Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №214 Бұйрығы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»


-тармағы), желдеткіштердің (осы Қағиданың 101-тармағы



бет2/15
Дата24.02.2016
өлшемі2.47 Mb.
#13353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
99-тармағы), желдеткіштердің (осы Қағиданың 101-тармағы) және әуе құбырларының биіктігі (осы Қағиданың 115-тармағы), сондай-ақ люк жапқыштары бөлшектерінің өлшемдері (осы Қағиданың 72-88-тармақтары), су ағызу құрылғылары (осы Қағиданың 125-135-тармақтары) және экипажды қорғау құралдары (осы Қағиданың 148-150-тармақтары) су үсті бортының нақты палубасына қондырма палубасындай рұқсат етіледі, бұл ретте алынатын тұнба жазғы су үсті борты су үсті бортының нақты орналасқан жерінен қондырманың тікелей стандартты биіктігіндегі қашықтықта орналасқан су үсті бортының шартты палубасы негізіне есептелген ең аз су үсті бортына сәйкес келетін тұнбадан аспайтындай болуы керек.

7. Осы Қағиданың 7-бөлімінде қамтылған талаптар осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген кемелерге, сондай-ақ Каспий теңізінде халықаралық рейс орындайтын кемелерге қолданылады.

8. Осы Қағиданың 9-бөлімінде қамтылған талаптар R1, R2 және R3 жүзудің шектелген ауданында рейс орындайтын осы Қағиданың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кемелерге қолданылады.



Су үсті бортына ЖБҚ осы Қағиданың 7-бөлімінің талаптарына сәйкес тағайындалады.

9. Өздігінен жүретін, сондай-ақ лихтерлерге, баржаларға және басқа да өздігінен жүрмейтін кемелерге су үсті борты осы Қағиданың 67-154, 155-226, 289-312 және 245-267-тармақтарына сәйкес тағайындалады.

10. Палубалық орман жүктерін тасымалдайтын кемелер үшін осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген су үсті борттарында осы Қағиданың 227-244 және 275-280-тармақтарына сәйкес орман су үсті борты қосымша тағайындалады.

11. Қозғалыстың жалғыз немесе қосымша құралы болғанына және су үсті тіркеуі болып табылғанына қарамастан, желкенді алып жүретін кемелерге Қағиданың 48-66, 67-154, 155-226, 245-267 және 289-312-тармақтарының талаптарына сәйкес су үсті борты тағайындалады. Осындай жолмен алынған су үсті портын ұлғаюы және осы ұлғайтудың мәні Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.

12. Басқа да материалдардан жасалған ағаш, композитті кемелерге немесе кемелерге қолданулары Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған, сондай-ақ конструктивтік ерекшеліктері осы Қағиданың талаптарын қолдануды орынсыз ететін кемелерге су үсті борты әр жағдайда Кеме қатынасы тіркелімімен тағайындалады.

13. Осы Қағиданың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жүк кемелеріне және осы Қағиданың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жүзу ауданы шектелмеген жүк кемелерге жүзудің R1 шектелген ауданында пайдалану үшін қосымша су үсті борты тағайындалады. Осы Қағиданың 2-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген R1 және R2 жүзудің шектелген аудандарындағы жүк кемелерге, сондай-ақ техникалық флоттың трюмді кемелеріне олардың трюмдарда топырақсыз жүзу аудандарына қарамастан, R3 жүзудің шектелген ауданында пайдалану үшін қосымша су үсті борты тағайындалады.

14. Екі немесе одан артық елдердің жақын порттары арасында халықаралық рейс орындайтын кемелер егер осы порттар орналасқан елдердің үкіметтері аталған порттар арасында осындай рейстердің қауіпсіз сипаты немесе шарттары арқылы кемелерге қойылатын көрсетілген Конвенцияның ережелері орынсыз немесе артық болып табылатындығын таныса, Жүк маркасы туралы халықаралық конвенция ережелерін орындаудан босатылады.

Мұндай шешім нақты кемелердің жүзу шарттарына қатысты немесе осы мемлекет туы астында жүзетін кез келген кеменің жүк маркасы туралы аймақтық келісім түрінде келісетін үкіметтер арасындағы келісім түрінде ұсынылады.

15. Жаңа конструктивтік ерекшеліктері бар кеме жоғарыда аталған ерекшеліктерді зерттеуде және оларды кемеде қолдануды шын қиындататын осы Қағиданың және Жүк кемелерінің маркасы туралы халықаралық конвенцияның кез келген ережесін орындаудан босатылады. Алайда, мұндай кеме тасымалдауды жүзеге асыру үшін жеткілікті болатын қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Бұл талаптар осы кеме порттарына кіретін елдердің үкіметтері үшін қолайлы.

16. Халықаралық рейс орындамайтын, бірақ ерекше жағдайларда бір рет халықаралық рейс орындауы қажет кеме осы рейсті орындау үшін жеткілікті болатын қауіпсіздік талаптарына жауап берсе, ол Жүк маркасы туралы халықаралық конвенцияның кез келген ережесін орындаудан босатылады.

17. Оған белгіленбеген жүзу бөлігінде бір рет рейс орындауы қажет R1, R2, R2-RSN, немесе R3-RSN, не болмаса R3 жүзудің шектелген ауданындағы кемелер, егер осы кеме Кеме қатынасы тіркелімінің осы рейсті орындау үшін жеткілікті болатын қауіпсіздік талабына жауап берсе, Кеме қатынасы тіркелімімен осы Қағиданың кез келген ережелерін орындаудан босатылады.

18. Егер сынаумен немесе басқа да әдістермен қолданылатын құралдар жабдықтар немесе материалдар Жүк маркасы туралы конвенциямен және Қағидамен қолданылатындардан кем болмайтындай тиімді екендігін дәлелдесе, Кеме қатынасының тіркелімі кемеде құралдардың, материалдардың және жабдықтардың қолданылуына немесе басқа да іс шараларды жүзеге асыруға рұқсат береді.

19. Осы Қағиданың 14 және 15-тармақтарына сәйкес алуды ұсынумен бір мезгілде, осы Қағиданың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кемелерге осы Қағиданың 18 және 19-тармақтарына сәйкес эксперименттік мақсаттар үшін теңбағалы ауыстыруларға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі Кеме қатынасы тіркелімінің ұсынысы бойынша Халықаралық теңіз ұйымына (бұдан әрі - ХТҰ) жүк маркасы туралы халықаралық конвенцияны қабылдаған елдерге алынуы және олардың себептері туралы мәліметтерді, орындаған сынауларды қоса, теңбағалы ауыстырулар туралы мәліметтерді ұсынады.

20. Жөнделген, қайта жабдықталған және жаңғыртылған кеме осы кемеге бұрын қолданылған талаптарға сәйкес келуі тиіс. Бұл ретте, осы кемеге жөндеуден кейінгі қойылатын талаптар жаңа кемеге қойылатын талаптардан елеулі түрде ерекшеленбеуі тиіс.

21. Елеулі түрдегі жөндеуден, қайта жабдықтаудан және жаңғыртудан өткен кеме, сондай-ақ оған орнатылған жабдық орынды және тиімді болатындай дәрежеде жаңа кемелерге қойылатын талаптарға жауап береді.

22. Осы Қағидада кемелер жүзу аудандары бойынша мыналарға бөлінеді:

1) жүзудің шектелмеген ауданындағы кемелер;

2) R1 жүзудің шектелген ауданындағы кемелер:

8,5 м-дің 3% қамтамасыз етілген толқын биіктігіндегі толқынды теңізде пана орнынан 200 миль аспайтын алынумен және 400 мильден аспайтын пана орнының арасындағы шекті қашықтықпен теңіз аудандарында жүзу;

3) R2 жүзудің шектелген ауданындағы кемелер: 7,0 м-дің 3% қамтамасыз етілген толқын биіктігіндегі толқынды теңізде пана орнынан 100 миль аспайтын алып тастаумен және 200 мильден аспайтын пана орнының арасындағы шекті қашықтықпен теңіз аудандарында жүзу;

сонымен қатар, жүзбелі крандарға арналған шектеу Кеме қатынасы тіркелімімен әр жағдайда белгіленеді;

4) R2-RSN жүзудің шектелген ауданындағы кемелер:

пана орнынан алынатын, 6,0 м-дің 3% қамтамасыз етілген толқын биіктігіндегі толқында аралас (өзен-теңіз) жүзу;

ашық теңіздерде 50 мильден аспайтындай және пана орындары арасында 100 мильден аспайтындай шекті қашықтықта;

жабық теңіздерде 100 мильден аспайтындай және пана орындары арасында 200 мильден аспайтындай шекті қашықтықта;

5) R3-RSN жүзудің шектелген ауданындағы кемелер: бөлік бойынша нақты шектеулерді және бассейндердің жел толқынды режимдерімен негізделген жүзу шарттарын ескере отырып, сонымен қатар 50 мильден аспайтын пана орнынан ең үлкен шекті алып тастауды белгілеумен 3,5 м-дің 3% қамтамасыз етілген толқын биіктігіндегі толқында аралас (өзен-теңіз) жүзу;

6) R3 жүзудің шектелген ауданындағы кемелер: әр жағдайда Кеме қатынасы тіркелімімен белгіленген шекараларда жағадағы, рейдтік және порттық жүзу.

 

 

3. Куәландыру көлемі және куәліктер



 

23. Осы Қағидаға сәйкес кемеге су үсті бортын тағайындау үшін Кеме қатынасы тіркеліміне мынадай құжаттама ұсынылады:

1) теориялық сызба;

2) жалпы орналасқан сызбалар;

3) корпус конструкциялары байланыстарының мөлшерін анықтау;

4) капитан үшін тұрақтылық туралы ақпарат;

5) батып кеткен бөлікпен кеменің орнатылуы мен орнықтылығы туралы есеп (осы Қағиданың 155, 159-160-тармақтарының талаптары орындалғанда);



6) жүктеу және балластау бойынша ақпарат;

7) корпустардағы, қондырмалардағы және рубкалардағы олардың жабылу типтері мен комингстер биіктігін көрсете отырып, саңылаулардың орналасу схемасы;

8) люктердің жапқыштарының беріктілігінің есебі;

9) палубалық орман жүгінің жайғастырылу және нығайтылу сызбалары;

10) осы Қағиданың талаптарын қанағаттандыратын фальшборт, леерлік қоршау, өту көпірлері және өту жолдары, штормды портиктер мен жүйелер бойынша мәліметтер (фандық, шпигаттар, желдеткіштер, әуе құбырлары);

11) су үсті бортының есебі және жүк маркасының эскизі.

24. Осы Қағиданың ережелеріне сәйкес куәландыру және жүк маркаларын басу Кеме қатынасы тіркелімімен Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін кемелерге, сондай-ақ егер Кеме қатынасы тіркеліміне ту әкімшісінен тиісті тапсырма келіп түссе, Кеме қатынасы тіркелімінің сыныбы бар және шетел туын көтеріп жүзетін кемелерге жүзеге асырылады.



Халықаралық рейстерді орындайтын кемелерді куәландыру және оларға жүк маркаларын басуды басқа ұйым немесе басқа тұлға, сонымен қатар шетелдік уәкілетті үкімет де жүргізуі мүмкін. Кеме қатынасы тіркелімі тиісті үкіметтің уәкілеттігі бойынша шетел туын көтеріп жүзетін кемелерді куәландырады және жүк маркасын басады. Мұндай жағдайларда ел үкіметі кеме жүзетін ту астына куәландырылудың толықтығы мен нақтылығына, жүк маркаларының белгіленуіне толық кепіл береді.

25. Кеме мынадай куәландыруға жатады:



1) кемені жасауды техникалық бақылау кезеңінде жүзеге асырылатын алғашқы куәландырылу немесе Кеме қатынасы тіркелімінің немесе оны алмастыратын уәкілетті органның бақылауынсыз салынған кемені алғашқы куәландыру.

Куәландыруға осы Қағидамен кеме үшін көзделген шекте кеменің конструкциялары мен жабдықтары толық тексеру кіреді. Мұндай куәландыру кеменің орналасуы, материалдары және оның беріктілігі осы Қағиданың талаптарына толық жауап беретіндігіне көз жеткізу үшін жүргізіледі.

Куәландыру нәтижелері бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасы бойынша жүк маркасын белгілеу шартының сипаттамасы және су үсті бортының есебі жасалады және осы Қағиданың 23-25-тармақтарында көрсетілген куәліктер беріледі;

2) осы Қағиданың 35, 38-40-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, 5 жылдан артық емес уақыт аралығында өткізілетін куәлікті жаңарту үшін жүргізілетін куәландыру конструкция мен жабдықтардың орналасуы, құралы, материалы және беріктілігі бойынша осы Қағиданың талаптарына жауап беретіндігіне көз жеткізу үшін жүргізіледі;

3) жыл сайынғы куәландыру кеменің корпусы мен үстіндегі қондырмаларында су үсті бортының есебіне және жүк маркаларының жағдайына әсер ететін өзгертулер жүргізілмегендігіне және саңылауларды жабуға арналған құрылғылар, фальшборт және леерлік қоршаулар, дауыл портиктері, экипаж бен жолаушылардың үй-жайларына енуіне мүмкіндік беретін құралдар қалыпты жағдайда тұрғандығына, жүк маркалары дұрыс басылғандығына және кеме тиісті ақпаратпен қамтылғандығына көз жеткізу үшін әрбір жыл сайынғы куәландыру күніне дейін және одан кейін үш ай шегінде жүргізіледі, және ол осы Қағиданың 75-79-тармақтарында көрсетілген ақпаратпен қамтылғанын байқау үшін жүргізіледі.

Жыл сайынғы куәландырудың өткізілгені туралы осы Қағиданың 14-тармағына сәйкес берілетін Жүк маркалары туралы куәлікте немесе Жүк маркалары үшін алу куәлігіне жазба жазылады.

Кез келген куәландыру өткізгеннен кейін осы Қағиданың 25-31-тармақтарына сәйкес куәландырылған конструкцияға, жабдыққа, құрылғыға, материалдар немесе байланыс өлшемдеріне Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсатынсыз өзгерістер енгізуге болмайды.

26. Осы Қағидаға сәйкес куәландырылған және борттарына жүк маркалары салынған кемелерге осы Қағиданың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген әрбір кемеге - Жүк маркасы туралы куәлік беріледі.

27. Осы Қағиданың 13-тармағының негізінде халықаралық рейс орындайтын және алынуына ұшырайтын, осы Қағидаға сәйкес куәландырылған және өңірлік келісімге сәйкес олардың борттарына жүк маркасы басылған кемелерге Жүк маркасы туралы өңірлік куәлік беріледі.

28. Осы Қағиданың 14-тармағының негізінде жаңа конструктивтік ерекшеліктері бар және алынуларына ұшырайтын осы Қағидаға сәйкес куәландырылған және борттарына жүк маркасы басылған кемелерге, осы Қағиданың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген әр кемеге - Жүк маркасы туралы куәлік беріледі.

29. Куәлікте кемеге Осы Қағиданың 14-тармағы негізінде және сәйкес су үсті борты тағайындалғандығы белгіленеді, сондай-ақ кемені пайдаланудың рұқсат етілген шарттары көрсетіледі.

30. Осы Қағиданың 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген, осы Қағидаға сәйкес куәландырылған, осы Қағиданың 16-тармағы негізінде оларға белгіленбеген жүзу аудандарында ерекше жағдайларда халықаралық рейс орындайтын кемелерге Бір реттік айдап өту куәлігі беріледі.

Мұндай бір реттік рейс үшін кеме бортына жүк маркасы белгіленбейді, ал рұқсат етілген су үсті борты кемені куәландыру туралы белгі және рейс орындау шарттары алу туралы бір реттік айдап өту куәлігінде көрсетіледі.

31. Қазақстан Республикасы Туы астында жүзетін кемелерге осы Қағиданың 26-28-тармақтарында көрсетілген куәліктер Кеме қатынасы тіркелімімен беріледі.

32. Жүк маркасы туралы халықаралық конвенцияның мүше-мемлекеттер үкіметі басқа осыған іспеттес мемлекет үкіметінің сұрауы бойынша кемені куәландыруды жүргізуді тапсырады және кеме осы Конвенцияның талаптарына жауап беретіндігіне көз жеткізгеннен кейін Жүк маркасы туралы халықаралық куәлікті береді (растайды).

33. Куәліктің, куәландыру актісінің және су үсті борты есебінің көшірмелері мерзімінде сұрауы бойынша куәландыру жүргізілетін үкімет органына ұсынылады.

34. Осылайша берілген куәлікте кеме елдің туы астында жүзіп жүрген немесе болашақта жүзетін мемлекет үкіметінің сұрауы бойынша берілгендігі туралы жазба жазылуы тиіс. Оның дәл сондай күші бар және ол осы Қағиданың 31-тармағына сәйкес берілген куәлікке тең болады.

Кеме қатынасы тіркелімімен берілетін куәліктер қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

35. Жүк маркасы туралы куәлік 5 жылдан аспайтын уақытқа беріледі.

36. Жүк маркасы туралы куәліктің қолданыстағы мерзімі мыналарды ескере отырып анықталады:

1) осы Қағиданың 35-тармағында көрсетілгенге қарамастан, куәліктерді жаңарту үшін жүргізілетін куәландыру осы қолданыстағы куәліктің қолданылу мерзімінің өтелген күніне дейін 3 ай ішінде аяқталса, осы куәліктің қолданылу мерзімінің өтелуінде 5 жылдан аспайтын уақытта жаңа куәлік куәландыру мерзімінен алып санағанда қолданыста болады;



2) куәлікті жаңарту үшін жүргізілетін куәландыру аяқталғаннан соң қолданыстағы куәліктің қолданылу мерзімі күнінен соң жаңа куәлік осы куәліктің қолданылу мерзімінің өтелуінде 5 жылдан аспайтын уақытта жаңа куәлік куәландыру мерзімінен алып санағанда қолданыста болады;

3) куәліктерді жаңарту үшін жүргізілетін куәландыру осы қолданыстағы куәліктің қолданылу мерзімінің өтелген күніне дейін 3 ай ішінде аяқталса, осы куәліктің қолданылу мерзімінің өтелуінде 5 жылдан аспайтын уақытта жаңа куәлік куәландыру мерзімінен алып санағанда қолданыста болады.

37. Егер куәлік 5 жылдан кем уақытқа берілсе, Кеме қатынасы тіркелімі куәліктің мерзімін егер осы Қағиданың 25-тармағында көрсетілген жыл сайынғы куәландыруларға тиіс және дұрыс өткізілген жағдайда, куәлік 5 жылдық кезеңге берілгенде, ең ұзақ уақытқа (5 жылға) ұзартады.

38. Егер осы Қағиданың 25-тармағының 2) тармақшасына сәйкес куәлікті жаңарту үшін жүргізілген куәландырудан кейін, кемеге қолданыстағы куәліктің мерзімі өткенге дейін жаңа куәлікті беру мүмкін болмаса, онда куәландыруды жүргізген тұлға немесе ұйым қолданыстағы куәліктің мерзімі 5 айдан аспайтын мерзімге созылады. Бұл ұзартулар куәлікке жазба арқылы көрсетіледі және олар кеменің су үсті бортының ұлғаюына әсерін тигізетін конструкцияларға, жабдықтарға, құрылғыларға материалдарға немесе конструкцияның өлшем элементтеріне ешқандай өзгерістер енгізілмеген жағдайда ұсынылады.

39. Егер қолдану мерзімінің өтуі кезінде кеме портта орналаспаса, ол куәландырылуы тиіс, куәліктің мерзімі Кеме қатынасы тіркелімімен ұзартылады, бірақ мұндай ұзарту тек кемеге өзінің порттағы рейсін аяқтауға мүмкіндік беру үшін және мұндай мерзімін ұзарту қажет және мақсатқа сай болғанда ғана ұсынылады. Ешқандай куәлік 3 айдан асатын уақытқа дейін ұзартылмайды және осындай ұзарту ұсынылған кеме портқа келгеннен кейін осы ұзарту күші негізінде кәландырылуы тиіс және жаңа куәліксіз порттан кетіп қалуға құқы жоқ. Куәлікті жаңарту үшін жасалған куәландыру аяқталғаннан кейін жаңа куәліктің мерзімі ұзартуға ұсынылғанға дейінгі қоланыстағы куәліктің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 5 жылдан асатын уақытқа дейін қолданыста болады.

40. Жоғарыда аталған осы тармақтың ережелеріне сәйкес мерзімі ұзартылмаған қысқа рейс жасайтын кемелерге берілген куәлік онда көрсетілген мерзімінен алып санағанда бір ай мерзіміне льготты мерзімге Кеме қатынасы тіркелімімен ұзартылады. Куәлікті жаңарту туралы куәландыру жүргізілгеннен соң, жаңа куәлік ұзартылуға дейін белгіленген мерзімінің аяқталуынан алып санағанда 5 жылдан аспайтын мерзімге дейін қолданыста болады.

41. Кеме қатынасы тіркелімі қолданыстағы куәлікті қоданылу мерзімі өткеннен бастап осы Қағиданың 36, 39 және 40-тармақтарына сәйкес қолданыстағы куәліктің әрекет ету мерзімінен бастап жаңа куәлікті бермеуге құқылы. Бұл ретте жаңа куәлік куәлікті жаңарту үшін жүргізілген куәландыру күнінен алғанда 5 жылдан аспайтын мерзімге қолданылады.

42. Егер жыл сайынғы куәландыру осы Қағиданың 26-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде аяқталса:

1) куәлікте көрсетілген жыл сайынғы күні куәландыру аяқталған күннен кейін 3 айдан кешіктірілмей енгізілетін күнді жазып көрсету арқылы өзгертіледі;

2) келесі жыл сайынғы куәландыру жаңа жыл сайынғының күнін қолдана отырып, Қағиданың 25-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде аяқталады;

3) куәліктің мерзімінің өту күні егер бір немесе бірнеше жыл сайынғы куәландырулар осы Қағиданың 25-31-тармақтарындағы жазылған куәландырулар арасындағы ең ұзақ кезеңдерден аспаса өзгертусіз қалдырылады.

43. Жүк маркасы туралы куәлік мынадай жағдайларда өз күшін жояды:



1) кеменің корпусында немесе қондырмасында су үсті бортының ұлғаюын талап ететін елеулі өзгерістерге жүргізілген болса;

2) осы Қағиданың

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет