан өтті деп есептеледі.
97. Әрбір пиротехникалық сигнал құралының екі үлгісі бойынша беріктілікке сынау кезінде 2 м биіктіктен бетон еденге лақтырады. Егер қандай да бір зақымданулар, ал іс-қимылға келтіргенде олар қалыпты жұмыс істесе, пиротехникалық сигнал құралы сынақтан өтті деп есептеледі.
98. Әрбір пиротехникалық сигнал құралының екі үлгісі бойынша суға тұрақтылыққа сынау кезінде 24 сағатқа 100 м тереңдікте суға батырады.
Егер сынаудан кейін оларды іс-қимылға келтіргенде қалыпты жұмыс істесе, ал барлық инструктивтік жазулар және корпустағы суреттер анық көрініп тұрса, Сигналды құралдар сынақтан өтті деп есептеледі.
99. Әрбір пиротехникалық сигнал құралының екі үлгісі бойынша жалаңаш қолымен және қолғаппен суға түсіруді, сынаушы бөгделер көмегінсіз қолмен жүргізеді.
100. Парашюттік зымырандарды іске қосқан кезде зымыран шамамен 300 м биіктікте парашютті және оның бекітулерін зақымдамай жұмыс істейтіндігіне сынаушы визуальды көз жеткізеді, сондай-ақ мыналарды тіркейді:
кемінде 40 секунд болуы тиіс зымыранның жану ұзақтығының уақыты;
жоғарғы траектория нүктесінен зымыранның түсу уақытын.
Сонан соң 5 м/с жоғары болмауы тиіс, зымыранның түсу жылдамдығы анықталады.
101. Фальшфейерлерді іс-қимылда сынау кезінде сынаушы біреуінде қоршаған орта температурасында оның жану ұзақтығының уақытын өлшейді.
Ол кемінде 1 минут болуы тиіс. 30 секунд жанғаннан кейін екінші фальшфейерді сынаушы 100 м тереңдікте суға батырады.
Сонымен бірге фальшфейер кемінде 10 секунд жануы тиіс.
102. Зертханалық сынақ жолымен желдеткішті пайдалану кезінде әрбір пиротехникалық сигнал құралының кемінде 30 м/с ауа ағынының жылдамдығында жұмыс қабілеттілігін тексереді. Егер ауаның осы жылдамдығында олар сөніп қалмаса, құрал сынақтан өтті деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |