Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 13 мамырдағы №276 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет20/23
Дата09.06.2016
өлшемі1.8 Mb.
#124549
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
қағидасына 14-қосымша

 

 

Корпустық конструкциялардың қаптамасын және жиынтығын дәнекерлеу өзгерісінің рұқсат етілген мәндері және

 кеме корпусын сынаудағы ауытқулар

 

1. Бухтиннің, қабырғаның, жаншылғанның және корпустың конструкциялар қаптамасының «үйшіктерінің» майысу сілтемесінің рұқсат етілген мәндері осы қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген мәндерден аспауы қажет.

Сонымен бірге, шпация шегіндегі тез жүретін кемелер үшін қалыңдығы 4-7 мм аралығында болатын типтік қаптама бухтиннің «үйшіктердің» қабырғасының майысу сілтемесінің мәндері 3 мм аспауы қажет.

2. Корпустық конструкциялардың жергілікті деформация жиынтығының мәндері осы қосымшасының 2-кестесінде келтірілгеннен аспауы қажет.

Осы қосымшада келтірілген шектерден шығып кететін корпусты конструкциялардың дәнекерленген деформацияларын жою қажет.

Осы конструкцияда дайындау технологиялық процесте қолданылатын әдіспен түзету технологиясы сәйкес келуі қажет.

Мүмкіндігінше жылу соққысыз түзету әдісін қолдану керек.

3. Кеме корпусын жинау кезінде рұқсат етілген ауытқулар осы қосымшаның 3-кестесінде келтірілген.

 

1-кесте

 

Конструкциялар тобы

Корпус конструкциясының атауы

Майысу ұшының рұқсат етілген мәндері, мм, кем емес

IA

Жоғарғы палуба төсеніші, екінші түп төсеніші, түпті қаптама, КВЛ төмен борттық қаптама,

Үздіксіз аралықтардың және ішкі борттардың, палуба төсенішінің және қондырма қабырғаларының (кеменің ортаңғы бөлігінен 0,25 кеме ұзындығына алдыңғы және артқы жаққа қарай мидельден) жоғарғы және төменгі белдіктері, сыртқы қаптаманың және палубалық трингердің қаңқалық белдігі (кеменің ұзынабойы)

5

IIБ

жоғарылатылған талаптар ұсынылатын ішкі түріне КВЛ жоғары борттық қаптама, қондырма және рубкалардың сыртқы қабырғалары, ашық палубалар, фальшборттар, ішкі дәліздердің қоршаулары, түтін құбырларының және басқа конструкциялардың бүркеніштері

6*

II

Корпус ұшында орналасқан 1А тобының конструкциялары, сондай-ақ басты көлденең және бойлық қалқалар (жоғарғы және төменгі белдіктерден басқасы), төменгі палуб төсеніштері, платформа төсеніштері, ішкі қоршаулар және жеңіл қалқалар

7

III

Жалпы беріктілік есебіне кірмейтін және І және II топқа жатпайтын палубтар (тігілетін); екі жағынан тігілетін ішкі қалқалар және қоршаулар; қоймалардағы, трюмдардағы, машиналық бөлімдердегі, душтардағы және басқа құрылымдардағы ішкі түріне талаптар ұсыныла бермейтін қоршаулар

10

*Негізделген жағдайларда - 7 мм.

 

2-кесте

 

Өзгерістер атауы

Бақыланатын жиынтық атауы

Майысудың немесе ауытқудың рұқсат етілген ұшы, мм

Жиынтық дуалының жазық учаскелерінің айлақтары

Донаралық кеңістіктегі флорлар және кильсондар

Басқа рамалық жиынты

5

 

9

«Опырылу» қабырға

Барлық жиынтық

2

«Үйшік» жиынтық дуалының жазықтығында

Барлық жиынтық

2

«Үйшік» жиынтық дуалының жазықтығынан жапсар кезінде

Барлық жиынтық

6

Жиынтық дуалы мен қаптама арасындағы ауытқу

Барлық жиынтық: h>100 мм

h<100 мм

2

4

Белдік және жиынтық дуалы арасындағы ауытқу

Барлық жиынтық: h>200 мм h<200 мм

2

3

ескету, h — дуал және жиынтық биіктігі

 

3-кесте

 

Тексерілетін параметр

Рұқсат етілген ауытқу, мм

Ескерту

Табақша қаптамасының және төсеніштердің жапсарланатын жиектерінің ығысуы

0,1 табақша қалыңдығы

3 мм жоғары емес

Монтаждық шпация ұзындығына жапсарланатын тармақтың тік сызықтықтан ауытқуы:

бойлық қабырға қаттылығының тік кильдеі, стрингерлері, карлингстері

6

8

 

Флорлармен және бимстармен 1 м дейінгі қосынды ұзындықта жапсарланатын рамалық шпангоуттардың тік сызығының ауытқуы

 

 

Барлық ұзына бойынан 8 мм жоғары

Кез келген бөлінген табақшалардың корпус байланысымен сәйкес келмеуі

0,5 байланыс дуалының қалыңдығы

Есепке кіші қалыңдық қабылданады

Монтаждық шпация өлшемінде ауытқу

4 % еселік өлшемінен

 

Жиынтықтан төмен жатқан дуалдарға қатысты қалқа дуалдарының ығысуы

0,5 жиынтық дуалының қалыңдығы

 

Қалқа жазықтығының теоретикалық шпангоут жазықтығының тігінен ауытқуы

1 мм қалқаның биіктігіне 2 мм

Барлық биіктікке 15 мм жоғары емес

Баллер осінің ДП қатысты ығысуы

± 3

 

Ахтерштевтегі саңылау орталығының негізгі білік осінен ығысуы

± 3

 

Ахтерштевтегі баллер астындағы тесік орталығының тік осьтен ығысуы

± 5

 

Ахтерштевтің тігіс күйінің негізгі жазықтықтан ауытқуы

± 8

 

 

Кемелерді жасауды және



материалдар мен бұйымдарды

дайындауды техникалық байқау

қағидасына 15-қосымша

 

 

 

Корпусты су өткізбеушілікке сынау

 

1. Жалпы ережелер

 

Параграф 1. Қолданылу саласы

 

1. Осы Қағидаға қосымшалар (бұдан әрі - қосымша) Ішкі және «өзен-теңіз» аралас суларында жүзетін, Кеме қатынасы тіркелімімен сыныпталатын кемелердің металл корпустарының су өткізбеушілікке сынаудың әдістері мен нормаларын белгілейді.

2. Осы қосымшаның нормалары жасалып жатқан кемелерге сияқты, пайдаланудағы кемелерге таралады.

3. Осы қосымшада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) бөлшек — су өткізбейтін конструкциялармен қоршалған кеме корпусындағы көлем (сыртқы қаптамамен, екінші түп төсенішімен, палубалармен, қалқалармен);

2) бөлшектер және «а» топты конструкциялар — пайдалану кезінде уақытша және үнемі (жүйелерді, құрылғыларды, жабдықтарды пайдалану кезінде жиналған сұйықтықты қоспағанда) сұйықтық болатын бөліктер және цистерналар, сондай-ақ форпик, ахтерпик, қуыс рульдер, бағыттаушы қондырмалар, қанатты құрылғылардың қуыс элементтері, әуе жәшіктері, екінші түбі жоқ, катерлердің су өткізбейтін бөліктері;

3) бөлшектер және «б» топты конструкциялар- «а» тобына жатпайтын, бірақ пайдалану шарты бойынша су өткізбейтін болуы керек бөліктер және корпус конструкциялары, қондырмалар және рубкалар, оның ішінде жүзбелі доктардың құрғақ бөліктері және су өткізбеушілік бойынша талап ұсынылатын, рульді басқарушы құрылғының бөлмесі;

4) құрастыру-дәнекерлеу жұмыстарын аяқтау - орнату, жинау, дәнекерлеу, түзету корпус конструкцияларын және іскер заттарды тойтару, сондай-ақ сыналатын конструкциялардағы барлық тойдыруды орнату, жинау, дәнекерлеу және тойтаруға (іргетастар, дәнекерлеу, тойтарулар, электр кабельдерін және әртүрлі құрылғыларды бекітуге арналған конструкциялар) байланысты сыналатын конструкциялардағы жұмыстарды аяқтау;

5) монтаждық жұмыстарды аяқтау - қозғалтқыштарды, жүйелерді, құрылғыларды, жетектерді, электр кабелінің төсемдерін, жабдықтар қондырғыларын монтаждауға байланысты, кабельді қораптарды компаундтармен толтыру немесе басқа тығыздаушы құрылымдарды барлық жабу түрлерін түсірумен байланысты барлық жұмыстардың аяқталуы;

6) су өткізбеушілікке сынау -сынау құралдарымен су өткізбеушілікке конструкцияны сынау орталарымен параметрлерінің өзгеруі бойынша бағалаумен немесе олардың пайда болу орнын анықтау жолымен корпус конструкциясына әсер етуші технологиялық процесс;

7) су өткізбеушілікке жергілікті тексеру - су өткізбеушілікке сынау жанама ақауды жою орны;

8) су өткізбеушілік - конструкцияның суды немесе басқа сұйықтықтарды өткізбеу қабілеттілігі;

9) су өткізбеушілікке жалпы тексеру - осы конструкцияға жататын, объектілер тобына арналған әдіспен барлық конструкцияны су өткізбеушіліккке сынау

10) судың шашыраған ағысы - брандспойттан жоғары көлденең бұрышқа қарай шығарылған, ағыс тармағының таралмауы

11) сынау категориясы — корпустық конструкцияны, сондай-ақ конструкция міндеті және оның қалыптасуының технологиялық жүйелілігіне жақсы заттарды, жабдықтарды, құрылғыларды сынау көлемі мен тәсілімен анықталатын түсінік. Сынаудың 3 категориясы көзделген: алдын ала, негізгі және бақылау;

12) сынау схемалары және кестесі - номенклатураны, орналасуды, бөліктерді және су өткізбеушілік бойынша талаптар ұсынылатын конструкцияларды сынау әдістері мен нормаларын анықтайтын жобалық құжаттар.

4. Қалыпты пайдалану шартында немесе көзделген апатты жағдайлар есебінде сумен немесе басқа сұйықтықпен жанасуы мүмкін және өзінің жұмыс қабілеттілігін сақтай отырып оны өткізбеуі қажет кеменің барлық конструкциясы, жабдықтары, құрылғылары және іскер заттары су өткізбеушілікке сынауға жатады.

5. Корпусты, оның бөліктерін және жекелеген конструкцияларын сынау осы Қосымшаға сәйкес әзірленген және Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен келісілген су өткізбеушіліктің схемасы және сынау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Осы құжаттарды әзірлеу кезінде корпус конструкцияларын және құтқару алаңдарының корпусты су құюмен сынаудан туындайтын беріктілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар көзделеді.

Жүзбелі докта кеме корпусын сынауда доктың тұрақтылығы қосымша бағаланады.

6. Корпустың барлық элементтері, оның ішінде   оны стапельден түсіргеннен кейін кеменің жүзуде болуын қамтамасыз етуші, оның ішінде орналасқан бөліктері, сондай-ақ қарауға және жүзуде ақауларды жоюға мүмкін емес конструкциялар стапельде немесе кемені суға түсіргенге дейін докта сыналады.

Кеме жүзуде болған кезде (екінші түп төсеніші және донаралық кеңістіктегі су өткізбейтін конструкциялардан басқа) барлық контуры бойынша қарау мүмкін корпустың су өткізбейтін конструкцияларын, егер олар стапельде немесе докта сыналмаған болса, жүзуде сынауға рұқсат етіледі.

7. Бұрын су өткізбеушілкке сынаудан өткен корпустық конструкцияда, іскер заттарда және жабдықтарда жұмыстарының су өткізбеушілігінің бұзылуына байланысты құрастыру-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде, жергілікті қажет болған жағдайларда жалпы су өткізбеушілікке тексеру жүргізіледі.

Сынау жүргізу шарты және бракка шығарылған параметрлер Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен келісіледі.

8. Су өткізбеушілікке сынауды бастаудан бұрын дәнекерлеген және тойтарылған жалғаулардың сапасының нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

9. Сыналатын конструкцияның және жалғаулардың үстіңгі беті ластанудан тазартылуы, ал конструкцияның бақыланатын беті құрғақ болуы тиіс.

10. Су өткізбеушілікке сынауға жататын конструкциялар және жалғауларды, сынау аяқталғанға дейін осы қосымшаның 11-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда сырлауға, асфальттауға және арнайы жабындармен жабуға рұқсат етілмейді.

11. Конструкцияларды, ішкі секциялық жалғауларды қоса, оларды су өткізбеушілікке тексеруге дейін толық көлемде орнында мына жағдайларды сақтаумен сырлауға және бояуға рұқсат етіледі:

1) өткізу контурларын құрайтын негізігі табақшалардың қалыңдығы 12 мм кем емес, ал сыналатын контурды шектеуші және негізгі табақшаларға пісірілетін жиынтық дуалының қалыңдығы - 8 мм кем емес болу қажет;

2) су өткізбейтін контурға жататын барлық конструкциялардың ішкі секциялық жалғаулары, сырлауға дейін (асфальттау немесе арнайы жабындарды жабу) мұқият қаралу қажет;

3) «а» тобының конструкцияларына жататын, ватер сызығынан төмен орналасқан жапсарлы және таврлық жалғаулар, бояу және сырлау алдында керосинді жағумен немесе сығылған ауаны үрлеумен су өткізбеушілікке тексерілу қажет.

4) Таврлық жалғаулардың бірыңғай дәнекерленбеген екі жақты тігісі бір жақпен соңғы рет қалыптасқаннан кейін немесе екі жақтан дәнекерлеуді аяқтағаннан кейін жабық контурға керосинді жағумен немесе сығылған ауаның ағысын үрлеумен су өткізбеушілікке сыналады.

5) барлық конструкцияларда құрастыру-дәнекерлеу жұмыстары, қанықтыруды түзету және орнату аяқталуы тиіс.

12. Алдын ала жинау участкесінде сыналған және қабылданған конструкциялар, монтажды жиекке жанасатын 30-40 мм енді учаскені қоспағанда сырлануы және боялуы мүмкін.

13. Стапельде орындалған монтажды жалғауларды су өткізбеушілікке сынау оларды керосинмен бояуға немесе сығылған ауаны үрлегенге дейін жүргізіледі.

14. Ұзақ уақыт бойы ашық ауада табылатын және атмосфералық тұнбалардың әсеріне ұшырайтын, алдын ала жинаудан кейін су өткізбеушілікке сыналмаған конструкцияларды ішкі секциялық дәнекерлеу жалғауларын және тігістің әрбір жағынан 30-40 мм енді участкелерді қоспағанда бір қабатпен сырлауға рұқсат етіледі,.

15. Корпустық конструкциялардың тұрақты жоғарғы дайындау сапасын кеме жасаушы мекеме қамтамасыз еткенде Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша сериялық кемелердің шарты осы қосымшаның 1-кестесіндегі 1 сілтемеде көрсетілген су құюмен сынауды, ауаны үрлеумен сынауға ауыстыруға рұқсат етіледі.

Конструкцияны ауаны үрлеумен су өткізбеушілікке сынау туралы шешімді қабылдауға дейін сыналатын конструкциялардың беріктілігін тексеретін есепті жүргізу керек.

Егер есепті беріктілік 30 кПа тең артық қысымды қабылдауға жеткіліксіз болса, онда ауа қысымы Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша 20 кПа дейін төмендетілуі мүмкін. Сынаулардың басқа әдістерін қолдану осы қосымшаның 6-тарауы 12 параграфында айтылған талаптарды сақтаумен рұқсат етілуі мүмкін.

16. Корпустық конструкциялардың ішкі секциялық жалғауларын су өткізбеушіліке алдын ала сынау секцияны және блокты дайындау кезінде стапельде сынау көлемін төмендету мақсатында жүргізіледі.

Корпустық конструкцияларды алдын ала сынау көлемі және әдісі қабылданған кемені жасау технологиясына сәйкес кеме жасаушы ұйыммен анықталады.

17. Әрі қарай құрастыру-дәнекерлеу жұмыстары (жинау және монтаждық жиек бойынша дәнекерлеуді қоспағанда) жүргізілмейтін конструкцияларды алдын ала сынау, осы сынаулардың әдістері және нормалары негізгі сынаулардың әдістері мен нормаларына сәйкес келсе негізігі ретінде есептеледі.

18. Алдын ала сынауға техникалық бақылау мерзімді іріктеп куәландыру жолымен Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен жүзеге асырылады.

19. Су өткізбеушілікке негізгі сынау Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен келісілген сынау схемасы және кестесіне сәйкес, су құюмен жүргізіледі.

20. Су өткізбеушілікке негізгі сынауды бастаудан бұрын құрастыру-дәнекерлеу жұмыстары, су өткізбейтін контурға кіретін, сынауға жататын конструкцияларды түзету бойынша жұмыстарды аяқтау қажет

21. Негізгі сынауларға техникалық бақылау Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

22. Бөліктерді және сұйықтық сақтауға арналған «а» топты конструкцияларды су өткізбеушілікке бақылап сынау, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісілген сынау схемасы және кестесіне сәйкес сыналатын конструкицяның екі жағынан монтаждық жұмысты аяқтағаннан кейін 20 кПа артық қысыммен ауаны үрлеумен жүргізіледі.

23. Цистерналарды және құйма кемелердің жүк бөліктерін су ағынымен сұйықтықты құюмен бақылап сынау Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша штаттық сорғыларды және швартовты және жүрістік сынау кезеңіндегі жүйелерді тексеру кезінде жүргізуге рұқсат етіледі.

24. Бақылап сынауларға техникалық бақылау іріктеп қарау жолымен жүзеге асырылады. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері оның қатысуымен бақылап сынау жүргізуді талап ете алады.

25. Су құюмен су өткізбеушілікке сынау кезінде гидростатикалық қысым (ағын) осы қосымшаның 4-тармағында келтірілген және сынау схемасы мен кестесінде (осы қосымшаның 5-тармағы) көрсетілген нормаларға сәйкес тағайындалады.

Негізделген жағдайларда Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша осы қосымшаның 4-тарауында келтірілген нормаларды, осы конструкцияның беріктілік есебіне сәйкес деңгейге дейін төмендетуге рұқсат етіледі.

26. Сынау арыны конструкция биіктігінен асатын бөліктерді және конструкцияларды тексеру кезінде, сыналатын констуркцияда қажетті арынды жасау мақсатында құйғышпен немесе диаметрі 25 мм аспайтын резиналы шлангімен арынды құбыр орнатылады. Штаттық әуе және өлшегіш құбырларды қолдануға рұқсат етіледі.

Берілген гидростатикалық қысымға тиісті қысым, арынды құбырдың 1,25 есе диаметрінен кем емес қыздыратын келте құбырдың диаметрімен өнімділігі аз сорғыларды айдау көмегімен жасалуы мүмкін.

27. Конструкцияны арынды құбырдың көмегімен сынау кезінде сыналатын конструкицяның жоғарғы бөлігінде әуе жастығының құралуына рұқсат етілмейді, осыған орай диаметрі 8-10мм болатын ауаны жіберуге арналған саңылау көзделеді. Сынауды аяқтағаннан кейін осы саңылаулар дәнекерлеумен және керосинмен майлаумен немесе сығылған ауа ағысын үрлеумен су өткізбеушілікке тексеріледі.

28. Сынауды жүргізу кезінде ласталмаған техникалық тұщы суларды қолдану керек. Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша барлық конструкцияларды сынау үшін, тұщы цистерна суынан басқа теңіз суын қолдануға мына талаптарды сақтау кезінде рұсқат етіледі:

1) теңіз суы мұнай өнімдерінің және басқа ластанулармен қоспалары болмауы қажет;

2) сынауды аяқтағаннан кейін және су құйғаннан кейін конструкцияның беті тұщы сумен жуылуы қажет;

3) теңіз суының конструкцияда табылу уақыты толтырудан бастап екі тәуліктен аспауы қажет.

29. Тексерілетін конструкцияларды сынау қысымын орнатқаннан кейін 1 сағаттан кейін қарау керек.

30. Сынау аяқталғаннан кейін суды конструкциядан төгіп тастау керек. Айдау құралдары немесе штатты тесіктер болмаған кезде суды ағызуды алдын ала тесілген және уақытша жабылған тесіктер арқылы шығаруға рұқсат етіледі. Саңылаулардың саны, өлшемі, орналасуы Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілген техникалық құжаттамада көрсетіледі. Суды ағызғаннан кейін тесік Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне ұсынумен дәнекерленеді және су өткізбеушілікке сыналады.

31. Қоршаған орта ауасының теріс температурасы кезінде сынауды тек конструкциямен алдын ала қыздырылған жылы сумен жүргізуге рұқсат етіледі. Су температурасы сынаудың барлық уақыты кезінде сыналатын конструкцияның сыртқы беті дұрыс температурада болатындай терлемейтіндей және қатпаған саңылау арқылы судың кіруін қамтамасыз етпейтіндей есеппен таңдалады.

32. Егер бақыланатын бетте ағыс, ағын, тамшы және ылғалдану байқалмаса, конструкция су өткізбейді деп есептеледі.

33. Су өткізбеушілікке арын астында суды сорғалатып сынауды диаметрі 12 мм кем емес сұғындырмасымен брандспойт көмегі арқылы жүргізеді.

34. Шлангыдағы су арыны су ағысының 10 м кем емес биіктігін қамтамасыз ету тиіс.

35. Су ағысы сыналатын бетке перпендикуляр бағытталады немесе жабуды сынау кезінде алмалы-салмалыға бағытталады. Сонымен бірге оқпаннан сыналатын учаскеге дейінгі арақашықтық 1,5 м кем болмау қажет, ал сыналатын жалғау бойымен брандспойттың қозғалу жылдамдығы 0,2 м/сек аспау қажет.

Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша оқпаннан сыналатын бетке дейінгі арақашықтық ұлғайтылады, бірақ 3,0 м жоғары емес.

36. Дәнекерлеу жалғауларын кез келген жағынан суаруға болады, ал тойтарылған тігістерді - тек бедерлемеге қарама-қарсы жағынан. Дәнекерленген және тойтарылған жалғаулардың тік орналасуы кезінде су ағысын тек төменнен жоғары суару керек.

37. Арын астында суды сорғалатып суарумен сынау кезінде қоршаған ортаның қалыпты температурасы кезінде жүргізіледі.

Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша кері температурада сынау + 40-700 С температураға дейін қыздырылған суды қолданумен жүргізуге рұқсат етіледі. Сонымен бірге конструкцияның сыналатын участкелері алдын ала 00 С жоғары температураға дейін қыздырылады.

38. Егер бақыланатын бетінде ағыс, ағын, тамшы және ылғал түрінде ағулар байқалмаса, конструкция су өткізбейтін болып есептеледі.

39. Осы Қағида бойынша су өткізбеушілікті қамтамасыз ету бойынша талаптар ұсынылмайтын, саңылауды жабуға арналған конструкцияларды және құрылғыларды шашыраған су ағысымен сынауға рұқсат етіледі.

40. Сынауды 30 кПа артық қысыммен ауаны үрлеумен жүргізу қажет.

41. Сыналатын конструкцияда шкаланы 2 кПа артық емес бөлу бағасымен екі манометр, сондай-ақ сақтандырғыш клапан орнату керек. Сұйық дифференциалды манометрлерді қолдануға рұқсат етіледі.

Манометрлерді, сақтандырғыш клапандарды орнатуға және әуе шлангілерін қосуға арналған штуцерлер қылталардың қақпақтарында, уақытша өшіргіштерде немесе күтуге ыңғайлы басқа жерлерде орналасуы қажет.

42. Сынау басталғанға дейін ауаның қысымын тұрақтандыру үшін конструкцияның қысым астында болу уақытын есептеуді бөлікке ауаны жіберуді аяқтағаннан кейін 15 минуттан кейін бастау керек.

43. Дәнекерленген тігістерге және басқа жалғауларға шашақ немесе сығылған ауа көмегімен ауаны үрлеп сынау кезінде, тұрақты көбіктердің құралу және көбік жібектері, бояудың өзгеруі жолымен ауаның кетіп тұрған жерін байқау оңай болатын шамалы полимерді көбік құраушы (бұдан әрі - ПКҚ) құрамаларды жағу керек.

Шаруашылық сабынның эмульсия түріндегі көбік құраушы құрамдар ПКҚ болмаған жағдайда кіші өлшемді конструкцияларды сынау үшін қолданылуы мүмкін және басқа жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша.

ТШ талаптарына сәйкес дайындалған көбік құраушы құрамды таңдау, қоршаған ортаның ауасын ескеріп кеме жасаушы ұйыммен жүзеге асырылады.

44. Қоршаған ортаның кері температурасында сыналатын дәнекерленген тігістер және конструкцияларды қатпайтын көбік құраушы құрамды жағумен суды толық жойғанға дейін қыздырып құрғатады.

45. Конструкцияда ақауды байқау орнын бормен белгілейді.

46. Айқастандырылып дәнекерленген жалғаулардың тығыз еместігін көбік құраушы құрамның көмегімен жапсырма немесе дәнекерлеу саңылауына бұралған штуцер арқылы жанасатын жерлерге 50 кПа артық қысыммен сығылған ауаны жіберу жолымен анықтайды.

47. Егер көбік құраушы құрамды тігістерге немесе басқа жалғауларға жағу кезінде әуе көпіршігі немесе көбік жібегі пайда болмаса, ал сынаудағы қысымның түсуі ұстап тұрғаннан кейін 1,0 сағат ішінде 5 %, ал дизельді отынды және/немесе басқа жеңіл мұнайөнімдерін сақтауға арналған конструкциялар үшін 1 % аспаса, конструкция су өткізбейді деп есептеледі.

48. ПКҚ сынауды аяқтағаннан кйін конструкцияның жоғарғы бетінен сумен немесе ылғал желмен жою қажет.

49. Керосинді жағумен су өткізбеушілікке сынауды, айқастандырып жалғауларды қоспағандадәнекерленгенжалғауларды бақылау үшін жүргізеді.

50. Керосинді жағумен сынау кезінде пісірілген жалғаулардың бақыланатын жағы бор сұйықтығымен жабылуы қажет. Тігістерді бор сұйықтығын кепкеннен кейін қарама қарсы жағынан керосинді жағады.

Егер бор сұйықтығы суда дайындалса, онда пісірілген тігістерге жаққаннан кейін құрғатылуы қажет, қажет болған жағдайда - газ жаққышпен. Сынауды аяқтағаннан кейін бор жабулары желмен жойылады.

51. Қоршаған ортаның 0 0С төмен ауасында бақыланатын пісірілген жалғауларды қалыпты температураға дейін қыздыру және құрғату қажет.

Бор сұйықтығы сұйықтық ақтығын сақтайтын қатпайтын негізде дайындалады.

52. Сынау кезінде жапсарлы және біржақты бұрыштық немесе таврлық жалғауларды керосинмен ұстап тұру уақыты табақшаның немесе тігіс катетінің және осы қосымшаның 2-кестесіне сәйкес кеңістікте тігіс күйіне байланысты анықтайды.

Бұрыштық және таврлық жалғауларды сынау кезінде, сондай-ақ қоршаған ортаның кері ауасында екі жақты тігіспен ұстап тұру уақыты екі есе ұлғайтылуы қажет.

53. Егер бор сұйықтығы жағылған бақыланатын бетте керосин тамшысы пайда болмаса, конструкция су өткізбейтін болып есептеледі.

54. Сығылған ауаның ағысын үрлеумен сынау жергілікті сынаулар үшін қосымша әдіс ретінде қолданылады: жекелеген бөлшектердің, участкілердің пісірілуі, пісірілген жалғаулардың ақауларын жөндеу, сондай-ақ корпус және қондырма ішінде орналасқан есіктерді, комингстерді және с.с.

55. Сығылған ауаны үрлеумен сынау кезінде шлангыдағы ауа қысымы 390 - 490 кПа болуы тиіс.

Ағыс сыналатын жоғарғы бетке перпендикуляр бағытталу қажет. Шлангы ұшы диаметрі 10 — 20 мм ниппелмен жабдықталуы және сыналатын жалғаудың бетінен 100 мм жоғары емес қашықтықта табылу қажет. Шлангы ұшындағы алмасу жылдамдығы 0,02 м/сек жоғары бомау қажет. Көбік құраушы құрамдарды (осы қосымшаның 43-тармағы) үрлеуге, кейбір (ПКҚ қолданған кезде) немесе бірмезгілде және синхронды үрлеумен (сабын сұйықтықтарын қолданған кезде) қарама қарсы жақтан жағылады.

56. Конструкцияның су өткізбеушілігін бағалау осы қосымшаның 47-тармағына сәйке жүргізіледі.

57. Шашыраған су ағысымен су өткізбеушілікке сынау палубтың, платформаның, есіктердің, қақпақтардың, люктардың су өткізбеуін тексеру үшін қолданылады.

58. Шашыраған су ағысымен сынау кезінде осы қосымшаның 36-38-тармақтарында көзделген талаптарды сақтау қажет.

59. Осы қосымшаның 3-тарауының 1-6 параграфтарында көрсетілгеннен айрықшаланатын Корпустарды сынау әдістері, мысалы люминцетті, ағыс іздегіштерді, вакуумдауды және басқаларды қолданумен ауаны үрлеу бақылау бойынша тәжірибелік жұмыстарын жүргізгеннен кейін рұқсат етіледі.

Әдісті қолдану туралы шешім қабылданғаннан кейін оны қолдану облысы көрсетілуі қажет: негізгі және/немесе ауыстыратын ретінде корпустың қандай конструкциясын, жалғау типтерін және дәнекерленген тігістердің негізгі параметрлерін, дәнекерленетін бөлшектердің қалыңдығын, сондай-ақ қажет болған жағдайда дәнекерлеуде қолданған әдістер және басқалары.

60. Осы қосымшаның 3-тарауының 1-6 параграфтарында көрсетілгеннен айрықшаланатын әдісті қолдану бойынша технологиялық нұсқаулық, кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісуге жатады.

Әдісті қолданғанға дейін Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен кеме жасаушы ұйыммен әдістің игерілгендігіне және қажетті мамандар дайындалғандығына көз жеткізу қажет.

61. Егер су құюмен сынауды стапельде немесе докта орындау мүмкін болмаса, онда суға түсіргеннен кейін орындалуы мүмкін.

Суға түсіргенге дейін барлық жүк бөліктері ауаны үрлеумен сыналады.

Жүзу үстінде су құюмен бір орталық және Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен көрсетілген екі борттық бөлік сыналады.

Бұл бөліктерді сынау бір мезгілде жүргізіледі. Сонымен бірге сыналушы бөліктердің өзара орналасуы жүктеудің едәуір ауыр шартына сәйкес келуі қажет.

Егер сынау кезінде конструкциялардың ақаулары немесе су өткізбеушіліктің бұзылуы байқалса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қажет болған жағдайда барлық бөліктерді сынағанға дейін сыналатын бөліктердің санын ұлғайтуды талап етеді.

62. Арын астында су ағысын суарумен сынауды керосинді (внахлестке жалғауды қоспағанда) жағумен дәнекерленген тігістерді немесе сығылған ауа ағысын үрлеумен сынауға ауыстыруға мүмкін болады. Сонымен бірге табақшалардың беті мұқият қаралады және ақаулардың және металдың бүтіндігінің бұзылуы болмауы күмән келтірмеуі тиіс.

63. Жөндеу және кезекті куәландыру кезіндегі су өткізбеушілкке сынау әдістері мен нормалары осы қосымшаға 1-кесте талаптарына сәйкес келуі қажет.

Отын және су цистерналары әуе құбырының биіктігіне дейін, ал құйма кемелердің жүк бөліктері мен коффердамдары - кеңейтілген шахта және люктердің жоғарғы жиегіне дейін су құюмен сыналады

Осы қосымшаның 1-кестесіндегі 1-сілтемемен белгіленген конструкциялар, Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша бөлікті жоғарыдан шектеуші төсемнен жоғары су құюмен сынау орнына, ауаны үрлеумен сыналады (осы қосымшаның 15-тармағы).

 

1-кесте

 

Бөліктер және конструкциялар

Сыныпты кемелер үшін әдістер мен нормалар

Қосымша нұқсаулықтар

«М-СП», «М-ПР», «М», «О-ПР»

«О», «Р», «Л»

«а» топты бөліктер және конструкциялар

Сумен толтыруға арналмаған форпик және ахтерпик

Аралық палубасының үстіне 0,3 м биіктікте немесе люк комингісінің жоғарғы жиек (аз ағыс бойынша) деңгейіне дейін су құю

Жүк ватерсызығының деңгейіне дейін су құюмен, осы деңгейден жоғары - арын немесе керосинді жағумен су ағысымен суарумен

Ахтерпикті орнатылған дейдвудты және гельмпортты құбырмен сынау керек.

Форпикте және/немесе ахтерпикте орналасқан цистерналар әуе құбырының үстіне дейін су құюмен сыналады1

Донаралық бөліктер

Екінші түп төсеніштің үстіне 06, м биіктікке дейін немесе әуе құбырының биіктігіне дейін су құю (үлкен ағысты қамтамасыз етуге байланысты)1

Екінші түп үстіне 0,35 м биіктікке дейін су құюмен немесе әуе құбырының жоғарысына дейін (жоғары арынды қамтамасыз етуге байланысты)1

 

Екі есе борттың бөліктері

Әуе құбырының биіктігіне дейін су құю1

Әуе құбырының үстіне дейін су құюмен1

 

Екі есе борттан тыс орналасқан цистерналар және бөліктер

Әуе құбырының биіктігіне дейін, бірақ жүк ватер сызығынан төмен емес су құю1

Әуе құбырының үстіне дейін су құюмен, бірақ жүк ватерсызығынан төмен емес1

 

Кемелік қордың сұйық мұнай өнімдерін сақтауға арналған цистерналар және екі есе түптен тыс орналасқан мұнайы бар сулардың құрама цситерналары

Әуе құбырының биіктігіне дейін, бірақ аралықтар палубасынан төмен емес су құю1

Әуе құбырының үстіне дейін су құюмен, бірақ аралықтардың палубасынан төмен емес1

 

Құйма кемелердің жүк бөліктері және сұйық жүк немесе баллас қабылдай алатын басқа кемелердің жүк трюмдары

Кеңейтілген шахтаның биіктігіне дейін су құю1

Кеңейтетін шахтаның үсіне дейін су құюмен1

1 ескертуді қараңыз

Коффердамдар

әуе құбырының биіктігіне дейін, бірақ коффердам биіктігін шектеуші төсеніштен 2,5 м кем емес су құю1

Әуе құбырының үстіне дейін су құюмен1

 

Борт сыртындағы судың кингстондық және мұздық жәшіктері

Борт биіктігінің 1,25 деңгейіне дейін, бірақ үрлеу жүйесінде қысымынан кем емес су құю

1,25 борт биіктігіне дейін су құюмен, бірақ үрлеу жүйесіндегі қысымнан төмен емес

Мұз жәшіктерін сынау кезінде (оларды бумен қыздырған кезде) барлық жағдайларды судың сынау арыны қыздыру жүйесіндегі есепті қысымнан кем болмау қажет.

Борт биіктігі 5 м кіші кемелерде құю биіктігі 0,5 борт биіктігіне тең деп қабылданады, бірақ 1,5 м кем емес

Бақылап сынау жүргізілмейді.

Салушы, сулы, отынды және майлы цистерналар

әуе немесе құю құбырларының биіктігіне дейін су құю.

Отын және май цистерналары үшін құбырлардағы су бағанасының биіктігі цистернаның жоғарғы нүктесінен 1 кем болмау қажет1

әуе немесе құю құбырының үстіне дейін су құюмен.

Отын және май цистерналары үшін су бағанының биіктігі құбырларда цистернаның жоғарғы нүктесінен 0,35 м кем болмау қажет1

«О» сыныпты кемелер үшін судың бағана биіктігі цистернаның жоғарғы нүктесінен 1 м кем болмау қажет.

 

 

Фекальды цистерналар, ағын суларды жинау цистерналары

цистерна түбінен төменгі санитарлық құралға дейінгі Су бағанасының жартылай қысымына тең арынды суды құюмен1

Цистерна түбінен төменгі санитарлық құралға дейін су бағанасының жартысына тең қысыммен су құюмен1

 

Танкерлердің тізбектік жәшіктері, жүзу бассейндері

Тізбектік жәшіктің (бассейннің) жоғарғы жиегіне дейін су құюмен

Тізбектік жәшіктің (бассейннің) жоғарғы жиегіне дейін су құюмен

 

Қуыс рульдер, стационарлы және бұрылмалы қондырмалардың қуыстары, қанатты құрылғылардың Полдық элементтері

p=12,5T+v2/60 анықталатын р, кПа1 арынды суды құюмен, мұндағы Т — толық жүкпен кеменің тұнуы,м;

v — кеменің бөліктің жылдамдығы. Сонымен бірге бағаналық арын 50 кПа кем болмау қажет.

Рульдік жоғарғы жиегінен 1 м биіктікке су құюмен (қондырма)1

«О» сыныпты кемелер үшін арын, «О-ПР»1 сыныпты кемелердің руліне арналғаннан кем болмау қажет.

«б» топтың бөліктері және конструкциялары

Сұйықтықты сақтауға арналмаған борт аралық бөліктер

Екі түпті кемелер үшін - екінші түп деңгейінен жоғары арынмен су ағысын құю арқылы.

Екі түпсіз кемелер үшін - түптің сыртқы қаптамасы биіктігінен 0,6 м биіктікке су құюмен және осы деңгейден жоғары арынмен су ағысын құюмен.

 

 

Екі түпті кемелер үшін - екінші түптен жоғары арынмен су ағысымен суарумен.

Екі түпсіз кемелер үшін - түптің сыртқы қаптамасынан 0,35 биіктікке су құюмен және осы деңгейден жоғары арынмен су ағысын суарумен

 

 

«О», «Р» және «Л» сыныптың сериялық кемелері үшін қалқалар үшін арынмен су құюмен сынауды керосинді жағып сынауға ауыстыруға рұқсат етіледі, сыртқы қаптама үшін-кемені бос тұнбаның 0,05 тұнбаға дейін таптаумен.

Бөліктер толықтай Кеме қатынасы келісімі бойынша ППС қолданумен ауаны үрлеумен сынауға рұқсат етіледі.

Тік коффердамдар

әуе құбырының биіктігіне дейін немесе люк комингісінің биіктігіне (үлкен арын бойынша) су құюмен1

әуе құбырының үстіне дейін немесе люк комингісінің биіктігіне дейін (үлкен арын бойынша) су құюмен1

 

Құрғақ жүкке арналған кемелердің жүк трюмдары, машина-қазандық және моторлық бөлімдер

Екі түпті кемелер үшін - екінші түп деңгейінен жоғары арынмен су ағысын құюмен.

Екі түпсіз кемелер үшін - түптің сыртқы қаптамасынан 0,6 м биіктікке су құюмен және осы деңгейден жоғары су ағысымен суарумен

Екі түпті кемелер үшін - екінші түп деңгейінен жоғары арынмен су ағысын суарумен.

Екі түпсіз кемелер үшін - түптің сыртқы қаптамасынан 0,35 биіктікке су құюмен немесе осы деңгейден жоғары арынмен су ағысын суарумен

2 Ескертуді қараңыз

Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша корпус қаптамасының су асты бөлігін сынау бос тұнбадан 0,05 кіші тұнбамен кемені таптаумен жүргізілуі мүмкін.

Палуба аралық кеңістіктегі бөліктер

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысын суарумен

2 Ескертуді қараңыз

Донаралық бөліктер

Екінші түп төсенішінің үстінен 0,6м биіктікке дейін су құюмен1

Екінші түп төсенішінен 0,35 биіктікке су құюмен1

 

Лак, эхолота, әуе жәшіктерінің шахталары, жүзу бөліктері

Қалқалар палубтары деңгейіне дейін су құюмен1

Жүк ватерсызығы деңгейіне дейін су құюмен1

 

Рульді басқарушы құрылғының бөлмесі

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысын суару

 

Қосымша шығулардағы қоршаулар мен шахталарды қоспағанда, еспелі білік дәлізі;

МКО шахталарын қоса су өткізбейтін шахталар, корпус ішінде орналасқан желдеткіш каналдар, нығайтулар және рубкалар

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысын суару

2 Ескертуді қараңыз

Тізбектік жәшіктер

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысын суарумен

2 Ескертуді қараңыз

Зәкірлік клюздер және тізбектік құбырлар

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысын суарумен

2 Ескертуді қараңыз

Машина-қазандық шахталардың ашық бөліктерін және түтін құбырының бүркеніштерін қоса қондырмалар және рубкалар

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысын суарумен

2 Ескертуді қараңыз

Кеме корпусы палубаларының ашық бөліктері, артық қысыммен немесе ауаны үрлеумен су құйып сыналатын ауданнан тыс қондырмалар және рубкалар

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысын суарумен

2 Ескертуді қараңыз

Мұнай құюға арналған кемелердің жүк танкілері ауданындағы жүк палубтарының бөлігін сыналатын бөліктермен бірге сынайды.

Жоғарғы палубалардың ашық бөліктерінде орналасқан люктердің және желдеткіш құбырлардың комингстері, палубалар қондырмалары және рубкалары

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысын суарумен

Комингстер керосинді жағумен сыналуы мүмкін

Су жиналуы мүмкін бөлмелердегі палубалар және қоршаулар (душ, ванна, қол жуатын жер, кір жуу, камбуздар, гальюндар)

Есік комингстерінің биіктігіне су құюмен, осы деңгейден жоғары - шашыраған су ағысымен суарумен

Комингс есіктерінің биіктігіне су құюмен, осы деңгейден жоғары - шашыраған су ағысымен суарумен

 

Су құюмен сынау монтаждық жұмыстарды аяқтағаннан ейін, бірақ палубқа қандай да бір жабындарды жапқаннан кейін жүргізіледі.

Су құюмен сынау кезінде ұстап тұру уақыты - 30 минут.

Суарумен сынау керосинді жағумен ауыстырылуы мүмкін. Қысқы мерзімде Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша палубаның барлық алаңын керосинмен майлаумен сынауға рұқсат етіледі.

Корпустың су өткізбейтін бөліктеріндегі саңылауларды жабуға арналған құрылғы:

1) корпустың су өткізбейтін қалқаларындағы есіктер

Тиісті бөлік үшін белгіленген деңгейге дейін су құюмен

Тиісті бөлікке белгіленген деңгейге дейін су құюмен

 

2) қондырма және рубканың сыртқы қабырғалары бойынша есіктер

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысымен немесе жобамен қарастырылған конструктивті орындалуына байланысты шашыраған су ағысымен суарумен

 

3) қондырма және рубка ішінде орналасқан, су өткізбейтін конструкциялардағы тесіктерді жабуға арналған есіктер және құрылғылар

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысымен немесе жобамен қарастырылған конструктивті орындалуына байланысты шашыраған су ағысымен суарумен

Арынмен суды құюмен сынау сығылған ауаның ағысымен сынауға ауыстыруға рұқсат етіледі.

 

4) лацпорттар

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысымен немесе жобамен қарастырылған конструктивті орындалуына байланысты шашыраған су ағысымен суарумен

 

5) жарық және ұсқас люктердің қақпақтары, қондырма және рубка корпусының борттық иллюминаторлары

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысымен немесе жобамен қарастырылған конструктивті орындалуына байланысты шашыраған су ағысымен суарумен

 

6) су өткізбейтін палубалардағы, платформалардағы және қалқалардағы қылталардың қақпақтары

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысымен немесе жобамен қарастырылған конструктивті орындалуына байланысты шашыраған су ағысымен суарумен

 

7) құрғақжүкті кемелердің жүк люктерін метллмен жабу

Арынмен су ағысын суарумен

Арынмен су ағысымен немесе жобамен қарастырылған конструктивті орындалуына байланысты шашыраған су ағысымен суарумен

 

8) трюмдарда сұйық жүктерді, мұнай өнімдерін қоса құйма кемелердің жүк люктарын металмен жабу

Негізгі сынау кезінде жүк бөлігі құрамында сынау

Негізгі сынаулар кезінде жүк бөлігін құрамда сынау

 

 

2-кесте

 

Табақша қалыңдығы немесе тігіс катеті, мм

Тігіс жағдайы кезінде ұстап тұру уақыты, мин

Төменгі

Тік және көлденең

6 кем

6-дан 24 бойынша

24 жоғары

40

60

90

60

90

120

 

Кемелерді жасауды және



материалдар мен бұйымдарды

дайындауды техникалық байқау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет